271-086 «Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беру объектілерін салу және реконструкциялау» бюджеттік бағдарламасы бойынша бөлінген 225 425,0 мың теңге бөлініп, 225 253,4 мың теңге немесе 100% игерілді (171,6 мың теңге үнемделген қаржы).
Бұл қаржылар есебінен, облыстық бюджет есебінен қоса қаржыландырылған «Түркістан қаласындағы тілінде ауыр кемістігі бар балаларға арналған облыстық мамандандырылған мектеп-интернатына 300 орындық мектеп және 300 орындық жатын корпусының құрылысы» нысан пайдалануға тапсырылды.
Сонымен қатар, 16 жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеу жұмыстары жүргізіліп, 10-на мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысы алынды (оның оның ішінде, «ОҚО, Сайрам қосалқы мектеп-интернатына 10 сыныпқа арналған оқу ғимараты, спорт корпусы, акт залының құрылысы» жобасы Шымкент қаласының меншігіне өткізілген). 6 жобаны әзірлеу 2019 жылға өтпелі.
Бюджеттік бағдарламаның тікелей нәтижелеріне толық қол жеткізілді.
Достарыңызбен бөлісу: |