Country report цифрлық медиалар картасы


Ц И Ф Р Л Ы Қ   М Е Д И А Л А Р   К А Р Т А С Ы         Қ А З А Қ С Т А Н



жүктеу 169,95 Kb.
Pdf просмотр
бет49/54
Дата13.02.2018
өлшемі169,95 Kb.
#9467
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   54

Ц И Ф Р Л Ы Қ   М Е Д И А Л А Р   К А Р Т А С Ы         Қ А З А Қ С Т А Н
1 0 8
Заңнамада дауларды соттан тыс реттеу механизмі көзделмеген ( БАҚ теріске шығарып,  жалған 
екенін баспасөзде жариялауға келісетін жайттарды есепке алмағанда).  Сот шешімі күшіне енген 
сəттен бастап, сайттың жұмысы үш ай мерзімге дейін тоқтатыла тұруы немесе кейіннен құқық 
бұзушылықтың  ауырлығына  қарай  немесе  құқық  бұзушылық  жойылмаған  жағдайда  жабылуы 
мүмкін.  Сайт  үшін  бұл  тұрақты  тұтынушыларының  елеулі  үлесінен  айырылып  қалу  дегенді 
білдіреді.
289
Лоскутов мырзаның айтуынша, меншік иелері мен пайдаланушылар арасындағы жауапкершілікті 
ажырату мəселесі заңнамада да, соттағы іс тер барысында да қаралмаған, сондықтан əлі күнге 
дейін кімнің жауапкершілік көтеретіні айқын емес.
290
 Алайда кейбір меншік иелері мен сайттардың 
редакторлары  құқықтық  жауапкершілікті  ажыратуға  əрекет  жасап  көрген-ді. «ZonaKZ» 
интернет-газетінің бас редакторы Юрий Мизинов «Интернет туралы» ҚР Заңы қабылданғаннан 
кейін  сайтта  жарияланған  пайдаланушылық  контент  үшін  жауапкершілікті  ажыратуды  қажет 
ететін  пайдаланушылық  келісім  енгізді.
291
  Бұндай  іс-тəжірибенің  сотта  пайдаланылған-
пайдаланылмағаны белгісіз.
2009  жылы  құқық  қорғаушылар  хостинг-компаниялардың  өзіндік  цензураны  елеулі  түрде 
күшейткенін  жəне  контентті  сүзгіден  өткізгенін  атап  өтті.  Көптеген  интернет-ресурстар  дереу 
түсіндірмелер  беру  қызметін  тоқтатты,
292
  ал  онлайн-контентті  берушілердің  көпшілігі  сотқа 
шағымдануды болдырмау үшін, тежеуді (модерация) күшейтті.
2010  жылдың  шілдесінде  «Ұлт  көшбасшысы  туралы»  ҚР  Заңына  Бірінші  Президентті  ашық 
балағаттау жəне беделіне нұқсан келтіру жағдайлары бойынша құқықтық жауапкершілік көздейтін 
өзгертулер  енгізу  туралы  шешім  қабылданған  соң,
293
  өзіндік  цензураның  деңгейі  айтарлықтай 
көтерілді.  Пайдаланушылық  контенті  басымырақ  сайттар,  мысалы, Yvision блог-платформасы, 
штаттағы  модераторлардың  санын  көбейтіп,  өз  пайдаланушылары  арасында  жауапкершілікті 
ажыратудың əртүрлі үлгілерін тестіледі.
294
289  В.Фомичева, «Қазақстандағы  интернет»,  Алматы  қ., 2010 ж., 70-114-беттер, http://www.mediaalliance.kz/download/253/Issle-
dovanieinternetVKazakhstaneKazakhstanskiy-KontentKazakhstanskayaInternet-ekonomikaKazakhstanskoeInternetpravoKazakhskoya-
zychniy Segment.pdf (қолжетімді күн: 2012 жылғы қарашаның 1-і).
290  Медиа-заңгер, «ЮрИнфо» ЖШС-інің директоры И.Лоскутовпен сұхбат, Алматы қ., 2013 жылғы қаңтардың 15-і.
291 Zona.kz, 
«Пайдаланушылық келісім», http://www.zonakz.net/blogs-lisense.php (қолжетімді күн: 2013 жылғы қаңтардың 15-і).
292  К.Шрек, «Қазақстан блогерлерге қысым көрсетеді», «The National», 2009 жылғы тамыздың 25-і, http://www.thenational/ae/apps/
pbcs/dllarticle?AID=/20090825/FOREIGN/708249847/1140 (қолжетімді күн: 2012 жылғы қарашаның 1-і).
293 «Қазақстан Республикасының Бірінші Президенті – Ұлт көшбасшысы туралы» 2000 жылғы маусымның 14-індегі № 83-II ҚР 
Конституциялық Заңына түзетулер, http://www.inform.kz/rusarticle/2278166 (қолжетімді күн: 2013 жылғы қаңтардың 13-і).
294 Yvision.kz 
сайтының меншік иесі С.Игнатовпен сұхбат, Алматы қ., 2010 ж., қарашаның 2-сі.


1 0 9
« А Ш Ы Қ   Қ О Ғ А М »   Қ О Р Ы Н Ы Ң   Е С Е П Т Е М Е С І           2 0 1 3
7.2.  Реттеушілер
7.2.1. Контентті реттеудегі өзгерістер
Қазақстан  Республикасы  Конституциясының 20-бабы  сөз  бостандығына  жəне  шығармашылық 
бостандығына  кепілдік  береді  жəне  цензураға  тыйым  салады,  азаматтарға  кез  келген  заңды 
жолмен ақпарат алу жəне тарату құқын береді.
295
Конституция барлық БАҚ-тарға мемлекеттік құпия болып саналмайтын жəне ұлттық заңнамаға 
қайшы  келмейтін  ақпаратты  жинауға  жəне  таратуға  құқық  береді.  Алайда 1999 жылы  «БАҚ 
туралы» Заң қабылданғаннан кейін Қазақстанда баспа жəне электрондық БАҚ-тардың ақпаратпен 
толығуын  реттейтін  ондаған  заңнама  актілері  мен  жарлықтар    қабылданды  жəне  түзетулер 
енгізілді. Өзгертулердің басым көпшілігі сөз бостандығын  шектеуге бағытталған.
Соңғы сегіз жыл ішінде «БАҚ туралы» ҚР Заңына ғана бес рет өзгертулер енгізілді.
2005  жылғы  президент  сайлауынан  кейін  үкімет  БАҚ-тарды  бақылауды  күшейтетін  бірқатар 
заңдар қабылдады. «БАҚ туралы» ҚР Заңының үш жаңа (4-1, 4-4 жəне 4-5) ережесі  жергілікті 
атқару органдарына бұқаралық ақпарат құралдарын жоспарлы түрде жəне жоспарсыз да тексеру 
жүргізуге  мүмкіндік  туғызды.  Сондай-ақ  Заңға  мемлекеттік  тіркеуден  өтпеген  кезде  БАҚ-қа 
ақпарат таратқаны үшін айыппұл салатын түзетулер де енгізілді.
Жаңа ережелерге сəйкес, электрондық БАҚ-тар тілдік теңгерімді сақтауға: эфир уақытының 50 
процентін – қазақ тілінде, ал 50 процентін орыс тілінде хабар беруге арнауға тиіс. Сонымен қатар: 
меншік иесі, редактор, ұйымдастырушылық-құқықтық формалар, сондай-ақ БАҚ атауы, басылым 
тілі, таралу аумағы, тақырыптық бағыттылығы жəне басылымның шығатын мерзімділігі ауысқан 
жағдайда, барлық БАҚ-тардың қайтадан тіркелуден өтуге тиістілігі міндеттелді.
296
Соңғы  бірнеше  жыл  ішінде  уəкілетті  органдардың  құрылымы  əртүрлі  өзгертулерге  жиі-жиі 
ұшырады. 2012 жылдың  қаңтарындағы  соңғы  реформалардың  нəтижесінде  БАҚ  жұмысының 
технологиялық мəселелері үшін жауапкершілік жаңадан құрылған Көлік жəне коммуникациялар 
министрлігіне (ары қарай – ККМ) жүктелді, ал ақпарат өрісін реттеуге жауапты болып Мəдениет 
жəне  ақпарат  министрлігі  белгіленді.  Сол  уақытқа  дейін  екі  міндетті  де  таратылған  Байланыс 
жəне ақпарат министрлігі (ары қарай – БАМ) атқарып келген. Оның басшысы Асқар Жұмағалиев 
кейіннен интернеттің цифрлануы мен инфрақұрылымына жауап беретін ККМ-ді басқарды.
Ресми  тұлғалардың  жұрт  алдындағы  мəлімдемелеріне  сəйкес,  бұл  құрылымдардың  атқаратын 
қызметтерінің бірі – ақпараттық-коммуникациялық технологиялардан келетін қауіп-қатерлермен 
295  Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайтын қараңыз, «1995 жылғы тамыздың 30-ындағы «Қазақстан Республикасының 
Конституциясы» (2011 жылғы  ақпанның 2-інде  енгізілген  түзетулермен),  http://www.akorda.kz/ru/category/konstituciya       
(қолжетімді күн: 2013 жылғы қаңтардың 13-і).
296 Medialaw.kz,«БАҚ туралы» Заң үшін қабылданған түзетулер қолданысқа 2007 жылдың 1-қаңтарынан енгізіледі», http://medialaw.
kz/index/php?r=85&c=2074 (қолжетімді күн: 2013 жылғы ақпанның 13-і).


жүктеу 169,95 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   54




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау