Даму бағыттары Халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары Современная система дошкольного



жүктеу 29,2 Mb.
Pdf просмотр
бет177/363
Дата15.01.2020
өлшемі29,2 Mb.
#26709
1   ...   173   174   175   176   177   178   179   180   ...   363

362 

 

ата-аналар еліміздің болашақ тарихын, 



демек, дүниенің де тарихын тәрбиелейді. 

А.С. Макаренко. 

Адамзат  тарихында    өсіп  келе  жатқан  ұрпақты  тәрбиелеуде  екі  бағыт 

қалыптасқан:отбасылық және қоғамдық.Баяғы  заманнан келе жатқан өзекті мәселе- тұлғаның 

қалыптасуына үлкен әсерін тигізетін отбасы ма, әлде қоғамдық тәрбие ме? Дені сау, рухы таза, 

ана тілін толық меңгерген ұрпақ өсіру қазіргі кездегі ең негізгі мәселе. Мектепке дейінгі кезең 

ғалымдардың  айтуы  бойынша  жеке  тұлғаның  өмірге  келген  сәті  сияқты  ең  маңызды  және 

жауапты кезең болып табылады. Бұл  уақытта психологиялық үрдістер  мен жеке  тұлғалық 

қасиеттер  жедел  дамиды.  Болашақ  ұрпақ  тәрбиесін  іске  асырып  отырған  кезкелген  мекеме 

үшін отбасымен жұмысты тиісті дәрежеде ұйымдастырудың маңызы өте зор. Себебі, отбасы 

баланың түпкі тамыры, болмысын қалайтын мекен. Отбасымен жұмыс мүмкін педагогтардың 

жүргізетін жұмыстарының ең қызықты бір бағыты шығар. Бір  жағынан, бұл  жұмыс аса бір 

шеберлікті,  құпиялықты,  мәдениетті,  білімді,  тәжірибені  қажет  ететін  жұмыстардың  бірі. 

Өйткені,  отбасымен  жұмыс  жүргізген  кезде  түрлі  адамдармен,  түрлі  түсініктермен,  түрлі 

мінез-құлықтармен, түрлі қиыншылықтармен қарама-қарсы кездесесің. Осының барлығынан 

педагогтық абыройыңа кір келтірмей шығу үлкен өнерді қажет етеді. Сол себептен білім беру 

мекемесінде  отбасымен  жүргізілетін  жұмыстарды  әдістемелік  жағынан  орынды 

ұйымдастырудың  маңызы  өте  зор.  Отбасымен  жүргізілетін  жұмысты  әдістемелік  дұрыс 

ұйымдастыру  дегеніміз  не?  Бұл  -  мекеме  ішінде  отбасымен  жүргізілетін  жұмыстарды 

педагогикалық  қағидаларға  сәйкес,  баланы  жан-жақты  дамытуға  негізделген,  бала  құқығын 

сақтауға  және  қорғауға  бағдарланған  түрде  ұйымдастыру.  Отбасымен  жүргізілетін 

жұмыстарды әдістемелік жағынан белгілі бір ретпен, жүйелі түрде ұйымдастыру жүргізілген 

жұмыстың  нәтижесіне  әсер  етеді.  Бірнеше  жылдар  көлемінде  біздің  шағын  орталықта 

отбасымен  жұмысқа  аса  терең  мән  беріліп  келеді.  Яғни  оның  негізінде  отбасымен  ашық 

қарым-қатынас  жатты.  Бүгінгі  таңда  сол  жұмыстар  заманның  талабына  сай,  бала  мен 

отбасының  қажеттігіне  сай  өзгертіліп,  әртараптандырылып  отырылуда.  Бірнеше  жылғы  іс-

тәжірибе  мекемемізде  отбасымен  жүргізілетін  жұмыстардың  белгілі  бір  тұрақтылығы  мен 

заңдылығының  қалыптасуына  әкелді.  Біздің  шағын  орталықта  бұл  жұмыс  төмендегідей 

бағыттарда жүзеге асырылады: 

1.     Мекеме ішінде отбасымен жүргізілетін жұмыстардың жоспарын құру; 

2.     Педагогтарды отбасымен жұмыс жүргізу шеберлігіне дайындау; 

3.     Отбасымен жүргізілетін жұмыстардың жаңа бағыттарын үздіксіз игеру; 

        Мекеме ішінде отбасымен жүргізілетін жұмыс жоспарының мақсаты – отбасымен 

қарым-қатынастың  тиімді,  оңтайлы  түрлері  арқылы  отбасын  мекеме  жұмысына  белсендіре 

араластыру,  бала  тәрбиесіне  деген  қызығушылықтарын  арттыру  болып  табылады.  Осыған 

байланысты жылдық жоспарда оқу жылының басында мынадай жұмыс түрлері жоспарланады: 

·        Ата-аналарды шағын орталықпен таныстыру (презентация); 

·        Ата-аналарға арналған ашық сабақтар; 

·        Жиналыстар (оқужылында  3-4 рет); 

·                «Дөңгелек  үстелдер»,ашық  есік  күндері  (дәстүрдентыстүрдеата-

аналарменөзектітақырыптартөңірегіндеәңгімелесу); 

·        Ата-аналардың  педагогикалық және психологиялық сауаттылығын қамтамасыз 

ету,сауалнамалар; 

Мектепке дейінгі мекеменің педагогтары төмендегідей міндеттерді орындай алатындай 

жұмыс  жасау қажет: 

1. 


Өктемшілдікті жеңу және қоршаған  ортаны  бала  деңгейінде көру; 

2. 


Баланы басқа  балалармен  салыстыруға болмайтынын түсіну; 

3. 


Бала  дамуының күшті және әлсіз жақтарын білу,оларды ескеру; 

4. 


Балаға эмоционалдық қолдау көрсету; 

5. 


 

 



363 

 

 



 

 

 



 

6. 


 

 

 



 

 

 



 

 

7. 



 

 

 



8. 

 

 



9. 

 

 



Шағын  орталық  жұмысымен  таныстыру  –  жылына  1  рет  оқу  жылының  басында 

жүргізіледі.  Бұл  жұмыстың  негізгі  мақсаты  ата-аналарды  балалардың  білім  алу  және 

тәрбиелену ортасымен таныстыру болып табылады. Яғни, отбасын балалар өмір сүріп отырған 

ортаның  материалдық-техникалық  базасымен  және  осы  ортаның  оқу-әдістемелік 

қамтамасыздану  дәрежесімен,  педагогикалық  ұжыммен,  мамандармен  таныстыру  және  осы 

арқылы олардың оң көзқарастарын қалыптастыру, достық қарым-қатынас құру. 

Ата-аналарға арналған ашық сабақтар – отбасына баланың белсенділігін, даму деңгейін 

ғана  көрсетіп  қоймайды,  сонымен  қатар  топ  ішінде  сабақтардың  ұйымдастырылу 

ерекшеліктерімен де таныстырады. Сондай-ақ шағын орталықта балалар тек ойын әрекетімен 

айналысады деген жансақ ойлардан сақтайды. 

Жиналыстар  –  оқу  жылында  бірнеше  рет  ұйымдастырылады.  Баланың  жетістіктері 

жайында ата-аналарға ақпараттар беріліп, топтың түрлі мәселелері шешіледі. 

Дөңгелек  үстелдер  –  еркін  түрде  ұйымдастырылып,  еркін  ашық  әңгімелесуге 

бағытталған.  Бұл  ата-аналардың  ашылып  әңгімелесулеріне  мүмкіндік  береді.  Тақырыптар 

тәрбиешінің қалауымен немесе ата-аналардың сұранысымен таңдалуы мүмкін. 

Ата-аналардың педагогикалық және психологиялық сауаттылығын қамтамасыз ету – бұл 

ата-аналарға  бала  дамуындағы  ерекшеліктер  туралы  кәсіби  кеңестер  беру.  Арнайы 

педагогикалық  немесе  медициналық  мамандықтары  жоқ  ата-аналар  кей  кездері 

қиыншылықтармен, түсініспеушіліктермен кездесіп қалуы әбден мүмкін. Осыған байланысты 

мұндай кеңестердің маңызы өте зор. 

   Педагогтарды отбасымен жұмыс жүргізу шеберлігіне дайындаудың мақсаты – оларды 

ата-аналармен  және  отбасы  мүшелерімен  мәдени  қарым-қатынас  жасауға  үйрету.  Аталған 

бағыт бойынша мекемеде төмендегідей жұмыс түрлері жүргізіледі:     

Топ ішінде отбасымен жүргізілетін жұмыстардың жоспарын құру бойынша әдістемелік 

көмек көрсету және осы жұмыстарды қадағалау; 

Отбасымен жүргізілетін жұмыстардың барлығын салауатты рәсімдеуді қамтамасыз ету; 

Отбасы  мүшелірімен  қарым-қатынас  жасау  мәдениеті  бойынша  психолог  тарапынан 

кеңестер беру және осы жұмыстың орындалуын қадағалау; 

Педагогтардың ата-аналар мен мекеме арасында жасалатын келісім-шарттың мазмұнын 

нақты білулерін қамтамасыз ету 

Ата-аналармен болуы мүмкін келеңсіздіктердің алдын алу жұмыстары; 

Бала құқығын қорғау конвенциясының мазмұнын меңгерулерін қамтамасыз ету; 

Отбасымен жүргізілетін жұмыстардың мониторингін жүргізу. 

Ата-ананы тарту мақсаты. 

Ата-ананы тарту 

жолдары 


Ата-аналарға кеңес беру.  

(консультация)           

Қандай нақты міндеттерді 

орындаймыз? 

Ата-аналар қандай 

тәжірибемен талдау әкелуі 

мүмкін? 

Ата-аналарға қандай 

міндеттер қажет деп 

ойлайсыз? 

Проблеманы орындау үшін 

қандай тәсілдер қолдану 

керек? 

Ұжымда ата-ана 



міндеті қандай 

болмақ? 


Проблема жолдарын 

шешу үшін жүйелейтін 

міндет қандай? 

Ата-аналар қандай 

жетістіктер әкеледі? 

Проблеманы шешу әрекеттері 

Жасалған жаңа жоспардың орындалысын тексеру 

Жоспарды қарау және бағалау. 

Жұмысты әрі қарай жоспарлау 

Ата-аналар қаншалықты 

қатысты ? 

Жаңалыққа ата-аналардың көз 

қарасы қандай болды? 




жүктеу 29,2 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   173   174   175   176   177   178   179   180   ...   363




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау