Даму бағыттары Халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары Современная система дошкольного



жүктеу 29,2 Mb.
Pdf просмотр
бет244/363
Дата15.01.2020
өлшемі29,2 Mb.
#26709
1   ...   240   241   242   243   244   245   246   247   ...   363

499 

 

жоғалтады.Мектепке  дейінгі  жас  –  естің  қарқынды  даму  жасы.  Ес  –  бала  үшін  маңызды 



оқиғалар  мен  мәліметтерді  жаданда  қалдырады  және  сақтайды.Сондай-ақ  мектепке  дейінгі 

балалардың ойлау үрдісіне тоқталсақ, ойлау  –  тіл дамуы және ғылыми ұғымдарды меңгеру 

бірлігінде дамиды. Баланың сау психикасының ерекшелігі – танымдық белсенділігі. Ойлау – 

сыртқы  дүние  заттары  мен  құбылыстарының  байланыс  қатынастарының  адам  миында 

жалпылай  және  жанама  түрде  сөз  арқылы  бейнеленуі.  Ақыл-ой  жағынан  бала  қаншалықты 

пәрменді болса, ол сонша көп сұрақтар қояды және оның сұрақтары соншалықты алуан түрлі 

болады.  Бала  заттың  бейнесін  ғана  емес,  оның  қимыл-қозғалыстары  туралы  да  ойлайды. 

Бейнелі  ойлау  –  6  жасар  бала  ойлауының  негізгі  түрі.  Әрине,  ол  жекелеген  жағдайларға 

логикалық  ойлауды  да  орындай  алады,  бірақ  та  бұл  жаста  көрнекілікке  сүйенген  оқыту 

басымырақ болады. Мұның өзі осы жастағы балалардың естері еріксіз жақсы дамиды. Ерікті 

естері  жаңа  ғана  қалыптасады.  Сондықтан  жақсы  қабылдап  алған  заттардың  түсін  есінде 

жақсы  сақтайды.  Көру  және  есту  елестері  көрген  нәрселердің  мазмұнымен  байланысты 

болады.Мектепке  түсу  балалардың  логикалық  есін  дамытуда  үлкен  роль  атқарады. 

Оқушылардың  есін  тәрбиелеуде  де  мұғалім  олардың  жас  және  дара  ерекшеліктерін  ескере 

отырып, жұмыс жүргізеді. Кіші мектеп жасындағы балаларды оқу тәсілін өз бетімен таңдап 

ала  алмайтындықтан  мұғалім  үйге  тапсырма  бергенде,  материалды  қалай  оқу  керектігін 

балаларға  ұдайы  ескертуі  керек.    Бұл  жөнінде  оқулықтардың  бәрінде  мәтінді  қалай  оқу, 

тапсырманы қалай орындау керектігі айтылған. Бірақ баланың назары кейде бұған жөнді түсе 

қоймайды. Мұғалім мұны қатты ескерген жөн. Атақты психолог ғалымдары Л.С. Выготский, 

А.И. Леонтьев, А.С. Запорожец, Л.Д. Венгер, Д.Б. Эльконин, Е.И. Игнатьева, Ю.К. Бабанский, 

И.Я.  Лернер  т.б.  зерттеушілердің  еңбектерінде  мектеп  жасына  дейінгі  балалардың  жеке 

басының  қалыптасуына  әсер  ететін  әртүрлі  іс-әрекеттердің  ішіндегі  ең  маңыздысы 

шығармашылық  белсенділіктің  сапалығына  назар  аударады.  Алайда  мектепке  бару 

қарсаңында баланың психологиялық даму деңгейінде жекелей өзгешеліктер өсе түседі. Бұл 

өзгешеліктер  мынадан  көрінеді:  балалар  бір-бірінен  ақыл-ой,  адамгершілік  және  жекелей 

дамуымен ажыратылады. Олай болатын болса, балаларға психологиялық қолдау жасау бiлiм 

беру мекемелерiнiң (балабақша, мектеп) ең негiзгi мiндетi болып табылады. 

 

 



Қолданылған әдебиеттер: 

1. Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты.  

Астана – 2010. 

2. Выготский Л.С. Собр. соч. Т.4. Детская психология. Москва,  

Педагогика, 2007. 

3. Рубинштейн С.Я. Экспериментальные методики патопсихологии 

и опыт применения их в клинике. Москва, 2012. 

 

 



 

ДЕНІ САУ БАЛА-ЖАРҚЫН БОЛАШАҚ 

 

 



Нұржанова Б.Ж 

№16 «Алтынай» б/б КМҚК  Қарағанды қаласы 

 

 

Тазалық – денсаулық негізі,  



Денсаулық – байлық негізі.  

 



500 

 

Адамның басты байлығы – денсаулық. Денсаулығымыз – байлықтан да қымбат. Біз үшін 



денсаулықтан артық бағалы зат жоқ. Денсаулығымыз жақсы болу үшін салауатты өмір салтын 

қалыптастырудың маңызы зор.  

Тәуелсіз мемлекетіміздің тірегі болар жас ұрпақтың дені сау болса ғана биік шыңдарға 

қол жетері, халқына қызмет етері даусыз.  Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына 

жолдауында  айтылғандай,“Салауатты  өмір  салтын”  ұстау  қазіргі  таңда  өзекті  мәселелердің 

біріболып отыр.  

Бүгінгі қоғам мүддесіне лайықты, жан-жақты жетілген, парасатты, мәдениетті,дені сау 

азамат өсіру отбасының, балабақшаның жалпы халықтың қасиетті борышы екені баршамызға 

аян.  

Жас ұрпақты жан-жақты жетілген, денсаулығы мықты, ақыл парасатты, өрісі биік азамат 



етіп тәрбиелеу – қоғамымыздың ең өзекті мәселесі. Бала тәрбиесінің алғашқы алтын қазығы – 

туған ұясы, өз отының басындағы ата-ана тәрбиесі.  

 

Қазақтың « Баланың бас ұстазы ата-ана», «Балапан ұяда не көрсе ұшқанда соны іледі» 



деген  қанатты  сөздері  бар,  отбасында  әдемі  таным,  түсінік  қалай  қалыптасса,  өскенде  сол 

қасиет  бойынан  табылады.  «Болса  тәртіп  бала  өседі  сомдалып,  қатал  ұста  бос  жүрмесін 

сандалып» деп Жүсіп Баласағұн айтқандай, есі кіріп, тілі шыға бастасымен-ақ баланы шектен 

шығармай салауатты өмір салтына тәрбиелеуде, байсалды, ұғымпаз, тілалғыш етіп баулыған 

жөн. Балаларды салауатты өмір салтына тәрбиелеуде отбасы негізгі рөлді атқарады.  

Мектепке  дейінгі  білімде  баға  жетпес  гигиеналық  тәрбиенің  тәжіриебиесі  мол 

болғанымен,  қазіргі  заманға  сай  баланың  денсаулығының  нашарлап,  әлеуметтік  жағдай 

баланың дұрыс өмір сүру бейнесін қалыптастыруда жаңа қарым-қатынасты меңзейді. Ұлттық 

денсаулық сақтау ұйымында баланың салауатты өмір салтына тәрбиелеу негізігі міндеттердің 

бірі болып саналады. Баланың салауатты өмір салтын құру баланың тек психологиялық жеке-

дара ерекшеліктері ғана емес, оны қоршаған ортасы мен жанұясы қолдап отыру қажет. 

Қазақстандағы  салауатты  өмір  салтын  дамытудың  бастамасы  мектепке  дейінгі 

ұйымдардағы балалардың денсаулығын сақтаудың аса қажет екендігін көрсетеді. Балабақша 

жұмысына денсаулық сақтау технологияларын енгізу қажетті заман талабынан туындайды. 

Жас  ұрпақ  тәрбиесі  –  адамзаттың  мәңгілік  тақырыбы.  Ұлттың  бүгіні  де,  болашағы  да 

тәрбиелі  ұрпаққа  байланысты.  Баланың  шын  мәнісіндегі  адам  болып  қалыптасуы  қыруар 

уақыт пен тер төгетін, зор еңбекті қажет ететін, ауқымы кең, жауапкершілігі мол жұмыс. Ұлы 

Абай  атамыз:  Адам  ата-анадан  туғанда  есті  болмайды:  естіп,  көріп,  ұстап,  татып  ескерсе 

дүниедегі  жақсы-жаманды  танидыдағы  сондайдан  білгені,  көргені  көп  болған  адам  білімді 

болады , десе, француз педагогы Жан Жак Руссо: Бала туғанда ақ қағаздай болып туады, оның 

үстінде шимайды қалай салсаң, қағаз бетіне солай түседі, бала тәрбиесі сол сияқты, өзің қалай 

тәрбиелесең,  ол  солай  тәрбиеленеді,  деген  екен.    Адамның  дамуы  дене,  психикалық  және 

әлеуметтік  жетілу,  пісу  процесі  болып  табылады  да,  туа  біткен  және  өсекеле  бойға  сіңген 

қасиеттердің,  сандық  және  сапалық  өзгерістерінің  бәрін  қамтиды.  Дене  дамуы  бойдың, 

салмақтың  өзгеруімен,  бұлшық  еттер  күшінің  артуымен,  сезім  мүшелерінің  жетілуімен, 

қимылдардың үйлесімділігімен т.б. байланысты. 

XXI- ғасыр білімділер ғасыры болғандықтан бүгінгі таңда заманымызға сай зерделі, ой- 

өрісі  жоғары,  жан-  жақты  дамыған  ұрпақ  қалыптастыру  мемлекетіміздің  алға  қойған  аса 

маңызды  міндеті  болып  тұр.Тәрбие  мен  білімнің  алғашқы  дәні  –  мектепке  дейінгі  тәрбие 

ошағында  беріледі.  Отбасында  ата-ананың  ықыласы  мен  мейірімінен  нәр  алған  бала 

балабақшада тәрбиешілердің шұғылалы шуағына бөленеді.  

Баланың  бойындағы  жақсы  қасиеттер  мен  мүмкіндіктерді  ашып  ,  олардың  өнегелі  де 

тәрбиелі  болып  тәрбиеленуіне  балабақшаның  маңызы  зор.  Баланың  бақытты  болуы  үшін, 

денінің  сау  болуы  салауатты  өмір  салтын  ұстануына  көңіл  бөлу  керек,  сол  үшін  үлкен 

қамқорлық жасауымыз керек.  

Дені сау баланың ақыл- ойы айқын, өз- өзіне сенімді, жан- жағына қуанышпен шаттана 

қарайтындай болуы шарт. Бала денсаулығының мықты болып, қозғалыс, дене құрылысының 



жүктеу 29,2 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   240   241   242   243   244   245   246   247   ...   363




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау