Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Хабаршысы, «Филология ғылымдары» сериясы №4(62) 2017 ж.
155
сауатты болған
.
Абыл Өтембет, Қалнияз Шопықұлы,
Ақтан Керейұлы, Нұрым Шаршығұлұлы,
Қашаған Күржіманұлы Аралбай Оңғарбекұлы, Өмір Қараұлы, т.б.
Олар жыраулық мектептің дәстүрінде тәрбиеленіп, тәжірибе жинақтаған. Шығармаларында
әлеуметтік, саяси тақырыптар ел бірлігі, мемлекет тұтастығы туралы ойлар бейнеленеді. Әсіресе, ХІХ
ғасырдағы зар заман бағытының ақындарында ел бірлігі мен елдік сана Ресейдің отарлық саясатымен
қабаттастырыла суреттеледі. Қазақстанға күн санап еніп жатқан сан түрлі жағалықтардың ұлттық
дәстүр мен салт-сананы бұзып жатқанына, мұның ел бүлдіргіштік сипаты әшкерелене айтылады [2, 70].
Жыраулар поэзиясындағы эстетикалақ қуаты айрықшалардың бастысы өмірдің түрлі кезеңдері
жасық шақ пен есею, кемелдену және кәрілік т.б. толғаныстардың табиғат және қоғамдық
құбылыстарымен егізделе жырлануында.
Бұл негізгі жанрлардың бәрінде ұшырасады. Философиялық толғамы айқын толғаулар мен тарихи
уақиғаларды баяндайтын жырларды, өлеңдер мен термелерді атауға болады [3, 238-239]. Жыраулық
өнерде осы жанрлар мен бейнелеу
құралдарының поэтикалық, мазмұндық және тілдік, өрнектері
үздіксіз дамып ұштала түсті.
Бірақ бір өкініштісі шығармалардың жазба нұсқалары жоқ. Тіпті,сауатты, жыраулардың өздері де
туындыларын жазып қалдырмаған. Мұның түрлі себептер болуға тиіс. Мәселен, қолжазбалардың
сақталмауы, жоғалуы тіпті болмауы да мүмкін. Жыраулық поэзия, дәстүр туралы жан-жақты
зерттеулер жасаған ғалымдар аз жазған жоқ.
Сондықтан оларды қайталап жатпай-ақ, тақырыпқа қатысты бірер мәселені ғана шола кетейік.
Жыраулық поэзия дәуірлеп тұрған замандарда толғау, жырларды жазып алуға – қоғамда
қажеттілік болмағандай. Қағазға түсіру дәстүрі оңай тәрізді көрінгенмен болмысы басқа – тынымсыз
еңбекті, ойды қажетсінеді. Суырып салмаға әбден төселген сауатты –
ақын-жыраулар сәтті
шығармаларын елге таратуда шәкірттеріне сенген. Бірақ олардың жырлауында ғана емес, өз
орындауларында да мазмұндық, көркемдік өзгешеліктерді байқаған. Бұл жаңарулар қағазға түскенге
дейін тоқталмаған. Қағазға көшкен туындының көркемдігін жоғалтатыны шындық. Оны бүгінгі
ақындар поэтикасын зерттеушілер де мойындайды. Ендеше, бір шығарманың әлденеше үлгілерін
салыстыруда сол заман ахуалына, стиліне жақындарын таңдап қолданған жөн. Бұл Қалнияз
шығармашылығын зерттеушілер үшін есте болуға тиіс.
М.Әуезов жыраулық өнердің синкретті сипатын айтқанда оның өзгермелі табаиғатын да ескерген
болуы керек: «Бүгінгі қазақ сахнасында Иса әлденеше ғасырларда жинағандай, мәдениет тарихының
әлденеше дәуірлерін бітімдестіргендей.
Мұның арты баяғы кәрі заманнан, саналы толғау иесі жыраудан, ру бәсекесінде ат
жарыстырғандай, сөз жарыстыратын айтыс ақындарынан келе жатқан суырыпсалма. Бүгінгі тұрған
орны – сахна. Айтылып қалған сөздері – әдебиет туындысы. Иса сахнадан үгіт айтады, сын айтады.
Өзі түсінген мөлшерде сұлулықты, жарастықты жырлайды. Өлеңмен күлдіргі қалжың айтады.
Жақсының сарынындай құбылып, бүктетіліп толқын желдірменің әніне қосқанда шалқыған ақындық
сөзін ту ғып ұстап заманды қазып келе жатқан өнер желмаясыны шабысы елестегендей болады.
Бірақ, суырыпсалма өлең көп алдындаақынның өз аузынан сол арада ғана шығып, арнаулы сарын-
ға түсіп, домбырамен бірге қанат қағып алып ұшып келе жатса, ең әуелі
өте әсерлі жарастық, үлкен
әсерлілік сол шабыстың өзінде деп санау керек. Әдебиет, музыка, сахна бәрінің бірдей бас қосатын
жері осы. Адамдағы салтанатты, сымбатты өнердің өзгеге жат, біізге таныс бір алуан түрі, үлгісі осы.
Қолдан жасалмайтын, оңайшылықпен қайта тумайтын сирек өнерді біз, бүгінгі заманның
адамдары, мәдениетті елше қадірлей, бағалай білуіміз керек» [4]. ХҮ ғасырдағы қазақ әдебиеті
туралы біршама деректі мәліметтерді халық әдебиетінің табыстарынан аңғауға болады. Бүкіл
қыпшаққа даңқы жайылған Қодан Тайшы, Сыпыра жырау,
Асан Қайғы, Қазтуған, Доспанбет,
Шалкиіз, Марғасқа, Жиембет, Ақтамберді т.б.кім білмейді. Әсіресе, ауыз әдебиетінде көркемдік
дәрежесі ойдағыдай, тіпті аса жоғары деп те айтуға болады, талай тарихи шығармалар,
эпостық
жырлар, толғаулар дүниеге келді. Әдеби тілдің даму да жоғары деңгейге жетті. Бұл табыстарда
жыраулық әдебиеттің үлесі орасан мол. Орны да бөлек.
Жыраулық әдебиеттен көрінетін басты тақырыптарға тоқталсақ: Алдымен ел алдындағы
әлеуметтік қайшылықтардың сөз болуы. Әр әлеуметтік топ өз идеологиясы үшін күресті. Байлар мен
билер, батырлар мен шешендер т.б. Оларға арналған қошаметшіл, мадақ поэзиясы бірден көзге
түседі. Жыраулық поэзияда бұл аз емес.
Түрлі деңгейдегі қоғамдық тартыстарда жеңіске жеткендердің озбырлық әрекеттері, жеңілгендер-
дің өкініші мен қасіреті – жыраулық поэзияның мақты арқауы. Осы қарама қарсы құбылыстардың