Даму бағыттары Халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары Современная система дошкольного



жүктеу 29,2 Mb.
Pdf просмотр
бет21/363
Дата21.01.2020
өлшемі29,2 Mb.
#27131
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   363

43 

 

Сондықтан  да  балабақшадағы  музыкалық  тәрбие  беру  үрдісін  халық  қазынасына 



негіздеп  алған  өте  тиімді  болмақ.  Осы  ретте  тыңдату  мәселесіне  ерекше  мән  берген  жөн. 

Себебі, бала қандай да болсын музыкалық шығармамен таныс болғанға дейін оны міндетті 

түрде құлақ арқылы тыңдап өзіндік әсер алады.  

Музыка адамның жан дүниесін тебіренте отырып, оның өмірге деген көзқарасын, әдет, 

мінез-құлқын  қоғам  мүддесіне  сәйкес  қалыптастыруға,  әдемілік  заңымен  өмір  сүруге 

тәрбиелейді. «Дені саудың – жаны сау» дегендей, тәні де, жаны да сау, рухани бай эстетикалық 

жағынан сезімтал азаматты тәрбиелеп өсіру – ата-ана парызы, қоғамдық мекемелердің міндеті. 

Солардың бірі- балаға эстетикалық тәрбие беру құралы балабақшадағы  музыка  сабағы. 

Сабақ барысында бүлдіршіндер музыкалық іс- әрекеттің барлық түрін ойын түрінде өтеді.  

Баланың  сабақ  барысында  жалығып  кетпеуі  музыка  жетекшісінің  шебрлігіне, 

тәжірибесіне  ,  біліміне    өте  байланысты.Балабақшадағы  сәбилік  шағынан  тәрбиеленіп  келе 

жатқан балада музыканы тыңдау, оны түсіну, есте сақтау, ажырата білу, ән салу, би билеу, 

сазгерлерді, аспаптарды тану қабілеттері бірте - бірте қалыптасады.  

Ал,  балабақшаға  қамтылған  баланың  бойына  қысқа  мерзім  ішінде  аталған  білім 

дағдыларын қалыптастыру музыка жетекшісінің алдына қойылған аумақты да, жауапты ісі. 

Балабақшада музыкалық тәрбие жұмысын ұйымдастырудың түрлері: ән сабағы, баланың 

жеке  музыкамен  шұғылдануы,  баланың  күнделікті  өмірдегі  музыканың  орны,  мерекелік 

ертеңгіліктер т.б. 

Балаға музыкалық тәрбие берудегі мақсатымыз бен міндетіміз: 

-  Музыкаға  қалыпты  қызығушылығын,  әр  түрлі  музыкаға  эмоциялық  сезгіштігін 

қалыптастыру және дамыту; 

- Би билеу және ән салу дағдыларына үйрету; 

-  Музыкалық  қабылдауын,  таныс  шығармаларды  әуенінен  тану  және  есте  сақтауын 

дамыту; 


- Музыкалық танымын кеңейту, машығын дамытуға жағдай жасау; 

- Музыкалық әрекеттің барлық түрі бойынша белсенділікті дамыту. 

Сол себепті, музыканың құдіретті күшін бала бойына дарыту, сіңіру мақсатында музыка, 

сазды әуен баланың күнделікті өмірінде орын алуы қажет.                              Музыкалық оқу іс 

-  әрекетінің  музыка  тыңдау  бөлімі  бойынша  ән,  күй,  халық  әуендерін,  басқа  ұлттық 

шығармаларды қолдана отырып, музыканы тыңдау, қабылдау, есте сақтау, ажырата білумен 

қатар, оның мазмұнын, көркемдік қасиетін түсіндіру қажет. 

Әнді музыкамен, музыкасыз жеке, көппен қосылып, орындау кезінде дауысын дамытуға, 

өлең сөзін дұрыс, анық айтуға, ырғақты қимылмен музыка үндестігін сезіне, денесін дұрыс 

ұстап, әдемі қозғала білуіне ерекше мән беріледі. 

Музыканы басқа пәндермен байланыстыруда (тіл дамыту, сахналау, дене шынықтыру, 

бейнелеу т. б) баланың көңіл хошы, өз күші мен ептілігіне қызығушылығы арта түседі. 

Ән  баламен  ойын  -  сауықтарда,  музыкалық  кештерде,  ертеңгіліктерде,  билерде, 

ойындарда бірге жүреді. Демек, ойнай жүріп, баланың әнге деген құштарлығы арта түседі. 

Музыкалық – дидактикалық ойындарды ойнау, балалардың музыкаға қызығушылығын 

арттырады және музыкалық іс – әрекет түрлерін тез, әрі дұрыс үйренуге көмектеседі. 

Музыкалық оқу іс - әрекеттерінде музыкалық - дидактикалық ойындарды жүйелі түрде 

пайдалану  –  музыканы  сипатына,  көңіл  -  күйіне,  динамикалық  реңкіне  қарай  ажыратуды 

үйретеді.  

Балаларды әртүрлі музыкалық шараларға тек жеке өзін қатыстырмай, үлкендермен, ата 

– аналармен бірге қатыстырудың мәні зор. 

Бұл баланың өзіне – өзінің сенімін ұштап, шығармашылығын шыңдайды. 

Музыкалық  -  ырғақты  қимылдарды  орындауда,  би  билеуде  музыкалық  аспаптарды 

қолдану музыканың ырғағын, динамикалық үнін, екпінін ажыратуға үйретіп, орындаушылық 

шеберліктерін шыңдайды. 



44 

 

Мерекелік ертеңгіліктердің, ойын-сауықтардың, сахналық қойылымдардың кезінде бала 



образдық бейнелерді дәл бере білуге, сахна мәдениетіне жауапкершілікке, көпшілікпен жұмыс 

істеуге үйренеді. 

Қазіргі оқу - тәрбие жұмысын жан  - жақты дамыту мақсатындағы басты міндеттердің 

бірі бала тәрбиесіне қазақ халқының ғасырлар бойы ұрпақтан ұрпаққа мұра болып келе жатқан 

тұрмыс  -  салтына,  әдет  -  ғұрпына,  ұлттық  дәстүріне  байланысты  әдебиет  пен  мәдениетке, 

өнерге үйрете отырып, баулу.        Белгілі бір өнер иесіне арналған әсерлі әдеби – музыкалық 

кештер өткізу де бала санасында із қалдырады. 

Жақсыға,  әдемілікке,  үлкеннің  маңызды  да  пайдалы  ісін  қайталауға,  ұқсап  бағуға 

талпындырады.  Әр  сазгердің  немесе  әншінің  шығармашылығындағы,  репертуарындағы 

әндерді, шығармаларды тереңірек талдау арқылы бала тағы да музыканың эмоциялық әсерін, 

бейнелеу  күшін  түсініп,  жақсы  мен  жаманды  ажырата  алуға  үйренеді.  Сол  сияқты  баламен 

жеке жұмыс жасау да әр баланың бойындағы қабілетін тауып, дамытуға жол ашады. 

Ал, музыканы түсіне шығарма кейіпкерімен бірге жетіле, әсемдік пен әдемілікті сезіне 

өскен  бала  қоғамға  тек  пайдасын  тигізетін,  ұлттық  қазынаны  бағалай  білетін,  саналы  да 

білімді, отансүйгіш, тәрбиелі, адал азамат болып өсері сөзсіз. 

Қазіргі  музыка  сабағы  –  мектепке  дейінгі  ұйымдағы  музыкалық  тәрбие  жұмысын 

ұйымдастырудың  негізгі  формасы,  музыка  сабағында  балалар  педагогика  ғылымының  оған 

қойылатын соңғы талаптары бойынша мынадай іс-әрекеттермен айналысады: хормен ән айту, 

музыка  тыңдау,  музыкалық  ырғақтық  қимылдар,  балалар  аспабында  ойнау,  музыка  сауаты, 

балалар шығармашылығы т.б. 

Музыка – эстетикалық тәрбие беру құралдарының бірі. Өнердің басқа түрлері сияқты ол 

да  өмірдегі  әсемдікті,  табиғат  сұлулығын  бағалауға  және  адамдар  арасындағы  қарым-

қатынастарды түсініп, білуге үйретеді. 

Баланы  жастайынан  өнерге  баулып,  музыка  әлемімен  таныстыру,  оны  сезіндіріп  ән 

айтқызып,  күй  тартқызудың  мақсаты–халқымыздың  асыл  қазынасын,  дәстүрлі  ән-күйлерін 

бойларына сіңіре білу, олардың эстетикалық талғамын жан-жақты байытып, дамыту – бүгінгі 

таңда өте маңызды мәселеге айналып отыр. 

Музыка  -  өнердің  басқа  салаларын  түсіндіруге  тілі  мен  күші  жетпейтін  күрделі 

образдарды  адамның  сана  сезіміне  құйып  ой-өрістің  дамуына  әсерін  тигізіп  тәрбиелейтін 

құдіретті құрал.  

Қорытындылай  келе  музыканы  тек қана  құлақпен  тыңдап , көркемдік  бұйымдарды  

тек  қана    көзбен    көріп,    тамашалау    арқылы    өнерге    баулуға    болмайды.  Біздің  

бүлдіршіндеріміз  халық  өнерінің  шынайы  мұрагері  болуы  керек.  Асыл  өнерді  қолмен  

жасай  алатын  адам  ғана  ата- бабадан  қалған  мұраны  көбейтіп , байытып  келесі  ұрпаққа  

жеткізе  алады. 

 

 



Қолданылған әдебиеттер: 

1.  Қазақстан  Республикасының  білім  беруді  дамытудың  2011-2020  жылдарға  арналған 

мемлекеттік  бағдарламасы.  Қазақстан  Республикасы  Президентінің  2010  жылғы  7 

желтоқсандағы № 1118 Жарлығымен бекітілген. www. Government.kz. 

2.  Аль-Фараби. Трактаты о музыке и поэзии /Пер. с араб. АН Республики Казахстан. Институт 

философии. Отв. ред. Бурибаев М.С.- Алматы, «Ғылым», - 1993-456 с. 

3.  Ибн-Сина. Избранные философские произведения. /Пер. с араб. М.: Наука, 1980 

 

 



 

БАЛАБАҚША МЕН АТА-АНАЛАР АРАСЫНДАҒЫ ТЫҒЫЗ БАЙЛАНЫСТЫ 

НЫҒАЙТУ 

 

 


жүктеу 29,2 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   363




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау