Вестник КазНПУ им. Абая, серия «Филологические науки», №4(62) 2017 г.
158
туралы ойларға батасың. Олардың көбі барған елдердің салт санасын қабылдап, үйленіп, өзге тілде,
сол дәуірлерде басымдық көрсетіп дәстүр қалыптастырған тілдерде шығармалар жазды. Әдебиет
тарихында өзге тілдерде жазып ұлы суреткер атанғандар аз емес, кеткендер аз емес.
Қазақ жыраулары шығармаларының сақталуы, таралуы, үлгілері туралы М.Мағауин бірнеше
пікірлер айтқан: «Қазақ халқының жыры түркілік ортақ эпос құрамынан бөлініп, дербес Орда құрған
хандық заманы төрт ғасырға жуық ұзақ дәуірге созылды», – десе, келесі бір зерттеуінде: «15-17
ғасырларда жасалған әдебиет ел мүддесін, жұрт мұратын бірінші орынға қойды», – дейді [13, 232-
244]. Жалпы жыраулар поэзиясы – қазақ сөз өнерін әлемдік классикалар шоғырына қосты. Біздің
ұлттық рухани қазынамыз жыраулар поэзиясының абызы Асан қайғы толғаулары арқылы қазақ
халқының қалыптасу, хандығының құрылу дәуірінің тарихи белгілерін көрсетеді.
Проф. Б.Кенжебаев Асан шығармалары туралы пікірлерінде «Асан қайғының шығармалары өз
тұсының айнасы. Ол өз дәуіріндегі
қазақ халқының мұңын, тілегін көрсетеді», – деп жазды. Асан
қайғы халықтың бірлігін, мемлекеттің тұтастығын сақтауды жырлаған жырау
.
«Қырында киік
жайылған, Суында балық ойнаған, Жеміңде кеңес құрмадың, Жемнен де елді көшірдің» – деп
жырлануы осыдан.
Қазтуған, Доспанбет, Шалгез, Жиембет, Ақтамберді, Тәтіқара, Үмбетей, Бұқар т.б.
жыраулар
толғауларында қазақтың өріс, мекендері шығармалардың тақырыптық-идеялық көркемдік
өрімдерінің ерекшеліктеріне орай әртүрлі жанрларда, үлгілерде жырланады [14, 71-72].
Жыраулар поэзиясындағы жер-сулар атауларының ішінде Алтын Орда дәуіріндегі қазақтардың
мекен еткен жерлері сағынышпен, қимастық сезімдермен жырланады. Атап айтқанда, Еділ, Жайық,
Сырдария, Қара Ертіс, Азау теңізі, Түркістан, Ташкент қалалары т.б.
Қазақ хандығы кезіндегі жыраулар поэзиясының тақырыптары: халық бірлігі және елдің әскери
қуатын нығайту, ел билеушілер мен батырлардың, билер
мен шешендардің ұлт рухын, намысын
сақтауға, қорғауға бағытталған ірі әрекеттері мен дархан мінездерін мадақтау болды. Олардың өмір
мен болмыс туралы филолсофиялық толғау, жырларында ізгілік пен зұлымдық, жақсылық пен
жамандық, достық пен дұшпандық тәрізді салт-санаға қатысты тақырыптар шендестіріле қозғалады.
Адамгершілікке жат ұнамсыз құбылыс, мінез, әрекеттерді жырлауда жеке бас мүддесінен де ел,
мемлекет, халық мүддесін жоғары қояды.
Жыраулық поэзия ежелгі және жаңа дәуір әдебиетінің арасын жалғастырушы арна болып қана
қойған жоқ, ұлы эпос тудырған ортаның таңғажайып дәстүрін көркем бейнелер арқылы пернелей
жеткізген сырлы әлем еді [15, 6-8].
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
1 Жұмалиев Қ. Қазақ эпосы мен әдебиет тарихының мәселелері. – Т.І. – Орал: Ағартушы, 2010. – 434 б.
2 Омарұлы Б. Зар заман поэзиясы. Генезис, типология, поэтика. – Алматы: Білім, 2000. – 367 б.
3 Байтұрсынов А. Шығармалары. Өлеңдер, аудармалар, зерттеулер. – Алматы: Жазушы, 1989. – 320 б.
4 Әуезов М. Иса туралы // Байзақов И. Екі томдық таңдамалы шығармалар. – Т.2. – Алматы: Жазушы,
1983. – 332 б.
5 Мұқанов С. Қазақтың ХҮІІІ-ХІХ ғасырдағы әдебиетінің тарихынан очерктер. 1-бөлім. – Алматы: Арыс,
2002. – 272 б.
6 Қазақ әдебиетінің тарихы. – 2-кітап. – Т.1. – Алматы, 1964. – 696 б.
7 Тарақты А. Ауызша тарихнама // Қазақ. Жоғары оқу орны студенттеріне арналған оқу құралы. –
Алматы: Білім. – 175 б. Қазақтың ауызша тарихы. – Алматы, 2008. – 560 б.
8 Сыдиқов Қ. Қалнияз Шопықұлы // ХІХ ғасырдағы қазақ ақындары. – Алматы: Ғылым, 1988. – 352 б.
9 Досмұхамедұлы Х. Аламан. – Алматы: Ана тілі, 1991. – 176 б.
10 Сүйіншәлиев Х. Қазақ әдебиетінің тарихы. – Алматы: Санат, 2006. – 904 б.
11 Сыдиықұлы Қ. Өмір өрнектері. Таңдамалы зерттеулері. – Алматы: Арыс, 2006. – 384 б.
12 Нұрдәулетова Б. Көне күннің жыр күмбезі. – Алматы: Жазушы, 2007. – 496 б.
13 Мағауин М. Ғасырлар бедері. – Алматы: Жазушы, 1991. – 432 б.
14 Кенжебаев Б. Түрік қағанатынан бүгінге дейін... – Т.1. – Алматы: Әсем-Систем, 2010. – 344 б.
15 Марғұлан Ә. Ежелгі жыр, аңыздар. Ғылыми зерттеу мақалалар. – Алматы: Жазушы, 1985. – 368 б.
З.К. Бисенгали
1
1
Казахский национальный университет имени аль-Фараби,
г. Алматы, Казахстан
Достарыңызбен бөлісу: