48- сурет. 49- сурет.
Жоғарыдағы суреттерде MediaPlayer компоненті көмегімен формаға қойылған бейнефильмнен үзінділер көрсетілген.
MediaPlayer компоненті типі *.wav болатын дыбыстық файлдарды да оқиды.
Әдебиеттер: [1]-[7], қ[1]-[5]
13- апта
1 кредит сағат.
Тақырыбы: Dialog парағының Windows жүйесінің стандарт сұқбатты ұйымдастыру компоненттері. Қолданушы интерфейсінің дамыған элементтері
Дәріс мазмұны:
1. SaveDialog компоненті.
2. OpenDialog компоненті.
3. FontDialog компоненті.
4. Мәндер диапазонымен жұмыс істеудің ScroolBar компоненті
5. Реверсивті санаудың UpDown, SpinEdit компоненті
Dialog парағының Windows жүйесінің стандарт сұқбатты жүзеге асыру компоненттері:
OpenDialog компоненті. Оның Title,DefaultExt қасиеттері. Execute әдісі.
Мәтіндік өріске файлды ашу мысалын қарастыру. Файлды ашудың LoadFromFile() функциясы.
SaveDialog компоненті. Оның Title,DefaultExt қасиеттері. Execute әдісі.
Мәтіндік өрістегі файлды сақтаудың мысалын қарастыру. Файлды ашудың SaveToFile() функциясы.
Windows-тың стандарт қаріп таңдаусұқбат терезесін шығарудың FontDialog компоненті. Оны таңдау әдісі.
Мәндер диапазонымен жұмыс істеуді жүзеге асыратын айналдыру жолағы болып табылатын- ScroolBar компоненті. Оның Max, Min, Position, Kind қасиеттері, ScroolPos, ScroolCode параметрлері.
Реверсивті санаудың UpDown SpinEdit компоненттері. Олардың Associate, AlignButton,Orientation, Max, Min,Increment,Position қасиеттері.
Әдебиеттер: [1]-[7], қ[1]-[5]
14- апта
1 кредит сағат.
Тақырыбы: Delphi-де деректер қоймасын жасау.
Дәріс мазмұны:
1.Delphi-де ДҚ жасау үшін қолданылатын компоненттер.
2. Деректер қоймасын жасау
Деректер қоймасын жасау:
1. Tools/ DataBaseDesktop
2. File/ NewTable/ Paradox 7
3. Database Desktop терезесінен файл ашу. Құралдар тақтасынан EditData
деректер қоймасынның мәліметтерін толтыру.
II. Жасалған деректер қоймасын Delphi формасын қою:
1. BDE парағынан Table компонентін қойып, оның қасиеттерін орнату.
2. Data Acccess парағынан Data Source компонентін қойып, оның қасиеттерін орнату.
3. DataCotrols парағынан DbGrid компонентін қойып, оның қасиеттерін орнату.
4. DbNavigator компонентін қою.
Жасалған деректер қоймасын түрлендіру.
Әдебиеттер: [1]-[7], қ[1]-[5]
15- апта
1 кредит сағат.
Тақырыбы: Delphi-дің графикалық мүмкіндігі. Delphi графикасында анимацияны жүзеге асыру.
Дәріс мазмұны:
1.Delphi-дің графикалық мүмкіндігі.
2.Canvas қасиеті.
3. Canvas объектісінің қасиеті.
4. Графиктік режимде анимацияны іске асыру
Сурет салу беті Delphi-де Canvas (канва, холст- кенеп) деп аталады. Канваның әрбір нүктесінің х және у координаталары болады. Оның координаталық жүйесінің бастапқы нүктесі канваның сол жақ жоғарғы бұрышында орналасады. Координаттар жоғарыдан төмен және солдан оңға қарай өседі. Беттің өлшемін Height және Width қасиеттері арқылы өзгертуге болады. Координата пикселмен өлшенеді.
Графикада ағымдық көрсеткіш (көрінбейтін маркер) ұғымы бар. Ол қалыпты жағдайда координаталар басында орналасады. Ағымдық көрсеткішті жаңа позицияға орналастыру үшін MoveTo (x,y:integer) әдісі қолданылады. Әдістің орындалуы нәтижесінде көрсеткіш (х,у) координатасына жылжығанымен, экранда ешнәрсе сызылмайды. Ағымдық көрсеткіш позициясынан координатасы (х,у) нүктеге дейін сызық сызу үшін LineTo (x,y:integer) әдісі қолданылады.
Delphi графикасында негізгі геометриялық фигураларды салу әдістері:
Arc (x1, y1, x2, y2, x3, y3, x4, y4: integer)-доға
Chord(x1, y1, x2, y2, x3, y3, x4, y4: integer)- хорда
Ellipse(x1, y1, x2, y2: integer)- эллипс
Rectangle(x1, y1, x2, y2: integer)- тіктөртбұрыш
Pie(x1, y1, x2, y2, x3, y3, x4, y4: integer)- сектор т.с.с.
Arc, Chord, Ellipse әдістерінде x1 және y1 параметрлері доға, хорда, эллипсті шектеп тұрған тіктөртбұрыштың сәйкес сол жақ жоғарғы, x2 және y2- оң жақ төменгі бұрышының координаталары. x3 және y3, x4 және y4 параметрлері доға немесе хорданың бастапқы және соңғы нүктесінің координатасын анықтайды.
Delphi-де графикалық құрылғыларды қолдануды жеңілдететін арнайы кластар анықталған: TCanvas- бейнелеу контексі үшін, TFont- шрифт үшін, TPen- қалам үшін,TBrush- қылқалам үшін.
I. Pen қасиеті сызық және геометриялық фигуралардың шекарасын сызу үшін қолданылатын қалам атрибутын анықтайды. Бұл объектінің қасиеттері:
Color- сызық түсі, Width- сызық қалыңдығы, Style- сызық стилі.
Ол төмендегідей мәндер қабылдайды.
psSolid- тұтас сызық
psDash- штрих сызық
psDot- пунктир сызық
psDashDot- штрих- пунктир сызық
psDashDotDot- штрих және екі пунктир сызық
psClear- сызық жоқ.
Мысалы: Canvas.pen.Width:=1; Canvas.Pen.Color:=clRed; Canvas.Pen.Style:=psDash;
Canvas.Ellipse(30,30,120,120);
Нәтижеде сызық қалыңдығы 1-ке тең, сызық стилі штрихталған, қызыл түсті шеңбер сызылады. Қосымшаны орындату нәтижесі келесі суретте көрсетілген.
Код “Сызу” батырмасына жазылады.
53- сурет.
Программада Canvas операторын әр команда сайын қайталап жазбай, With (біріктіру) операторы арқылы да ұйымдастыруға болады. Онда жоғарыдағы код фрагменті былайша болады:
With Canvas do begin
Pen.Color:=clRed;
Pen.Width:=1;
Pen.Style:=psDash;
Ellipse(30,30,120,120);
end;
II. Brush (қылқалам)- тұйық облысты, геометриялық фигура ішін бояуды жүзеге асырады. Brush қасиетінің өз қасиеттері бар.
Color – фигура ішін бояу түсін көрсетеді.
Style- бояу стилін анықтайды.
Оның мәндері:
bsSolid- тұтас бояу
bsHorizontal- горизонталь сызықпен бояу
bsVertical- вертикаль сызықпен бояу
bsFDiagonal, bsBDiagonal- диагонал сызықпен бояу
bsCross- тік торлы бояу
bsDiagCross- көлденең торлы бояу
bsClear- боялмаған.
Мысалы: Келесі код нәтижесінде әртүрлі түспен және стильмен боялған фигуралар форма бетіне шығады.
Procedure Tform1.Button1Click(Sender: Tobject);
begin
With Canvas do begin
Pen.Color:=clRed; //1-фигура
Pen.Style:=psSolid;
Brush.Color:=clgreen;
Brush.Style:=bsHorizontal;
Ellipse(5,5,60,60);
Brush.Color:=clRed; //2-фигура
Brush.Style:=bsBDiagonal;
Rectangle(70,5,140,70);
Brush.Color:=clblack; //3-фигура
Brush.Style:=bsSolid;
Ellipse(5,75,75,120);
Brush.Color:=claqua; //4-фигура
Brush.Style:=bsVertical;
Chord(80,80,140,140,80,110,140,110);
end; end;
Келесі суретте қосымшаны орындату нәтижесі көрсетілген.
54- сурет.
III. Сурет салу бетіне (канвада ) мәтін шығару үшін TextOut әдісі қолданылады. Оның жазылу форматы:
TextOut(x,y:integer; const Text:string);
Қаріп (шрифт) параметрі Canvas объектісінің Font қасиеті арқылы анықталады. Ол келесі қасиеттерден тұрады:
Name –қаріп атауы. мысалы: Arial, Kz Decor, Times New Roman т.с.с.
Size– қаріп өлшемі. (пунктпен өлшенеді)
Style- қаріп стилі. (оның мәндері: fsBold- жартылай қою, fsItalic- курсив, fsUnderline- асты сызылған )
Color- қаріп түсі.
Мысалы: “Мәтін шығару” батырмасының коды және орындалу нәтижесі төменде көрсетілген.
55- сурет.
procedure TForm1.Button1Click(Sender: TObject);
begin
with canvas do begin
Font.Name:='KZ Decor';
Font.Size:=18;
Font.Style:=[fsBold,FsItalic];
Font.Color:=clRed;
TextOut(10,10,'BORLAND DELPHI 7')
end; end;
Анимация деп экран бетіндегі әртүрлі бейнелердің орын ауыстыруын, жылжуы мен формасын өзгертуін айтады. Экрандағы қандай да бір объектінің орын ауыстыруының негізінде келесі әрекеттер тізбегі жатады:
объектіні экранға шығару
оны экраннан өшіру
кейбір ығысу арқылы объектінің басқа нұсқасын шығару т.с.с.
Аздаған ығысу арқылы объектіні экранға жиі шығару оның қозғалысының иллюзиясын береді.
Қарапайым анимациялық алгоритм келесі қадамдардан тұрады:
белгілі бір түспен сурет шығару
суретті сол орнында фон түсімен шығару (сурет жоқ болып кеткен тәрізді болады)
суретті бастапқы түспен келесі жерде шығару т.с.с.
Өзіндік бақылау сұрақтары :
Анимация деген не?
Қарапайым анимациялық алгоритм қандай қадамдардан тұрады?
Анимациялық эффект жасау үшін Delphi-дің қандай компоненттері қолданылады?
Әдебиеттер: [1]-[7], қ[1]-[5]
6. Зертханалық жұмыстардың жоспары.
№
|
Тақырыбы
|
Зертханалық жұмыс мазмұны
|
Апта
|
Әдебиеттер
|
1
|
Delphi ОБП тілінің ортасында жұмыс. Standard парағының Edit, Label, Button компоненттерімен жұмыс.
|
1. Delphi-дің экрандық интерфейсімен танысу. (6 терезе)
Standard парағының Edit, Label, Button компоненттерін қолданып қарапайым қосымшалар дайындау.
|
1
|
[1]-[7], қ[1]-[5]
[1] 37-40 бет, 40-43 бет.
[1] 6-9 бет, 21 бет. |
2
|
Standard парағының Edit, Label, Button компоненттері. Шартты команда.
|
Standard парағының Edit, Label, Button компоненттерін қолданып қарапайым қосымшалар дайындау. Шартты команданы қолданып, жоба жасау.
|
2
|
[1]-[7], қ[1]-[5]
[1] 11- 13 бет
|
3
|
Қарапайым арифмометр Checkbox, radiobutton компоненттері.
|
1. Қарапайым арифмометр жобасын жасау.
2. “Бақытты жетілік” жобасын жасау.
|
3
|
[1]- [7], қ[1]-[5]
[1] 14-15 бет, 67-71 бет.
|
4
|
Additional парағының Вitbtn, Image, Shape компоненттері.
Speedbutton компоненті.Қайталану командасы
|
Вitbtn, Image, Shape компоненттерін қолданып қосымшалар дайындау. Speedbutton компонентін жобада қолдану.
|
4
|
[1]-[7], қ[1]-[5]
[1] 83-85 бет, 94-95 бет.
|
5
|
Timer компонентін қолдану.
Delphi қосымшасына Flash ролик қою.
|
1. Timer компонентін қолданып шағын қосымша жасау.
2. Timer компонентін қолданып, “Бағдаршам ” жобасын жасау. Delphi-де қосымша заставкасын жасау, Flash ролик қою.
|
5
|
[1]-[7], қ[1]-[5]
|
6
|
Combobox, ListBox тізімдік өріс компоненттері. RadioGroup компонентін қолдану.
|
1. Combobox, ListBox компоненттері
2. RadioGroup компонентін қолданып жоба жасаңдар.
|
6
|
[1]-[7], қ[1]-[5]
қ[8]-426 б
|
7
|
Қосымшада негізгі және жанама меню жасау. Delphi-де компонент жасау. Panel және Форма компоненті арқылы құралдар панелін жасау. ToolBar және CoolBar компоненттері.
|
Main Menu, Popup Menu компоненттерін қолданып қосымшада меню жасау. Panel, ToolBar, CoolBar элементтері
|
7
|
[1]-[7], қ[1]-[5]
|
8
|
Түстерді басқару компоненттері:TrackBar,ColorGrid, RGB функциясы. Delphi-де компонент түссіздігін басқару. Файлдық жүйені басқару компоненттері
|
Мәтіндік өріс ( Memo ) фонының түсін TrackBar,ColorGrid компоненттері және RGB функциясы арқылы басқаратын жоба жасау.
|
8
|
[1]-[7], қ[1]-[5]
[1] 27-29- бет.
|
9
|
Астарлы бет жасаудың PageControl компоненті және Speedbutton батырмасы. TreeView компонентін қолданып программалау.
|
PageControl астарлы бет жасау компонентін қолданып информатика терминдерінің қазақша- орысша сөздігін жасау.
|
9
|
[1]-[7], қ[1]-[5]
|
10
|
StringGrid компонентін қолданып кесте элемент-рін түрлендіру. Деректерді енгізудің InputBox функциясы, Нәтижені шығарудың MessageDlg функциясы
|
InputBox функциясын қолданып жобалау.
|
10
|
[1]-[7], қ[1]-[5]
қ[6]-695 б
|
11
|
Диаграмма сызудың ProgressBar, Gauge компоненті. Диаграмма сызудың Сhart компоненті
|
1. Дискіні форматтау терезесін жасау.
2. Файлды сақтау терезесін жасау.
3. «Өшіру» терезесін жасау. Сhart компонентінің көмегімен диаграмма тұрғызу.
|
11
|
[1]-[7], қ[1]-[5]
|
12
|
Delphi графикасында анимацияны жүзеге асыру. Қосымшаға бейне және дыбыстық файл қоюдың MediaPlayer компоненті.
|
Графиктік примитивтерді салу әдістерін қолданып, анимациялы жоба жасау.
|
12
|
[1]-[7], қ[1]-[5]
|
13
|
Dialog парағының стандарт сұқбат компоненттері. Қолданушы интерфейсінің дамыған элементтері.
|
Стандарт сұқбат компоненттерін қолданып, NotePad типті қосымша жасау.
|
13
|
[1]-[7], қ[1]-[5]
|
14
|
Delphi-де ДҚ жасау үшін қолданылатын компоненттер.
|
Delphi-де ДҚ жасау.
|
14
|
[1]-[7], қ[1]-[5]
|
15
|
Delphi-дің графикалық мүмкіндігі.
|
Delphi-дің графиктік примитивтерді салу әдістерін қолданып жоба жасау. Delphi графикасында анимацияны жүзеге асыру.
|
15
|
[1]-[7], қ[1]-[5]
[1] 218-220 б, 220-224 б.
|
Достарыңызбен бөлісу: |