Bulletin «Филология ғылымдары» сериясы



жүктеу 6,12 Mb.
Pdf просмотр
бет335/361
Дата05.11.2022
өлшемі6,12 Mb.
#38524
1   ...   331   332   333   334   335   336   337   338   ...   361
file20200121044531 (1)

Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Хабаршысы, «Филология ғылымдары» сериясы №4(62) 2017 ж. 
305
қабылдайтын және бекітетін негізгі орган ISO – International Standart Organization (Халықаралық 
Стандарттау Ұйымы). Ол өз қатарына әлемдегі 100-ден аса мемлекеттің ұлттық комитеттерін 
біріктіреді. ISO стандарттар жобасын дайындайтын комитеттер, кішікомитеттер және жұмысшы 
топтарын құрады. Дайындалған жобаларды кейін ISO бекітеді. Ақпараттық технологиялар 
саласындағы стандарттарды ISO мен Халықаралық Электротехникалық Комиссия (International 
Electrotechnical Comission – IEC) құрған ISO/ IEC JTS1 біріккен комитеті қабылдайды. 
Телекоммуникация саласында стандартизациямен айналысатын тағы бір халықаралық орган – ол 
Халықаралық Электр байланысы Одағы (International Telecommunication Union – ITU). Теледидарды 
стандарттаумен ITU-R (R-радио) секторы шұғылданады. 1993 жылға дейін бұл функцияны Радио 
Халықаралық Консультативтік Комитеті (МККР немесе CCIR) атқарып келген. Әртүрлі елдердің 
мамандарының жұмыстарының нәтижесі ITU-RВТ 601 Ұсынымында бекітілген (Ұсынымның 
бұрынғы аталымы – 601 МККР немесе ССIR-601). Аталған құжат 1982 жылы қабылданған және олар 
осы күнге дейін сандық студиялық аппаратураның негізгі параметрлерін анықтайды. Бұл 
жетілдірулер шешілім стандарты мен телевизиялық сигналдардың байланыс каналы арқылы берілу 
принциптеріне қатысты еместігін айту керек.
Сандық телевидениенің дамуының келесі кезеңіне қарапайым телевидение стандарттарында 
қабылданған параметрлерден өзгеше гибридті аналогтық-сандық телевидение жүйелерін құру 
жатады. Осы орайда, телевизиялық стандарттардың өзгеруінің негізгі екі бағытын бөліп айтуға 
болады: бірмезгілде жарықтық және әртүстілік сигналдарды бірдей беруден де оларды бірінен соң 
бірін беру және кадрдағы жолдар саны мен бір жолдағы кескіннің элементтерін көбейту жолдары. 
Екінші бағытты іске асыру – телевидение сигналдар спектрін байланыс каналдары арқылы 
жиіліктерді мүмкін жолдарымен қабылдауға боларлық өріспен оларды беру мүмкіндігін қамтамасыз 
ету үшін әлі де сығымдау қажеттілігімен байланысты болады. 
Сандық телевидениенің дамуының соңғы кезеңі – толық сандық телевизиялық жүйе құру және 
соған толықтай көшу болып табылады. 
Жапония мен Еуропада айқындылығы жоғары телевидениенің (MUSE и HD-MAC) аналогтық-
сандық жүйесі пайда болғаннан кейін 1987 жылы АҚШ-та ұлттық стандарт ретінде бекіту 
мақсатында жоғары шешімі бар телевидение жүйесінің үздік жобасына конкурс жарияланды. 
Алғашқы жылдары бұл конкурсқа түрлі аналогтық жүйелер ұсынылды. Жоғарыда аталған спутник 
арқылы сигналдар беруді қарастыратын гибридті телевизиялық жүйелер көп кешікпей жоспардан 
алынып тасталынды. Бір стандартты канал арқылы екі сигнал – қарапайым теледидар сигналы мен 
белгілі декодерлі қабылдағышта көп жолақта және жеке жолақта таралатын элементтері бар кескін 
алуды қамтамасыз ететін қосымша сигнал беруді қарастыратын аналогиялық жүйелер жобалары да 
бірмезгілде қатар қарастырылуда. 
1990 жылдардан бастап телевидениенің сандық жүйелерінің алғашқы нұсқалары пайда болды. 
Жылдан жылға осындай жобалардың саны артып және олардың сипаттамалары жаңаланып 
отырылды. 1993 жылдың басында соңғы аналогиялық жүйелер жоспардан алынып тасталды. Ал 1993 
жылдың мамыр айында мәні мен маңызы жағынан бір-біріне жақын жобалар ұсынған компания-
лардың төрт тобы бірігіп, бірыңғай жоба ұсынды. Кейін ол жоба АҚШ-тың толық сандық теле-
визиялық жүйесінің стандартының негізін құрады. Сол кезеңде әлі бекітілмеген MPEG-2 стандарты 
бұл жобаның негізі болып қаланды. 
Еуропада 1993 жылы сандық телевизия жүйесінің болашағы мол екені белгілі болғанда DVD 
(Digital Video Broadcfsting – Сандық Бейне Таратылым) жобасы қабылданды. Ол MPEG-2 стандар-
тына негізделді. Бұл жерде ең алдымен қарапайым тәсілдегі телевидение арқылы берілетін бағдар-
ламалар санын едәуір көбейту міндеті қарастырылып, өз шешімін табуда. Себебі, ол өз кезегінде 
коммерциялық тиімділікке ие. Көптеген елдерде ХХІ ғасырдың алғашқы онжылдығында аналогтық 
телевизиялық таратылымдарды тоқтатып, толықтай сандық телевидениеге көшу жоспарланған.
Әлемде сандық телевидениеге көшудің пионері ретінде алдымен Германияны атауға болады. 1996 
жылдың мамыр айында DF 1 компаниясы DVB-S стандартында өз бағдарламасын тұрақты таратуды 
бастады. Ол ел аумағында ақылы бола тұра, Берлинде өткізілген “IFA-97” халықаралық көрмесінің 
негізгі “тұғырнамасына” айналып, әйгілілікке ие болды. Көрмені ұйымдастырушылар өте қарапайым, 
әйтсе де аса көрнекті әдісті ойластырған. Олар телеаппарат антеннасын ойыншық поездың макетіне 
орналастырған. Поезд бортындағы аналогтық және сандық қабылдағыш антенна көрме қабырғасында 
алға және артқа қарай қозғалыс жасап, келушілерді таңдандырған. Шын мәнінде, аналогтық 
жәшіктегі экрандық картинаны қызықтау көрермендер арасында сүреңсіздік тудырса, ал керісінше 



жүктеу 6,12 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   331   332   333   334   335   336   337   338   ...   361




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау