31- сурет.
procedure TForm1.BitBtn1Click(Sender: TObject);
begin
Image1.Picture.LoadFromFile('c:\4204.bmp');
end;
Әдебиеттер: [1]-[7], қ[1]-[5]
5- апта
1 кредит сағат.
Тақырыбы: Уақытты басқарудың Timer компоненті. Delphi-де басқа қосымшаларды іске қосу функциялары. Қосымша заставкасын жасау.
Дәріс мазмұны:
1. Timer компоненті оның қасиеттері.
2. Timer компонентін қолдану мысалдары.
3.WinExec, ShellExecute функциясы
4. Delphi қосымшасына Flash ролик қою.
5.. Қосымша заставкасын жасау.
Дәріс мазмұны:
System парағында Windows үшін стандартты DDE (Dinamic Data Exchange)және OLE (Object Linking and Embedding) мәліметтерімен алмасуды сүйемелдейтін компоненттер, таймер т.б. жүйелі сервистік элементтерге қол жеткізуге мүмкіндік туғызатын компоненттер бар.
46- сурет. System парағы.
Timer – таймер. Бұл компонент уақыт аралығын есептеу қызметін атқарады.
PaintBox - Сурет салуға арналған аумақ. Графикалық бейнелерді салуға арналған тіктөртбұрышты бөлік құрады.
MediaPlayer – мультимедиалық құрылғыларды (CD-Rom, MIDI
т.с.с.) басқару жұмыстарын атқарады.
OleContainer – OLE- объектілерін орналастыруға болатын жабдық
(контейнер).
Timer компоненті қосымшада уақыт интервалын есептеуді жүзеге асырады. Таймер уақытпен байланысты әрекеттерді жүзеге асыру үшін қолданады. Мысалы: мультипликацияны синхронизациялау, белгілі бір уақыт өткеннен кейін қандай да бір терезені жабу, белгілі бір уақыт өткеннен кейін экран “қорғаушысын” қосу, қандай да бір уақыт интервалы өткенде тестілеу программасын айыру т.с.с. Таймер- визуальды емес компонент болып табылады. Таймердің екі қасиеті бар:
Interval- компонентті қосудың уақыт интервалын білдіреді. Ол миллисекундпен өлшенеді. Бұл қасиет таймердің жұмыс жасау периодын береді. Белгілі бір уақыт өткеннен кейін компоненттің OnTimer оқиғасы орындалады.
Мысалы: Timer компонентінің Interval қасиетінің мәнін 5000-ге тең етіп қойып, OnTimer оқиға өңдеушісіне Close операторын жазсақ, онда 5 секунд уақыт өткеннен кейін форма жабылады.
Enabled – компонентті қосу мүмкіндігін беретін логикалық тип. Егер бұл қасиеттің мәні true болса, онда Timer компоненті қосылады және керісінше.
Егер Interval = 0 немесе Enabled = false болса, онда таймер компоненті жұмыс жасамайды.
Timer компонентін қолдану мысалдарын қарастырайық.
Мысал1. 5 секундтан кейін ағымдық дата және 10 секундтан кейін ағымдық уақыт экранға шығатын қосымша жасаңдар.
Шешуі: Формада 2 таймер компонентін алып, олардың біріншісінің Interval қасиетінің мәнін 5000- ға, екіншісінікін 10000- ға тең етіп қоямыз да, Timer1, Timer2 компонентінің OnTimer оқиға өңдеушілеріне төмендегі кодты жазамыз.
procedure TForm1.Timer1Timer(Sender: TObject);
begin
Edit1.Text:=DateToStr(now);
end;
procedure TForm1.Timer2Timer(Sender: TObject);
begin
Edit2.Text:=TimeToStr(now);
end;
Әдебиеттер: [1]-[7], қ[1]-[5]
Delphi- де басқа қосымшаларды іске қосудың WinExec ShellExecute API- функциялары. Бұл функциялардың жазылу форматы, қолданылу мысалдары. Дельфиге Калькулятор, Паскаль программалын қосу командалары.
Delphi қосымшасына Flash –ролик әкеліп қою. Дельфиде Shockwave Flash компонентін орнату.
Қосымша заставкасын жасау. ShowModal процедурасы.
Әдебиеттер: [1]-[7], қ[1]-[5]
6- апта.
1 кредит сағат.
Тақырыбы: Деректер массивін түрлендірудің Combobox, ListBox компоненттері. RadioGroup радиобатырмалар тобы компоненті .
Дәріс мазмұны:
Дәріс мазмұны:
1. ListBox компоненті, қасиеттері, әдістер.
2. Combobox компоненті, қасиеттері, әдістер.
3. RadioGroup компоненті, қасиеттері
Таңдау операторы бірнеше әрекеттің ішінен таңдауға мүмкіндік береді. Таңдау операторының құрылымы:
Case <өрнек> of
<таңдау тізімі> [else <оператор>]
end;
ListBox және ComboBox компоненттері жолдар тізімінен тұрады. ListBox компоненті ашық түрдегі тізімді бейнелейді, ал ComboBox компоненті жиналмалы түрдегі, төмен қарай ашылатын тізімнен тұрады. Екі компоненттің де жолдар тізімінен тұратын TStrings типті Items қасиеті болады. Тізімнен таңдалған элементтің индексі ItemIndex қасиеті арқылы көрсетіледі. Ол 0-ден бастап бүтін сандармен нөмірленеді. Егер ешқандай элемент таңдалмаса, онда ItemIndex қасиетінің мәні -1-ге тең болады.
20- сурет.
Мысал1. Паскаль тіліндегі бүтін типтердің аты жазылған тізімнен таңдалған типке сәйкес қабылдайтын мәндер аралығын шығаратын қосымша жасаңдар.
Достарыңызбен бөлісу: |