C. М. Бахишева Педагогикалық жобалау: теориясы мен технологиясы ОҚулық



жүктеу 2,09 Mb.
Pdf просмотр
бет95/172
Дата04.01.2022
өлшемі2,09 Mb.
#31738
түріОқулық
1   ...   91   92   93   94   95   96   97   98   ...   172
bahisheva-ped-jobalau

 
 
5.  Оқушылардың  жас  ерекшелігіне  сай  жобалауды 
ҧйымдастыру 
 
Мектепте  білім  беру  негізінен  үш  сатыда  жүзеге 
асырылады: 
бастауыш, негізгі және жоғары сатылар
.   Біз 
жоғарыда  білім  беру  тек  нормаланған  білім,  білік, 
дағдылардан  жоғары  тұратын  оқушылардың  белгілі  бір 
қабілеттері  мен  сапаларын  қалыптастыру  екенін  айтып 
кеткен  едік.  Енді  осы  жаңа  сапаларды  жобалау  әрекеті 
арқылы  қалыптастыру  білім  берудің  сатыларында  қалай 
кӛрініс алатынына тоқталамыз. 
Бастауыш  мектепте  оқушыларға  қысқаша  ғана 
тапсырмалар  немесе  шығармашылық  тапсырмаға  ұқсайтын 
микро – жобалар
 беріледі. Шығармашылық деп аталу себебі 
–  жоба  барысында  оқушы  қалыптасқан  әдіспен  орындауын 
қажет етпейтін, дәстүрден тыс, ой–қиялын қозғайтын жағдай 
туғызады.  Бұл  тапсырмалар  жеке  оқушыға,  не  шағын 
топтарға  да  берілуі  мүмкін.  Әрине  микрожобалар  оқу 
әрекетінде түгелдей ӛз бетіндік жұмысты әзірше қамтамасыз 
етпейді,  бірақ  оның  пайда  болуына,  дамуына  ықпал  ете 
бастайтыны  сӛзсіз.  Солай  бола  тұрса  да,  бұл  жағдайда 
дәстүрлі  оқытудағыдай  оқушының  жекелік  ерекшелігі,  ой  – 
қиялы  шектелмейді,  бірін–бірі  тыңдауға,  бірлесіп  оқуға, 
шешім қабылдауға мүмкіндік жасалады. Бастауыш мектепте 
қалыптасқан  ӛзара  қарым–қатынас,  бірін–бірі  тыңдау, 
бірлесіп  оқу,  үйрену  мәдениеті  қалыптасуы,  кейін  негізгі 
мектепте жобалау әрекетін жүргізудің басты құралдары бола 
алады. 
Микрожобаларды 
ұйымдастыру 
оқыту 
ситуациясындағы 
жекелік 
тұрғыны 
жүзеге 
асыруға 


 
235 
мүмкіндік 
береді. 
Педагогикалық 
әдебиеттерде 
жиі 
кездесетін тапсырманы таңдау, жұмыс түрін, топ мүшелерін 
таңдау аз қолданылатыны белгілі. Ал, кішкене ғана, қысқаша 
және  аз  уақытта  орындалатын  тапсырмалар  балалардың 
ӛзіндік ерекшеліктерін, ӛз бетімен жұмыс істеу қабілеттерін 
ашуға мүмкіндік береді. 
Бастауыш  мектепте  жобалау  әрекеттерін  пайдалану 
бала  бойында  жаңа  сапаларды  дамытып  қана  қоймай,  осы 
жаста  ойын  үстінде  дамитын  еркін  ойлау,  ой  белсенділігі, 
елестету  –  қиялдау  қабілеттерінің  сақталуына  оң  әсер  етеді. 
Сондай–ақ,  микрожоба  барысында  олардың  мінез–құлқында 
пайда  болатын  ӛз  әрекетін  ұйымдастыру,  ӛзін-ӛзі  басқара 
білу, 
ӛзгелермен 
санасу 
сияқты 
дағдылары 
да 
қалыптасатыны сӛзсіз. 
Жобалау  әрекетінің 
жасӛспірімдер  үшін  маңыздылығы
 
зор.  Бұл  жобалаудың  басқа  жастағы  балалар  үшін  қажеттігі 
болмайды дегенді білдірмейді. Жасӛспірім шақтағы жобалау 
осы  кезеңдегі  бала  дамуының  психологиялық  және 
әлеуметтік  міндеттеріне  сай  келеді.  Ал,  білім  беру 
міндеттеріне  келетін  болсақ,  жобалау  әрекетін      білім  беру 
нәтижелеріне қол жеткізу құралы ретінде қарастыру қажет. 
Жоғарғы сыныптарда жобалау әрекеті
 оқу барысында 
ӛзінің  мінез–құлқын  реттеу,  ӛзіндік  әрекетін  басқару 
құралына  айналады.  Оқушылар  жобалау  әрекеті  арқылы 
жоғары  сыныпта  ӛзінің  білім  алу  траекториясын  таңдауға 
жауапкершілікпен,  саналы  түрде  келуіне  жағдай  жасайды 
және  ӛзінің  оқу  әрекеттері  мен  әлеуметтік  қызметтерін 
басқаруға қабілеттілігіне айналады. 
Жоғары  сынып  оқушылары  үшін  жобалау  әрекеті 
қызметтік  рӛл  де  атқарады,  яғни  оқушылар  жобаны  жүзеге 
асыруда  қалыптасқан  тәжірибелері  мен  қабілеттерін  оқу 
әрекетінде,  қарым–қатынаста,  ақпаратпен  жұмыс  жасауда, 
мәселені шешуде, шешім қабылдауда пайдалана алады. Бірақ 
бұлар негізінен оқу үдерісінде ғана қолданылады. 
Білім  берудің  тӛмендегі  сипаттамалары  бар  екені 
белгілі, олар: 
-
 
кеңістік пен уақыт ішінде орындалады; 
-
 
коммуникация түрлері арқылы орындалады; 
-
 
бағалау түрлері қолданылады; 


 
236 
Білім  берудің  әрбір  сатысы  белгілі  бір  деңгейде 
аяқталып  отырады.  Мысалы,  бастауыш  мектепті  аяқтауда 
емтихан  тапсырмайды,  келесі  сатыға  ӛтуге  таңдау 
жасалмайды.  Ал  негізгі  және  орта  мектеп  оқушылары  ӛз 
сатысын  аяқтауда  квалификациялық  сынақтан,  емтиханнан 
ӛтуге міндетті. Сондықтан негізгі және орта білім  сатылары 
белгілі  бір  білім  мазмұнын  игере  отырып,  осы  нәтижені 
аяқтауға тиіс болады. 
Бастауыш  мектеп  оқушылары  үшін  жобалау  жұмысын 
сынып  ішінде,  бірнеше  пәндерден  ұйымдастыруға  болады, 
бұл  кеңістік  олар  үшін  әзірге  жеткілікті.  Кейде  мектеп 
ауласы,  мектеп  ішінде  пайдаланылады.  Негізгі  және  орта 
мектептерде білім беру кеңістігі сыныппен де, мектеппен де 
шектелмейді. Олар білім берудің  түрлі бағыттары: қосымша 
білім, ЖОО даярлық, т.б. бағыттарда еркін оқи алады. 
Жобалау логикасында құрастырылған білім беру үдерісі 
оқушыларға оқу–тәжірибелік жұмыста еркіндік береді, бұлар 
әдетте пәндік кеңістіктің аясын кеңітуге жағдай жасайды. 
Дәстүрлі оқытуда класс – бұлжымас оқу бӛлмесі, сабақ 
–  бұлжымас  оқу  түрі,  сондай–ақ,  кабинеттік  жүйе  (химия 
лабораторияларымен,  биология,  ӛсімдіктер,  жануарлар 
әлемімен, физика – лабораториялық құрал - жабдықтарымен) 
пайдаланылады. Бастауышта оқушының барлық іс-әрекеттері 
мұғаліммен  қатынаста  құрылса,  негізгі  және  орта 
мектептерде – пән бойынша оқшаулануы басым, яғни пәндік 
кеңістікте құрылады. 

жүктеу 2,09 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   91   92   93   94   95   96   97   98   ...   172




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау