Жобаны идея түрінде тудыру мен оны жүзеге асыру
қатар да, бір–бірінен бӛлек те қызмет ете алады. Мысалы
жобалау тобының құрамында креативті адамдар (жобаны
ойлап табатындар оның орындалуының ерекше түрлерін,
жаңа әдістерін жасайтындар, орындаушылар, рәсімдейтін
адамдар мен презентациясын жасайтындар, жобаны тұтас
басқарушылар, т.б). Жобаны басқару–оның ӛмір сүруін,
тарап кетпеуін қадағалай отырып, топ мүшелерінің жобаны
тұтас байланыстырып отыратын қызмет. Басқару қажет пе,
әлде ӛздігінен еркін жұмыс жасау қажет пе?
Бақылау барысында кіші жастағы оқушылардың еркін
ойнау әрекеттерін бақылау барысында олардың бірнеше
топтарға бӛлініп алып бірнеше ойындар ойлап тауып, оны
жүзеге асыруға тырысқандығы байқалды. Олар белгілі бір
уақыт ішінде бірнеше жобаны бастап, біреуін де аяғына
дейін жеткізе алмады. 10–12 жастардағы қыздардың үй
тұрмысы ойындары да сол сияқты, ойын кеңістігі бар,
құралдары бар, бірақ ойын әрекеттері одан әрі дамымайды,
ӛйткені, қыздар уақытын бір–бірімен сӛйлесуге жібереді,
әрекеттерін, олар одан әрі не істейтіндерін әңгімелеумен
болады. Ойын кеңістігі құрылып, ӛздері ойлап шығарған
оқиғаларын жалғастыруға болар еді, бірақ бӛлек–бӛлек үзінді
ойындар ретіндегі әрекеттер сюжеттерін тұтас жалғастыруға
мүмкіндік бермейді.
Жасӛспірімдердің де қарым–қатынастарының мазмұны
да осыған ұқсас келеді. Олар айналысатын сан түрлі
сюжеттердің барлығына ортақ белгі – талқылаудың кӛп
болуы: олар жоспарларын әңгімелейді, орындалған істеріне
талдау жасайды, бір–бірінің қылықтары мен іс-әрекеттегі
тәртібіне кӛңіл бӛле талқылайды.
Осы аталған ситуациялардың идеясын анықтауда
барлығына тән
жалпы сипаттамалары
бар екені байқалады.
Біріншіден, балалардың ұсынатын идеялары бұрын
болмаған немесе болған, бірақ оны жаңаша құру, ӛздеріне
ӛте қажет ӛнім жасау ұсыныстары болуы;
228
Екіншіден, идеяның ұжымдық болуы, яғни, ол бірнеше
баланың қатыстыратын, біріктіретін іс болуы (бірақ жеке
балаға да тән болуы мүмкін);
Үшіншіден, қатысушылардың ӛзара қарым–қатынасы
идеяның,
түпкі
ойды
жүзеге
асыру
әрекеттерінің
айналасында шоғырланып, олар жаңа ӛнім алу, не
қалыптасқан жағдайды ӛзгерту үшін әр адамның міндеттерін
анықтап, бӛлісіп алады;
Бұлардың барлығы да пайда болған идея, не түпкі ойды
жүзеге асыруға арналған арнайы әрекеттер жасалмаса,
идеядан айырылып қалуы да мүмкін. Кейбір жағдайда бір
идеяны орындамай, келесі идеяға қызығып, соған кӛшіп
кетуі де ғажап емес.
Идеяның жүзеге асырылмауы–оқушылардың түпкі
ойды ұзақ уақыт ұстап тұруға шамасы келмейтіні болуынан
дей аламыз. Мысалы, идеяны іске асыру барысында
кездесетін техникалық қиындықтар оқушылардың ынтасын
басуы, сонымен қатар, сол істен кӛңілдерін қалдыруы да
мүмкін.
Әсіресе мектепке дейінгі жастағы, кіші мектеп
жасындағы оқушылар жобасы орындалмаса оның ешкімге
қажеті
жоқ
іспен
айналысқандық
немесе
уақыт
жоғалтқандық деп түсінбейді. Олардың пайымдауынша,
ойласқан идеяның жүзеге асырылмауы мүмкін емес, тіпті
олар ӛз қолдарынан келмейтін іс болмайды деп санайды.
Әрине, кіші мектеп жасындағылардың кӛптеген жобалары
орындаусыз қалып та жатады, бірақ біз үшін олардың
орындалуына үлкендер күш салуы қажет.
Жобалауда идея мен оның жүзеге асырылуын бірлікте
қарау
-ӛте маңызды нәрсе және осы сапаны жобалау
әрекетінің мәндік негізі деп санауға болады. Оның бірнеше
себептері бар. Мысалы алғанда, жобаның идеясы мен оны
жүзеге асыруда бірлікте қалау жобаның ерекше ӛзіндік
белгісі: жобаны жүзеге асыру барысында екеуінің біреуін
ғана ӛзгертуге болмайды. Олардың ӛзгерістері бірдей болуы
тиіс. Тіпті, бастапқы идея мен оның жүзеге асырылуының
ӛзара тығыз байланысы субьектінің жобалау әрекеті
субьектісінің одан әрі дамуы басталатын нүктені құрайды.
Идеяны орындау қаржы мен құралдарды топтық жұмысты,
229
уақытты басқаруды қажет етеді. Жоба барысында алынған
ӛнім қиялдан туған, орындалмас арман ретінде емес, белгілі
бір ойлау деңгейін талап етеді.
Мысалы, егер ӛнім компьютерлік бағдарламаны
құрастыруды кӛздесе, ол бағдарлама аяғында шынайы
жұмыс ретінде белгілі бір уақытта орындалуы тиіс немесе
мерекеге арналған сценарий де, химиялық тәжірибе де,
ландшафт картасы да белгіленген тәртіппен, белгілі бір
уақыт ішінде даяр болып, іске асыруға тиімді болуы тиіс.
Жобалау тобында креативті адам да, орындаушылар да,
басқарушылар да болуы мүмкін. Жобаның сәттілігі оның
идеясы
мен
мазмұнына
сәйкес
ұйымдастырылуына
байланысты. Жобаның ортақ болуына байланысты ондағы
орындалу әрекеттері де ортақ болуы тиіс. Жоба мен топ
организм ретінде болғандықтан, олардың мазмұны бірге
асырылғаны жӛн, бұл жағдайда адамдар ӛзі үшін
жауапкершілік алуы тиіс.
Жоба және жобалаушылар, бірлігі және идея – оны
орындау бірлігі жүзеге асырылғанда ғана жобалау әрекетінің
тиімділігі артады. Осы бірлікті қатаң сақтау арқылы
жауапкершілік қалыптасады.
Егер жобалауды ӛз бетімен жіберіп, оқушылар
әрекеттері ересектер тарапынан қадағаланбаса, балалар
қиялдау мен шынайылықтың арасын айыра алмай қалуы, тек
қиялға беріліп кетуі мүмкін. Бұл тӛменгі сынып
оқушыларына тән құбылыс. Ӛйткені, балалардың ӛз алдына
белгілі бір мақсат қойып, орындауға күш жұмсауы,
психологтардың айтуынша, негізінен 15 – 16 жастан ғана
басталады.
Осылайша, Жобаның идеясы мен орындалуының
бірлігін түсіне отырып, соған сүйеніп жұмыс істеуді
оқушылар
жобалау
әрекетінің
басталуы
бӛлігінде
қолдарынан келмеуі мүмкін. Педагогтың міндеті–оларды
орындалмайтын қиялдаудан, тек орындаушылық қана
әрекеттерден сақтандырып отыру. Оны белгілі бір пән
шеңберіндегі жобалау (ӛйткені, пән мұғалімі ӛз пәнінің қыр –
сырын жақсы біледі) немесе сабақтан тыс жұмыстарды
жобалау арқылы қалыптастыруға мүмкіндік кӛптеу болады.
Бұған керісінше, пәнаралық жобалауды ұйымдастыру
230
қиынырақ дей аламыз, оның себебі, ондай жобаларда
бірнеше педагогтардың бірлескен әрекеттерінен тұрады,
соған
орай
жобаның
нәтижелі
болуы
қатысушы
педагогтардың ӛзара тіл табыса алуына да байланысты.
Жобаның екі жағын құрайтын жобалау идеясы мен
жоба ӛнімін байланыстыратын тағы бір жері – іс-әрекет
туралы шешім қабылдау барысы. Жобалау мәдениетін
қалыптастырудың және қатысушылардың қабілеттерін
дамытудың басты шараларының бірі – іс-әрекет жасау үшін
шешім қабылдау фактілері. Адамның жобалау туралы шешім
қабылдауының ӛзі оның ӛзіне жауапкершілік алуы, оның
болуы мүмкін қиындықтары мен мәселелерін біле отырып,
оны ӛз мойнына алуы адамның белсенділігін кӛрсетеді және
ол жобалау барысында қалыптасатын жаңа сапаларына негіз
болады.
Мектеп оқушыларының жобалау әрекетін алатын
болсақ, білім беру үдерісінде жүзеге асырылатын
жобалардың
қиындық
туғызбаушылығы
алдын
ала
ойластырылып, жобалауды ұйымдастыруда оқушылар үшін
барлық жағдайлар жасалады. Сондықтан оқушылар үшін
шешім қабылдау үдерісі арнайы ұйымдастырылады. Оны
оқушылардың ӛз таңдауына салып, оларға шешім
қабылдаушылық
немесе
педагогтың
айтқанын
орындаушылық рӛлдерінің бірін таңдауларын ұсынуға да
болады. Қалай болғанда да оқушылар мұғалімдердің
бағалауына, қолдауына, сыныптастарының алдындағы
беделіне немқұрайлы қарай алмайды.
Сондықтан жобалау әрекеті дәстүрлі оқытуды түгелдей
ауыстырады деп айтуға болмайды. Оқушыларға таңдау
мүмкіндігі үнемі беріліп отыруы керек, бұл әсіресе
жасӛспірім шақта, негізгі мектепте үнемі ұйымдастырылған
жӛн.
Бастауыш
мектептердегі
мини–жобалар
баға
қойылмайтын және еркін қатысу жағдайында орындалуы
тиіс. Негізгі мектепте жобалау оқушылардың жетекші
әрекеттері деп есептеліп, білім беру әдісі ретінде оқыту
барысында кеңінен қолданылғаны дұрыс.
Жоба оқушыларға тапсырма ретінде педагог тарапынан
ұсынылғанымен, онда таңдау мүмкіндігі белгілі бір деңгейде
болуы тиіс. Мысалы, оқушылар жобаның күрделілік
231
деңгейін, мерзімін, тапсырмалардың альтернативаларын, т.б
таңдауына болады. Таңдау мүмкіндіктерін педагог ӛзі де
анықтай алады. Әсіресе оқушылар жобаны орындауға
тапсырма алады, бірақ оны қандай пән шеңберінде
орындайды, оған қатысушыларды таңдау қалай жүреді т.б.
Негізгі мектеп оқушылары әртүрлі жастағы балалардан
құрылған топтарды қамтитын үлкен масштабы жобаға да
қатысуға
таңдау
жасай
алады.
Ондай
жұмыстар
педагогтардың бірлескен әрекеттерін, олардың ӛзара
келісімге келе білулерін, жалпы педагогикалық ұжымның
қатысуын қажет етеді, сондай–ақ, жобалау біртұтас білім
беру кеңістігінде орындалатындықтан, оған әкімшілік
міндетті түрде қатысуы қажет.
Достарыңызбен бөлісу: |