Бюджеттік бағдарлама әкімшісі
«Облыстың құрылыс басқармасы» бойынша
2018 жылғы талдамалы есеп
2018 жылы облыстық құрылыс басқармасы бойынша 17 бюджеттік бағдарламалары арқылы 45 380 651,0 мың теңге жоспарланып, 45 376 951,8 мың теңгесі немесе 100% игерілді. Игерілмеген 3 699,2 мың теңге қаржы келесі себептерге байланысты: 196,0 мың теңге үнемделген қаржы, 500,0 мың теңге мердігермен келісім шарт бұзылуынан, 1 000,0 мың теңге сот шешімімен тоқтатылған, 50,0 мың теңге бір жобаның қаржыландыру көзі өзгеруіне байланысты, 99,0 мың теңге мемлекеттік сатып алу конкурсы қорытындысы шықпауына байланысты, 1 854,2 мың теңге тапсырысшымен жоспардағы қаржы толық төленбеген.
Достарыңызбен бөлісу: |