Д.Қ. Естаева «Ӛнеркәсіптік қауіпсіздікті техникалық реттеу» Оқу-әдістемелік құрал Жезқазған 2020 2


Техникалық регламентті әзірлеу, ӛзгерту, толықтыру немесе



жүктеу 1,03 Mb.
Pdf просмотр
бет29/65
Дата18.10.2022
өлшемі1,03 Mb.
#39722
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   65
Өнеркәсіптік қауіпсіздікті техникалық реттеу книга

5. Техникалық регламентті әзірлеу, ӛзгерту, толықтыру немесе 
жою бойынша ҧсыныстар дайындау 
Техникалық регламентті әзірлеу, ӛзгерту, толықтыру немесе күшін 
жою жӛніндегі ұсыныстарды стандарттау жӛніндегі техникалық 
комитеттердің, 
Қазақстан 
Республикасының 
Ұлттық 
кәсіпкерлер 
палатасының, мүдделі тараптардың ұсыныстарын ескере отырып, 
құзыретіне міндетті ережелер мен нормаларды белгілеу кіретін 
мемлекеттік органдар дайындайды және техникалық реттеу саласындағы 
уәкілетті органға ұсынылады. 
Уәкілетті орган ұсыныстар негізінде Заңның 7-бабының 21) 
тармақшасына сәйкес техникалық регламенттерді әзірлеу жӛніндегі 
жоспарды қалыптастырады және бекітеді. 
Техникалық регламент "Техникалық реттеу және метрология 
мәселелері жӛнінде комиссия құру туралы" Қазақстан Республикасы 
Үкіметінің 2010 жылғы 12 маусымдағы № 558 қаулысымен құрылған 
техникалық реттеу және метрология мәселелері жӛніндегі комиссия 
мақұлдаған тұжырымдама болған кезде әзірленеді. 
Тұжырымдамасы қамтуы тиіс: 
1) Техникалық регламенттің атауы; 
2) техникалық регламентті әзірлеу мақсаты; 
3) Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық 
қызметінің бірыңғай тауар номенклатурасының (бұдан әрі – ЕАЭО СЭҚ 
ТН) кодтарының ішінде тауар позициясын кӛрсете отырып, техникалық 
регламенттің қолданылу саласы және объектілері); 
4) Техникалық регламентте мүдделері қозғалатын кәсіпкерлік және 
ӛзге де қызмет субъектілері; 
5) олардың теріс әсерін азайту үшін реттелуін белгілеу қажет 
проблемалар туралы ақпарат; 
6) қауіпті факторлар (тәуекелдер); 
7) Қазақстан Республикасы мен Еуразиялық экономикалық одақтың 
нормативтік құқықтық базасының болуы және жай-күйі туралы ақпарат 
(техникалық регламент объектісіне қойылатын талаптарды белгілейтін 
заңдар, қаулылар, санитариялық, құрылыс, ӛрт сӛндіру және басқа да 
нормалар мен қағидалар); 


61 
8) халықаралық деңгейдегі нормативтік құжаттардың болуы туралы 
ақпарат (Халықаралық шарттар, директивалар, басқа елдердің техникалық 
регламенттері және басқалар); 
9) ӛндірістік, сынақ базасы мен жалпы саланың жай-күйі туралы 
ақпарат. 
Ақпаратта ӛнімнің сәйкестігін растауға материалдық-техникалық 
мүмкіндігі бар сынақ зертханалары мен сәйкестікті растау жӛніндегі 
органдардың саны, олардың географиялық орналасқан жері мен ӛндірістік 
қуаттары туралы мәліметтер болуы тиіс; 
10) техникалық регламентті енгізу үшін қабылдануы қажет шаралар 
туралы ақпарат; 
11) техникалық регламентті енгізуден күтілетін нәтижелер, оның 
ішінде ӛндірушілерге, тұтынушыларға және тұтастай алғанда ел 
экономикасына техникалық регламентті енгізуден оң және теріс әсер ету, 
ықтимал техникалық кедергілерді болжау туралы ақпарат; 
12) Қазақстан Республикасындағы ӛндіріс кӛлемі және әзірленетін 
техникалық регламенттің қолданылу аясына жататын ӛнім импортының 
кӛлемі туралы ақпарат. 
Техникалық регламенттің жобасын әзірлеуге жауапты мемлекеттік 
органдар тұжырымдаманы комиссияға шығарғанға дейін оны мүдделі 
мемлекеттік 
органдардың, 
Қазақстан 
Республикасының 
Ұлттық 
Кәсіпкерлер палатасының және жеке кәсіпкерлік субъектілерінің 
аккредиттелген бірлестіктерінің қарауына жібереді. 
Техникалық регламент жобасын әзірлеуге жауапты мемлекеттік 
органдар: 
1) уәкілетті органның ресми баспа басылымында және жалпы 
пайдаланымдағы ақпараттық жүйеде техникалық регламенттің жобасын 
әзірлеу, нормативтік құқықтық актілердің жобаларын, ӛзгерістерін және 
толықтыруларын немесе күшін жоюы басталған сәттен бастап бір айдан 
кешіктірмей техникалық регламенттің жобасын, техникалық регламенттің 
ӛзгерістерін және толықтыруларын немесе күшін жоюы туралы 
белгіленген нысандағы хабарламаны орналастырады; 
2) Техникалық регламенттің жобасын әзірлеуге мүдделі мемлекеттік 
органдардың, мүдделі мемлекеттік органдар жанындағы техникалық 
реттеу саласындағы сарапшылық кеңестердің, стандарттау жӛніндегі 
техникалық 
комитеттердің, 
Қазақстан 
Республикасының 
Ұлттық 
Кәсіпкерлер 
палатасының, 
жеке 
кәсіпкерлік 
субъектілерінің 
аккредиттелген бірлестіктерінің және басқа да мүдделі тараптардың 
ӛкілдерін тартады; 


62 
3) Техникалық регламенттердің және олармен ӛзара байланысты 
стандарттардың 
ғылыми-техникалық 
деңгейіне 
талдау 
жүргізуді 
ұйымдастырады; 
4) Техникалық регламенттің жобасын әзірлеу туралы хабарлама 
жарияланған күннен бастап жария талқылаудың аяқталғаны туралы 
хабарлама жарияланған күнге дейін кемінде күнтізбелік алпыс күнге тең 
мерзім ішінде жария талқылауды ұйымдастырады; 
5) мүдделі тараптардың сұрау салуы бойынша техникалық регламент 
жобасына алынған ескертпелерді ұсынады; 
6) алынған ескертулерді ескере отырып, техникалық регламенттің 
жобасын пысықтайды және уәкілетті органның ресми баспа басылымында 
және жалпы пайдаланымдағы ақпараттық жүйеде орналастырады; 
7) уәкілетті органға жобамен және алынған ескертулер тізбесімен 
танысу тәсілі туралы ақпаратты, техникалық регламенттің жобасын 
әзірлеген мемлекеттік органның атауын, оның почталық және электрондық 
мекен-жайларын қамтитын уәкілетті органның ресми баспа басылымында 
және жалпы пайдаланымдағы ақпараттық жүйесінде орналастыру үшін 
техникалық регламенттің жобасын жария талқылаудың аяқталғаны туралы 
хабарлама жібереді. 
Техникалық регламент ғылыми-негізделген және статистикалық 
деректер негізінде әзірленеді. 
Шет мемлекеттердің, халықаралық және ӛңірлік ұйымдардың 
нормалары мен стандарттары, егер олар Заңның 4-бабының 1-тармағында 
кӛзделген мақсаттарға сәйкес келсе, техникалық регламентті әзірлеу 
кезінде негіз ретінде толық немесе ішінара қолданылуы мүмкін. 
Техникалық регламентте белгіленген талаптар техникалық реттеу 
саласындағы 
мемлекеттік 
саясаттың 
мүдделеріне, 
материалдық-
техникалық базаны дамытуға және ғылыми-техникалық даму деңгейіне, 
сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына және Қазақстан 
Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға сәйкес келуге 
тиіс. 
Ӛнімге немесе ӛнімге және ӛнімге қойылатын талаптарға байланысты 
процестерге қойылатын ең аз қажетті талаптар белгіленген кезде оның 
ӛмірлік циклінің барлық сатыларында осы ӛнімге тән тәуекелдердің 
барлық түрлері ескеріледі. 
Бір ӛнімге қойылатын талаптарды белгілейтін техникалық 
регламенттер ӛнімге қойылатын міндетті талаптардың бірыңғай құрамын 
және мазмұнын қамтамасыз ету мақсатында ӛзара байланыстырылады. 
Техникалық регламентті әзірлеу мынадай тәртіппен жүзеге 
асырылады: 


63 
1) Техникалық регламентте белгіленген талаптар қолданылатын 
ӛнімнің және процестердің толық тізбесі ("ЕАЭО СЭҚ ТН" жіктеуішіне 
сәйкес) және аулақ болу керек қауіпті факторлар (тәуекелдер), сондай-ақ 
техникалық регламентті қолдану мақсаттары үшін сәйкестендіру 
ӛлшемдері мен әдістері белгіленетін қолданылу саласы анықталады; 
2) Терминдер мен анықтамалар белгіленеді. Техникалық регламентте 
пайдаланылатын терминдер мен анықтамалар халықаралық стандарттар 
мен Заңда, сондай-ақ "Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу 
туралы" 2008 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңында, 
"ӛлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы"2000 жылғы 7 маусымдағы 
Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген терминдерге қайшы 
келмеуі тиіс. 
Осы терминдер белгіленген Қазақстан Республикасының басқа заң 
актілерінің баптарына сілтеме жасауға жол беріледі. 
3) ӛнімнің техникалық регламентте белгіленген талаптарға сәйкес 
келуі тиіс екендігі туралы ережелер және бұл туралы ақпаратты 
тұтынушыға жеткізу тәсілдері (ілеспе құжаттамада техникалық 
регламенттерге сәйкестігі туралы нұсқау, сәйкестік сертификатының 
немесе сәйкестік декларациясы немесе мемлекеттік тіркеу туралы 
куәліктің, техникалық немесе нормативтік құжаттаманың немесе тиісті 
алдын ала ескертулерді қоса алғанда, ӛнімді дұрыс пайдалану немесе 
пайдалану жӛніндегі нұсқаулардың болуы), құрастыру схемалары және 
басқалар); 
4) ӛнімнің қауіпсіздігіне және оның ӛмірлік циклінің процестеріне 
қойылатын талаптар белгіленеді, онда зиян келтіру тәуекелінің дәрежесін 
ескере отырып, олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін ең тӛменгі қажетті 
талаптар белгіленеді. Техникалық регламентте зиян келтіру тәуекелінің 
дәрежесін ескере отырып, Заңның 18-бабының 6-тармағына сәйкес 
техникалық реттеу объектілеріне қойылатын арнайы талаптар болуы 
мүмкін. 
Талаптар тек ӛнімге және қажет болған жағдайда адамның ӛмірі мен 
денсаулығына және қоршаған ортаға тікелей зиян келтіру мүмкіндігімен 
байланысты оның ӛмірлік циклінің процестеріне ғана белгіленеді. 
Ең аз қажетті талаптар осы ӛнімге және процеске тән әлеуетті қауіпті 
фактордың (тәуекелдің) әрбір түрі бойынша қауіпсіздікті қамтамасыз 
етудің қажетті түпкілікті нәтижесін нақты сипаттау жолымен белгіленеді. 
Бұл ретте қауіпсіздік мақсатына қол жеткізу әдістері аталған әдісті қолдану 
арқылы ғана қол жеткізуге болатын жағдайларды қоспағанда, 
регламенттелмейді. 


64 
Ӛнімнің техникалық сипаттамаларының сандық мәндері егер олардың 
тұрақты 
шамасы: 
"артық 
емес", 
"кем 
емес", 
"ұстауға 
жол 
берілмейді"болған жағдайда белгіленуі мүмкін. 
Қауіпсіздік кӛрсеткіштері техникалық регламентке қосымша түрінде 
ресімделуі мүмкін. 
Егер ұзақ уақыт пайдалануы зиян келтіруі мүмкін, жол берілетін 
тәуекел дәрежесін анықтауға мүмкіндік бермейтін факторларға 
байланысты болатын ӛнімге қойылатын талаптарды анықтау мүмкін 
болмаған жағдайда, техникалық регламенттерде ӛнімнің ықтимал зияны 
туралы тұтынушыны хабардар етуге қатысты талаптар болуы тиіс. 
5) ӛнімнің сынамалары мен сынақтарын іріктеу қағидалары, 
сәйкестікті растау қағидалары мен нысандары, оның ішінде сәйкестікті 
растау схемалары (сәйкестікті растау нысандары мен схемаларын таңдау 
дұрыс емес бағалаудан және сәйкестікті растаудан ӛткен ӛнімді 
қолданудан болған залалдан болған жиынтық тәуекелді ескере отырып 
жүзеге асырылуы тиіс) және терминологияға, орауға, таңбалауға немесе 
затбелгі жапсыруға және оларды келтіру қағидаларына қойылатын 
талаптар белгіленуі мүмкін; 
6) ӛтпелі кезең уақытын белгілейтін, техникалық регламентті 
қолданысқа енгізу, нормативтік немесе техникалық құжаттаманы әзірлеу 
және түзету үшін мәселелер, сондай-ақ ӛнімді шығаруға байланысты 
мәселелер ескерілуге тиіс техникалық регламентті қолданысқа енгізу 
мерзімдері мен шарттары белгіленеді; 
7) қолданылу нәтижесінде ерікті негізде техникалық регламент 
талаптарының сақталуы қамтамасыз етілетін стандарттар тізбесі, сондай - 
ақ техникалық регламент талаптарын қолдану мен орындау және ӛнімнің 
сәйкестігін бағалауды (растауды) жүзеге асыру үшін қажетті зерттеулер 
(сынақтар) мен ӛлшемдердің қағидалары мен әдістерін, оның ішінде 
үлгілерді іріктеу қағидаларын қамтитын стандарттар тізбесі белгіленеді, 
олар техникалық регламент жобасына қосымша түрінде ресімделеді. 
Тізбелерді әзірлеу оларға осы ережеге 1 және 2-қосымшада кӛзделген 
нысандар бойынша стандарттау жӛніндегі нормативтік құжаттарды енгізу 
жолымен жүзеге асырылады. 
Техникалық регламенттің жобасын әзірлеуге жауапты мемлекеттік 
органдар тиісті стандарттарды қабылдау, қолдану, жаңарту және жою 
мониторингінің нәтижелері негізінде тізбелерге ӛзгерістер енгізу және 
ӛзекті ету бойынша негізделген ұсыныстарды жылына кемінде 1 рет 
дайындауды және уәкілетті органға ұсынуды қамтамасыз етеді. 
Осы Қағидалардың 7 және 9-тармақтарында белгіленген талаптар, 
Заңда кӛзделген талаптарды қоспағанда, сәйкестікті растау рәсімдеріне 


65 
қойылатын талаптарды ғана белгілейтін дербес техникалық регламенттерге 
ішінара қолданылмайды. 

жүктеу 1,03 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   65




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау