2. Сәйкестікті растау, тауардың шығарылған елін айқындау,
аккредиттеу жӛніндегі сарапшы-аудиторларды аттестаттау және
кәсіптік даярлау
Сәйкестікті растау, аккредиттеу, тауардың шығарылған елін, Кеден
одағы тауарының немесе шетел тауарының мәртебесін айқындау жӛніндегі
сарапшы-аудиторларды даярлау, қайта даярлау, біліктілігін арттыру,
даярлау, қайта даярлау және біліктілігін арттыру жолымен жүзеге
асырылады.
47
Сарапшы-аудиторларды даярлауды, қайта даярлауды және біліктілігін
арттыруды жүзеге асыратын және сәйкестікті растау, аккредиттеу,
тауардың шығарылған елін, кеден одағы тауарының немесе шетел
тауарының мәртебесін айқындау жӛніндегі сарапшы-аудиторларға үміткер
оқу орталығы оқу бағдарламасын әзірлейді, бекітеді және оны уәкілетті
органмен келіседі.
Оқу бағдарламасы келесі ақпаратты қамтиды:
1) кәсіптік оқыту нысаны;
2) оқыту курсының атауы;
3) ұзақтығы;
4) оқыту мақсаты;
5) пәндердің атауын, әрбір пән (бӛлім) бойынша сағат санын, оның
ішінде дәрістер, практикалық сабақтар (қажет болған жағдайда);
6) меңгеруге жататын білімнің, іскерліктің, дағдылар мен
құзыреттіліктің мазмұны мен кӛлемі.
Оқыту курстарын ӛткізу мерзімі кемінде:
2 апта (80 академиялық сағат) – даярлау, қайта даярлау бойынша;
1 Апта (40 академиялық сағат) – біліктілікті арттыру бойынша.
Екі жылдан астам жұмыс тәжірибесі бар жеке тұлғалар бір апталық
курс бойынша стандарттау, тауардың шығарылған елін, кеден одағы
тауарының немесе шетел тауарының мәртебесін айқындау бойынша
оқудан ӛтеді.
Ӛтініш беруші оқудан ӛту үшін оқуға жіберілетін маман туралы
мәліметтерді, оқу нысанын және оқу тақырыбының атауын кӛрсете
отырып, еркін нысандағы ӛтінімді оқытуды жүзеге асыратын оқу
орталығына жібереді.
Оқу орталығы оқытуды Қазақстан Республикасының стандарттау
жӛніндегі нормативтік құжаттар бойынша ӛтінімді тіркегеннен кейін
жүзеге асырады.
Оқу нәтижелері бойынша білімді бақылауды оқу орталығының
емтихан комиссиясы жүзеге асырады, оның құрамына сарапшы-
аудиторлар және бағытталған қызмет бойынша кемінде 5 жыл жұмыс ӛтілі
бар мамандар кіреді.
Білімді бақылау тестілеу түрінде жүзеге асырылады.
Білімді бақылау жетпіс пайыздан кем емес мӛлшерде дұрыс жауап
жинаған жағдайда оң бағаланады.
Оқу аяқталғаннан кейін білімді бағалаудың оң нәтижелері болған
жағдайда тыңдаушыларға осы қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан
бойынша мемлекеттік және орыс тілдерінде тиісті бағыт бойынша даярлау,
қайта даярлау, біліктілігін арттыру туралы куәлік беріледі.
48
Білімді бақылаудың нәтижелері теріс болған жағдайда тыңдаушыға
осы қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша теориялық курсты
тыңдау туралы анықтама беріледі.
Берілген куәліктерді тіркеу журналы осы ережеге 3-қосымшаға сәйкес
нысан бойынша жүргізіледі.
Сарапшы-аудиторларды аттестаттау
Сарапшы-аудиторларды аттестаттау үшін уәкілетті органда сарапшы–
аудиторларды аттестаттау жӛніндегі комиссия құрылады, оның құрамы
мен ережесі уәкілетті органның бірінші басшысының бұйрығымен
бекітіледі.
Тауардың шығарылған елін, кеден одағы тауарының немесе шетел
тауарының мәртебесін айқындау жӛніндегі сарапшы-аудиторларды
аттестаттау жӛніндегі комиссия құру, оның құрамы мен қызметінің
ерекшеліктері Заңның 16-1-бабында регламенттеледі.
Комиссия кемінде бес адамнан тұрады. Комиссия құрамына уәкілетті
органның және Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер
палатасының ӛкілдері енгізіледі.
"Электрондық үкімет "веб-порталы арқылы сәйкестікті растау,
аккредиттеу жӛніндегі сарапшы-аудиторларды аттестаттаудан ӛткізу үшін
www.e.gov.kz
немесе
"Е-лицензиялау"
веб-порталы
арқылы
www.elicense.kz алушыда электрондық цифрлық қолтаңба болған
жағдайда, сарапшы-аудиторларға үміткер жеке тұлғалар уәкілетті
органның кеңсесінде толтырылатын мынадай мәліметтерді ұсынады:
1) сарапшы-аудитордың (сарапшы-аудиторға кандидаттың) жеке
карточкасының деректері);
2) алушының жеке басын куәландыратын деректер;
3) сарапшы-аудиторлыққа кандидатты аттестаттаудың мәлімделген
саласында теориялық даярлықтан ӛткендігі туралы деректер;
4) жоғары білімнің болуы туралы деректер;
5) еңбек қызметін растайтын деректер.
Сондай-ақ жеке тұлғаның сәйкестікті растау бойынша аттестаттаудың
мәлімделген саласында жұмыстар жүргізуге қатысуын растайтын
тағылымдамадан ӛткені туралы есептердің сканерленген кӛшірмелері қоса
беріледі:
-ӛнімдер мен қызметтерді (әртүрлі схемалар бойынша сертификаттау
жӛніндегі жұмыстар туралы ақпаратты қоса алғанда) - 5 (бес) есеп;
-жалпы ұзақтығы жиырма жұмыс күнінен кем емес тағылымдамалар
туралы менеджмент жүйелерін (құжаттаманы талдауды, тексерулерге
қатысуды және олар туралы есептер жасауды қоса алғанда) және
аккредиттеуді (құжаттаманы талдауды, тексерулерге қатысуды және олар
туралы есептер жасауды қоса алғанда) – 4 (тӛрт) есеп;
49
- персоналды сертификаттау жӛніндегі органда тағылымдамадан ӛту
(кемінде
3
есеп)
немесе
тиісті
бағыттар
бойынша
кәсіби
қауымдастықтардың ұсынымдары.
Тауардың шығарылған елін, кеден одағы тауарының немесе шетел
тауарының мәртебесін айқындау жӛніндегі сарапшы-аудиторларды
аттестаттаудан ӛткізу үшін Комиссияға Заңның 16-1-бабының 6-тармағына
сәйкес құжаттарды ұсынады.
Сарапшы-аудиторларды аттестаттау осы ережеге 4-қосымшада
келтірілген сарапшы-аудиторлар қызметінің бағыттары бойынша жүзеге
асырылады.
Комиссия сарапшы-аудиторлардың және сарапшы-аудиторларға
үміткер жеке тұлғалардың құжаттарын қарайды және сәйкестікті растау,
аккредиттеу жӛніндегі сарапшы-аудитордың аттестатын және тауардың
шығарылған елін, кеден одағы тауарының немесе шетел тауарының
мәртебесін айқындау жӛніндегі сарапшы-аудитордың біліктілік аттестатын
беру туралы немесе беруден дәлелді бас тарту туралы шешім олар түскен
күннен бастап 15 жұмыс күні ішінде қабылдайды.
Сарапшы-аудиторлардың және сарапшы-аудиторларға үміткер жеке
тұлғалардың құжаттарын қараудан бас тарту туралы шешім қабылданған
кезде уәкілетті орган комиссияның шешімі қабылданған күннен бастап үш
жұмыс күні ішінде оның себептерін негіздей отырып, дәлелді бас тартуды
жібереді.
Аттестат
электрондық-цифрлық
қолтаңбамен
қол
қойылған
электрондық құжат нысанында беріледі (порталда - www.elicense.kz)
біліктілік аттестаты осы ережеге 5 және 6-қосымшаларға сәйкес нысандар
бойынша қағаз тасығышта беріледі және ол тіркелген күнінен бастап бес
жыл бойы жарамды.
Аттестат және біліктілік аттестаты Қазақстан Республикасының
мемлекеттік техникалық реттеу жүйесінің тізілімінде тіркеледі.
Біліктілік аттестаты бүлінген жағдайда сарапшы-аудитор бүлінген
біліктілік аттестатын қоса бере отырып, уәкілетті органға ӛтініш береді. Он
бес жұмыс күні ішінде уәкілетті орган ӛтінішті қарайды, бүлінген
біліктілік аттестатын жояды және біліктілік аттестатының бұрынғы
нӛмірін, берілген күнін, қолданылу мерзімін кӛрсете отырып, біліктілік
аттестатының телнұсқасын береді.
Біліктілік аттестаты жоғалған жағдайда:
1) Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында таратылатын
бұқаралық ақпарат құралдарында біліктілік аттестатының нӛмірін,
берілген күнін және қолданылу мерзімін кӛрсете отырып, біліктілік
аттестатын жарамсыз деп тану туралы мәліметтерді жариялайды;
50
2) уәкілетті органға біліктілік аттестатын жарамсыз деп тану туралы
және біліктілік аттестатының нӛмірін, берілген күнін, қолданылу мерзімін
кӛрсете отырып, осы тармақтың 1) тармақшасында кӛзделген
мәліметтердің жариялануын растайтын құжатты қоса бере отырып,
біліктілік аттестатының телнұсқасын беру туралы еркін нысанда ӛтініш
береді.
Біліктілік аттестатының телнұсқасы уәкілетті органға ӛтініш келіп
түскен күннен бастап 10 жұмыс күні ішінде беріледі.
Достарыңызбен бөлісу: |