Вестник КазНПУ им. Абая, серия «Филологические науки», №4(62) 2017 г.
278
техника мен шеберліктің пайда болуын; педагогикалық сауаттылық пен білімділікті жатқызады.
Студенттің кәсіби дағдысы оның міндетті пәндерді игеру дәрежесінен де байқалады. Міндетті пәндер
студенттің кәсіби-педагогикалық даярлығын жетілдіруде айрықша орын алады. З.Бейсембаева
әдістеме пәнінің мақсаты «студентті болашақ мамандығына бейімдеу, мектеп зертханасына енгізу,
қазақ тілін оқытуға байланысты практикалық іскерлік пен дағдыны қалыптастыруға негіз болатын
теориялық және практикалық мағлұматтар беру» екенін айта келіп, студенттің «кәсіби-әдістемелік
дайындығы пәннен берілетін
теориялық материалдың көлеміне, мазмұнына, оны игертудің
амалдарына, оқытудың әдістеріне, әдістемелік біліміне, мектепте қазақ тілін оқыту үрдісі туралы
толық мағлұматына» байланысты болатынын атап көрсетеді [2].
Қазіргі ғылымда адамды «тіл – мәдениет – ойлау» үштағанының айналасында қарастыру туралы
зерттеулер көп. Адамның іс-әрекетін, интелектісін бұлай бағалау мұғалімнің кәсіби қабілетін дамыту
мен жетілдіруге басқаша тұрғыдан қарауды қажет етеді. Мұғалімнің кәсіби
құзіреттілігі мен білік-
тілігін анықтау туралы мәселе педагог, психолог, философ, физилогтардың және т.б. арасында пікір
қайшылықтары мен жаңа ойлар тудырды. Тұлғаның кәсіби үдерісі көп жағдайда оның біліктілігімен,
кәсіптік құзіреттілігімен байланыста қарастырыла бастады. В.А. Адольф, Н.В. Кузьмина,
А.К. Маркова, Э.Ф. Зеер, В.А. Сластенин [3], Т.Ф. Лошакова [4] және т.б. ғалым-әдіскерлер педа-
гогикалық зерттеулерінде педагог кадрлардың кәсіби құзіреттілігі туралы мәселеге көп қызы-
ғушылық пайда болғанын айтса, Д.Дьюи, У.Уоллер, М.Мид, К.Юнг, П.Сорокин, Ф.Знанецкий сынды
философтар кәсіби біліктілікті адамның ортаға үйренуіне қажетті әрекеттер түрі ретінде қарастырды.
Олар адамның мамандығы оның белгілі бір нәрсеге деген қызығушылығын тудыратынын, көз-
қарасын қалыптастыратынын, мақсатқа жетуге талпындыратынын, ортақ пікір алмасуға жетелейтінін
дәлелдеді. Д.Л. Томпсон, Д.Пристли кәсіби біліктілікті жүйелі түрде алынған білім мен жоғары
моральдық нормалар мен педагогтік кодекстің нәтижесі ретінде анықтады.
Әлеуметтанушылар кәсіби біліктілікті адамның кәсіби борышы, парызы түрінде айқындайды.
Олар адамның әлеуметтік статусы білімі мен мамандығы және өмір сүру деңгейінің бірлігі арқасында
қалыптасатынынын дәйектейді. И.Н. Шпильриен, С.Г. Геллерштейн, Е.А. Климов және т.б.
психологтар біліктілікті
дара қабілет деп есептеп, оны күнделікті өмірде кездесетін әр түрлі
мәселелерді шешуге көмектесетін іскерлік, қабілет деп таниды.
Білім беру жүйесіндегі өзгерістер мен жаңарулар студенттен кәсіби біліктілігін үнемі көтеруді
талап етеді. Қазіргі білім беру жүйесі өткен тарихымызды сақтайтын, қоғам мен мемлекетті дамыту
мен жаңартуға өзіндік үлес қосатын, өзін-өзі үнемі дамытып, жетілдіріп отыратын маман талап етіп
отырғандықтан, студенттің кәсіби біліктілігін қалыптастыру мен дамытуға ерекше мән беріліп отыр.
Осымен байланысты олардың кәсіби біліктілігін дамыту үшін төмендігідей жұмыстарды жолға
қойған дұрыс болар еді:
зерттеушілік жұмысты жандандыру;
педагогикалық инновацияларды меңгеру;
мұғалімге әр түрлі формада педагогикалық көмек көрсету;
педагогикалық жарыстарды жүйелі ұйымдастыру;
педагогикалық іс-тәжірибелермен алмасу және т.б.
Студенттің кәсіби біліктілігі мен кәсіби құзіреттілігін жетілдіруге, қалыптастыруға көмектесетін –
студенттің өз бетімен істейтін өздік жұмыстары. Өздік жұмыс студенттің шығармашылық қабілетін
шыңдаумен бірге, іскерлік, ізденушілік қасиетін де қалыптастыруға көмектеседі. Өздік жұмыс пәнді
меңгертумен бірге, студентті ғылыми, кәсіби іскерлікке үйретеді. Жауапкершілікті сезіне білуге
жетелейді. Өздігінен, дербес жұмыс істеуге баулиды. Өздік жұмыс
білікті де білгір маман
дайындаудың бір жолы болып табылады. Өздік жұмыстың студенттердің өз бетінше білімін
толықтыруда алатын орнының айрықша екендігін С.И. Архангельский, С.И. Зиновьев, Р.А. Низамов,
Н.Д. Никандров, С.Г. Тәжібаева, Ж.Е. Сәрсекеева, В.А. Сластенин, Х.Сүлейменов және т.б. ғалымдар
өз еңбектерінде сөз еткені мәлім. Олар өздік жұмысты оқу үрдісін ұйымдастырудың басты формасы
ретінде көрсетеді. Яғни өздік жұмыс оқу пәнін тереңдете игертудің, студенттің ойлау әрекетін
дамытудың негізгі құралы болып саналады.
Жоғары оқу орнында өздік жұмыс – студенттің өз белсенділігін көрсете алатын іс-әрекеті. Оның
ұйымдастырылуына қарай студенттің кәсіби дайындығының нәтижесі көрінеді. Студенттің өздік
жұмысы танымдық әрекеттің құралы ретінде тек педагогикалық құбылыс қана емес, сонымен қатар
гносеологиялық, яғни, ішкі мазмұны жағынан студенттің алдына қойған мақсатына жету тәсілі болып
табылатын оқу және ғылыми танымның ерекше бір формасы ретінде саналады [2].
СӨЖ жеке,