Ц И Ф Р Л Ы Қ М Е Д И А Л А Р К А Р Т А С Ы Қ А З А Қ С Т А Н
1 1 0
күрес. Бұл қызмет зиян келтіретін контент (вирустар, фишинг үшін бағдарламалық жасақтама
жəне т.б.) тарататын, заңға қайшы ақпараттан (порнографиялық, экстремистік, лаңкестік
жəне т.б.) тұратын интернет-сайттардың мониторингін білдіреді: ондай сайттарды интернет-
провайдерлердің немесе жүйелі мемлекеттік əкімшілік мекемелердің жауып тастауы үшін «қара
тізімдер» жасалады, яғни «қалыпты құрылысты бұзатын мазмұнмен» жəне «саяси экстремизммен»
күресті білдіреді.
297
Хабар тарату саласын реттейтін органдар – екі министрлік: Мəдениет жəне ақпарат министрлігі –
контент жəне мультиплекстер құру үшін жауап береді. Осындай шешімдер қабылдайтын
Теле-радио хабарларын таратуды дамыту мəселелері жөніндегі комиссия соның құрамында
қалдырылды. Көлік жəне коммуникациялар министрлігі хабар таратудың техникалық жағына
жəне цифрлауға көшу мəселесіне жауапты.
Айқындықтың ары қарайғы қадамы ретінде Қазақстан Республикасының Мəдениет жəне ақпарат
министрлігі БАҚ мəселелері жөніндегі Кеңес (ары қарай – Кеңес) құруға бастама көтерді. Оның
құзыретіне мəселелердің кең ауқымы бойынша ұсыныстар əзірлеу кіреді, алайда Кеңестің
шешімдерінің сипаты көбінесе кеңес беру жəне ақылдасу-кеңесу іспетті. Мəдениет жəне ақпарат
министрі басқаратын Кеңеске министрліктің тағы үш жоғары лауазымды өкілі кіреді. Одан өзге,
Кеңестің құрамында: билікке жақын мемлекеттік телеарналардың, жаңалықтар агенттіктерінің,
газеттер мен үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері бар. Тəуелсіз дауыстардың қатарында:
Қазақстанның Журналистер одағы басқармасының төрағасы Сейітқазы Матаевты, «Əділ сөз»
қоғамдық қорының президенті Тамара Калееваны жəне Орталық Азиядағы «Internews Network-
тың» аймақтың директоры Олег Кациевті атауға болады.
7.2.2. Реттеушілердің тəуелсіздігі
Реттеушілердің мемлекетке жəне саяси партияларға тəуелсіздігін қамтамасыз ететін механизмдер
жоқ. Алдында айтылып өткендей, БАҚ-тың жұмысын Мəдениет жəне ақпарат министрлігі
реттейді. Министрді ел президенті тағайындайды жəне босатады, министрдің орынбасарларын
премьер-министр тағайындайды, оны, өз кезегінде, президент тағайындап, Парламент бекітеді.
Парламентте президент басқаратын «Нұр Отан» партиясы үстемдікке ие (107 депутаттың 83-і).
298
Жиырма үш мүшеден тұратын Теле-радио хабарларын таратуды дамыту мəселелері жөніндегі
комиссия, алдында айтылғандай, кеңес беру жəне ақылдасу органы болып табылады, əрі
шешімдері көбінесе ұсыныстық сипатта болып келеді. Комиссияның ұсыныстарына қарамастан,
премьер-министрдің орындалуы міндетті шешімдерді қабылдау құзыреті бар.
297 Nur.kz,
«Қазақстанда дұрыс емес сайттарды «тексеру» басталды», 2010 жылғы наурыздың 1-і, http://www.parlam.kz/ru/history
(қолжетімді күн: 2013 жылғы ақпанның 6-сы).
298 Парламенттің Parlam.kz ресми сайтын қараңыз: «Қазақстанда парламентаризмнің дамуы тарихы», http://www.parlam.kz/ru/his-
tory (қолжетімді күн: 2013 жылғы ақпанның 6-сы).
1 1 1
« А Ш Ы Қ Қ О Ғ А М » Қ О Р Ы Н Ы Ң Е С Е П Т Е М Е С І 2 0 1 3
7.2.3. Хабар таратушылардың лицензиялануы
Қазақстанда хабар таратуға лицензия алу екі сатыда өтеді:
1) «Лицензиялау туралы» ҚР Заңына
299
сəйкес, Мəдениет жəне ақпарат министрлігінде тіркеу
арқылы телевизиялық немесе радио хабарларын таратуға лицензия беру;
2) цифрлық мультиплекстерде орын алу үшін жарияланатын ашық конкурстардың нəтижелері
бойынша хабар таратуға рұқсат (яғни жиілік пайдалануға құқық) беру.
300
Екі шараға да
Мəдениет жəне ақпарат министрлігі бақылау жасайды.
Лицензиялау саласындағы өкілеттіктер мен бақылау толығымен министрліктің құзыретіне
берілгенмен, «де-юре», яғни заң жүзінде бір немесе басқа ұйымға немесе тұлғалар тобына
артығырақ көңіл бөлінеді деуге болмайды. Лицензия беру шарасының үміткерді саяси көзқарасына
бола кемсітті дейтіндей дəлелдер жоқ, дегенмен басқарушы билікке жақын емес топтардың теле-
немесе радио компанияларын құру мүмкіндіктері аз. Ондай əрекеттер, негізінен, болған жоқ,
өйткені қазіргі қалыптасып отырған жағдайда лицензия алу мүмкіндігі тым мардымсыз.
7.2.4. Өзін-өзі реттеу механизмдерінің рөлі
Қазақстанда БАҚ-тардың өзін-өзі реттеуі мəселесі қызу талқыланғанмен, бұл тақырыпқа арналған
пікірталастар алысқа ұзай қойған жоқ, өйткені мəселенің өзі тіпті де даусыз емес. Өзін-өзі реттеу
үдерісіне ұқсатып, үкіметке бейіл орган құруға болады, бірақ ол іс жүзінде, керісінше, БАҚ-қа
қарсы мемлекеттік қысымды күшейтіп жіберуі мүмкін. Оның бір мысалы – 2012 жылғы қазанда
қабылданған «Қазақстан Республикасының журналист этикасы кодексі» (ары қарай – Кодекс).
Аталған кодексті мемлекеттік жəне үкімет мүдделерін көздейтін БАҚ журналистерінің бір тобы
жазған. Бұл құжат сын дауысының қатысуынсыз жазылғаны себепті сын садағына ілінген-ді. Осы
уақытқа дейін заңдық күші жоқ Кодекстің БАҚ қызметіне ықпал еткенін көрсететін дəлелдер жоқ
(егжей-тегжейлі 4.1-2-тармақтан оқуға болады).
7.3. Мемлекеттің бақылауы
2008 жылы үкімет БАҚ-тарға мемлекеттік тендерлер (мемлекеттік тапсырыс) бере бастады.
Мəдениет жəне ақпарат министрлігі жыл сайын БАҚ-тар арасында маңызды саяси жəне əлеуметтік
мəселелерді баяндау бойынша ашық конкурстар жариялайды. Соған ұқсас конкурстарды жергілікті
БАҚ үшін жергілікті əкімдіктер ұйымдастырады.
«Солтүстік Қазақстанның құқықтық медиа-орталығы» қоғамдық қорының электрондық
бюллетенінің деректері бойынша, 2013 жылдың басынан бері қарай мемлекеттік тапсырыс
299 Қазақстан Республикасының 2007 жылғы қаңтардың 11-індегі «Лицензиялау туралы» Заңы. http://www.zakon.kz/141150-za-
kon-respubliki-kazakhstan-ot-11.html (қолжетімді күн: 2013 жылғы қаңтардың 15-і); Zakon.kz, «Талап-арыз – игі іс пе?», 2009
жылғы қыркүйектің 16-сы. http://www.zakon.kz/147367-samoreguljacija-smi-vkazakhstane-jeto/html (қолжетімді күн: 2013 жылғы
қаңтардың 15-і).
300 «Теле-радио хабарларын тарату туралы» ҚР Заңының 42-бабы.
Достарыңызбен бөлісу: |