Даму бағыттары Халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары Современная система дошкольного



жүктеу 29,2 Mb.
Pdf просмотр
бет26/363
Дата21.01.2020
өлшемі29,2 Mb.
#27131
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   363

53 

 

салыстыра  білуді  және  талдауды,  ойлай  білуді  меңгере  алу  тиіс.  Сонымен  қатар,  өздігінен 



қорытынды жасай білсе, көп нәрсені жақсы түсінеді.  

Көрнекі  әрекеттік  ойлау  қабілеттілігі  жоғары  бала  көрнекі  үлгімен  жұмыс  істегенде, 

заттардың  кейпімен  мөлшерін  ұйқастырғанда  қойылған  міндеттерді  шешуде  тиімді 

әрекеттердің барлық түрін ұйымдастырып шығарады. 

Кез келген ата-ана баланың өсіп жетілуіне, рухани күшті етіп тәрбиелеу жолында алуан 

түрлі қуаныш пен қиыншылықтарды бастарынан өткізе отырып, оның рухани және ақыл ойы 

мен дене құрылысы жағынан жан - жақты дамуына баулуы керек.  

Баланың мектепке дайын болу жағдайы бірнеше түрге бөлінеді:  

1. Дене бітімінің дайындығы - баланың салмағы мен бойының өз жасына сай болуымен 

қатар он екі мүшесі сау болуы керек

2. Зиятының дайындығы - баланың ой - өрісінің, есте сақтау қібілетінің, тілінің, зейінінің, 

өз  еркімен  тапсырма  орындай  алуының,  мақсат  қоя  білуінің,  қателігін  түсіне  білу 

қабілеттілігінің өз жасына сай болуы;  

3.  Әлеуметтік  -  психологиялық  дайындық  баланың  жаңа  ортаға  деген  көз қарасының, 

оқушы жауапкершілігінің, өзін өзі ұстай білуінің, үлкен кіші адамдармен қарым қатынасының 

өз жасына, мектептердің талабына сай болуы; 

4. Ерік аясының дайындығы баланың өз іс әрекетін мақсаттытүрде қалыптастырып, өз 

кемшіліктері мен жетістіктерін дұрыс қабылдап, әрекет ете білуі

Әлеуметтік - психологиялық дайындық 

Баланы мектепке дайындау дегенде көптеген ата - аналар әріптерді танумен, сандарды 

санаумен ғана шектеліп жатады. Одан басқа, баланың мектепке қажетті құрал саймандар мен 

киім кешектеріне баса назар аударады. Әрине, бұл дайындықтарсыз баланың мектепке дайын 

болуы екіталай. Бірақ баланың оқуға дайындығын ақыл ойының даярлығымен, материялдық 

дайындығымен шектеліп қоймай оны оқуға психологиялық жағынан даярлауды қалыптастыру 

қажет. Баланың психикалық үрдістерінің дамуы оқуда және басқа адамдармен қарым - қатынас 

орнатуда қиындыққа кезікпеуіне мүмкіндік береді. 

Әлеуметтік  құзырлы  бала  адамдармен  қарым  -  қатынас  орната  алуға,  олармен  дау 

дамайсыз келісе білуге, ешкімді жәбірлемей өз көзқарасын дәлелдей алуға, белгілі бір сұрақ 

маңайында серігінің пікірімен келісе білуге қабілетті. 

Эмоционалды жетілген бала жиі ренжімейді, басқа адамдардың сезімдерін түсінеді және 

оның себептерін түсіне, сипаттай біледі (мысалы, «Мен мұңайып тұрмын, өйткені бәрі кетіп 

қалды, ал мен жалғыз болғанды ұнатпаймын»).  Мұндай бала мерекеде ұмытылып жалауша 

берілмей қалса, еңіреп жыламай, жай ғана тәрбиешіге келіп, сұрап алады.  

Мектепке түскенде өз эмоцияларын басқара алмайтын балалар қиын жағдайда болады. 

Кез келген реніш оларды күйзелтеді. Бір істеріндегі сәтсіздік көпке дейін оларда өзіни кемсіту, 

ал  қанағаттану  үлкен  қуаныш  сезіміне  әкеледі.  Бұл  жағдайда  айналаны  (оның  ішінде  оқу 

материалын) қабылдау күт төмендейді. Өз уайымдарынан шыға алмаған балалар айналадағы 

оқиғаларды  бағдарлай  алуға  мүмкіндігі  жоқ,  олардың  зейіні  төмендейді,  ой  қорытуға, 

логикалық ойлауға қабілеті жойылады. Кейде балалар қабілетсіз болып көрінуі мүмкін, әсіресе 

стресс жағдайында; мектепке қабылдау әңгімелесуінде, тестілеуде, одан кейін тақта алдында 

жауап беруде. Сондықтан 5-6 жасқа қарай балаға өз сезімін және уайымын бақылауды үйрету, 

оны «өзін-өзі жұбату» тәсілдерімен таныстыру қажет (мысалы, «өзін өзі көндіру, иландыру»; 

«Бәрі  де  жақсы  болады,  бәрі  өтеді,  мен  сабырлымын,  мен  істей  аламын»...»)  Бұл  жерде 

болымсыз етістіктің бұйрық райын қолданбауға тырысу қажет; «Жылама», «қорықпа», т.с.с. 

Балаға  қарапайым  дем  алу  жаттығуларын  (10  терең  дем  алу  дем  шығару),  «шеттеу» 

техникасын  үйрету  қажет.  Жалпы  алғанда,  баланың  ақыл  -  ой,  дене  және  эмоционалдық 

дамуының  деңгейіне  қарамай,  үнемі  олардың  өзіне  сенімділігін  қолдап,  эмоционалды 

жайлылығын қамтамасыз ету қажет.  

Бірақ, кейде бала оқуға барғысы келмейді, дегенімен оның себебі әр түрлі болады: бір 

балалар мектепте көп бала бар және онда көңілді десе, біреуі партаға отырғысы келгендіктен 

баруы мүмкін. Алайда, мұндай ықыласпен келген балалар біраз уақыттан кейін мектептің олар 



54 

 

үшін қатал тәртібіне және күнделікті оқу үрдісіне қызығуы қажет. Сонда ғана баланың таным 



қызығушылықтарының дамуына, жаңа білім алуына мүмкіндік туады. Сонымен бірге баланың 

мұғалімдерімен, балалармен қарым қатынас жасауы аса маңызды. Яғни, оқу әрекеті ұжымдық 

сипат болғандықтан, әрбір  бала құрдастарымен қарым -  қатынас жасай алуға, бірге жұмыс 

істеуге дағдылануы керек. 

Баланың  шешім  қабылдай  алып,  мақсат  қоя  білуі  ерік  жігерінің  даярлығы  болып 

саналады.  Баланың  әрекеттерді  жоспарлап,  олардың  орындалуын  жүзеге  асыруда  күш  пен 

бойындағы  қабілеттерін  жұмсай  білуі,  қиындықтарды  жеңе  білуі  балалардың  психикалық 

үрдістерінің  қалыптасуына  ықпалын  тигізеді.  Егер  балалардың  оқуға  дайындығы  осы 

бағыттармен  ұштасып  жатса,  бала  оқуға  тез  бейімделіп,  жақсы  оқып  кетуіне  мүмкіндік 

туғызады. 

Мектепке дейінгі балалардың негізгі іс - әрекеті ойын болғандықтан, оларға бірден оқу 

әрекетіне  ауысу  біршама  қиындықтар  туғызады.  Мектеп  табалдырығын  алғаш  аттаған  бала 

педагогтармен  және  балалармен  кезіккенде  мазаланады,  оқу  үрдісінен  өзінде  жағымсыз 

эмоциялық сезіну пайда болып, қорқыныш пайда болады. Сондықтан балалардың көңіл күйі 

болмай, себепсізден жиі ауыруы «мектеп неврозы» сипатында көрінеді. Яғни, мектепті еске 

алса  болғаны,  жылап,  уайымдайды.Сөйтіп,  мектеп  бала  үшін  стресс  тудыратын  факторға 

(стрессогендік фактор) айналып, денсаулығының нашарлауына әкеп соғады. Осы кезде әрбір 

ата - ана өзінің баласына мектеп туралы қажетті мағлұмыттар айтып, баланың мектепке деген 

жағымды қатынас және сенімділік сезімін қалыптастыра отырып тәрбиелеу керек. Ең бастысы 

баланы  жолдастарымен  қарым  -    қатынас  жасай  алуға,  басқа  балалардың  ойымен  санасуға 

үйрету.  

Балаларды мектепке психикалық даярлау бағыттарын тәжірибеде жүзеге асыратындар 

мұғалімдер,  балабақша  педагогтары  мен    психологтары.  Психологтың  міндеті: 

психодиогностиканың  әдістемелерін  қолдану  арқылы  және  зерттеу  нәтижелеріне  сүйеніп, 

алты жастағы баланың оқуға дайындығын анықтау. 

Арнаулы  дайындық  мектепке  баратын  балалар  санауды,  сөздерді  буынға  бөліп  қана 

қоймай,  қоршаған  орта  туралы  да  толық  түсініктері  болу  керек.  Сонымен  бірге  таным 

үрдістерін (ес, зейін, ой - қиял, қабылдау) де дамытып отыру қажет.  

Мектепке бару үшін баланың даму деңгейі қандай болу қажет дегенде мына төмендегі 

шарттарды айтуға болады: 

1. Үлкендермен қарым қатынасы. 

2. Құрдастарымен қарым қатынасы. 

3.  Өзін өзі бағалай білуі. 

Үлкендермен  қарым  -  қатынасында  балалар  олардың  берген  білімдерін  бар  зейінімен 

қабылдайды.  Балада  еріктің  дамуы  төмен  болса,  берген  тапсырманы  түсінбей,  өз  еркімен 

жасай  алмайды.  Сондықтан  мектепке  баратын  балалардың  үлкендермен,  құрдастарымен 

жақсы қарым - қатынаста болуының зор маңызы бар. 

Құрдастарымен  қарым  -  қатынасы.  Егер  бала  жанындағыларымен  тіл  табыса  алса, 

мектепте оқуға дайын деп есептеуге болады. Мұндай дағды баланың бойында кездеспесе, онда 

оған мектепте өте қиын болады. Мысалы: бірге оқып жүрген құрдастарының жауабын тыңдап, 

әңгімені  толық  аяқтай алмайды,  бала  өз  көңіл  күйін  білдіре  алмайды  (қуану,  ренжу).  Бұны 

тестер арқылы да байқауға болады. 

Өзін  -  өзі  бағалауы.  Бұл  кезеңдегі  балалар  жас  ерекшелігіне  байланысты  өзін  және 

істеген  істерін  жоғары  бағалайды.  Бұл  қасиет  баланың  өркөкректігіне  жатпайтындықтан  7 

жастан  кейін  өзінен  өзі  жойылады.  Бірақ  кейбір  балаларда  үлкендердің  балаға  деген 

көзқарастары,  сүйіспеншілігі,  аяулы  жетіспеушілігінен  өзін  өзі  бағалауы  төмен  болады. 

Осындай жағдаймен (жасық) мектепке келген бала қорқақ келеді, берген сұрақтарға өзінен өзі 

қысылып жауап бере алмайды, бақылау жұмысын жазуға батылы жетпейді. 

Ақыл  -  ой  дамуы.  Бұған  психикалық  процестердің,  тілдің,  есеп  сабақтары  арқылы 

логикалық ойлау қабілетінің дамуы жатқызылады. 




жүктеу 29,2 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   363




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау