Даму бағыттары Халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары Современная система дошкольного


МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫҢ ТІЛІНІҢ ДАМУЫ



жүктеу 29,2 Mb.
Pdf просмотр
бет248/363
Дата15.01.2020
өлшемі29,2 Mb.
#26709
1   ...   244   245   246   247   248   249   250   251   ...   363

507 

 

МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫҢ ТІЛІНІҢ ДАМУЫ 



 

 

Оразалина Айшажан Рахимжановна 

№ 42 «Тілек» балабақшасы, тәрбиеші 

 

 



Бала тілі – бола алмаса ана тілі, 

Ана тілі бола алмайды ешқашан » 

 - деп Қадір- Әлі айтқандай ақыл – өсиеттерді санада ұстап, өз ұрпағымыздың бойына 

тіл»,-  мәдениетімізді, сөз әдебін дарыту 

Мектепке  дейінгі  баллардың    дүние  танымын  кеңейтіп,  ойын  өрістетіп,  тіл  байлығын 

жетілдіру ісінде көркем әдебиеттің алатын орны ерекше.  

Көркем сөз – баланың тілін ұстартып, жүйелі сөйлей  білуге баулиды  

Көркем  сөз    өрнегін    балаға  тыңдатып  ,  санасына  сәуле  түсіру,  халық  қазынасының  

музыкалық үнінен нәр алдыру оның ең сәби шағынан, ана әлдиінен  басталады. 

«Туғанда  дүние есігін ашады өлең»  - деп, ұлы Абай айтқандай өмірдегі   бар асылын 

ұрпағына  арнаған, оның келешегін әріден  ойлап, толғанған  қапысыз ұстаз халық нәрестенің  

дүниеге келген  сәтінен-ақ  шілдехана, бесік тойы, тұсау кесу, тілашар рәсімдерін  жасауды 

әдейі  ойлап  тапқан өлең – жырмен  кестелеп, баланың құлағына  әуен үнін жеткізе білген. 

Мектепке дейінгі бала көзбен көріп, таныған заттарды дұрыс қабылдап, елестете алады. 

Сондықтан баламен сөйлескенде, әдеби шығармаларды оқығанда   оларға суреттер көрсетіп, 

әңгімелесу әсерлі болмақ. Шығарма мазмұнына  немесе  балаларлың  іс әрекетіне, өмір мен 

табиғат құбылысына арналған көркем суреттер  баланың сана сезіміне, жүйелі  сөйлеуге  әсер 

етеді.Өмір құбылысын нақты  көріп, тануға жол ашады. 

Баланы    ана  тілінде  анық,  таза  сөйлеуге  үйрету  ісінде  жұмбақ  шештіру,  жаңылтпаш, 

мақал мәтел айтуға үйретудің маңызы зор. Жұмбақ шешу , жұмбақтап айтуға үйрету  арқылы 

баланың  логикалық ойы дамиды, өмірде көрген білгенін есінде тиянақтауға негіз болады. 

Бала тәрбиесі – баршамыздың ісі. Отбасыныңда, балабақшаның да мақсат мүддесі, ол 

болашақ ұрпақ тәрбиесі. 

Тәрбиенің негізгі құралы – тіл.  Тіл – ұлт мәдениетінің қайнар көзі. 

 «Ана  сүті  бой  өсірсе,  ана  тілі  ой  өсіреді»,  -  демекші  мектеп  жасына  дейінгі  кезіндегі 

балалармен сөздік жұмысын жүргізу ісі, тіл дамудың негізгі бір міндеттері болып табылады. 

Ой – тіл қанаты. Тіл дамытудың негізгі міндеттерінің бірі – балаларға сөздік жұмысын 

жүргізу ісі. Біз балалармен сөздік жұмысын жүргізе отырып, оларды айналасындағы заттармен 

таныстырып,  атын  атай  білуге,  өмірдегі,  қоршаған  ортадағы  түрлі  құбылыстар  жайындағы 

ұғым,  түсініктерін  дамыта  отырып,  белсенді  түрде  тілдік  қарым  –  қатынас  жасай  білуге 

үйретеміз. 

 Қоршаған  орта  жеткіншектерді  адамдармен,  туған  жерімен  байланыстырып,  олардың 

тұлға  ретінде  қалыптасуына  шешуші  ықпалын  тигізеді.  Бұл  ықпалдың  түпкі  тамыры  –  өз 

халқының  тілінде.  Балалардың  тілін  дамыту  ұйымдастырылған  оқу  ісәрекетінің  басты 

принциптерінің  бірі  –  тәрбие  мен  оқуды  біріңғай  үрдіске  біріктіру.  Бұл  тіл  дамыту 

ұйымдастырылған оқу ісәрекетінің негізгі мақсаты ретінде ғана болады дегенді білдіреді.  

Тіл – әлеуметтік рухани – адамгершілік, эстетикалық тәрбиенің қайнар көзі. Балалардың 

сөйлеу мүмкіншіліктерінің даму барысында сөздерді, сөйлемдерді диалог, монолог  үлгілерін 

қайталай беру жолымен емес, жалпы белсенді түрде сөйлеу арқылы үйрету керек. 

Балабақшадағы  тәрбиелеу  –  оқыту  жұмысында  балалардың  тілін  дамыту,  сөздік 

қорларын дамыту, ауызша сөйлеуге үйрете отырып, үйренген сөздерін күнделікті өмірде еркін 

қолдану,  әрі  оны  күнделікті    ісәрекет  кезіндегі  тілдік  қарым  –  қатынаста  қолдана  білуге 

жаттықтыру ісіне ерекше мән берілген.Мектеп жасына дейінгі балалардың сөздік қорларын 

дамыту ісінде тәрбиешінің: 

     *Балалардың сөздік қорларын дамыту; 



508 

 

     * Жаңа сөздерді меңгеру; 



     *Үйренген сөздерін тиянақтап, анықтап, әрі байыптап отыру  

басты міндеті саналады.  

 Балалардың  сөздік  қорын  дамытуда  ойын,  тапсырма  жаттығуларының  орны  ерекше. 

Ойын  бала  тілінің  дамуына  ықпалын  тигізіп,  таным  белсенділігінің  дамуына  жол  ашады. 

Баланың  бір  ерекше  қасиеті  сөйлеуден  еш  жалықпайды.Ойын  үстінде  бала  еш  нәрсеге 

тәуелсіз. Ол өзін еркін ұстайды. Ал еркіндік дегеніміз – барлық дамудың баспалдағы, бәрін 

білуге деген талпынысы мен құлшынысы. Баланың білуге деген құштарлығы, сөйлеуі ойын 

үстінде қалыптасады. 

Ойын – балалар үшін айналадағыны танып, білу тәсілі. 

Балалардың  тілін  дамытуда  жас  ерекшелігін  ескеру  әдіс  –  тәсілдерді  таңдаумен  сай 

келеді, ұйымдастырылған оқу ісәрекетін өткізгенде бірінші орынға ойын және ойын түрлері 

қойылады. Ойындар мазмұнына қарай, өзіне тән ерекшеліктеріне қарай сюжетті – рөлді, 

 

драматизациялық, 



 

дидактикалық құрылыс материалдары, 



 

қимылды ойындар, 



 

ұлттық ойындар болып бөлінеді. 



Тіл  дамыту  барысында  әрбір  ұйымдастырылған  оқу  ісәрекетінде  ойын  түрлерін  және 

өзара сөйлесу үлгілерін қолданған дұрыс. 

 «Туғанда  дүние есігін ашады өлең»  - деп, ұлы Абай айтқандай өмірдегі   бар асылын 

ұрпағына  арнаған, оның келешегін әріден  ойлап, толғанған  қапысыз ұстаз халық нәрестенің  

дүниеге келген  сәтінен-ақ  шілдехана, бесік тойы, тұсау кесу, тілашар рәсімдерін  жасауды 

әдейі  ойлап  тапқан өлең – жырмен  кестелеп, баланың құлағына  әуен үнін жеткізе білген. 

   Балаларға  оқылатын  шығармалар  олардың  ой-  өрісіне  ,  дүние  танымына  әсер  ететін 

мәселелерді мұқият ескеру керек:  

 

Балаға  әңгімелеп  айтуға,  оқып  тыңдатуға,  жаттап  айтуға  тағдалған  материалдардың 



олардың даму деңгейіне , жас ерекшелігіне сай болуы. 

 



Арнайы  жинақталған  суретті  кітапшалар,  әңгімелер,ертегілер,  мақал  –мәтелдердің  

баланың    өмірден  алған    әсерін,  білім  дағдыларын  айқындай  түсіндіріп,  тереңдете,  кеңейте 

түсерлік  дәрежеде    болуы.    Яғни  шығарманың  тәрбиелік  жағына    отан  сүйгіштікке, 

жолдастыққа,  ата  анаға,  айналасындағы  үлкен  кішіге,  ата  әжесіне  сүйіспеншілікке, 

мейірімділікке, бауырмалдыққа, адамгершілікке, мінез құлыққа   баса назар аудару. Мұндайда 

ата баба мұрасынан, билерден бізге жеткен  тілек бата, өнеге өсиет сөздерінен  балаларға ақыл 

қасиеттерді оқып беруге болады: 

Мысалы:  

Алтын ұяң-Отан қымбат, 

Құт береке атаң қымбат, 

Аймалайтын анаң қымбат, 

Мейірімді апаң қымбат. 

Асқар тауың –әкең қымбат. 

Туып өскен елің қымбат, 

Кіндік кескен жерің қымбат ( Қазыбек би)т.б. 

 



Әдеби шығармалардың тілі жеңіл де, көркем, балаға түсінікті, олардың сөз қорын  жаңа 

сөздермен байытатындай  болуы  

 

Көркем әдебиетті шығарма мазмұнына, уақиғаның  желісіне қарай кейде жатқа, кейде 



кітаптан оқып,  түсіндіріп отыру керек. Бұлай түрлендіру  баланы басқаның сөзін  ауызша да, 

кітаптан оқу кезінде де мұқият тындата білуге  үйретеді.  

6-7  жастағы  балаларға  көбінесе    оқып  беру  тиімді,  өлең    тақпақтарды  жатқа  айтып 

тыңдата жаттатқан жөн. 

 

Әдеби шығармаларды оқытқан кезде қоғамдық өмірге, іс әрекетке байланысты  кейбір  



жаңа сөздерді  баланың түсінуіне  назар аударып,, мәнісін түсіндіріп отырған жөн. 


жүктеу 29,2 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   244   245   246   247   248   249   250   251   ...   363




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау