Ц И Ф Р Л Ы Қ М Е Д И А Л А Р К А Р Т А С Ы Қ А З А Қ С Т А Н
1 0 0
Цифрлық форматта теле-радио хабарларын тарату – «Қазақстан Республикасында
ақпараттық жəне коммуникациялық технологияларды дамыту бойынша 2010-2014
жылдарға арналған бағдарламадағы» салалық басым міндеттердің бірі болып
белгіленген.
249
«Қазтелерадио» АҚ-ы 2012 жылы теле-радио хабарларын цифрлық
форматта таратуға көшудің төмендегідей төрт кезеңін жария етті:
250
1. Цифрлық форматта жерүсті хабарларын таратуды бес: Алматы, Астана, Қарағанды,
Жезқазған жəне Жаңаөзен қалаларында 2012 жылдың екінші тоқсанына қарай іске
қосу (2012 жылғы шілдеде аяқталды);
251
2. 2012-2013
жылдарда – 14 облыстың 56 процентін қамту;
3. 2013-2014
жылдары – шекараға жақын аудандардың 80 процентін қамту;
4. Ішкі аймақтардың 95 процентін 2015 жылға қарай қамту.
2011 жылғы тамыздың 27-інде қаржы министрі Болат Жəмішев үкіметтің 2012-2014
жылдарда жерүсті теле-радио хабарларын цифрлық таратуды дамыту үшін 57 миллиард
теңге (шамамен 387 млн. АҚШ доллары) бөлгені туралы хабарлады.
252
Аталған уақыт
шектеріне жоспарланған жобаның жалпы құнын бағалай келе, «Қазтелерадио» АҚ-ы 51
миллиард 358 миллион теңге (340 млн АҚШ долларына жуық) сомасын көрсетті.
253
«Қазтелерадио» АҚ-ы басқармасының төрағасы Абай Қадыралиевтің сөзі бойынша,
цифрлық жерүсті теле-радио хабарларын тарату шамамен 30 арнаға қол жеткізуге
жол ашады, ал 2012 жылы цифрлық теледидарды қосқанға дейін жұртшылықтың 50
проценттен астамы төрттен аспайтын арнаны ғана қарай алатын.
254
«Теле-радио хабарларын тарату туралы» ҚР Заңы қазақстандық ақпараттық контентті
өндіруді ынталандырғанмен, ол шетелдік телеарналарға қолжетімдікті шектейді: аталған
арналар үшін 2012 жылғы наурыздың 2-інен кейін, яғни заңның ресми күшіне енуі күнінен
кейін уəкілетті министрлікте бір жыл ішінде міндетті тіркелу шарты белгіленген.
255
Бұл
тіркелуден өтпеген телеарналар 2013 жылғы наурыздың 2-інен кейін Қазақстан аумағында
хабар таратпауға тиіс болған-ды.
249 ҚР Үкіметінің «Қазақстан Республикасында ақпараттық-коммуникациялық технологияларды дамыту бойынша 2010-2014
жылдарға арналған бағдарламасын бекіту туралы» 2010 ж. 29 қыркүйектегі № 983-қаулысы, http://kzcontent.kz/fi les/zan/postanov-
lenie.doc (қолжетімді күн: 2013 жылғы қаңтардың 9-ы).
250 «Қазтелерадто» АҚ-ы басқармасының төрағасы А.Қадыралиевтің «Қазақстанның теле-радио хабарларын таратуды қоғам мен
индустрия мүдделері үшін реттеу» конференциясындағы «Қазақстанда цифрлық хабар таратуды дамыту» атты таныстыруы,
Алматы қ., 2012 жылғы мамырдың 30-ы.
251 Kazteleradio.kz,
«Қазақстанның 5 қаласында цифрлық эфирлік теледидар хабар беруді бастады», 2012 жылғы шілденің 16-сы,
http://kazteleradio.kz/rus/201/07/16/в-пяти-городах-казахстана-начало-веща/қолжетімді күн: 2013 жылғы қаңтардың 12-сі).
252 Gazeta.kz,
«Қазақстан алдағы үш жылда цифрлық хабар таратуды дамытуға 57 млрд. теңге бөлетін болады», http://news.gazeta.kz/
art.asp?aid=347568 (қолжетімді күн: 2013 жылғы қаңтардың 9-ы).
253 «Қазтелерадио» АҚ-ы, «Қазақстанда цифрлық форматта хабар таратудың болашағы» таныстырылымы, Алматы қ., 2012 жылғы
қаңтардың 10-ы (көшірмесі бар).
254 Kazteleradio.kz,
«Эфирлік телехабар таратудың цифрлық желісі 2015 жылға қарай Қазақстан жұртшылығының 95%-ін қамтитын
болады», http://kazteleradio.kz/rus/2012/08/23/ (қолжетімді күн: 2013 жылғы қаңтардың 9-ы).
255 «Теле-радио хабарларын тарату туралы» ҚР Заңының 42-бабы, 7-тармағы.
1 0 1
« А Ш Ы Қ Қ О Ғ А М » Қ О Р Ы Н Ы Ң Е С Е П Т Е М Е С І 2 0 1 3
Бұл жайт 80 процентке жуығы шетелдік телеарналармен толыққан кабельдік пакеттердің
тізбесін кемітіп тастауы мүмкін.
256
2013 жылдың ақпанындағы ахуал бойынша Қазақстанда
таратылатын шетелдік телеарналардың 70 проценттейі тіркелмеген болып шықты.
257
Дəл
қазіргі уақытта бір арналардың басқа арналарға залал келтіре отырып тіркелгені жайында
ақпарат жоқ.
Цифрлық дабылдың қолжетімдігі мəселесі үш тəсілмен шешіледі. Біріншісі – дабылды
ел аумағына түгел тарату – бұрын бар-жоғы бірнеше арна хабар таратқан аймақтарда
ақпаратқа қол жеткізуді кеңейтеді. Екінші тəсіл – тұрмыс жағдайы нашар отбасыларын
«Otau TV-ның» тегін құралдарымен жабдықтау. Үшіншісі – «Otau TV-ның» қабылдаушы
құрал-жабдығын иеленушілерге қазақстандық арналарды абоненттік ақысыз қарау
мүмкіндігін беру.
7.1.1.2. Қабылдаушы құрал-жабдықтарға демеуқаржы
«Теле-радио хабарларын тарату туралы» ҚР Заңы жұртшылықты цифрлық дабылдар қабылдауға
арналған құрал-жабдықтармен қамтамасыз ету механизмін белгілеп, эфирлік теле-радио
хабарларын цифрлық форматта таратуға толық көшу Қазақстан Республикасының барша
жұртшылығын дабылдарды қабылдау мүмкіндігімен қамтамасыз еткен жағдайда ғана жүзеге
асатынын қарастырады.
258
Аталған Заңның 42-бабының 9-тармағына сəйкес, Астана, Алматы қалаларында жəне 14 облыста
жергілікті атқару органдары эфирлік теле-радио хабарларын цифрлық форматта таратуға толық
көшкенге дейін «жұртшылықтың əлеуметтік тұрғыда қорғалатын» топтарын теледидардың
қосымша құралдарымен қамтамасыз етуге тиіс. Бірақ бұл талаптың орындалуы тəртібі əлі жария
етілген жоқ.
7.1.1.3. Қоғамдық мүдделерді құқықтық реттеу
«Теле-радио хабарларын тарату туралы» ҚР Заңында да, Қазақстанның басқа негізгі заң актілерінде
де «қоғамдық мүдде» деген термин жоқ. Балама ретінде заңда «əлеуметтік маңызы бар ақпарат»
деген сөз тіркесі жəне кеңінен танымал шетелдік (негізінен, ресейлік) арналарда бəсекеге түсуге
тура келетін «отандық теле- жəне радио арналары» деген сөз тіркесі аталады.
«Теле-радио хабарларын тарату туралы» ҚР Заңына сəйкес, міндетті арналардың тізбесі
[азаматтардың] «ақпаратқа, сөз бостандығына, өз пікірін білдіруге жəне пікірлердің плюрализмін
дамытуға деген құқықтарын қамтамасыз ету мақсатында» қажетті «əлеуметтік маңызы бар
256 Almatv.kz, «Бағдарламалар пакеті», http://www.almatv.kz/almaty/services/digitaltv/channels/ (қолжетімді күн: 2013 жылғы
ақпанның 7-сі).
257 Zakon.kz,
«Шолпан Жақсыбаева: «Өз ақшамызға теледидарымызға құлпы салып, ал кілтті «Қазтелерадиодан» сатып алуды
ұсынады», 2013 жылғы қаңтардың 28-і, http://www.zakon.kz/top_news/4537867-sholpan-zhaksybaeva-za-nashi-zhe-dengi.html
(қолжетімді күн: 2013 жылғы ақпанның 12-сі).
258 «Теле-радио хабарларын тарату туралы» ҚР Заңы, 42-бап, 2-тармақ.
Достарыңызбен бөлісу: |