Қарағанды облысының білім басқармасы



жүктеу 134,5 Kb.
Дата24.11.2018
өлшемі134,5 Kb.
#24510

Қарағанды облысының білім басқармасы

Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы


Келісілді Бекітемін

Қарағанды облысында Қарағанды облысының білім беруді дамытудың білім басқармасының оқу-әдістемелік орталығының басшысы

директоры _____А.Қ.Аймағамбетов

_______Г.Ш. Қожахметова «____»_______ 2015 жыл «____»______2015 жыл

ОБЛЫСТЫҚ ЭКСПЕРТТІК КЕҢЕС ЖАЙЛЫ

Е Р Е Ж Е

Қарағанды 2015



Бұл Ереже «Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы» КМҚК Әдістемелік Кеңесінің отырысында қаралып, келісілді, 25.09. 2015 ж. № 5 хаттама
Негізгі түсініктер:

Білім беру әрекетін сараптау - бұл педагогикалық кадрлардың кәсіби деңгейін, Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын орындауы бойынша білім беру ұйымдардың басқарушылық, психологиялық-педагогикалық және ғылыми-әдістемелік әрекетін кешенді талдау, білім берудің заманауи қазақстандық үлгісін жасауға, апробациялауға, ендіруге бағытталған инновациялық үрдістерді қолдау.


1. Жалпы ережелер
1. Облыстық Эксперттік Кеңес (бұдан әрі – Эксперттік Кеңес) – Қарағанды облысының білім басқармасымен құрылады, ведомстволық бағыныстылығы мен меншік нысанына қарамастан мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта, арнайы (түзеу), қосымша, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының білім беру қызметін сараптау, талдау үшін арналған.

2. Эксперттік Кеңес өз жұмысында Қазақстан Республикасының күші бар заңнамасын басшылыққа алады.



3. Эксперттік Кеңес мүшелері оқу-тәрбие процесінің бағытын, мазмұнын, сапасын, нәтижесін анықтайтын білім беру ұйымдарының әкімшілік-басқару, ғылыми-әдістемелік, оқу-әдістемелік және оқу-тәрбие құжаттарына тәуелсіз сыртқы сараптама жүргізеді.

4. Эксперттік Кеңес отырысы айына 1 рет өткізіледі, шешімдер хаттама арқылы рәсімделеді. Хаттамаға төраға мен Эксперттік Кеңестің жауапты хатшысы қолдарын қояды.

5. Эксперттік Кеңестің және оның секцияларының шешімдері отырысқа қатысып отырғандардың дауыстарының көпшілігімен (> 51%) қабылданады. Эксперттік Кеңестің шешімдері отырысқа толық құрамының кем дегенде 51% қатысқан жағдайда жарамды болып саналады.

6. Эксперттік Кеңес мүшелерінің ынтасымен кеңестің кезектен тыс отырысы жиналуы мүмкін болады.


2. Эксперттік Кеңес қызметінің мақсаттары мен міндеттері

7. Эксперттік Кеңес қызметінің мақсаттары:



1) Білім үрдісін реттейтін басқарушылық материалдардың Қазақстан Республикасындағы білім беруді дамытудың мақсаттарына, оны ұйымдастырудағы заңнамалық және нормативтік құқықтық талаптарға сәйкестігін анықтау.

2) Білім беру ұйымдарының инновациялық әрекет деңгейін бағалау, инновациялық үрдістерді білім берудің қазіргі заманғы қазақстандық білім беру моделін шығаруға бағыттау.
8. Эксперттік Кеңес қызметінің міндеттері:

  1. Көпкезеңді тәуелсіз сараптаманы және білім беру ұйымдарының білім беру әрекетінің деңгейі мен педагогикалық кадрлардың шығармашылық әлеуетін бағалауды жүзеге асыру.

  2. Білім беру ұйымдарының даму болашағы мен тиімділігі, жағдайы туралы шынайы ақпараттар алуға бағытталған білім беру іс-әрекетін бағалау.

  3. Педагогикалық бастамалардың жаңашылдық деңгейін, тәжірибелік маңыздылығын және Қазақстан Республикасының білім беру жүйесіне енудегі мақсатқа сәйкестігін зерттеу.

  4. Инновациялық қызметтің аралық және соңғы қорытындыларын сараптау.

  5. Білім беру ұйымдарының әрекеті мен дамуының ғылыми-әдістемелік, кадрлық қамтамасыз етілу деңгейін бағалау.


3. Эксперттік Кеңестің негізгі қағидалары, жұмыс әдістері және сараптау объектілері

9. Қағидалары:



10. Әдістері:

  • Сараптама

  • Талдау

  • Сұхбат, интервью

  • Топтастыру

  • Салыстыру

  • Жалпылау

  • Үйлестік

  • Жүйелеу

  • Пікір жазу

11. Сараптама объектілері:

  • Басқарушылық және педагогикалық қызметкерлердің аттестаттау материалдары (біліктілік санаттарын беруге немесе растауға).

  • Білім ұйымдарының тұжырымдамалары, жобалары, даму стратегиялары, жетекші мектептердің дамуының бағдарламалық жоспарлары, тәжірибелік-эксперименттік жұмыс бағдарламалары.

  • Инновациялық қызмет қорытындысы жөнінде ақпараттық- талдамалық есептер.

  • Озық педагогикалық тәжірибені талдап қорыту материалдары.

  • Оқу және білім беру бағдарламалары, оқу-әдістемелік құралдар.


4. Эксперттік Кеңес құрамы

12. Эксперттік Кеңес Қарағанды облысының білім басқармасы, Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының, жоғары оқу орындардың, ғылыми ұйымдардың, Кәсіпкерлер Палатасының, педагогтар қауымдастығының, оқу-әдістемелік бірлестіктердің өкілдерінен құрылады.



13. Эксперттік Кеңестің сандық құрамы – 11 адам.

14. Эксперттік Кеңестің басшысы болып Эксперттік Кеңес Төрағасы саналады, ол Қарағанды облысының білім басқармасы басшысымен тағайындалады.

15. Эксперттік Кеңестің құрамына төрағаның орынбасары, жауапты хатшы, Кеңес мүшелері кіреді.

16. Эксперттік Кеңестің құрамы Қарағанды облысының білім басқармасы басшысының бұйрығымен жаңа күнтізбелік жылдың басында бекітіледі.

17. Эксперттік Кеңестің өкілетті мерзімі 1 жылмен шектеледі.

18. Эксперттік Кеңестің құрамы мен өкілетті мерзіміне байланысты өзгерістер және толықтырулар туралы ұсыныстар, соның ішінде кезектен тыс, Кеңес төрағасымен енгізіледі және Қарағанды облысының білім басқармасы басшысымен бекітіледі. Эксперттік Кеңес құрамын жаңа мерзімге бекіту кезінде ротациялар болуы ескеріледі.

19. Эксперттік Кеңестің мүшесін мерзімінен бұрын шығару мәселесі Қарағанды облысының білім басқармасы басшысы немесе Эксперттік Кеңес төрағасымен келесі жағдайларда қойылуы мүмкін: Эксперттік Кеңес мүшесінің жұмыс тәртібін жүйелі бұзушылығы, өз қызметін орындамауы, құзыретсіздігін таныту, мүдделер тартысының даулы жағдайын танытуы.

20. Эксперт Эксперттік Кеңеске материалдар ұсынған білім беру ұйымының ғылыми жетекшісі немесе бірлескен авторы бола алады.

21. Эксперттік Кеңестің жауапты хатшысы және эксперттер үнемі аттестаттаудан өтеді.

22. Эксперттік Кеңес мүшелерінің жоғары педагогикалық білімі болуы тиіс, әдістемелік, мүмкіндігінше зерттеу жұмысы, оқу бағдарламаларын, әдістемелік құжаттарды әзірлеу тәжірибесі болу керек.

23. Эксперттік Кеңес өзінің ұйымдастырушылық құрылымын, жұмыс жоспарын анықтайды, жеке сұрақтарды шешу үшін уақытша эксперттік топтарды құрайды.

24. Келіп түскен материалдарды эксперттік бағалау үшін (Қарағанды облысы әкімінің сыйақысын тағайындау байқауы, педагогикалық қызметкерлерді аттестаттау) Эксперттік Кеңес жайлы Ереже негізінде әрекет ететін эксперттік топтар қалыптастырылады.

25. Эксперттер Қарағанды облысының білім басқармасымен келісім арқылы Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы қызметкерлері құрамынан Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы директорымен тағайындалады.

26. Сараптама бағыттары бойынша үйлестірушілер Қарағанды облысының білім басқармасы басшысының бұйрығымен Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы бөлімшелері меңгерушілерінің құрамынан тағайындалады.


5. Эксперттік Кеңес мүшелерінің, сараптама бағыттары бойынша үйлестірушілердің, эксперттердің міндеттері

27. Эксперттік Кеңес Төрағасы және төраға орынбасары жалпы жұмыс тәртібін үйлестіріп, төралқасын басқарады және Эксперттік Кеңеске басшылық етеді, эксперттерді аттестаттаудан өткізеді, сараптау рәсімдерін жетілдіруді және жалпы Эксперттік Кеңес жұмысын арттыруды ұйымдастырады.



28. Кеңес Төрағасы:

  • кеңестің құрамын қалыптастырады, Қарағанды облысының білім басқармасына бекітуге ұсынады;

  • даму бағдарламасының, тәжірибелік-эксперименттік жұмыстың ғылыми жетекшісін (кеңесшісін) бекітеді;

  • Кеңес отырыстарында төрағалық етеді;

  • білім ұйымдарының педагогтарын және ұжымдарын эксперименттік жұмыстың жоғары нәтижелері үшін мадақтау туралы ұсыныстар енгізеді.

29. Кеңес төрағасының орынбасары:

  • Кеңес төрағасы болмаған жағдайда оның міндеттерін отырыстарда және ағымдағы жұмыс кезінде орындайды;

  • отырыстарда сұрақтардың уақытында қарастырылуын, Кеңес жұмысы жоспарының орындалысын бақылайды;

  • материалдарды сараптаудан өткізу үшін эксперттік топтардың және эксперттердің құрамын анықтайды.

30. Кеңестің жауапты хатшысы:

  • Кеңес жұмысының ұйымдастырушылық жағдайларын қамтамасыз етеді;

  • материалдарды бастапқы сараптамаға рәсімдеу бойынша кеңестер береді;

  • Эксперттік Кеңес құжаттамасын жүргізеді;

  • Эксперттік Кеңеске келіп түскен өтініштер мен материалдарды тіркейді, рәсімделуінің талаптарға сәйкестігін тексереді, сараптама бағыттары бойынша үйлестірушілерге табыс етеді, олардан пікірлер қабылдайды (Қосымша №1 «Облыстық Эксперттік Кеңес материалдарының түсімі мен жылжу журналы»);

  • Эксперттік Кеңес отырысының күн тәртібін құрастырады, Эксперттік Кеңес отырысы хаттамаларын жүргізеді, хаттамалардың көшірмелерін дайындайды.

31. Эксперттік Кеңес мүшелері:

  • Кеңес отырыстарына, Кеңес шешімдерін шығаруға үнемі қатысады;

  • білім беру ұйымдарының материалдарымен және эксперттердің пікірлерімен танысады, пікірлердің әділдігін бағалайды, келіп түскен материалдар бойынша сұрақтар тізімін құрастырады. Сұрақтарды Эксперттік Кеңес төралқасының отырысында білім беру ұйымдарының өкілдеріне және эксперттерге қояды. Кеңесіп, білім беру процесін, инновациялық әрекетті реттейтін материалдардың ҚР білім беруді дамыту мақсаттарына, оны ұйымдастыруға қойылатын заңнамалық және нормативтік талаптарға сәйкестігі туралы шешім қабылдайды.

32. Сараптама бағыттары бойынша үйлестірушілер:

  • сараптаманың бірінші және екінші кезеңін ұйымдастырады (материалдарды жауапты хатшыдан қабылдап, өз бөліміндегі эксперттерге табыс етеді, пікірлер сапасына, пікір талабына сәйкестігіне жауап береді, эксперттік топтың жұмыс отырысын өткізеді);

  • қабылдаған материалдарға жазылған дайын пікірлерді, сұрақтар тізімін Эксперттік Кеңестің жауапты хатшысына тапсырады.

33. Эксперттер келіп түскен материалдарды сараптайды, ҚР нормативтік құқықтық құжаттарына сәйкес еместігін анықтаған жағдайда материалдардың авторларымен байланысып, материалдарды түзетуді ұйымдастырады, дайын пікірлерді сараптама бағытының үйлестірушісіне табыс етеді.

34. Эксперттік Кеңес мүшелері, сараптама бағыттарының үйлестірушілері, эксперттер сараптауға келіп түскен материалдар ақпаратының құпиялылығын сақтауға арнайы жауапкершілік береді. Оларға:



    • авторлар жөнінде мағлұмат және материалдар мазмұны;

    • сараптама жүру кезеңдері жөніндегі мағлұмат жатады.

35. Сарапшылар жұмыс үдерісінде шыққан мүдделер тартысының даулы жағдайын үйлестірушіге және Эксперттік Кеңестің жауапты хатшысына уақытылы хабарлауға міндетті.
6. Эксперттік Кеңестің жұмыс тәртібі

36. Білім беру ұйымдарының материалдары Эксперттік Кеңес отырысына бір ай бұрын басшысының өтінішімен қағазды және электронды нұсқада, 3 данамен жауапты хатшымен қабылданып тіркеледі. Барлық парақтары нөмірленген болу керек.

Материалдардың рәсімделуі орнатылған талаптарға сәйкес келмеген жағдайда тіркелмей, қайтарылады. Құжаттарды рәсімдеуге қойылатын талаптар ұсынылған (облыстық Эксперттік Кеңес жайлы Ереженің қосымшалары).

37. Эксперттік Кеңес отырыстарына, педагогтар дайындаған материалдарды қараған кезде, тисті аудан/қала әдістемелік кабинеттердің меңгерушілері шақырылады.

38. Эксперттік Кеңес жұмысының тәртібі көп кезеңді тәуелсіз сараптама қағидасынан құрылады.

1) Сараптаманың бірінші кезеңі Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы эксперттерімен тіркелген күннен 2 апта аралығында жүзеге асырылады. Материалдың ҚР нормативтік құқықтық құжаттарына сәйкес еместігін анықтаған эксперт материалдың авторымен хабарласып, түзету жұмыстарын жасайды.

Түзетілген материалдарға жазылған пікір жазу және үйлестірушімен талқылаумен сараптаманың бірінші кезеңі аяқталады.

2) Сараптаманың екінші кезеңінде эксперттік топтың жұмыс отырысы болады, онда жұмыс тобы түзетілген пікірлердің әділдігін, ҚР нормативтік құқықтық құжаттарға сәйкестігін бағалайды.

Сараптаманың екінші кезеңі түскен материалдар мен пікірлерге сұрақтар құрумен аяқталады.

3) Үшінші кезеңде екінші кезеңдегі сараптаманың қорытындысы және сұрақтары Эксперттік Кеңестің пленарлық отырысында талқыланады. Пленарлық отырысқа ұсынылған материалды қорғауға автор (авторлар) шақырылады. Сөз сөйлеу регламенті – 5 минут.

Сараптаманың үшінші кезеңі Эксперттік Кеңестің білім беру ұйымының материалдарын бекітуге ұсыну немесе ашық дауыс берумен ұсынбау шешімімен аяқталады.

39. Эксперттік Кеңес сараптамадан өткен материалдарды баспаға ұсынуы мүмкін болады, сонымен қоса Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының редакциялық-баспа бөлімі арқылы да.

Редакциялық-баспа бөлімінде әдістемелік құралдарды шығару механизмі, қабылданатын материалдарға қойылатын талаптар, құралдар мен ұсыныстар қосымшаларда келтірілген (№№10, 10А қосымшалар).

40. Эксперттік Кеңестің шешімі хаттамамен және көшірмелермен рәсімделеді, ұсыныс түрінде болады.

41. Қарағанды облысының білім басқармасы Эксперттік Кеңес отырысынан кейін 2 апта көлемінде материалдардың соңғы бекітілуі немесе тайдырылуы туралы ақырғы шешім қабылдайды және білім бөліміне (білім беру ұйымына) сараптаманың қорытындысын хабарлайды. Бұл жағдайда білім басқармасы бойынша бұйрық шығарады. Эксперттік Кеңеспен ұсынылған білім беру ұйымдарының (инновациялық жұмыстың соңғы қорытындысы бойынша) ақпараттық - талдамалық есептері Қарағанды облысының білім басқармасы басшысымен бекітіледі.

42. Қарағанды облысының білім басқармасына бекітілуге ұсынылмаған материалдар Эксперттік Кеңес шешімі бойынша авторларға түзетуге қайтарылуы мүмкін болады (бұл жағдайда материалдың 1 данасы Эксперттік Кеңестің мұрағатында қалады).

43. Теріс қорытынды жағдайында материал авторы (авторлары), оны түзетуден кейін Эксперттік Кеңеске өтінішті қайтадан тек бір жылдан кейін ғана бере алады.

44. Эксперттік Кеңес қорытындысы бойынша авторға (авторларға) материалына жазылған пікір, эксперттік қорытындысы және хаттаманың көшірмесі Эксперттік Кеңес отырысы күнінен 1 ай көлемінде беріледі.

45. Сараптамадан өткен авторлық бағдарламаларды пайдалану құқығы олардың авторына сілтеу жасау жағдайында мүмкін болады.

46. Білім беру ұйымдары мен жұмысшылардың Эксперттік Кеңеске ұсынған материалдарына жазылған эксперттік қорытындысына келіспеушілік еткен жағдайында, сұрақ кеңейтілген Эксперттік Кеңес отырысында сырттан келген, қатысты аумақта құзыретті экспертті шақырумен қаралады.

47. Эксперименттік бағдарламаларды апробациялау және ендіру Қарағанды облысының білім басқармасымен эксперимент тәртібінде жұмыс жасауға рұқсат берілген білім беру ұйымдарында ғана жүзеге асырылады.
7. Эксперттік Кеңеске ұсынылатын материалдарға қойылатын талаптар

48. Білім беру ұйымдарының тұжырымдамалары, жобалары, даму стратегиялары, жетекші мектептердің дамуының бағдарламалық жоспарлары, тәжірибелік-эксперименттік жұмыс бағдарламалары оларға жазылған екі оң пікірлері (білім бөлімдерінің әдістемелік кабинет меңгерушілерінің, жоғары оқу орындары ғалымдарының), білім ұйымының және білім бөлімінің әдістемелік кеңестерінің хаттамаларынан көшірмелері болған жағдайда ғана сараптама объектісі болып табылады. Олардың сараптамасы білім беру ұйымының жұмысына бақылау құралы болып табылады, ендіріліп жатқан инновациялар деңгейін, олардың аудандық/қалалық білім беру жүйесін дамытудағы қажеттіліктерін, оларды ендірудегі білім беру ұйымдарының дайындық дәрежесін қарастыру болып саналады, яғни білім беру ұйымы мәртебесі жөніндегі мәселелерді, «Даму» немесе «Эксперименттік алаң» кезеңінде жұмыс істеуіне рұқсат алуын (лицензия, аккредитация) қарастырады. Осы құжаттар бойынша жадынамалар ұсынылған (Қосымшалар №№2, 3, 3А, 3Б, 4, 5, 5А, №7, №9).

49. Инновациялық іс-әрекеттің аралық және соңғы нәтижелері бойынша ақпараттық - талдамалық есептер Эксперттік Кеңеске қарастыруға бір жылда 1 рет тапсырылады, білім бөлімінің және білім беру ұйымының әдістемелік кеңестерінің хаттамаларынан көшірмелер және екі пікір (білім бөлімдерінің әдістемелік кабинет меңгерушілерінің, жоғары оқу орындары ғалымдарының) болған жағдайда сараптаманың объектісі болып табылады. Осы құжаттар бойынша жадынамалар ұсынылған (Қосымшалар №№5Б, 5В).

50. Білім беру ұйымдарының оқу, білім беру бағдарламалары, оқу-әдістемелік құралдары екі оң пікір (білім беру ұйымының педагогтары және білім бөлімдерінің әдістемелік кабинет меңгерушілері жазған) және білім бөлімі мен білім беру ұйымының әдістемелік кеңестерінің хаттамаларынан көшірмелер болған жағдайда облыстық Эксперттік Кеңеске қабылданады. Осы құжаттар бойынша жадынамалар ұсынылған (Қосымшалар №№6, 6А)

51. Эксперттік Кеңестің қарауына облыстың инновациялық дамуына маңызды авторлық оқу бағдарламалары ғана қабылданады.

1) Әртүрлі үйлесімдегі белгілі бір элементтерді біріктіретін, қиыстыру арқылы жаңа сапаға әкелетін оқу бағдарламаларын білім беру ұйымы педагогтарының оң пікірлері болған жағдайда сараптамаға әдістемелік кабинеттер қабылдайды және білім бөлімдері басшылары бекітеді.

2) Әртүрлі үйлесімдегі модификациялау, жаңашаландыру, бұрын болған, белгілі тәсілді, технологияны, мазмұнды және т.б. қайта қалпына келтірген оқу бағдарламалары әдістемелік бірлестікте сараптамадан өтеді және білім беру ұйымы басшысымен бекітіледі.

52. Озық педагогикалық тәжірибені талдап қорыту материалдары білім бөлімдерінің әдістемелік кабинет меңгерушілерінің, білім беру ұйымы педагогтарының оң пікірлері, Қарағанды облысының білім басқармасының, Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының ұсыныстары немесе білім беру ұйымының ұсынысы, білім бөлімі мен білім беру ұйымының әдістемелік кеңестерінің хаттамаларынан көшірмелер болған жағдайда қабылданады. Осы құжаттар бойынша жадынамалар ұсынылған (Қосымшалар №№8, 8А, 8Б, 8В).

53. Облыстық білім беру ұйымдарының материалдары өздерінің әдістемелік кеңестерінде қаралады, одан кейін Эксперттік Кеңес қарауына ұсынылады.

54. Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының әдіскерлері басшылығымен облыс педагогтарынан құрылған шығармашылық топтардың материалдары Эксперттік Кеңестің қарауына екі оң сыртқы пікір болған жағдайда қабылданады.


8. Аттестатталатын педагог қызметкерлердің өтініш берген біліктілік санатына қызметінің сәйкестігін белгілеу үшін қызмет қорытындыларына талдау жүргізу бойынша Эксперттік Кеңес жанындағы эксперттік топтың жұмыс тәртібі

55. Эксперттік Кеңес жанындағы облыстық эксперттік топ әрекеттегі «Аттестаттауды өткізу ережесі» негізінде өтініш берген келесі педагогикалық қызметкерлердің біліктілік санатына сәйкестігін анықтау үшін қызмет қорытындысына талдау жүргізеді:

1) жоғары біліктілік санатына өтініш берген мектепке дейінгі оқыту мен тәрбиелеу, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, қосымша, арнайы (түзеу) білім беру ұйымдары педагогтарының;

2) бірінші және жоғары біліктілік санатына өтініш берген техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары, сондай-ақ облыстық бағыныстағы білім беру ұйымдары педагогтарының.

56. Педагог қызметкердің өтініш берген біліктілік санатына қызметінің сәйкестігін белгілеу үшін сараптама тобының қарауына құжаттар әрекеттегі «Аттестаттауды өткізу ережесі» негізінде тапсырылады.

57. Педагогикалық қызметкерлердің аттестаттау материалдарын Эксперттік Кеңес хатшысы Қарағанды облысының білім басқармасы бекіткен кестесі бойынша тіркейді.

58. Материалдар оқыту тілінде, қағаз және электронды нұсқада тапсырылады. Аттестаттау комиссиясының төрағасы қолымен және білім беру ұйымының мөрімен расталады.

59. Аттестаттау материалдарындағы ақпараттардың растығына білім беру ұйымының әкімшілігі, аттестаттау комиссиясы толық жауапкершілік етеді.


9. Білім беру ұйымдарында эксперимент режимінде іске асырылатын білім беретін оқу бағдарламаларын әзірлеу тәртібі

60. Облыстық Эксперттік Кеңес базасында инновациялық педагогикалық технологияларды, сондай-ақ біріктірілген оқу бағдарламаларын қоса алғанда, жаңа білім беру бағдарламаларын сынақтан өткізу үшін эксперименттік білім беру бағдарламаларын іске асыру жоспарланып отырған білім беру ұйымдарына әдістемелік көмек көрсетеді.



61. Эксперименттік білім беру бағдарламасы оқу-әдістемелік кеңесте алдын ала талқылаудан өтеді және мектепке дейінгі немесе орта білім беру ұйымдарының педагогикалық кеңесінде мақұлданады (Педагогикалық кеңестің хаттамасы).

62. Эксперименттік білім беру бағдарламасын келісу үшін Қарағанды облысының білім басқармасы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігіне (бұдан әрі — Министрлік) жазбаша өтінімді ұсынады:

1) базасында эксперимент жүргізу жоспарланған білім беру ұйымының атауы, орналасқан жері (заңды, нақты мекенжайы, байланыс телефондары);

2) эксперименттік бағдарламаның қысқаша түйіндемесі, оның ұлттық білім беру жүйесін дамытуға бағытталған әлеуметтік маңыздылығының ғылыми негіздемесі;

3) эксперимент бағдарламасы (эксперименттің негізгі идеялары, мақсаты, бастапқы теориялық-әдіснамалық ережелері, эксперименттің кезеңдері және әр кезең бойынша болжанған нәтижелері, зерттеу әдістері, эксперимент жүргізуге қажетті шарттар, эксперимент нәтижесін бақылау, мониторингілеу және дұрыстығын қамтамасыз ету құралдары, эксперимент бағдарламасын қамтамасыз ететін оқу-әдістемелік әзірлемелер тізбесі);

4) экспериментті кадрлық, экономикалық, материалдық-техникалық және ғылыми қамтамасыз ету бойынша алдын ала есептер, қаржыландыру көздері.

63. Министрліктің қорытындысы негізінде білім беру ұйымына эксперименттік алаң мәртебесін беру туралы Қарағанды облысының білім басқармасы басшысының бұйрығы шығарылады.

64. Эксперименттік білім беру бағдарламаларын тиімді енгізу мақсатында Қарағанды облысының білім басқармасы басшысының бұйрығымен сараптамалық топтардың құрамы бекітіледі.

65. Сараптамалық топтардың құрамына білім беру ұйымдарының, жергілікті атқарушы органдардың өкілдері және Қарағанды облысының кәсіпкерлер палатасының өкілдері кіреді.

66. Сараптаманың қорытынды кезеңінің нәтижелері бойынша сараптамалық топ аталған қорытындымен келіспеген пікірлерді көрсете отырып, сараптамалық топтың барлық мүшелерінің қолы қойылған қорытындыны еркін нысанда рәсімдейді.
10. Қорытынды ережелер

67. Эксперттік Кеңес жайлы Ережеге өзгерістер мен толықтырулар туралы ұсыныстар Кеңес төрағасымен енгізіледі және Қарағанды облысының білім басқармасы басшысымен бекітіледі.





жүктеу 134,5 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау