Даму бағыттары Халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары Современная система дошкольного



жүктеу 29,2 Mb.
Pdf просмотр
бет25/363
Дата21.01.2020
өлшемі29,2 Mb.
#27131
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   363

51 

 

Балабақшаға  ата-  ана  бала  әкелгенде  әртүрлі  мінез-  құлықпен  келеді.  Өз  тәжірибемде 



әртүрлі  қиындықтар  кездесті.  Мысалы:  Тәрбиеші  мен  ата-  ана  арасындағы  түсінбеушілік, 

баланың  балабақшаға  бейімделуі,  бала  тәрбиелеуде  әртүрлі  сұрақтардың  туындауы.  Осы 

қиындықтарды  шешу  жолында:  ата-  аналармен  кеңестер,  сауалнамалар,  тренингтер,  жеке 

жұмыстармен  қоса  «Психология  апталығы»  жүргізілді.  Айта  кететін  болсақ  оқу  жылының 

басында  ата-  аналардан  «Сіздің  балаңыз  балабақшаға  бейімделді  ма?»,  «Ата-  ананың 

балабақша  жұмысына  қанағаттануы»    деген  тақырыптарда  сауалнама  алынса,  «Баланың 

балабақшаға  бейімделуі»,  «Баланың  алаңғасарлық  мінезін  қалай  жоюға  болады?»,  «Бала 

қыңырлығы»,  «Сюжеті-  ролдік  ойынның  бала  өмірінде  маңызы»,  «Баланың  жауапгершілік 

қасиетін  тәрбиелеу»  және  т.  б  мәселелер  бойынша  ақыл-  кеңестер  мен  ұсыныстар  беріліп 

отырылды.  

Соныме  қатар  ата-  аналармен  «Психология  апталығында»  өткен  «Шаттыққа  толы 

жүрекпен» атты тренинг өте жақсы әсер қалдырды. Мақсаты: ата-ананың тәрбие мәселесіндегі 

психологиялық құзыреттілігін арттырып, баламен тиімді қарым-қатынас орната білу қабілетін 

дамыту, оқу-тәрбие жұмыстарына қатыстыра отырып, серіктестікке тарту. Ата- аналар үлкен 

қызығушылық  танытып,  өз  ризашылықтарын  білдірді.  Апталық  арасында  ата-  аналардан 

әлеуметтік-  сұрақ  «Қуаныш–  бұл…,  «Отбасы–  бұл…  блиц-  сұрақ  «Егер  де  мен  тәрбиеші 

болсам…»,  психологиялық    акция  «Тілек  ағашы»,    психологиялық  марафон  акциясы: 

«Көңіл-  күй  калейдоскопы»  алынды.  Акция  мақсаты:  ата-  ананың,  баланың  эмоционалдық 

күйін білу, жағымсыз күйге жағдай жасау  

 

 



 

 

 



Оқу жыл басында қойлған мақсат пен міндеттерді жүзеге  асыру брысын ата- аналармен 

өткізілген ашық сабақты да айта кетуге болады. «Менің отбасым» атты ашық түзету сабағы 

ортаңғы  топ  балаларымен  ата-  аналарының  қатысуымен  өткізілді.  Сабақтың  мақсаты: 

балалардың  отбасында  тұратын  адамдар  жайлы  «отбасы»,  «туысқандар»  деген  ұғымдырын 

кеңейту; отбасының туысқандық түсініктерін қалыптастыру; отбасына деген сезімдік қасиетке 

тәрбиелеу. Бұл ашық сабақ ата- аналарға, балаларға және тәрбиешілерге үлкен әсерін тигізіп 

ғана  қоймай  жоғары  деңгейде  бағаланды.  Өкізілген  шаралардың  бәріөз  жұмысымның  ата- 

аналар үшін де балалар үшін де өте тиімді екендігін байқатты.

  

 

          



     

     


 

 

 



Бірігіп жұмыс істеу барысында ата- аналардың психологиялық- педагогикалық істеріне 

педагогтардың қатысуының тиімді екенін айтқым келеді. Отбасында берілетін тәрбие дұрым 

жолға қойылса, жетер жетістігі мол болмақ. Бала тәрбиесіне дер кезінде көңіл бөліп, саналы 

ұрпақ  тәрбиелеуіміз  қажет.  Тәуелсіз  еліміздің  ұлдары  мен  қыздарын  жан-  жақты  дамыған, 




52 

 

өзіндік  пікірі  бар,  жерін,  ата-  анасын,  ұстазын  құрметтейтін  азамат  болуына  баланың  өсіп 



отырған ортасы мен отбасының ықпалы өте зор. 

Тәрбиелі  жас  ұрпақтың  білімді,  білікті  болуы  отбасы  мен  балабақшаның  үздіксіз 

бірлескен еңбегінің нәтижесі. Біздің ең биік мақсатымыз әр отбасындағы ұрпақтың дені сау, 

рухани бай, білімге, еңбекке, құштар болып өсуі. Ата- аналармен балалардың бүгінгі жасаған 

қадамы, ертеңгі тұлға болып қалыптасуына үлкен әсер беретінін ұғындыру.  

Еліміздің болашақ ұрпағын тәрбиелеуде баршамыз үздіксіз ізденіп, тыңғылықты еңбек 

етуіміз  керек.  Бала  дегеніміз-  болашақ.  Балаларымызды  қалай  тәрбиелесек,  болашағымыз 

солай болмақ. «Жас ұрпақ- келешек қожасы»- деп В.Г. Белинский айтқандай, болашағымыз 

бен  келешегіміздің  қожасы  балаларымызды  білімді  де  мәдениетті,  тәрбиелі  де  әдепті, 

кішіпейіл де қарапайым етіп тәрбиелеу өз қолымызда.  Сондықтан да, ұл- қызымызға көзбе- 

көз айтқан сөзіміз, берген тәрбиеміз, жүректен- жүрекке жетсе үлкен ғанибет! 

 

 

Қолданылған әдебиеттер: 

1. Ұлттық салт- дәстүр журналы: «Дәстүр» №2, №3. Баспасөз- 2014 жыл. 

2. Омарбекова А. И. «Тәрбие- тал бесіктен басталады»- әдістемелік құрал- Астана, 2010 жыл. 

3. «Бала тәрбиесі» Республикалық қоғамдық педагогика- психологиялық басылым. №9, 2014 

жыл.  

 

 

МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫҢ МЕКТЕПКЕ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ 

- ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ДАЙЫНДЫҒЫ 

 

 

Алдабаева Б.О 

КМҚК «Балбөбек» балабақшасы 

Қарағанды қаласы 

 

 

Мектеп табалдырығын аттау бүлдіршін өміріндегі заңды құбылыстардың бірі: әрбір бала 



жасы жеткенде мектепке барады. Қай жастан бастап үздіксіз білім алуды бастаған жөн: алтыда 

ма немесе жетіде ме, әлде сегіз жастан ба? Мектепке алғаш бару бала өміріне үлкен жаңалық, 

өзгеріс енгізеді, қоғамдағы жаңа орынға бейімделуі мен өсіп жетілуінің бір бастамасы болады.     

Баланы  мектепке  дайындықты  балабақша  мен  мектептегі  әдіс  -  тәсілдерді  ұштастыру 

арқылы жүзеге асыруға болады, бірақ оларға қойылатын міндеттілік, реттілік, ойын әдістерін 

пайдалану,  өз  кезегімен  бірдей  болуға  тиісті.  Баланы  қандай  бағдарлама  бойынша  оқытқан 

жөн. 

Демек, «Баланы мектепке даярлау қалай болуы керек?» деген сұрақтың ата  - ана үшін 



маңызы артып, тиісті жауап іздейді. Бұл сұраққа көптеген ата - аналарда екі пікір қалыптасқан: 

бір ата - аналар алғаш мектеп табалдырығын аттаған күннен бастап данышпан етуді мақсат 

тұтса,  кейбіреулері,  керсінше,  бала  білмей  барса,  барлығын  мектепте  үйренуі  тиіс  деген 

пікірде.  Осы  пікірлердің  алтын  ортасын  қалай  таңдаймыз?  Баланы  мектепке  физикалық 

жағынан да, психологиялық жағынан да қалай дайындаймыз? 

Бірінші сыныпқа баратын бала жазу - сызуды біліп баруы міндетті емес, оған барлығын 

мектепте  үйретуге  міндетті.  Алайда,  қазіргі  заман  оқу  бағдарламасының  тапсырмаларын 

ауыртпалықсыз  орындау  үшін,  іс  жүзінде  мектеп  табалдырығын  аттамас  бұрын  жазу  мен 

оқуды біліп барғаны дұрыс. Балаңыз мектепке бармас бұрын оқу жазуды білсе жақсы. Балаға 

жазу  сызу  барысында  қарындашты  немесе  қаламсапты  дұрыс  ұстап  үйретуді  ұмытпаңыз. 

Баланың сөйлеу тілінде кемістіктің болмауы шарт, сөйлеген сөзінің мағанасы өзіне түсінікті 

болу керек, өзінің ойын жеткізе алуы қажет. Жазып санауымен ғана шектеліп қана қоймай, 




жүктеу 29,2 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   363




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау