Даму бағыттары Халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары Современная система дошкольного



жүктеу 29,2 Mb.
Pdf просмотр
бет18/363
Дата21.01.2020
өлшемі29,2 Mb.
#27131
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   363

37 

 

Л.А. Венгер 



Мектепке бару – бала өміріндегі үлкен жаңалық, шешуші кезең, өмір мен іс-әрекеттің 

жаңа  күйіне,  қоғамдағы  жаңа  орынға  көшу  және  өсіп-  жетілуінің  сатысы.  Қазіргі  кезде 

психологиялық-педагогикалық  және  білім  беру  практикасында  «мектеп  жасына  дейінгі 

баланың мектепке дайындығы» ұғымы кең таралған. Психологиялық сөздікте «мектепте оқуға 

дайындық»  ұғымы  жүйелі  ұйымдастырылған  мектептегі  оқытуға  табысты  ауысуды 

қаматамасыз  ететін  мектеп  жасына  дейінгі  ересек  балалардың  физиологиялық 

ерекшеліктерінің жиынтығы ретінде қарастырылады.  

В.С.Мухинаның айтуынша, баланың мектепке дайындығы, баланың әлеуметтік жетілу 

нәтижесінде  оқу  іс-әрекетіне  деген  қызығушылығы  пайда  болып,  оқуға  деген  қажеттілікті 

қалауы мен ұғынуы болып табылады. Д.Б.Эльконин баланың мектепке дайындығын бала мен 

үлкендер  арасындағы  әлеуметтік  қарым-қатынас  деп  санайды.  Сондықтан  мектеп  жасына 

дейінгі  тәрбие  мен  оқытуды  ұйымдастыруға  қойылатын  жоғарғы  талаптарға  сай  жаңа  әрі 

тиімді психологиялық-педагогикалық көзқарастарды іздестіру  қарқынды дамуда. Ал мектеп 

жасына дейінгі баланы мектепке дайындау мәселесінің мәні ерекше, өйткені  оның мектепке  

бейімделуі,  мектеп  өмірінің  тәртібіне  үйренуі,  сабақтағы  жетістіктері  мен  психологиялық 

өзіндік сезімі баланың мектепке қаншалықты дайын екендігіне байланысты болады.   

Мектепке дейінгі мекеме мектеп жасына дейінгі балаларды мектепке дайындаудың екі 

негізгі міндетін атқарады: баланы жан-жақты тәрбиелеу (ақыл-ой, адамгершілік, эстетикалық 

т.б.)  және  мектеп  пәндерін  меңгеруге  арнайы  дайындық.  Тәрбиешінің  ҰОІӘ  барысында 

мектеп жасына дейінгі баланы мектепте оқуға дайындауды қалыптастыру бойынша жұмысы: 

1.  білім алу үшін маңызды іс-әрекет ретінде баланың ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті 

туралы ұғымын тудыру. Осы ұғымның негізінде баланың белсенділігі дамиды (тапсырманы 

тиянақты орындау, тәрбиешінің сөзін зейін қоя тыңдау); 

2.  жауапкершілікті, табандылықты, дербестікті, ынталылықты дамыту. Баланың білімді, 

іскерлікті меңгеруге деген ұмтылысы осы қасиеттерді қалыптастырады;  

3.  мектеп  жасына  дейінгі  балада  ұжымда  іскерлік  тәжірибесін  тәрбиелеу  мен 

құрдастарына деген оң көзқарасы; 

4.  балада ұйымдастырушылық мінез-құлық дағдыларын қалыптастыру.  

Осы дағдылардың болуы баланың жеке тұлға болып қалыптасу үдерісіне әсерін тигізіп, 

мектеп  жасына  дейінгі  бала  қызығушылығы  бойынша  іс-әрекетті,  ойынды  таңдауда  едәуір 

дербестік танытады.  

Мектеп жасына дейінгі баланың мектепке дайындығының түп тамыры баланың мектепке 

психологиялық дайындығы болып табылады. Оның ішінде осы мәселеге үш негізгі көзқарас 

бөлінген.  

Бірінші  көзқарасқа  мектепте  оқу  үшін  қажет  белгілі  бір  дағдылар  мен  іскерліктерді 

мектеп жасына дейінгі балаларда қалыптастыруға бағытталған барлық зерттеулер кіреді. 5-6 

жастағы  баланың  интеллектуалдық,  физикалық  және  психологиялық  мүмкіндіктері  жоғары 

болғандықтан, осы жастағы балаларда қарапайым матиматикалық ұғымдарды қалыптастыру 

мен сауат ашуды ойдағыдай меңгеріп, мектепке дайындықты едеәуір жақсартады.  

Екінші  көзқарас  бойынша  мектепке  баратын  балада  оқуға  деген  талабы,  әлеуметтік 

ортаның  өзгеруіне  дайындығы,  танымдық  қызығушылығының  нақты  деңгейі  болуы  керек. 

Осы қасиеттердің жиынтығы мектепте оқудың психологиялық дайындығын құрады.  

Үшінші көзқарастың мәні оқу іс-әрекетінің жекелеген құрауыш бөліктерін зерттеу және 

ұйымдастырылған  оқу  іс-әрекетінде  оларды  қалыптастыру  жолдарын  іздестіру  болып 

табылады.  

Мектеп  жасына  дейінгі  әрбір  бала  әртүрлі  дамиды,  сондықтан  әр  балаға  жеке 

көзқараспен қарау керек. Тәрбиешінің жұмысы – бұл балалармен ұдайы қарым-қатынас жасау. 

Сондықтан жұмыс тәжірибемді негізге ала отырып, мектеп жасына дейінгі балалар туралы көп 

айтуға  болады.  Жұмысымды,  тәрбиеленушілерімді  өте  жақсы  көремін,  әр  баланы  ұлағатты 

адам  ретінде  тәрбие  беруге  тырысамын.  Көп  жылдан  бері  мектепке  дейінгі  ересек  топ 

балаларымен  жұмыс  істеймін.  Ересек  топ  балалары  әлі  де  болса  қоршаған  ортадағы  болып 



38 

 

жатқан құбылыстарды байқап, оны салыстыра алмайды, заттар мен құбылыстар туралы білім 



қорлары жеткілікті емес, ал мектеп мұғалімдері болса, оқуға деген психологиялық дайындығы 

бар,  білімді  балаларды  тосады,  яғни  еңбексүйгіш,  шыдамдылық,  жауапкершілік  сезімі, 

табандылық,  ынталылық  және  ең  бастысы  тәртіптілік  сияқты  адамгершілік-ерік  сапаларын 

бойларына сіңірген балалар болуы керек. Бала қарым-қатынас жасай білуі керек, әңгімелесуші 

адамды тыңдай біліп, оның сөзін бөлмей, тұрпайы, дөрекі сөздерден аулақ болуы керек. Егер 

ос қасиеттер бала бойында болса, онда ол бар ынтасымен оқып, мектепке қызықпен барады. 

Балалар  өздерінің  мінез-құлқына  үйрене  бастайды,  өзінің  іс-әрекеттеріне  өзіндік  баға  бере 

бастайды.  Сондықтан  баланы  мектепке  оқуға  даярлауда  даму  деңгейімен  ерекшеленетін 

балалардың ерекшеліктерін есепке алу өте маңызды. 

Дамуы  жоғары  деңгейдегі  балалар  қоршаған  ортаға  деген  айқын  танымдық  қарым-

қатынасымен  ерекшеленеді.  Олар  оқу  іс-әрекетінде  белсенді,  тапсырманы  тез  әрі  дұрыс 

орындайды,  жұмысқа  қабілеттілігі  сақталады.  Бұл  балалар  жаңа  істерді,  шығармашылық 

тапсырмаларды  жақсы  көреді,  ой-өрісі  өте  кең.  Олардың  мектепте  оқуға  деген 

қызығушылықтары  өте  жоғары  болады.  Мұндай  балалар  педагогикалық  ықпалға  мұқтаж 

еместей көрінеді, алайда бұл балалардың ақыл-ойының әрі қарай дамуына мүмкіндік беретін 

күрделі тапсырмаларды беру керек. Сондықтан балалардың күрделі тапсырмаларды орындау 

сапасына талаптар қойып, шығармашылық пен өзіндік ойлауды ынталандырамын.  

Дамуы  орта  деңгейдегі  балалар  тәрбиешінің  түсіндіруі  мен  көрнекіліктерді  көрсету 

барысында ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті тапсырмаларын жақсы орындап шығады. Балалар 

өздеріне  таныс  іс-әрекеттерді  жақсы  көңіл-күймен  орындайды,  күнделікті  өмірде, 

дағдыланған  жағдайда  өздерін  сенімді  ұстайды,  жақсы  жетістіктерге  жетеді.  Өз  тәжірибем 

көрсеткендей, аталған балалар іс-әрекеттің машықтанбаған жағдайындағы жаңа өзгерістерге, 

өзекті мәселені шешудегі шығармашылық мен дербестік танытуда қиналады. Мұндай сәттерде 

бұл  балалар  тартыншақтап,  батылсыздық  танытады.  Олар  тәрбиешінің  теріс  бағасына  өте 

сезімталдықпен  қарайды,  тіпті  болмашы  ғана  сәтсіздік  олардың  белсенділігін  төмендетеді. 

Сондықтан  бұл  балаларға  тәрбиеші  бірнеше  нұсқаулар  берсе,  олар  тапсырманы  ойдағыдай 

орындап шығады. 

Ал  даму  деңгейі  төмен  балалар  тәрбиешінің  түсіндіруіне  зейін  қоймай,  тапсырманы 

орындауда  қиналады.  Олар  тәрбиешінің  көмегі  мен  тұрақты  бақылауға  мұқтаж. 

Сәтсіздіктердің  ықпалымен  мұндай  балаларда  оқу  іс-әрекетіне  деген  теріс  қарым-қатынас 

қалыптасады. Мұндай кемшіліктер тек тәрбиеші мен ата-ананың бірлескен іс-әрекеті негізінде 

ғана жойылады. Ата-аналарға баланың үйде дайындалуын ұйымдастыру, тіл белсенділігі мен 

ой-өрісінің  дамуы    үшін  нақты  ұсыныстар  беремін.  Ата-анамен  бірге  біртіндеп  балаларды 

қолдап,  дамыта  отырып,  олардың  бойындағы  тартыншақтықты,  енжарлықты,  олақтықты 

жеңеміз. Олай болса, отбасында ата-аналары меткеп жасына дейінгі кезден бастап  баламен 

жүйелі жұмыс істесе, мектепте балалар тиянақты, ұқыпты, жинақы болады деп есептеймін.  

Мектеп  жасына  дейінгі  ересек  топ  балалары  ережесі  бар  дидактикалық  ойындарды 

ойнағанды  жақсы  көреді.  Сондықтан  ережесі  бар  дидактикалық  ойындарды  қолдану 

балаларды  оқу  іс-әрекетіне  жетелейді.  Мұның  міндеті  баланың  нұсқауды  тыңдауға  үйрету, 

оның  ережелерін  игеру,  ойындық-оқу    әрекеттерді  меңгеру,  іс-әрекетті  бақылау,  нәтижені 

бағалау  болып  табылады.  Ойын  барысында  бала  өз  күші  мен  мүмкіндіктерін  оятады. 

Дербестік, белсенділік, өзін өзі басқару – еркін ойындық іс-әрекеттік негізгі белгілері болашақ 

оқушының  жеке  тұлға  болып  қалыптасуында  таптырмайтын  рөлді  атқарады.  Ережесі  бар 

ойындарда  болашақ  оқушыға  қажетті  еркін  мінез-құлқы  пен  құрдастары  мен  үлкен 

адамдармен қарым-қатынасы дамиды.  

Мектеп табалдырығын аттағалы тұрған балалар міндетті түрде дербес ұйымдастырудың 

қарапайым  дағдыларын  игеруі  керек.  Бұл  дағдылар  болашақта  оқу  әрекетінде  «көмекші» 

болып, уақытты тиімді қолдануға, еңбек, оқу, ойын, демалыс сәттеріне көмегін тигізеді.  

Әрбір іс-әрекет – ойын, еңбек, ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті белгілі бір дайындықты 

қажет  етеді.  Сондықтан  балаларда  еңбексүйгіштік,  шыдамдылық,  ынталылықты  тәрбиелей 

отырып,  олардың  әрбір  істі  аяғына  дейін  дұрыс  істеуін  қадағалаймын.  Еңбек  арқылы 



жүктеу 29,2 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   363




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау