Bulletin «Филология ғылымдары» сериясы



жүктеу 6,12 Mb.
Pdf просмотр
бет304/361
Дата05.11.2022
өлшемі6,12 Mb.
#38524
1   ...   300   301   302   303   304   305   306   307   ...   361
file20200121044531 (1)

Түйін сөздер:
тілдік қатынас, жазылым, жазбаша жұмыстар, жаттығу, шығармашылық жазба жұмыстары 
Әлеуметтік қоғамда адамдардың бір-бірімен қарым-қатынасы тілдік қатынас арқылы жүзеге 
асады. Өйткені тіл – адамзаттың бірі-бірімен пікір алмасатын, өзара түсінісетін, ой бөлісетін басты 
құралы. Сол себепті әдіскер-ғалымдар өз зерттеулерінде тілдің қатынас құралы ретіндегі қызметін 
жан-жақты зерттеуде.
Негізінен қарым-қатынастың түрлері өте көп. Ал тілдік қарым-қатынас екі формада жүзеге асады: 
ауызша және жазбаша. Ауызша тілдік қатынас сөйлеу арқылы игерілсе, жазбаша тілдік қатынас жазу 
арқылы жүзеге асады. Тілдің қатысымдық қызметін зерттеген әдіскер-ғалым Ф.Оразбаева қатынас 
теориясына мынадай анықтама береді: «Тілдік қатынас – адамның ойлау, пайымдау, сөйлеу, тыңдау, 
түсіну, айту, пікірлесу, т.б. әрекеттеріне тікелей қатысты құбылыс» [1, 15]. Ғалым тілдік қатынасқа 
сипаттама бере келе, оның әрқайсысын жіктеп көрсетеді. Мәселен, ауызша тілдік қатынас дыбыстық 
қатынас арқылы өрбиді, яғни айту және тыңдау арқылы иегеріледі, ал жазбаша тілдік қатынас 
таңбалық қатынас болып табылады. Ол жазу және оқу арқылы игеріледі. Ауызша қатынаста тілдік 
тұлғалардың естілуі басым түссе, жазбаша қатынаста тілдік тұлғалардың естілуінен гөрі, көзге 
көрінуі басым рөл атқарады. Ғалымның сөзімен айтар болсақ, «Мұндай қарым-қатынас таңбалардың 
жүйесі арқылы іске асады, оны адам өз бетінше өзгерте алмайды. Жазбаша тілдік қатынаста басты 
рөл атқаратын – тілдік тұлғалардың таңбалық көрінісі» [1, 48]. 
Дәстүрлі оқыту жүйесінде тілдік қатынас формалары тек бір жақты ғана қолданылып келді. 
Мәселен, жазбаша тілдік қатынас көп жағдайда оқушы үшін қолданылса, ауызша тілдік қатынас 
көбінесе мұғалімнің іс-әрекетінде ғана жүзеге асырылды. Қазіргі интербелсенді әдістеменің кең етек 
жаюына байланысты тілдік қатынастың осы екі түріне деген көзқарас түбегейлі өзгерді. Оқушы 
мұғаліммен бірлесе келе тілдік қатынастың екі түрінде де оқу үдерісіне белсенді араласа бастады. 
Сол себепті біз өз мақаламызда негізінен қазақ тілі сабақтарында жазылым әрекетін жүзеге асыруға 
қатысты ойымызбен бөлісуді жөн көрдік.
Тілдік қатынас барысында мұғалім де, оқушы да белсенді рөл атқарады. Қарым-қатынасқа түсуші 
субъект+субъект ретінде, екеуі де жазады, дауыстап айтады, естиді, көзімен көреді, естіген нәрсені 
есінде ұзақ сақтайды. Ол туралы Ж.Аймауытовтың мына пікіріне жүгінсек болады: «Бір нәрсе туралы 
адамның саңлау мүшелері жапа тармағай қызмет етсе, соғұрлым ол нәрсені тезірек,нығырақ меңгеріп 
алмақ. Білімнің қиқымы бейне бір суда жүзген жеміс: бес бармақты батырып, шеңгелдемесең, 
уысыңа түк ілінбейді, іліксе де аз келеді. Ендеше, білім алуға қармақты тұс-тұсынан салу керек. Ол 
қармақтар – саңлау мүшелеріміз (көз, құлақ, тіл, мұрын, қол-дене). Балаға сөйлеңіз (тыңдасын), 
жазыңыз (көрсін), айтқызыңыз (тілімен қызмет етсін), жаздырыңыз (қолымен, денесімен істесін). 
Міне, тұс-тұсынан қармақ салған деп осыны айтады. Мүшелері жегілсе, оқушы тез меңгеріп, тоқып 
алады. Сабақ сайын оқушының есінде болатын бір мықты әдісі осы болу керек» [2, 196].


Вестник КазНПУ им. Абая, серия «Филологические науки», №4(62) 2017 г. 
274
Сөйлесім әрекеттерінің ішіндегі ең күрделісі – жазылым. Негізінде жазбаша тілдік қатынас осы 
жазылым әрекеті арқылы туындайды. Ал жазылым әрекетінің басты қызметі – графикалық таңбалар 
арқылы өз ойын қағаз бетіне түсіру және қарым-қатынас орнату. Жазылым әрекеті арқылы 
оқушылардың тілін дамыту қаншалықты күрделі болса, нәтижесі соншалықты жоғары болады. 
Себебі, жазылым әрекеті – тіл дамытудың өзегі. Ал тіл дамыту – мектеп үдерісінде жүйелі түрде 
үнемі жүргізіліп отыратын оқу жұмысы. Жазылым әрекеті арқылы жүргізілетін тіл дамыту 
жұмыстары оқушының білімі мен білігін ғана жетілдіріп қоймайды, сонымен бірге оның өзіндік ой 
қорытуына, сыни тұрғыдан ойлауына, шығармашылық қабілетінің ұшталуына жол ашады. Тіл 
дамыту арқылы жан-жақты жетілген тілдік тұлға қалыптастыруға болады. Бұл туралы А.Бөгенбаева 
былай дейді: «Білім беру үрдісінде тілді дамыту көптеген сыртқы және ішкі факторлардың әсерінен 
болатыны белгілі. Ең маңызды ықпал тілді дамыту ой арқылы жүзеге асады» [3, 43 б.]. Өз зерттеуінде 
Ф.Ш. Оразбаева жазылымға мынадай анықтама береді: «Жазылым – тіл үйретуге қатысты қиын да 
күрделі жұмыс. Жазылым тілдік тұлғалардың графикалық, фонемалық жүйесіне негізделген; 
лингвистикалық, психологиялық, физиологиялық, әдістемелік ерекшеліктерге қатысты тілдік 
материалдың мазмұны мен формасын бірдей қамтитын, адамдардың ұзақ мерзімдегі қарым-
қатынасына мүмкіндік жасайтын күрделі тарихи әрекет. Жазылым біріншіден, әріптің, сөздің 
графикалық таңбасы арқылы іске асады; екіншіден, бұл графикалық таңбалар белгілі бір фонемалық, 
мағыналық қасиетке ие болады, үшіншіден, жазылым құбылысында сөйлесім әрекетінің барлық түрі 
қатысады; төртіншіден, жазу үстінде тіл үйренуші адам сөйлемнің мазмұн-мағынасына ғана емес, 
формасына да көңіл аударуға мәжбүр болады; бесіншіден, жазылым қағаз бетіне тускен материалдың 
түсінікті, жүйелі болуына тікелей байланысты жүзеге асады» [1, 59]. Ғалымның ойын ары қарай 
сабақтар болсақ, жазылым бұл оқушылардың белгілі бір тақырыпты игеру барысында үйлесімді мәтін 
құру үшін көптеген күрделі білік-дағдыларды меңгеруді талап ететін міндеті болып табылады. 
Жалпы жазу – адамзат баласының ойлап тапқан ең ірі әрі маңызды жетістігі. Жазу тілі ауызша 
сөйлеуден кейін шықты. Жазудың құрамына әліпби, графика және орфография енеді. Жазба тілінің 
өзіне ғана тән ерекшеліктері де бар. Бұл туралы Н.Оралбаева былай деп ой қозғайды: «Жазу тілдің 
дыбыстық системасын белгілейді, сол арқылы ол сөз құрамындағы тілдік элементтерді, сөзді 
белгілейді, сөз арқылы сөйлем, абзац, мәтін, шығарма қағаз бетіне түседі. Тілдің сөз құрамындағы 
дыбыстарынан бастап, буын, морфема, сөз, сөйлем, абзац, мәтін сияқты тіл элементтерін жеткізуге 
арналғандықтан, жазуды тілдің көмекші құралы деп санау орынды... Жазу адамның ойды тиянақты 
жеткізуіне, ойланып түзетуіне, толықтыруына мүмкіндік береді [4, 281 б.]. Яғни, әлеуметтік 
қоғамның дамуы үшін жазудың атқаратын қызметі өте зор. Бұдан шығатын қорытынды: қазіргі 
мектептегі білім беру үдерісінде сабақ барысында жазылым әрекеті арқылы жүзеге асырылатын 
жазба жұмыстары оқушының ойын дамытады, өз ойын жеткізуде байланыстырып сөйлеуге 
машықтандырады. Түрлі жазба жұмыстарын орындау барысында оқушының пәнге деген қызы-
ғушылығы артады, жазу дағдысы қалыптасады. Соған сай мұғалім жаңа тақырыпты бекіту кезеңінде 
оқушының сабақ барысында алған мағлұматын одан әрі тереңдету үшін эссе, сурет бойынша әңгіме 
не суреттеме жаздыруына, болмаса аяқталмаған өлең жолдарына ұйқас тауып аяқтауларына 
тапсырма беруіне болады. 
Қазіргі кезде ғалымдар жазбаша жұмыстардың бірнеше түрлерін жіктеп көрсетіп жүр. Олар: 
1.
Жазбаша жаттығу жұмыстары (талдау жаттығулары). 
2.
Жүйелі жазба жұмыстары. 
3.
Жазбаша бақылау жұмыстары.
4.
Диктанттар (жатжазу). 
5.
Жазбаша ойындар. 
6.
Шығармашылық жазба жұмыстары. 
7.
Іс-қағаздардың үлгілері, т.б.
Жазба жұмыстарының бұл түрлері оқушылардың алған теориялық ақпараты мен мағлұматын 
бекіту мақсатында жүргізіледі. Оларды әр тақырыптың мазмұны мен жүйесіне қарай мұғалім өзі 
іріктеп алады. Әсіресе, жазба жұмыстары бұрынғы өтілген грамматикалық материалдарды оқушының 
санасында қайта жаңғырту үшін, өткен тақырыптарды есіне түсіру үшін тиімді қолданылады. 
Берілетін жазба жұмыстарының қай-қайсысы да оқу сыныбының бағдарламасына, сағат санының 
көлеміне, оқушының жас ерекшелігіне сай даярланады. Соған сәйкес сабақ барысында жазылым 
әрекеті арқылы ұйымдастырылатын жазба жұмыстарына мынадай талаптар қойылады: 
1. Сыныпта орындалатын кез келген жазба жұмыстары оқушының жас ерекшелігіне сай болуы қажет. 



жүктеу 6,12 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   300   301   302   303   304   305   306   307   ...   361




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау