Вестник КазНПУ им. Абая, серия «Филологические науки», №4(62) 2017 г.
270
қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламалармен» бекітілді.
Әлем елдерінің техника, ғылым-білім, экономика, бизнестен алға озып кетулерінің бірден бір себебі
– білімге деген көзқарас, талпыныс, қарым-қатынас басқаша болуында. Қазақ даласының ұлы перзенті,
әлемнің екінші ұстазы әл-Фараби 77 тіл білді.
Қостілділік пен үштілділік – Қазақстанға ежелден
белгілі құбылыс. Әлбетте, еліміздегі Қазақстан аумағындағы қостілділік пен үштілділіктің бір
сыңары ертеден келе жатқан қазақ тілі болды. Оның арғы атасы түркі тілдері, оның ішінде қыпшақ
тілі болған. Қазіргі Қазақстан аумағындағы қалалар қай заманда да көптілді болған. Осыдан 10 ғасыр
бұрын М.Қашғари қала тұрғындарының тілі қоспа, тіпті «бұзылған» деп атап көрсеткені белгілі. Сол
бір тозығы жеткен «ұлы дәстүр» біздің заманаымызда дамыған жалғасын табуда
[5, 29].
Десе де «үштілділіктің» идеясы зор болғанымен, оның формасын, жүзеге асыру стратегиясын
жақсылап қарастыру қажет. Бірнеше тілдің бір мемлекетте қатар өмір сүруі тілдік қақтығысты
тудыртпай қоймайды. Тіл
«өз ішінде, өзі үшін» деп
зерттелетін дәуір өтіп, антропоөзекті парадигмаға
сәйкес тіл иесі субьект ретінде қарастырыла бастады. Субьект тілді қолданушы адам болса, адам
санасы қалай өзгерсе, тіл де солай өзгереді деген тұжырымға ғалымдар бірауыздан келісіп отыр.
«Үштілді» мемлекетте өсіп-өркендеуші жас ұрпақтың тілдік санасын қалыптастыру айтарлықтай зор
еңбекті қажет етеді. Тұлға болып жетілудің тетігі туған тілі – қазақ тілінде екендігін жас ұрпақ
жастайынан бойына сіңіріп өсуі қажет.
Елбасының:
«Қазақ тілі үш тілдің біреуі болып қалмайды. Үш тілдің біріншісі, негізгісі, бастысы,
маңыздысы бола береді
» деген ашық пікірін осы «үштілділік» саясатының басты қағидасы етіп
алуымыз керек.
«Мемлекеттік тіл үштұғырдың құрылысында қай жерінен орын алуы тиіс? Жауап
– біреу: ол іргетасын қалауы тиіс. Неге? Біріншіден, мемлекетке үш тіл де керек, бірақ тірегі
мемлекеттік тіл болуы шарт
[5, 26],
–
деген ғалым Б.Хасановтың пікірі өте дұрыс.
Көпұлтты мемлекеттердің қатарында Қазақстан ғана бар емес. Әлем бойынша Америка, Германия,
Франция, Үнді, Ресей және т.б. ірі мемлекеттерді алайық, әр елдің мемлекеттік тілі бар және сол
елдердің азаматтары сол мемлекет бекіткен тілдік заңға бағынады. Сол елдерге көшіп келген
эмигранттар туралы айтпағанда, тұрғылықты халықтың өзі мемлекеттік тілді білмесе, жұмыс түгілі
күнділікті өмір сүрулерінің өзі қиын. АҚШ-ты алайық, 2016 жылғы санақ бойынша мемлекетте 320
млндай адам өмір сүреді және олардың бәрі біркелкі ағылшын тілінде сөйлейді. «Біз
қытайлықтармыз, үндістерміз, африкалықтармыз» деп жатпайды, бірауыздан «америкалықтармыз»
деп зор мақтанышпен айтады. Тіпті ағылшын тілі қос тіл ретінде бекітілген Канада, Ирландияның
өзіңде француз, ирланд тілдеріне америкалық-ағылшын элементтерін қоспауды қадағалау
мақсатында арнайы «тіл полициясы» жұмыс жасап қажет жағдайда шаралар қолданады.
1991 жылы КСРО-дан өз егемендігін дербес алып кеткен, біз тәріздес республикалар – Грузин,
Әзірбайжан, Армения, Латвия, Литва, Түрікменстан, Өзбектсан, Эстония туралы ғаламтордағы
википедия сайтындағы мәліметтер бойынша, мемлекетік тіл деп өз ана тілдері көрсетіліп тұр.
Сонда, «үштілділік» идеясы Қазақстан Республикасының Конститутциясында көрсетілгендей,
Достарыңызбен бөлісу: