Country report цифрлық медиалар картасы


« А Ш Ы Қ   Қ О Ғ А М »   Қ О Р Ы Н Ы Ң   Е С Е П Т Е М Е С І           2 0 1 3



жүктеу 169,95 Kb.
Pdf просмотр
бет3/54
Дата13.02.2018
өлшемі169,95 Kb.
#9467
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   54

7
« А Ш Ы Қ   Қ О Ғ А М »   Қ О Р Ы Н Ы Ң   Е С Е П Т Е М Е С І           2 0 1 3
БАҚ-тардың хабар таратудың  цифрлық форматына көшуін реттейтін негізгі құжат – ол 2012 жылы 
қабылданған, кезінде «тым жалпылама сипаты үшін» азаматтық қоғам тарапынан сынға ұшыраған  
«Теле-радио  хабарларын  тарату  туралы»  ҚР  Заңы.  Тікелей  əрекет  етпейтін  заң  бола  отырып, 
медиалық үкіметтік емес ұйымдар (ҮЕҰ) өкілдерінің пікірінше, бұл нормативтік құжат нарықтан 
кейбір хабар таратушылардың кетуі жəне мемлекеттік телеарналар шептерінің нығаюы есебінен 
ақпараттық өрісті тарылтуы мүмкін. Заңда қоғамдық мүдде хабар таратудың цифрлық форматына 
көшу  кезінде  айқындаушы  бағалау  өлшемі  болып  саналмаған;  редакторлардың  тəуелсіздігін 
қорғаудың  қандай  да  бір  механизмдері  көзделмеген,  өйткені  құрамында  саяси  тұлғалар  басым 
реттеуші органға теле-радио хабарларын тарату саласында кең өкілеттіктер берілген.
Заңның  бастапқы  редакциясы  цифрлық  мультиплекстерге  тəуелсіздігі  үлкен  жəне    
тұтынушылардың  сеніміне  ие  жеке  аймақтық  хабар  таратушыларды  енгізуді  қарастырмаған. 
Аталған норма азаматтық қоғамның ұзақ, кең ауқымды науқанының нəтижесінде енгізілді.
Аймақтық станциялардың цифрлық мультиплекстерде орындарын сақтап қала алатынын уақыт 
көрсетер,  өйткені  үкімет  елдің  медиа  кеңістігінде  өзінің  шептерін  кеңейтуді  жəне  нығайтуды 
жалғастырып келеді. Бұл үдеріс 2012 жылы жаңа мемлекеттік салалық арналардың бұрын-соңды 
болып көрмеген санын іске қосудан басталды.
Эфирлік жерүсті хабар тарату алдыға шыққанмен, жерсеріктік жəне кабельдік хабар тарату ұлттық 
нарықта  айтарлықтай  кеңейді.  Бұл,  бір  жағынан,  теле-радио  хабарларын  таратудың  цифрлық 
форматына  көшуде  мемлекеттің  басты  міндеттерінің  өзгеруі  жəне 2011 жылы  оның  шешімді 
түрде жерсеріктік нарыққа шығуы нəтижесінде болды. Ел аумағының орасан үлкендігінен жəне 
халықтың орналасу тығыздығының төмендігінен кейбір аудандарда екі арна ғана қолжетімді, ал 
кей жерлерде мүлдем жоқ. Жерсерік арқылы хабар таратуды кеңейту бұл мəселені шешуге тиіс 
болған-ды.  Мемлекеттің  ондай  стратегиясының  айқындығы  аздау  негіздемесі – ол  «ақпаратық 
қауіпсіздік».  Қиындық  мынада:  жерсерік  пакеттерінде  ұсынылатын  жаңалықтар  тізбесінде, 
негізінен,  көрші  Ресейдің  арналары  басым.  Ал  арналардың  дабылын  көрермендер  лицензия 
берілмеген, жергілікті арналарды таратуды көздемейтін жерсерік тəрелкелерінің көмегімен алады.
2011  жылы  мемлекеттік  жерсеріктік «OTAU TV» операторының  пайда  болуы  нəтижесінде 
жерсеріктік  пакеттердің  қолжетімдік  тəртібі  де,  құрамы  да  өзгерді. «OTAU TV» жергілікті 
арналардың  негізгі  пакетін  тегін  ұсынады  жəне  тұрмыс  жағдайы  нашар  отбасыларына  құрал-
жабдық сатып алуға демеушілік көрсетеді. Жерсеріктік оператор өкілдерінің сендіруі бойынша, 
жұмыс істеген бір жыл ішінде «OTAU TV» 100 мың абонентке ие болған, оның ішінде əлі күнге дейін 
жерүсті хабар таратумен қамтылмаған аудандардан да абоненттері бар. Алайда хабар тарататын 
арналарды таңдаудың ұлғаюы плюрализмнің артқанын білдірмейді: тегін пакет көбінесе басым 
көпшілігі үкіметтік немесе үкімет бақылауындағы 39 арнаны ұсынады. Сыншылар жерсеріктік 
хабар таратуды кеңейту үкіметтің жəне онымен біріккен арналардың  үстемдігін күшейтеді.
Баспасөзде  де  мемлекеттік  БАҚ-тар  басымдыққа  ие  шептерін  сақтап  отыр.  Олардың  қатарын 
Ресейдің    «Комсомольская  правда»  жəне  «Известия»  сияқты  танымал  газеттерінің  жергілікті 


Ц И Ф Р Л Ы Қ   М Е Д И А Л А Р   К А Р Т А С Ы         Қ А З А Қ С Т А Н
8
«қосымша»  басылымдары  толықтырады.  Тəуелсіз  басылымдардың  тиражы  көп  емес,  əрі 
мемлекеттік  органдар  тарапынан  саяси  қысымға  жəне  қолсұғушылыққа  тап  болады.  «Голос 
республики» газеті 2012 жылы сот шешімімен жабылды, қазіргі уақытта ол онлайн форматта ғана 
шығады.
Дəстүрлі БАҚ-та соңғы жылдарда партияның араласуы күшейді. 2009 жылғы қаржы дағдарысынан 
кейін  үкімет  үлкен  жарнама  берушіге  айналды,  қазіргі  уақытта  ол  медиа-нарыққа  ақпараттық 
саясатты жүргізуге мемлекеттік тапсырыс тəжірибесі арқылы ықпал етеді. Мемлекеттік тапсырыс 
айла-шарғы құралына айналды: үкіметтік редакциялық саясатқа айырбас ретінде жомарт келісім-
шарттар беріледі.
Онлайн-ортада жағдай  болашақтан біршама үміт күттірерліктей. Компьютерлері жəне интернетке 
кіру мүмкіндігі бар азаматтардың саны айтарлықтай артқан. Соңғы мағлұматтарға (2011 жылғы) 
сəйкес, ел халқының 7,8 проценті сыммен қосылатын интернетке кіре алады, ал 2005 жылы бұл 
көрсеткіш бар-жоғы 1, 9 процент болған. Алайда интернеттің тұрмысқа енуі, əсіресе бұл көрсеткіш 
сегіз есе жоғары Ресеймен салыстырғанда, əлі де ауыз толтырып айтарлықтай емес.
Жұртшылықтың 40 проценттен астамы интернетті тұрақты пайдаланады, бірақ көп жағдайда – 
ұтқыр қосылу арқылы (нақты бекітілген интернетке бір разрядпен қосумен салыстырғанда, 100 
адамға – 38 қосылым).  Ұтқыр  телефондарды  пайдалану 2006-2011 жылдар  кезеңінде  үш  есе 
артты, бірақ 3G форматындағы байланыс біршама кешірек – 2011 жылы ғана пайда болды.
Теледидар  мен  баспасөзден  айырмашылығын  айтсақ,  интернет-кеңістікте  үкіметтің 
бақылауындағы БАҚ-тар басым емес. Интернет алуан түрлі жаңалықтардың тұтас бір шоғырына 
жол ашады. Бақылаудағы ақпараттық дереккөздермен бірікпеген, жаңалықтарға арналған интернет-
ресурстардың саны бұлжымастан артып келеді. Аса көрнекті тəуелсіз БАҚ-тардың кейбіреулері, 
мысалы, «Республика» порталы, сайттарында мультимедиа құралдарының үлкен жиынтығы жоқ 
дəстүрлі мемлекеттік ресурстармен салыстырғанда, желіде белсенді жұмыс істейді.
Дəстүрлі  БАҚ-тардан  гөрі,  тəуелсіз  интернет-ресурстардың  үнін  өшіру  əлдеқайда  қиын 
екеніне  қарамастан,  контентті  жауып  тастау,  сүзгіден  өткізу  жəне DDoS-шабуылдар – кең 
таралған  құбылыс.  Осындай  іс-əрекеттерді  қолданудың  жиілігі 2009 жылы  барлық  интернет-
ресурстарды, əлеуметтік желілер мен блогтарды қоса алғанда, бұқаралық ақпарат құралдарымен 
теңестірген «Ақпараттық-коммуникациялық желілер мəселелері бойынша кейбір заң актілеріне 
өзгертулер  мен  толықтырулар  енгізу  туралы»  ҚР  Заңы  (ары  қарай – «Интернет  туралы»  ҚР 
Заңы)  қабылданғаннан  кейін  артып  кетті.  Заңнамаға  сəйкес,  БАҚ-тарға  елеулі  шектеулер 
қойылады.  Аталған  заң  интернетте  сын  айтуды  тежеу  мүмкіндігін  жеңілдетіп  отыр,  одан  өзге, 
ол  өзіндік  цензураның  көбеюі,  кейбір  сайттарда  түсіндірмелер  беру  қызметін  алып  тастау 
сияқты  əрекеттердің  себебіне  айналды.  Қазақстанда  қылмыстық  жаза  ретінде    қалып  отырған 
«жала  жабылды»  деп  айыптау – енді  интернет-ресурстарға  да  қатысты  қолданылуы  мүмкін. 
Нақ осы интернеттің жаңа заңнамаға қарсылықтар қалыптасқан жəне соның көмегімен заңның 


жүктеу 169,95 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   54




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау