Д.Қ. Естаева «Ӛнеркәсіптік қауіпсіздікті техникалық реттеу» Оқу-әдістемелік құрал Жезқазған 2020 2


Техникалық регламентті әзірлеу, сараптау, қабылдау, ӛзгерту



жүктеу 1,03 Mb.
Pdf просмотр
бет30/65
Дата18.10.2022
өлшемі1,03 Mb.
#39722
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   65
Өнеркәсіптік қауіпсіздікті техникалық реттеу книга

6. Техникалық регламентті әзірлеу, сараптау, қабылдау, ӛзгерту 
және жою ерекшеліктері 
 
Техникалық регламент, техникалық регламентке ӛзгерістер және 
толықтырулар осы Заңның ережелері ескеріле отырып, белгіленген 
тәртіппен әзірленеді, қабылданады және күшін жоюға жатады. 
Техникалық регламентті әзірлеу, ӛзгерту, толықтыру немесе күшін 
жою жӛніндегі ұсыныстарды стандарттау жӛніндегі техникалық 
комитеттердің, мүдделі тараптардың ұсыныстарын ескере отырып, 
құзыретіне міндетті ережелер мен нормаларды белгілеу кіретін 
мемлекеттік органдар дайындайды және уәкілетті органға ұсынылады. 
Уәкілетті орган техникалық регламенттерді әзірлеу жӛніндегі 
жоспардың жобасын қалыптастырады және оны бекіту үшін Қазақстан 
Республикасының Үкіметіне ұсынады. Техникалық регламенттерді әзірлеу 
жӛніндегі бекітілген жоспар бекітілген күннен бастап бір ай ішінде 
жариялануға тиіс. 
Техникалық 
регламенттерді 
әзірлеу 
жӛніндегі 
жұмыстарды 
техникалық регламенттерді әзірлеу жӛніндегі жоспарда кӛзделмеген 
бюджет қаражаты есебінен қаржыландыруға жол берілмейді. 
Техникалық регламенттің жобасын әзірлеген мемлекеттік орган ресми 
баспа басылымында және жалпы пайдаланымдағы ақпараттық жүйеде 
жобаны әзірлеу, техникалық регламенттің ӛзгерістері және толықтырулары 
немесе күшін жою туралы белгіленген нысандағы хабарламаны жобаны, 
нормативтік құқықтық актінің ӛзгерістері мен толықтырулары немесе 
күшін жою басталған сәттен бастап бір айдан кешіктірмей орналастырады. 
Егер техникалық регламенттерде белгіленген талаптар тиісті 
халықаралық стандарттардың талаптарына сай келмесе немесе тиісті 
халықаралық стандарттар болмаса немесе техникалық регламенттерде 
белгіленген талаптар ӛнімді Қазақстан Республикасына импорттау немесе 
Қазақстан Республикасынан экспорттау шарттарына әсер етуі мүмкін 
болса, уәкілетті орган арқылы техникалық регламенттің жобасын әзірлеген 
мемлекеттік орган: 
1. әзірленетін техникалық регламент қолданылатын ӛнімнің тізбесі 
туралы, оның мақсаты және оны әзірлеу қажеттігі туралы хабарлайды; 
2. мүдделі тараптар мен шет мемлекеттердің сұрау салуы бойынша 
әзірленетін техникалық регламент туралы егжей-тегжейлі мәліметтерді 
немесе мазмұны халықаралық стандарттардың талаптарына сәйкес 
келмейтін нормаларды кӛрсете отырып, оның кӛшірмесін ұсынады. 


66 
Техникалық регламенттің жобасын әзірлеу туралы хабарлама 
жарияланған сәттен бастап оның жобасы мүдделі тараптарға танысу үшін 
қолжетімді болуы тиіс. 
Техникалық регламенттің жобасын әзірлеген мемлекеттік орган: 
1. жобаны кӛпшілік алдында талқылауды ұйымдастырады; 
2. алынған ескертулерді ескере отырып, жобаны пысықтайды және 
уәкілетті 
органның 
ресми 
баспа 
басылымында 
және 
жалпы 
пайдаланымдағы ақпараттық жүйеде орналастырады; 
3. мүдделі тараптарға сұрау салу бойынша техникалық регламент 
жобасына алынған ескертпелерді ұсынады. 
Техникалық регламенттің жобасын жария талқылау мерзімі (оны 
әзірлеу туралы хабарлама жарияланған күннен бастап жария талқылаудың 
аяқталғаны туралы хабарлама жарияланған күнге дейін) кемінде 
күнтізбелік алпыс күн болуға тиіс. 
Техникалық регламенттің жобасын жария талқылаудың аяқталғаны 
туралы хабарлама уәкілетті органның ресми баспа басылымында және 
жалпы пайдаланымдағы ақпараттық жүйеде жариялануға және жобамен 
және алынған ескертулер тізбесімен танысу тәсілі туралы ақпаратты, 
техникалық регламенттің жобасын әзірлеген мемлекеттік органның 
атауын, оның почталық және электрондық мекен-жайларын қамтуға тиіс. 
Техникалық регламент жобасының түпкілікті редакциясы Қазақстан 
Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қабылдау үшін 
ұсынылады. 
Техникалық регламентті қабылдау күні мен қолданысқа енгізу немесе 
күшін жою күні арасында оның талаптарының сақталуын қамтамасыз ету 
жӛніндегі іс-шараларды жүзеге асыру үшін қажетті уақыт кезеңі кӛзделуге 
тиіс. 
Тӛтенше мән-жайлардан (адамның ӛмірі мен денсаулығына, қоршаған 
ортаға немесе ұлттық қауіпсіздікке тікелей қатер тӛндіруден) туындаған 
техникалық регламентті әзірлеу, қабылдау және қолданысқа енгізу қажет 
болған кезде техникалық регламент оны жария талқылаусыз қабылданады. 
Қабылданған техникалық регламент туралы хабарлама уәкілетті 
органның ресми баспа басылымында және жалпы пайдаланымдағы 
ақпараттық жүйеде жариялануға, сондай-ақ дүниежүзілік сауда ұйымының 
хатшылығына жіберілуге тиіс. 

жүктеу 1,03 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   65




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау