237
жоспарланса, 5–6 сыныпта 2 апта айналасында (мысалы, бір
пән кӛлеміндегі шығармашылық тапсырма). Ал, 9 сыныпта –
1 тоқсан, одан да кӛп мерзімдік жобалар ұсынуға болады.
Оқушылардың жоспарлай білу қабілеттерін
дамытылуын неден кӛруге болатынын қарастырайық. Олар:
Шығармашылық тапсырманың, жобаның тематикасы
оны орындау мүмкіндігін
ескере отырып жасалуында;
Оқушы (топ):
-
тақырыпты таңдамас бұрын оның нәтижелерін
дайындайтын
уақытын,
ӛз
мүмкіндіктерін
талдайды;
-
тапсырманы орындау кезеңдерін анықтайды, оның
уақытын, орындаушыларын кӛрсетеді, уақыт
бӛледі;
-
тапсырманың кейбір бӛліктерінен мүмкіндікке
қарай бас тарта алады (мысалы, ресурс жеткіліксіз,
уақыт аз, т.б.);
Осылайша, міндеттерді орындаудан–оның кезеңдерін
жоспарлау, бағдарлама жасау, қолда бар ресурстарды игеру
сияқты жұмыстар жалғастырылады.
Білім беру барысындағы құрылымда оқушылар
тӛмендегі жұмыстарды орындайды:
-
тақырып таңдайды;
-
жұмысты орындау жолдарын таңдайды;
-
жұмыстарды орындаудың бірнеше әрекеттерін
жоспарлайды;
-
жоба ӛнімін жасайды;
-
қорытынды ӛнімнің нәтижелерін кӛрсетудің
түрлерін
анықтайды;
Жобалаудың әрбір кезеңіндегі әрекеттерін оқушылар
ӛздері құруы тиіс, әр кезеңнің басталғанын кӛрсететін белгі
де тұруы керек.
Білім берудің әрбір кезеңіне тән жобалау әрекетінің
ерекшеліктері
бар. Жобаның идеясы мен оны жүзеге
асырудың бірлігі–оның айнымас белгісі, ол–білім беру
жобасына ғана емес, жалпы жобалардың бәріне тән белгі.
Білім берудің үш сатысына да ортақ жобалау қабілеттілігін
қалыптастыру – бұл:
238
-
бастауышта: іс-әрекет амалдарын іздеу, анықтау
(бұл кезеңде жоба идеясы оқушыға емес,
мұғалімге тән);
-
негізгі мектепте: идея мен оны орындаудың
бірлігін қатаң сақтау, орындау туралы шешім
қабылдау, жүзеге асырудың тиімді жолдарын
таңдау, нәтижелік ӛнімді алу және оны
презентациялау;
-
жоғары сыныпта: ӛзінің білім алу траекториясын
жобалау.
Осылайша, бастауышта пайда болып, жинақталған іс-
әрекеттер амалдары негізгі мектепте жобалау әрекетін
ұйымдастыруға негіз болады. Негізгі мектепте оқушылардың
оқу–тәжірибелік жұмысты ӛз бетімен орындау қабілетін
дамыту жобалау кеңістігін құру арқылы жүзеге асырады.
Негізгі мектепте алған жобалауға қабілеттілік жоғары
сыныптардағы оқулықтың ӛзіндік білім алу траекториясын
жасауға, жобалауға мүмкіндік береді. Бастауышта алған
білім нәтижелері негізгі мектепте алатын нәтижелерінің
құралына айналса, бұлар жоғары мектеп нәтижелерін
орындауға құрал болады. Мектептің әр сатысындағы
жүргізілетін осы жұмыстар жобалаудағы сабақтастықты
қамтамасыз етеді. Сонымен қатар, жобалау мектепте
ешуақытта оқу әрекетінен тыс болмайды және ол жалпы
мектепшілік жұмыстарда бӛлек ұйымдастырылмайды,
бірлескен әрекет арқылы орындалады. Бұл жалпы тәрбие
жұмысына тиімді ықпал етеді. Мысалы:
1 – кезең: пәндік білімдер оқу барысында
қалыптасады;
2–кезең: олар оқу жобасының құралына, ресурсына
айналады;
3–кезең: одан жобаны орындау оқушының ӛз бетіндік
оқу – тәжірибелік әрекеттеріне негіз болады;
Осылайша, оқу және жобалау әрекеттерінің ӛзара
байланыс пен бірлесе жүргізуі оқушының ӛз бетімен оқу –
тәжірибелік жұмыстарын ұйымдастыруға, қалыптастыруға
негіз болады.
Білім берудің тұтастығы принципі оқу және жобалау
әрекетінің жоспарланған нәтижесін қамтамасыз етеді. Егер
жобалау оқудан тыс болса білім нәтижелері қалыптасуы
240
барғанда, бұдан бұрын алған білімі жоғары сыныптағы оқу–
тәжірибелік міндеттерді шешудің құралы бола алуы болып
табылады.
Достарыңызбен бөлісу: