Қазақтьі алға бастайтын Жол оқу. Балаңды айсай.
оны
орысша оқыт, көкірегі ашылады, тынысы кеңейеді,
ел қатарлы, өзгеге қор болмай кәсіп қылады,— дейді
гуманист Абай.
Осы сөз хақында ақыннық көптеген пікірлері айты-
лады. Ақынның айтуынша орыс білімі дүние кілті, оны
білмесең надан боласың. Абай орысша оқу дегенде оны
дүниенің тілін білу үшін қүрал ретінде үсынып отыр.
Мақсат орысша білуде емес, оны білім, ғылым, өнер
жолына түсу үшін пайдалануда, одан өзге ол кезде жол
жок,
қазақтарға ағылшын, неміс, франңуз тілін үйрен
деудің мүмкіндігі жоқ еді. Батыстағы білім қорына
шығудың жолы тек орысша оқу. Абай реалист, демек ол
шындықты
нақтылы мәнінде түсініп отыр. Бүл қүр
әншейін орысшаға бас шұлғу емес. Орыстар дүниенің
тілін біледі, ал сен оның тілін білсең көкірегің ашыла-
ды. Көкірегі ашылса әрі қарай қандай жолға түсеріңді
өзің де білетін боласың. Мәселе, мына күйден арылу
керек, от басы ошақ қасы тірліктен құтылу керек. Ақын
ойы осыған сайса керек.
« Қ А З А Қ Т Ы Ң ҚАЗАҚТАН БАСҚА Д А У Ы Ж О Қ »
(Жиырма алтыншы сөз)
Бұл тиянақсыздық туралы сөз. Тиянақтылық саиалы
әрекетті талап етеді. Санасыз әлденеге балаша мәз бо-
лып, ессіз куанғандықты Абай сынайды: '<Біздің қазақ-
тың қосқан аты алдында келсе, күреске түсірген балуа-
ны жықса,
салған құсы алса, қосқан иті езгеден озып
барып ұстаса, есі шығып бір қуанады. Білмеймін содан
артық қуанышы бар ма екен? Әй жоқ та шығар». Әрине
мұндай істерді қызық, кәріп иесінің қуануы орынды,
бірақ бар қуаныш осымен шектелмесе керек. Абайдың
айтып отырғаны қазақтың тұрмысының, қарекетінің
шектеулілігі. Дүниедегі қызықтың бәрін танып білмеуі,
ауыл
теңірегінен ұзап шықпай, сол білгеніне мәз бо-
луы ақынды шамдандырады. Ол өзге жұрттың қала
салып, бала оқытып, дінді қорғап, білім жолына түсіп,
зор қуанышқа бөленгенін керіп «казақ қандасының»
тұрмысының жүпынылығына, санасының жұтаңдығына,
түсінігінің тарлығына, сезімнің шектеулілігіне налыс
білдірген. Абайдың тіптен «қазақтың қазақтан басқа
жауы жоқ» — деген пікірге келуінің езі томаға-тұйық
тіршіліктің тынысынан шыққан Ой.
Қарекетсіз қазақ
157
әлденені бір үлкен іс қылып, өзінше қуған болып «ана
өзгелерді ызаландырсам екен демек. Біреуді ызаландыр-
мақ — шариғатқа харам, шаруаға залал, ақылға теріс.
Әншейін
біреуді ыза қылмақтың песін дәулет біліп,
қуанады екен? Жә, болмаса, ана ыза болушы соншалық
неге жер болып қалады екен?».
Абай бұл мәселеге де адамгершілік тұрғысынан кел-
ген. Шынында да жүйрік ат бүгін бар да ертең жоқ. Сол
сияқты мықты жігіт бүгін осы елден, ертең басқа жұрт-
тан шығады.
Бір жыққан, бір озған, үнемі озып жүр-
мейді, сондықтан несіне шектен шыға қуанып, несіне
үялып, «ұялмас нәрседен ұялады, ұяларлық нәрседен
ұялмайды.
Мүның бәрі — надандық, ақымақтықтың
әсері». Әрине, Абайдың айтқаны дұрыс, бірақ, қазақ
жүйрік атқа,
ұшқыр құсқа, білек күшіне куанбағанда
несіне қуанбақ, мәселе мөлшерде, сол қуаныштың ше-
гінде, одан өзге пайдалы іс-әрекеттің жоқтығында. Дү-
ниеде «қызық» деген бар, «қуаныш» деген бар. Жүйрік
ат, ит, қыран қүс — қызық. Ол да өнердің бір түрі. Алай-
да әлемде өзге де қызықтар бар, соған ұмтылған жолды
көксей Абай: «Не жаманшылық болса да бір әдет етсе,
қазақ ол әдетінен еріксіз қорыққанда я өлгенде токтай-
ды,
болмаса ақылына жеңгізіп, мұным теріс екен деп
өздігінен тоқтаған адамды көрмессің» дейді. Ақынның
бүл айтқаны орынды. Бір беткейлік ақылдылық емес,
ойсыздық. Ал әрбір ойсыз адам өз мінін өзі көрмейтін
сезімсіз жан. Сезімталдық әр нәрсенің парқын аңғару-
шылықтан туады, әйтеуір бабам жасаған әрекет екен
деп, дәстүрден озбау көбіне тиянақсыздыққа бастайды.
« Ө Л Ш Е У С І З Ү Л Ы А Қ Ы Л »
(Жиырма жетінші сөз)
Бұл сөз Сократ Хакім мен оның шәкірті Аристодим
дегеннің екеу ара әңгімесі негізінде құрылған.
Сократ аты әйгілі көне грек заманының ғұламасы.
Ол туралы мағлұматтар жеткілікті. Біз оны әсіресе Пла-
тон арқылы толығырақ білеміз. Сократ адамшылықтың
негізі білім деп насихат айтқан ойшыл. Ол
ақылға сеи-
ген, кезінде қүдайлар беделіне көлеңке түсетіндей пікір-
лер айтып, сол үшін жазаланған. Ал Аристодим деген-
дер бірнешеу болған. Бірақ, олардың ешқайсысы да
философия тарихында айтулы орын алмаған. Сондықтан
158