|
Дарибаев А. Б., Серікбай Қ. Д., Бекболат С. А. «Электр жабдықтары»Антиблакировкалы доңғалақты автокөліктің тежеуіш жүйесі
|
бет | 30/42 | Дата | 13.10.2023 | өлшемі | 4,75 Mb. | | #43808 |
| Электр-жабдықтары-128.Антиблакировкалы доңғалақты автокөліктің тежеуіш жүйесі
Тежеуіш жүйесі автомобил жылдамдығын тоқтағанға дейін төмендетуге және оның аялдауы кезінде қозғалтпауға арналған. Тежелу үрдісінде автомобилдің кинетикалық қуаты фрикционды накладкаларжәне барабанды немесе дискілі тежеуіштер арасындағы, сондай – ақ шинамен жол арасындағы үйкеліс жұмысына өтеді.
Қарапайым автомобилдерде және автопоездарда жұмыстық, қосымша және аялдаушы тежеуіш жүйесі болуы керек. Жүтік автомобилдерде және автопоездарда толық салмағы 12т жоғары, ал автобустарда 5т жоғары болса, таулы аймақтарда қолдануға арналған сондықтан толықтырушы көмекші жүйе болуы керек.
Тежеуіш жүйесіне келесі талаптар қойылады: тиімді тежелуді қамтамассыз ету; тежелу кезінде автомобилдің тұрақтылығын сақтау; тұрақты тежелу құрылымы; жоғарғы пайдалану сенімділігі; басқарудың, тетікке немесе иінтірекке берілетін және оның жүрісінің ыңғайлылығы және жеңілдігі
Жұмыстық тежеуіш жүйесі авто-көлік құралын басқаруға (АКҚ) және оның қажетті қарқында тежелуін аялдауын басқарады. Қарапайым автомобилдерде ол оның жұмыстық органдарына және доңғалақтық тежеуіштерге әсер ететін негізгі жүйе болып табылады.
Көмекші тежеуіш жүйесіжұмыстық тежеуіш жүйесіндегі мезанизмнің қуат жүктемесін азайтуға арналған, мысалы ұзын өрлерден түскен кезде. Ол моторлық немесе трансмиссиялық тежегіш – баяулатқышынан тұрады.Тежеуіш жүйесі тежеуіш механизмдерінен және тежеуіш жетегінен тұрады.
Тежеуіш механизмдерінекелесі талаптар қойылады: әрекеттің тиімділігі; жанасушы беттің температурасының тежелу саны; жоғарғы механикалық ПӘК; әрекеттің жұмсақтығы; жанасушы беттердің арасындағы қалыпты саңлауды автоматты қалыптастыру; жоғары ұзақ мерзімділік.
Айналатын элементтерді пішімі бойынша барабанды және дискілі тежеуіш механизмдеріне бөледі.
Барабанды тежеуіш механизмі (7.1.Сур.) барабаннан 12, колодкадан 3, тіреніш дискісінен 1 (суппорта), колодка тіренішінен 2, қысушы құрылғыдан және саңлау реттегішінен тұрады. Тежеуіш барабандары құйылған, қалыпиалған және түрлендірілген болуы мүмкін. Құю кезінде мыс, молибден, никел және титан қоспасы бар шойын пайдаланады. Қалыпталған барабандардың ішкі беті легирленген шойын қабатынантұрады.
Тежеуіш механизмдерінің колодкаларын шойыннан немесе жеңіл қорытпалардан құйып, қалыптап, пісіріп жасайды. Оларға тойтарманың немесе желімдегіштің көмегімен накладкалар бекітеді. Колодкалар тарту серіппелерімен әрқашанда керу құрылғысына қысылған.
Сур. 7.1. Барабанды тежеуіш механизмі:
1— суппорт; 2—колодка тіреуі; 3— колодка; 4— фрикционды накладка; 5— тарту серіппесі; 6— ролик тіреуі; 7— ролик; 8— тежеуіш камерасы; 9— тежеуіш камерасының кронштейні; 10—реттеуші иінтірек; 11—қысу жұдырықшасы; 12—тежеуіш барабаны.
Тежеуіш накладкалары баспақталған, пішімделген, тоқылған болуы мүмкін. Накладка жадығаты ретінде қысқа толқынды асбест, толықтырушы және байланыстырушы жадығаттар пайдаланылады.
Барабанды тежеуіш механизмдерінде қысушы құрылғының үш түрін пайдаланады: S-тәрізді жұдырықша, гидроцилиндр және сына (7.2.Сур).
Қысу жұдырықшасы бар барабанды тежеуіш механизмі 7.1 суретте көрсетілген. Екі колодкада 3 өске бекиді 2. Тарту серіппелері 5 колодкаларды ашу жұдырықшаларына 11 және төменгі тіренішке қысады. Қысу жұдырықшасының білігінің иінтірегінде 12 барабан
Тежелу кезінде тежеуіш камерасының штогы қысу жұдырықшасының білігін бұрады, бұл өз кезегінде колодкаларды тежеуіш барабанына қысады. Роликтер 7 қысу құрылғысының ПӘК көтеруге көмектеседі. Қысу жұдырықшасының қыры Архимед спиралі немесе эвольвентті түрде жасалады. Осыған байланысты колодкаға жұдырықша жағынан әсер ететін күштердің қосындысы накладкалардың тозу үрдісінде жұдырықшаның орнату бұрышына тәуелді емес.
Ашушы гидроцилиндрі бар тежеуіш механизмінің екі поршені 7.3. суретте көрсетілген. Поршеннің бірдей диаметрінде екі колодкаға әсер ететін күштердің теңдігін қамтамассыз етеді. Колодкалар 1 суппортқа бекітілген тіреніш саусақшаларында 13 шарнирлі орналасқанустан. Саусақшаларды эксцентрикті етіп жасайды, себебі колодканың төменгі бөлігінде накладкамен және барабан арасындағы саңлауды реттеу мақсатында.
Колодканың жоғарғы бөлігіндегі саңлауды эксцентриктердің 8 көмегімен реттейді. Әр-бір саусақшаның сыртқы бетінде орналасуын көрсететін белгі 16 (бойлауы 2 мм) жасалған.Тіреніш саусақшасының мүмкіндігінше көп эксцентриситеті. Колодкаларды дұрыс орнатқан кезде белгілері 16 бір-біріне қарауы керек.
Дискілі тежеуіш механизмдері жеңіл автомобилдерде пайдаланылады және жүктік автомобилде сирек пайдаланылады. Олар ашық және жабық, бір және көп дискілі, біркелкі және желдететін дискілі болуы мүмкін.Скобаның беку тәсілдеріне қарай дискілі тежеуіш механизмдерін реттелетін немесе жайлы скобалы деп бөледі.
Реттелуші скобасы бар дискілі механизм үлкен жетекші күшпен және механизмнің жоғарғы қаттылығын қамтамассыз етеді. Скоба центрінде 1 (7.4.а,сур.) тежеуші диск 9 орналасқан, оның екі жағынан доңғалақты тежеуіш цилиндрі 2 бар. Тежеуіш цилиндрінің ішінде тығыздаушы сақинасы 7 шаңнан қорғаушы қабы 5 бар поршен орналасқан. Тежеуіш цилиндрінің құбыр желісінің жазықтығы басты тежеуіш цилиндрімен байланысады. Тежелу кезінде тежелу цилиндріндегі қысым көтеріледі және поршендер орын ауыстыра отырып айналушы дискілердің 9 накладкасын 10 қысады. Тежеуіш колодкалары 6 скобада 1 саусақшалардың 4 көмегімен тұрады.
Тежелу тоқтағаннан кейін тежеуіш цилиндріндегі қысым төмендейді және поршендер тығыздаушы сақиналардың 7 қаттылығының салдарынан колодкалардан алшақтайды.
Колодкалар өз кезегінде тежеуіш дискісінің соғуы салдарынан, одан алшақтайды. Осыған байланысты колодканы алшақтататын және саңлауды реттегіш құрылғы механизмге қажет емес.Жайлы скобасы бар дискілі механизм (7.4.б, Сур). Тежеуіш цилиндрі скобада және бір жағынан тежеуіш дискісінде орнатылған.
Скоба бағыттаушы штифт бойынша суппортта басқа тежеуіш колодкасымен бірге орын ауыстыруы мүмкін. Тежелу кезінде поршын дискіні бір колодкамен қысады. Пайда болған әрекеттердің нәтижесінде скоба қарама-қарсы орын ауыстырады және дискіге екінші реактивті колодканы қысады.
Сур.7.4.б, Жайлы скобасы бар дискілі тежеуіш механизмі:
1—скоба; 2—бағыттаушы штифтер; З—суппорт; 4—поршын; 5—тығыздаушы сақина; 6, 7— колодкалар; 8— пластиналы серіппе.
Автомобилдердің тежеуіш жетектерінекелесі негізгі талаптар қойылады: тежелу режимінде ілеспелі іс-әрекетте болу, тежелу механизмдерімен шарықтайтын тежелу моменттерін тежеу, жүргізушінің тежелу тетігіне және оның орын ауыстыруына келтірілген күшке пропорционалды болуы; тежелу уақыты 0,6 с тежеу уақыты 1,2 с; жұмыстық тежеуіш жүйесінің жетегінде екі тәуелсіз шеттіктің болуы жетектің қандайда бір бөлігі зақымданғанда жазылған жұмыстық тежеуіш жүйесінің 50% қамтамассыз етуге арналған;
Көп таралған екі контурлы тежеуіш жетегінің сұлбасы 7.5 суретте көрсетілген. Тежеуіш жетегі гидравликалық, пневматикалық, түрлендірілген болуы мүмкін. Пневматикалық жетекте тежеуіш механизмдері қысылған ауа қуатының көмегімен қозғалады, жүк көтергіштігі орташа, үлкен жүкті автомобилдерде және автобустарда пайдаланады.
Тежелу кезінде педалдағы 5 күш клапанға 9 беріледі, сонда А жазықтығын Б жазықтығынан шамамен ажыратып ауа жазықтығымен жалғайды. Атмосфералық қысым мембрананы солға жылжытады, сонда поршенде толықтырушы күштер пайда болады 7 және 8. Гидравликалық тежеуіш жетегі атқаратын қызметіне және орындайтын міндетіне қарай тізбектей немесе параллель жалғанған жетектегі құрылғыларды іске қосу үшін қажет.
Оларға басты тежеуіш цилиндрі, үдеткіштер, доңғалақтық тежеуіш цилиндрі, гидросорап, аккумуляторлар, реттеуші және қорғаушы қондырғы.Басты тежеуіш цилиндрі тежеуіш педаліне пропорционал күштің әсерімен сұйықты қысыммен доңғалақтық тежеуіш цилиндріне береді.
Пневматикалық тежеуіш жетегі. Пневмо жетекті қолдану тежеуіш жүйесін басқаруды жеңілдетеді және ықшамдайды және қысылған ауаны әр түрлі мақсатта қолдануға мүмкіндік береді. Бірақта гидро жетекке қарағанда пневмо жетектің қызметі және күтуі күрделі. Оның құны, қызу уақыты көп және қысым жетегіне қозғалтқыштың қуаттық шығыны көп.
Пневможетек келесі элементтерден тұрады (сур.7.7): қоректенуші — қысымдағыш 4 және ресиверлер 16, 18, 19, 21;басқарушы — тежеуіш краны 14, клапандар 25 тіркеме және жартылай тіркеменің тежеуіштерін басқару; орындаушы — тежеуіш камерасы 1, 28; реттеуші— қысымды реттегіш 2 және тежеуіш күшін реттегіш 15;пайдаланушы сапасын және сенімділігін жақсартушылар— құрғатқыш 5, қорғаушы клапандар 20, 29, белгі беруші элементтер 8, 17.Тежегіш педалін басу кезінде түрлендірілген тежеуіш кранының секциясы 5 тартқыштың тежеуіш камерасын 10 рессивермен 3 жалғайды. Сол уақытта кран секциясы 4 пневмосызықты атмосферамен жалғайды. Жалғастырушы пневмосызықтағы қысымның төмендеуі ауа үлестіргіш клапанының 8 жұмысына әкеледі. Осыған орай рессивердегі қысылған ауа тіркеменің камераларына 10 беріледі. Осының өзінде тежеуіш педаліндегі және тежелу камерасындағы қысымдар арасындағы күштердің пропорционалдығы сақталады. Тіркеменің үзілуі кезінде қысымның төмендеуі салдарынан оның тежелуі болады.
Тежеуіш күшін реттегіштер. Оның негізгі қызметі — таю және сырғанауды болдырмау үшін артқы доңғалақтардағы тежеуіш күшін шектеу. Реттегіштің басқарушы параметрлері артқы өстегі жүктемелер және басты тежеуіш цилиндрндегі қысым болады.Автоматты тұйықтауға қарсы жүйе. Тежелу кезінде доңғалақтарды тұйықтау автомобилдің тұрақтылығын жоғалтуға, тозуды жоғарылатуға, тежелу тиімділігін төмендетуге әкеледі. Тежелу кезінде доңғалақтарды тұйықтау болмау үшін тұйықтауға қарсы жүйе пайдаланады (ТҚЖ). ТҚЖ доңғалақтың бұрыштық жылдамдық датчигінен, электронды блоктан және қысым үлгілегішінен тұрады. Датчик белгісі үлгілегішке түсетін басқару белгілерін пішімдейтін электронды блокқа түседі. Доңғалақтың тұйықталуы кезінде жылдамырақ тежейтін және оның айтарлықтай бұрыштық үдеуінде тізбекті тежелуін қамтамассыз ететін бірнеше бағдарламалар жасалған. Нәтижесінде көп үрдісті автоматты тежелу пайда болады. әрбір үрдіске тежелудің, тоқталудың және автоматты тежеудің ұяшығы кіреді.
Тежегіш-баяулатқыштар. Көптеген автомобилдердің тежеуіш механизмдері таулы аймақтарда, төбешікті жерлерде және қалада қарқынды қозғалыста пайдаланғанда қызып кетеді, ал сондай-ақ тежеуіш салмағыда қолайсыз себебі бұл доңғалақтардың өлшемдерін және автомобилдің аспасыз элементтерінің үлкеюіне әкеледі
Қозғалыстың қауіпсіздігін жоғарылату мақсаты, әсіресе үлкен жылдамдықта ұзын немесе қиын биітіктерден түскенде тежегіш-баяулатқыштың көмегімен іске асады. автомобилдерде тежегіш-баяулатқыштың үш түрін пайдаланады: моторлы, гидравликалық және электродинамикалық.
Достарыңызбен бөлісу: |
|
|