Тәуелсіз қазақстандағы кӛші-қон мәселес және оның Қазіргі таңДАҒы жағдайы



жүктеу 136,07 Kb.
Pdf просмотр
Дата25.11.2017
өлшемі136,07 Kb.
#1768


http://www.enu.kz

 

ТӘУЕЛСІЗ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ КӚШІ-ҚОН МӘСЕЛЕС ЖӘНЕ  ОНЫҢ 



ҚАЗІРГІ ТАҢДАҒЫ ЖАҒДАЙЫ 

 

Тынышбаева А.А- с.ғ.д., профессор 

Айкинбаева Г.К. – п.ғ.к., доцент 

Жандуллаев Ж. - әлеуметтік жұмыс 2 курс магистранты 

Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті 

http://www.enu.kz

 

 

Біз ӛз тарихи отанымызда ежелден бері қоныстанып отырған түп қазық – халықпыз. 

Қазақты  басқа  бір  жермен  немесе  басқа  бір  жат  елмен  этнос  ретінде  байланыстыратын 

ешбір тарихи негіз жоқ. Ал, екінші жағынан, шетелдердегі біздің қандастарымыз қайдан 

шықты, сол елдерге қалай барды деген сауал да біздің әрқайсымызды ойландырса керек. 

Біз  әлі  ӛркениетті  ұлт  ретінде  толық  қалыптасып,  етек-жеңімізді  жиып  үлгерген 

жоқпыз.  Шартараптағы  бауырлардың  басын  қосып,  ата-бабаларымыз  ӛмір  бойы  аңсап 

ӛткен қазақ мемлекетін құрып нығайту – тек зиялылардың ғана емес, барша қазақтардың 

абройлы  да  ардақты  борышы.  Мұндай  күрделі  де  ауқымды,  ұлттық  мән  мағынасы  зор 

үрдіске қалай болса солай қарауға хақымыз жоқ. 

Қоғамдағы  кӛші-қон  үрдісі  аумағындағы  мәселелерді  шешу  мемлекеттік  саясаттың 

басты  бағыттарының  бірі  болып  отыр.  Қазіргі  уақытта  оларға  назардың  күшеюі  сыртқы, 

сондай-ақ ішкі сипаттағы себептермен байланысты. 

Қазақстандағы  20-ғасырдың  90-жылдарындағы  бірден  қиындаған  демографиялық 

жағдай  табиғи  ӛсімнің  тӛмендеуінен,  республикадан  халықтың  белсенді  кӛші-қонуы, 

туудың  тӛмендеуі  және  ӛлімнің  ӛсуінен  кӛрінді.  Соңғы  он  жыл  ішінде  Қазақстан 

халқының  саны  бір  миллионнан  астам  адамға  кеміді.  Сәтсіз  демографиялық  үрдістердің 

ішінде халықтың  кӛші-қоны  ерекше  орын  алады.  Осы  және  тағы  да  басқа  құбылыстарға 

байланысты біздің елімізде қазіргі таңда кӛші-қон мәселесі ӛзектілікке ие болып отыр.  

Бүгінгі таңдағы кӛшіп қону процесі мемлекеттердің, тіпті дүниежүзілік ӛркениеттің 

ӛрлеуіне  әкеледі.  Осы  процестің  жылжуына  1948  жылы  қабылданған  «Адам 

құқықтарының  жалпы  декларациясы»  аса  үлкен  ықпал  етеді.  Себебі,  бір  елдің  ішінде 

немесе мемлекеттер арасында еркін қоныс аудару құқығы адамзат баласының жеңіп алған 

ең  негізгі  құқықтарының  бірі  болып  табылады.  «Адам  құқықтарының  жалпы 

декларациясы»  барлық  мемлекеттер  үшін  заңды  түрде  міндетті  құжат  болмаса  да,  осы 

құқық  туралы  ең  алғаш  айтылған  құжат.  Сӛзіміз  дәлелді  болу  үшін  қабылданған  «Адам 

құқықтарының жалпы декларациясының» 13-бабында былай делінген: 

1.  Әрбір  адамның  еркін  қозғалуына  және  кез  келген  мемлекеттің  негізінде  ӛзіне 

тұрғылықты жер таңдап алуына құқығы бар. 

2.  Әрбір  адамның  кез  келген  мемлекетті,  сонымен  қатар  ӛз  мемлекетін  де,  тастап 

кетуіне және ӛз мемлекетіне қайтып оралуына құқығы бар. 

3.  Қазақстанда  болып  жатқан  ішкі  кӛші-қон  аумағындағы  үрдістердің  ерекшелігі 

әзірге  ғылыми  зерттеулерде,  басылымдарда,  статистикалық  мәліметтерде  тиісті 

бейнесін тапқан жоқ.  

Әлеуметтік  зерттеулер  мен  кӛші-қон  саясаты  бағытындағы  жұмыстар  үлкен 

қажеттілікке ие. Әлеуметтік-экономикалық фактор кӛші-қон кӛңіл күйіне ықпал ететін аса 

маңызды  фактор  болып  табылады.  Жұмыстың  жоқтығы  салдарынан  тұрмыс  деңгейінің 

тӛмендеуі,  тіршілік  етудің  материалдық  бұйымдарының  азаюы  кӛші-қон  шығынына 

айтарлықтай әсер етті. Бұл кӛші-қонды жұмыссыздықтың ӛсуімен салыстыру нәтижесінде 

айқын кӛрінеді. Оның үстіне бұл тәуелділік (біршама кешіктіріліп салыстырылғанда) тура 

бара-бар  дерлік.  Мәселен,  егер  экономикалық  реформалардың  бас  кезінде 

жұмыссыздықтың  секірмелі  ӛсуі  етек  алған  болса,  кӛшіп  кету  де  сонымен  бір  мезгілде 

жүріп жатты. Сонымен бірге 90-жылдардың аяғына қарай жұмыссыздар санының азаюы 

байқала бастаған кезде соған сай кӛшіп кетудің азаюы да байқала бастады. 




http://www.enu.kz

 

Соңғы  жылдары  Қазақстан  еңбек  кӛші-қонының  шығу  елі  дәрежесінен  шетелдік 



жұмыс күші легі белсенді келіп жатқан елдер тобына ӛтті. Негізгі себеп Қазақстанда 2000-

шы  жылдардан  басталған  экономикалық  ӛсу  және  сонымен  байланысты  жұмыс 

орындарының  кӛбеюі,  жалақы  деңгейі  мен  халықтың  табыстарының  ӛсуі  болды.  Ішкі 

еңбек  нарығында  жұмыс  күшінің  тапшылығын  туындататын  тағы  да  бірқатар  себептер 

бар.  еңбекақы  деңгейінің  тӛмен  болуы  себепті  жергілікті  халық  арасында  тӛмен 

біліктілікті  жұмыстарға  сұраныс  жоқ,  мәселен,  ауыл  шаруашылығында,  құрылыста, 

қызмет кӛрсету саласында. Анағұрлым жоғары біліктілікті талап ететін кәсіптерде ӛткен 

ғасырдың  90-шы  жылдарында  экономикалық  дағдарыс  салдарынан  білікті  кадрлар  мен 

арнаулы  білімі  бар  жастардың  кӛптеп  кетуі  орын  алды,  мәселен,  сауда  және  қызмет 

кӛрсету саласына; олардың кӛпшілігі елден жырақ кетті. Сонымен бірге, таяу болашақта 

Қазақстан  ӛткен  ғасырдың  90-шы  жылдары  орын  алған  және  еңбек  нарығына  шығатын 

жас  адамдар  санының  елеулі  тӛмендеуіне  әкеп  соқтыратын  туу  деңгейінің  күрт 

тӛмендеуінің зардаптарына душар болады

3

. Оны тӛменде келтірілген кестеден анағұрлым 



айқын кӛруге болады. 

Елімізде  болып  жатқан  кӛші-қон  процестеріне  айтарлықтай  кӛп  факторлар  әсер 

етеді. Жалпы алғанда, оларды мынадай  негізгі топтарға бӛлуге болады: 

 



саяси; 

 



этномәдени; 

 



әлеуметтік-экономикалық; 

 



табиғи-климаттық, экологиялық

 



ақпараттық-насихаттық. 

Кӛші-қон  процестеріне  осы  факторлар  тобының  әсері  әртүрлі  болды.  Этностың  тиісті 

тобының тұрып жатқан аймағына кӛп нәрсе байланысты болды. Яғни оларға кеңістіктік-

мезгілдік  сипат  тән.  Қоғамды  демократияландырумен,  әртүрлі  саяси  реформалардың 

басталуымен  Қазақстанда  кӛші-қон  процестеріне  саяси  фактор  неғұрлым  күшті  әсер  ете 

бастады. Әртүрлі халықаралық келісімдер, шекараны ашу, еркін келу мен кетуі етек алды, 

аталмыш  мәселенің  мигранттардың  қазақстан  жеріне  қоныстануының  пайда  болуының 

тарихи шеңберін Кесте 1-ден кӛруге болады.  

 

Кесте 1. Қазақстан жерінде қоныстанудың пайда болуының тарихи шеңбері 

Жылдар 

Деректер 

1929 ж  8 - 15 сәуір 

Қазақстанға жоспарлы қоныстандыру жүргізіле бастады. 

1950 ж. 


Кӛші-қон басқармасы құрылды. 

1956 ж. 


Жұмысшыларды жинақтау органдары «Оргнабор» 

Басқармасымен біріктіріледі. 

1992 ж. 

Кӛші-қонның шарықтау шегі. 

1997 ж. 13 желтоқсан  «Тұрғындардың кӛші-қоны туралы» заңы қабылданды. 

2001 - 2002 ж.ж. 

Кӛші-қон саясатының салалық бағдарламасы бекітілді. 

2009 – 2011 ж.ж. 

«Нұрлы кӛш» бағдарламасы 

 

Халықтың  кӛші-қон  белсенділігінің  күшеюіндегі  этномәдени  фактордың  болуы 



бұрын Қазақстанға күштеп кӛшірілген халықтардың тарихи аумақтар  шегінде ұлттардың 

шоғырлануға  ұмтылысымен  негізделген.  Қазіргі  кезеңде  тарихи  отанына  (ең  алдымен 

Германияға,  Израиьге,  Ресейге)  қайта  оралған  кӛшіп  қонушылардың  кӛпшілігінде 

әлеуметтік-мәдени  және  этномәдени  құндылық  басым  және  олар  кӛп  жағдайда 

немістердің, еврейлердің, орыстардың икемділігін білдіреді. 

Бірқатар  жағдайларда  баяғы  жылдардағы  күштеп  кӛшіру  (қырым  татарлары, 

шешендер,  ингуштер  және  басқа  да  халықтар)  салдарымен  байланысты  факторлардың, 

сондай-ақ  тың  игеру,  жаңа  ӛнеркәсіп  құрылыстарының  бой  кӛтеру  жылдарында 

Қазақстанға  жаппай  қоныстандыру  салдарымен  байланысты  факторлардың  әсері  болды. 

Бұдан  басқа  кӛші-қонға  1941  -  1945  жылдардағы  Ұлы  Отан  соғысы  жылдарындағы 




http://www.enu.kz

 

ӛнеркәсіп  объектілері  мен  адамдарды  эвакуациялау  салдарлары  әсер  етті.т  Осы 



халықтардың  ӛзінің  тарихи  отанына  оралғысы  келетін  тілегі  жоғарыда  тізіп  кӛрсетілген 

факторлардың  әсерімен  күшейе  түседі.  Тұрғын  үйдің  болмауынан,  әсіресе  жастар 

арасында,  кӛші-қон  тек  сыртқа  кӛшіп  кету  легі  бӛлігінде  ғана  емес,  ішкі  бӛлігінде  де 

кӛбейді  (қаладан  -    ауылға,  қаладан  –  қалаға  және  т.б).  Халықтың  кӛші-қон  легінің 

жандана  түсуінің  елеулі  факторы  экологиялық  жағдайдың  нашарлауы  болып  табылады. 

Соңғы  жылдарда,  Семей  полигоны  және  Арал  ӛңірі  сияқты  белгілі  экологиялық  апат 

аймақтарынан  басқа,  экологиялық  ӛлшемдері  мүлде  қолайсыз  Батыс  Қазақстандағы 

Капустин  Яр  және  Оңтүстік  Қазақстан  облысындағы  Созақ  полигоны  сияқты  жаңа 

аудандар пайда болды.  

Бұрынғы жылдарда қоршаған ортасы жоғары дәрежеде лас және табиғи климаттық 

жағдайы  ауыр  аймақтарда  жұмыс  істейтіндерді  тұрақтандыратын  жағдай  әлеуметтік 

тәртіппен ӛтемақы тӛлеу болды (жалақыға коэффиценттер мен үстеме ақылар, тұрғын үй 

жағдайынжақсарту, балалар мекемелерімен, санаторий - курорттық емдеумен қамтамасыз 

ету, азық-түлік және ӛнеркәсіп тауарларымен жақсы жабдықтау). Экономикалық дағдарыс 

жағдайында  бұл  ӛтемақы  шаралары  іс  жүзінде  қолданылмай  қалды.  Денсаулық  үшін 

алаңдаушылық  туғызатын  экологиялық  жағдайдың  нашарлауы,  қоршаған  ортаның 

ластану  үрдісі  сақталып  отырған  кезде  «экологиялық  кӛшіп-қонушылар»  пайда  болып 

отыр.  Осындай  лектерді  реттеу  тетігінің  жоқтығы  әлеуметтік  -  экономикалық  сипаттағы 

бірқатар  проблемаларды  туғызады:  жұмысқа  орналастырудағы  қиындық  және  жаңадан 

орналастырылатын жерлерде тұрғын үйдің жетіспеуі. 

Қазақстан Республикасында кӛші - қон процестеріне кең және жүйелі ақпараттық-

насихаттық жұмыстың жеткіліксіздігіне байланысты факторлар елеулі  дәрежеде әсер ете 

бастады. Жария кӛші-қон саласындығы оның түрлері мен нысандары, сондай-ақ жасырын 

кӛші-қонның  салдарлары  туралы  ақпараттың  жоқтығы  соңғы  кезеңде  адамдарды  сату 

оқиғаларына алып келуде. Бірінші кезекте балалар мен әйелдерді.  

Республика ішілік кӛші-қонды бірінші кезекте айқындайтын қосымша факторларға 

Астана  қаласына  мемлекет  астанасын  кӛшіруді,  халықтың  урбанизациясын,  сондай-ақ 

ауыл  шаруашылығындағы  экономиканың  құрылымдық  қайта  құрылуын  жатқызуға 

болады, бұл ауыл халқының ӛнеркәсіп орталықтарына кетуін туғызады.  

Қазақстанда  кӛші-қон  процестерін  реттеудегі  оңды  фактор,  оның  саяси 

тұрақтылығы  болып  табылады.  Қазіргі  кезде  кӛшіп-қонушылардың  тек  қана  саяси 

себептер бойынша елден кету жағдайлары іс жүзінде жоқ. Бүгінде республикадағы саяси 

тұрақтылық елімізден халықтың кӛшіп кетуі азаюының негізгі факторы болып табылады. 

Сонымен  бірге  ТМД  елдері  мен  алыс  шет  елдерде  (Ауғанстан)  шиеленіс  ошақтарының 

болуы,  дүниежүзілік  қауымдастықта  әртүрлі  саяси  және  ұлттық  қақтығыстардың 

туындауы  Қазақстаннан  әлеуетті  кӛшіп  кетушілердің  кӛші-қон  кӛңіл  күйін  айтарлықтай 

бәсеңдетті.  Оның  үстіне,  керісінше,  кейбір  ТМД  аймақтарындағы  саяси  ахуалдың 

тұрақсыздығына  және  ол  жерлерде  шиеленіс  ошақтарының  туындауына  негізделген 

босқындар легі кӛбейді.  

Елімізге  келіп  жатқан  мигранттар  еңбегі  кімге  пайдалы,  кімге  зиянды  деген 

сұраққа жауап іздесек:  

Біріншіден, мигранттар еңбегі Қазақстан кәсіпкерлеріне пайдалы. Дәлелдейік, қазір 

қазақстандықтардың  орташа  жалақысы  36  мың  теңге  екені  ресми  кӛздерден  белгілі.  Ал 

құрлысы  нысандарында  жұмыс  істеп  жүрген  қазақтар  шамамен  50  мыңнан  астам  ақша 

алады.  Міне,  осы  ақшадан  үнемдеп,  пайда  кӛру  үшін  құрылыс  компаниялары    барлық 

қалаларда  дерлік  еңбек  алаңдарында  Ӛзбекстан,  Қырғыстан,  Тәжікстан,  Түркіменстан 

секілді  кӛрші  елдерден  келген  мигранттардың    арзан  жұмысшы  күшін  пайдаланады. 

Естуімізше,  оларға  150  доллар  кӛлемінде  жалақы  беретін  кӛрінеді.  Сонда  пайда  былай 

туындайды; нақты құжатта Қазақстан азаматының аты-жӛні жазылып, оған 50 мың теңге 

еңбекақы шықты, одан міндетті зейнетақы қорына 10 пайызы, табыс салығына 5 пайызы 

аударылды  деген  нақты  құжат  толтырылып,  кӛрсетілген    жолдағы  жұмыс  толық 




http://www.enu.kz

 

орындалады.  Яғни  5  мың  теңге  зейнетақы  қорына,  2,5  мың  теңге  табыс  салығы  үшін 



бюджетке аударылады. Енді жоғарыдағы 50 мыңнан осы 7,5 мыңды алып тастайық. Яғни 

қазақстандыққа  42500  теңге  берілген  болып  шығады.  Ал  оның  орнына  жұмыс    істеп 

жүрген нақты мигрантқа 150 доллар ( 1 доллар= 130теңге) яғни, 19,5 мың теңге еңбекақы 

тӛленеді. Бұл отандық кәсіпкердің, нақтырақ  айтсақ, арзан жұмысшы күшін пайдаланған 

құрлысшы  кәсіпкердің  қалтасына  түсетін  нақты  табыс.    Мінеки,  сонда  қағаз  жүзінде 

жалақы  толық  тӛленген  болып  шығады.  Іс  жүзінде  нақты  қазақстандыққа    берілуге  тиіс 

еңбекақының    жартысынан  астамы  құрылыс  салушы  компания    басшыларының 

қаотасында  қалып  жатады.  Осы  есеп  шығару  жолын  темекі  ӛсірушілерде  де,  тіпті  басқа 

салаларда  да  қолдануға    болады.  Яғни  мигранттарды  жолдаушылар  пайдаға  кенеліп 

жатыр.  Біз  оларды  айыптайық  деп  отырғанымыз    жоқ.  Әрі-беріден  соң  ол  басқа 

қызметтердің  құзырындағы  іс.  Біздің  мақсатымыз  «мигранттардан  пайда  кӛріп  жатқан 

кім?» деген нақты сұраққа нақты жауап беру еді, ол ой орындалды ғой деп ойлаймын.  



Екіншіден, Қазақстанда жұмыс істеу мигранттардың ӛзі мен отбасына да пайдалы. 

Иә, бұл еш қоспасыз ақиқат. Ӛйткені таяу кӛршілерімізде жалақы әлі жүз долларға жете 

қойған  жоқ.  Демек,  бізде  мүлде  аз  деп  саналатын  бұл  сома  қырғыз,  ӛзбек,  түркімен 

ағайындар  үшін  күнкӛріске  еркін  жететін  қазына.  Олар  әсіресе,  қырғыз  бауырлар  бар  - 

жоғы  100  долларға  мықтап  киіне  алады.  Себебі  олар  ДСҰ-ға  баяғыда  ӛткен.  Сондықтан 

импорт тауарлардың бағасы біздегіден онда әлдеқайда арзан. Қазақстанда жаздың жайлы 

6  айында  еңбектеніп,  кӛп  емес  бар-жоғы  100  доллардан  табыс  тапқан  кӛрші 

қандастарымыз  қалған  6  айда  ӛз  елінде  еш  қиналыссыз  күн  кӛре  алады.  Олай  болса, 

мигрант еңбегі арзан да болса, мигранттың ӛзі үшін де кӛп пайда.  

Сонымен бірге, қазіргі уақытта жұмыс күшінің елеулі легі Қазақстанға сырттан 

мыналардың есебінен келуде: 

1.  Қазақстан  мемлекеттік  егемендік  алғанға  дейін  елден  тыс  жерлерде  тұрған  және 

тарихи отанына тұрақты мекендеуге қайта оралған этникалық қазақтар тобындағы 

оралмандардың  (репатрианттардың)  келу  квотасын  анағұрлым  белсенді 

пайдалануы;  

2.  Қазақстан  Республикасында  немесе  Қазақ  Кеңестік  Социалистік  Республикасында 

туған 

немесе 


бұрын 

азаматтығы 

болған 

бұрынғы 


Кеңестер 

Одағы 


республикаларынан  шыққан  түрлі  этникалық  топтар  ӛкілдерінің  және  олардың 

отбасы мүшелерінің тұруға рұқсат және азаматтық алуы; 

3.  шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған жыл сайынғы квотаның біртіндеп кӛбеюі; 

4.  мәртебелері  реттелмеген,  ең  алдымен,  кӛршілес  мемлекеттерден  келетін  еңбек 

мигранттары ағынының ӛсуі.  

Тұтастай алғанда, атап кӛрсетейік, елден әртүрлі этникалық топтардың жаппай ке-

туімен сипатталған ӛткен ғасырдың 90-жылдарымен салыстырғанда, 2004 жылдан бастап 

Қазақстанда  кӛші-қонның  оң  сальдосы  байқалады.  Егер  1999  жылы  елден  басқа  елдерге 

тұрақты тұруға кеткендердің саны 164947 адам болса, 2006 жылы ол 33690 адамға дейін 

азайған. Ӛз кезегінде елге тұрақты мекендеуге келушілердің саны 41320-ден 66371 адамға 

дейін  артқан.  Сонымен  қатар,  2006  жылы  иммигранттар  санының  жартысынан  астамы 

Ӛзбекстанның бұрынғы азаматтары болса, шамамен тӛрттен бірі  – бұрынғы ресейліктер. 

Сондай-ақ, бұрынғы Кеңестер Одағынан емес, ең алдымен Қытай мен Монғолиядан келіп 

жатқан  оралмандардың  (репатрианттардың)  қатары  да  ӛсіп  келеді.  Елге  келіп  жатқан 

кӛші-қон  легінің  негізгі  үлесін  қазақтардың  этникалық  топтары  (2006  жылы  шамамаен 

73%)  құрайды,  кӛршілес  Орталық  Азия  республикаларынан  Қазақстанға  тұрақты 

мекендеуге кӛшіп келуші қырғыздардың, этникалық кәрістер мен басқа да этникалық топ 

ӛкілдері санының кӛбеюі байқалады. 

 Соңғы  кездері  Қазақстанда  миграция  мәселесіне  арналған  кӛптеген  халықаралық  

жиындар  ӛтіп  тұруы  дәстүрге  айналғандай.  «Миграцияға  арналған  Еуразиялық 

парламенттік  форум»,    «Еуропарламеттің  миграцияға  арналған  форумы»,  т.б.  әртүрлі 

конференциялар, дӛңгелек үстелдер мен семинарлар. Бір  жағынан осындай халықаралық 




http://www.enu.kz

 

форумдардың  Қазақстанда  ӛткізіліп    тұрғаны,  бұл  -  біздің  қоғамның  әр  саладағы 



жетістіктерін  халықаралық  қауымдастық    мойындағанының  белгісіндей  болғанымен, 

екінші  жағынан  - Еуропа қауымдастығы ең алдымен осы Орта Азия аймағынан ӛздеріне 

қарай  тӛніп  тұрған  миграция  ағымынан  алаңдайтыны  байқалады.  Тек  былтыр  ғана 

Қазақстанды  транзиттік  ел  түрлі  заңсыз  жолдармен  мигранттарды  ӛткізбек  болған  23 

оқиға тіркеліп, олар бойынша  19 қылмыстық іс қозғалыпты. 

 Қазір  Қазақстан  Орта  Азиядағы  дамыған  елге  айналды.  Мұнда  осы  аймақтағы 

барлық  республикалардан,  тіпті  алыс  шет  елден  де  еңбек  мигтанттары  кӛптеп  келе 

бастады.  Олардың  мұндағы  жұмыстары  ешқандай  заңмен  реттелмегені  әр    түрі 

халықаралық  ұйым ӛкілдерін алаңдататын сияқты. 

Қазақстанда соңғы жылдары мәртебелері реттелмейтін еңбек кӛші-қонының кӛлемі 

айтарлықтай  кӛбейіп  келе  жатқаны  кӛпшілікке  белгілі.  Алайда,  бұрынғы  Кеңестер 

Одағының  бірқатар елдерімен виза режимінің болмауын, экономиканың сауда, құрылыс, 

мейманхана  бизнесі,  кӛлік  сияқты  кейбір  салаларындағы,  бейресми  жұмыспен  қамту 

деңгейінің  жоғары  болуын  қосқанда,  бірқатар  себептерге  байланысты  оның 

Қазақстандағы нақты ауқымын бағалау қиындап отыр. 2006 жылы еңбекші-мигранттарды 

заңдастыру  барысында  тиісті  құжаттарды  толтырмай,  республика  аумағында  еңбек 

қызметін  жүзеге  асырушы  164,5  мың  шетелдік  азаматтар  анықталған

5

.  Шұғыл  деректер 



бойынша  2007  жылдың  соңына  қарай  келген  және  кӛші-қон  полициясы  басқармасында 

тіркелмеген  шетелдік  азаматтардың  саны  47  пайызға  кӛбейген.  Сыртқы  еңбек  кӛші-

қонының негізгі ағындары Қазақстанда визасыз режим қолданылатын кӛршілес Орта Азия 

мемлекеттерінен,  сондай-ақ  Қытайдан  келетіні  байқалады.  Осы  орайда  Қазақстан 

Халықаралық  еңбек  ұйымының    16  құжатына  қосылғанын  айта  кетуіміз  керек.  Бәрі  де 

дұрыс,  ӛркениетті  елдерде  осылай  шешілуі  керек.  Екінші  жағынан  Қазақстанның  ішкі 

миграциясы:  ауылдан  қалаға  шұбұрған  еңбек  мигтанттарын  неге  ойламасқа?!  Керек 

десеңіз, Қазақстандағы барлық мигранттардың 75-80 пайызы осы ауылдан қалаға ағылған 

ӛз  қандастарымыз.  Олардың  кӛбінің  мамандықтары  да  жоқ,  кӛбіне  базарларда, 

құрылыстарда әр түрлі жұмыс істейді. 

Халық кӛші - қонының аса маңызды әлеуметтік экономикалық қызметі – халықтың 

жылжымалылығының  белгілі  бір  деңгейі  мен  оны  аумақтық  бӛлуді  соның  ішінде 

индустриялық  орталықтармен  игеріліп  жатқан  аудандарға  бӛлуді  қамтамасыз  ету.  Бұл 

халықтың кӛші-қоны жұмыс күші анағұрлым толығырақ пайдалануға ӛрістің ӛсуіне әсерін 

тигізеді.  Алайда  халық  кӛші-қонының  салдарлары  қарама-қарсы.  Ол  еңбен  рыногының 

теңгерімділігіне  елеулі  ықпал  жасайды,  халықтың  экономикалық  және  әлеуметтік 

жағдайын  ӛзгертеді,  оқу  және  кәсіптік  даярлықтың  ӛсуімен  халықтың  кӛші-қонына 

қатысатын адамдар қажеттіліктерінің ұлғаюмен қатар жүретін кездері аз емес. Одан бӛлек 

мигранттардың  жаппай  келулері  жұмыссыздықтың  ӛсуінің  әлеуметтік  инфрақұрылымға 

күшті қысым жасаудың себебі болуы мүмкін, сол арқылы халықтың кӛші-қоны байырғы 

тұрғындардың тұрмыс деңгейіне жанама ықпал жасайды. Халықтың кӛші-қоны халықтың 

демографиялық  құрылымына  едәуір  ықпалын  тигізеді.  Әркелкі  масштабтар  мен 

қарқындылық  себебінен  халықтың  кӛші-қонының  шыққан  жердегі  халықтың 

динамикасымен  мигранттардың  қоныстанған  орындарына  бірден  және  ұзақ  мерзімді 

ықпал етулерін ажыратады. Ұзақ мерзімді ықпал ету халықтың кӛші-қонының халықтың 

ұдайы  ӛсіп  -  ӛнуіне  тигізетін  әсеріне  байланысты.  Халықтың  кӛші  -  қонына  негізінен 

еңбекке  қабілетті  жастағы  жұртшылық  әсіресе  жастар  тартылғандықтан  адамдар  саны 

елеулі қосылған аудандарда жас бойынша құрылым қалыптасады, ол жастар топтарының 

үлкен үлесімен сипатталады. 

Кесте 2 


1998-2008 жж. Қазақстан халқының халықаралық көші-қоны 

Жыл 

Барлығы 

Соның ішінде 

ТМД елдері 

ӛзге елдер 



http://www.enu.kz

 

К



ӛші

 -

 қ



он

 

са



ль

дос


ы

 

им



м

игра


нт

та

р 



эмигран

тт

ар



 

им

м



игра

нт

та



р 

эмигран


тт

ар

 



им

м

игра



нт

та

р 



эмигран

тт

ар



 

1998 


- 57686 

170787 


228473  161738 

150781 


9049 

77692 


1999 

-156261 


161499 

317760  148165 

216906 

13334 


100854 

2000 


-219025 

111082 


330107  100075 

229643 


11007 

100464 


2001 

406679 


70389 

477068  63863 

372053 

6526 


105015 

2002 


-238495 

71137 


309632  67861 

208215 


3276 

101417 


2003 

-175538 


53874 

229412  51236 

155672 

2638 


73740 

2004 


-261388 

38067 


299455  35530 

239318 


2537 

60137 


2005 

-203039 


40624 

243663  38340 

193866 

2284 


49797 

2006 


-128355 

37102 


165457  35366 

120724 


1736 

44733 


2007 

-123195 


33621 

156816  31575 

117426 

2046 


39390 

2008 


-94249 

49344 


143593  46044 

102375 


3300 

41218 


 

Кейбір  мәліметтер  бойынша  2004  жылы  Астанада  тұратын  мигранттардың  саны 

170  мыңдай  адам  болған.  Олардың  тек  2,5  мыңдайы  ғана  олармандар,  4  мыңдайы  шет 

елден  келгендер  болса,  163  мыңдайы  ішкі  мигранттар  екен.  Миграция  жӛніндегі 

халықаралық  ұйым  мәліметі  бойынша  Астанадағы  әрбір  бесінші  мигрант  заңсыз  жүрген 

кӛрінеді. 

Қазақстан  Еңбек  және  халықтың  әлеуметтік  қорғау  министрлігі    жылда  зәру 

мамандықтар  бойынша  шет  елдік  жұмысшыларға  белгілі  мӛлшерде  квота  белгілеп 

отырады. Еңбек министрлігінің мәліметі бойынша оның биылғы мӛлшері республикадағы  

еңбекке  жарамды  деген  адамдардың  0,45  пайызы  шамасында,  яғни  35  -  40  мыңдай  адам 

болмақ.  

Еліміз халқының саны азаюының негізгі себебі кӛші-қонның теріс сальдосы болды. 

Халықтың табиғи ӛсімі кӛші-қон ағынымен толығымен жұтылып кетіп отырды. Кӛші-қон 

шығынының  нәтижесінде қоғамның демографиялық тұрақсыздығы күшеюде. Халықтың, 

оның  ішінде  оның  белсенді  бӛлігінің  сан  жағынан  азаюы  орын  алуда.  Кӛші-қон 

шығынына  біздің  еліміздің  әсіресе,  солтүстік,  батыс  және  шығыс  аймақтары  ұшырап 

отыр. 2000 жылы кӛшіп кету шығынының неғұрлым жоғары пайызы Қостанай, Павлодар 

және Қарағанды облыстарында қалыптасты, бұл облыстарда республиканың славян және 

неміс  халқы неғұрлым кӛп шоғырланған. 

Кӛптеген  аймақтарда  жағдайдың  тұрақсыздығы,  әсіресе  ТМД  елдерімен 

мигранттар  үшін  ӛту  базасына  айналатын  Қазақстанның  сыртқы  шекарасының 

«ашықтығы», 

басқа 

шетелдерден 



республикамызға 

ретсіз 


ауысу 

мәселелері 

шетелдіктердің  жаппай  және  бақылаусыз  құйылуына  әкеледі.  Бұл  бағытта  ең  кӛп 

қолайсыздық  туғызатын  Оңтүстік  Шығыс  Азия,  Африка,  Орталық  Шығыс  елдерінен 

ағылатын босқындар екені жасырын емес. 

Сараптау  бағасы  бойынша,  казіргі  таңда  сыртқы  кӛші-қонның  ең  үлкен  теріс  кӛрсеткіші 

Жамбыл,  Оңтүстік  Қазақстан,  Шығыс  Қазақстан  облыстарына  тиесілі  (соның  ішінде 

едәуір бӛлігі Алматы облысында), қоныс аударушылардың кӛпшілігі мұнда заңсыз тұрып 

жатыр.  Заңсыз  қоныстанушылардың  айтарлықтай  бӛлігі  транзитті  қоныс  аударушылар, 

кейбір  қоныс  аударушылар  саяси  немесе  басқа  да  пана  іздеушілер,  босқын  мәртебесін 

алуды  қалайды.  Олардың  Қазақстан  аймағына  ену  және  қоныстану  жағрафиясы  кеңейіп 

келеді. Егер бұрын алыс шет елден келген қоныс аударушылар Алматы маңына орналасса, 

ал қазір олардың үздіксіз қоныс тебулері Қазақстанның басқа да ӛңірлерінде кӛрініс тауып 

отыр.  



http://www.enu.kz

 

Әрине,  республикамыздың  адам  тапшылығын,  демографиялық  дағдарысты 



басынан  ӛткеріп  отырған  шағында  қандай  да  бір  «еркелікті»  болуы  орынсыз.  Бұл  ретте, 

еліміздің орталық аймақтарынан шалғай жатқан кейбір ел сирек қоныстанған аймақтарда 

– бұл мәселе келешекте ел аймағын толық сақтау мәселесінде қиындық туғызары даусыз. 

Бұл  Солтүстік,  Шығыс  және  басқа  кейбір  аудандарда  әлеуметтік-экономикалық 

жандандыру  жӛнінде  арнайы  шара  қолдану  міндетін  жүктейді,  еліміздің  басқа 

аумақтарынан осында кӛшіру арқылы шекараға жақын аймақтарда қоныстанудың маңызы 

зор.  Қоныс  аударушыларды  бұл  аймақтарға  орналастыру  үшін  ынталандыратын 

экономикалық  кӛмек  кӛрсетумен  қамтамасыз  ету  жағдайы  мүмкін  болмаса  да,  шекараға 

жақын аудандарға еріксіз кӛшіп-қонушыларды орналастыру жӛніндегі бағдарлама әзірлеу 

қажет. 


Кӛшіп-қонушыларды  орналастыру  үшін  уақытша  орталықтар  құру,  аймақтың 

санитарлық-эпидемиологиялық жағдайын қорғау жӛнінде шаралар қабылдануда. 

Бірақ  қаражаттың  жетіспушілігінен,  жоғарыда  аталған  облыстардағы  аймақтық 

әкімшіліктердің қызметтес болуға дайын еместігінен және  басқа себептерге байланысты, 

қойылған  мәселелерді  аз-аздан  шешуге  ғана  мүмкіндік  болып  отыр.  Дайындықтың 

жеткіліксіздігінен Қазақстанда босқындарға байланысты 1951 жылғы Конвенция бойынша 

халықаралық міндет елде толық орындалмай отыр: баспана іздеген тұлғаларды қабылдау 

мәселесі  ӛте  баяу  және  кешенді  түрде  шешілмей  келеді.  Республикалық  бюджеттегі 

қаражаттың жеткіліксіздігінен, мемлекеттің 2001-2005 жж. арналған демографиялық даму 

бағдарламасы әрі кетсе тиісті процедураның бір-екі мыңдай-ақ шет ел азаматының босқын 

мәртебесін алуын қамти алады.  

Қазақстан аумағына шет ел жұмыс күшін пайдалануға және тартуға бақылау жасау 

жӛніндегі  жұмыс  барысында  негізінен  Қазақстан  Республикасы  Президентінің 

жарлығымен  бекітілген  шет  ел  жұмысшылары  мен  жұмыс  берушілер  арасындағы  еңбек 

қатынастары  ережесіне  сәйкес  жүргізілетіні  анық.  Шет  ел  жұмысшы  күшін  Қазақстан 

Республикасының  барлық  аймағына  тартудың  шешуші  тәртібі  де  енгізілген,  бірақ  бос 

жұмыс  орнына  Қазақстан  азаматтарын  бірінші  кезекте  қабылдау  құқығы  әлі  күнге  дейін 

баянды  етілмей  отыр.  Шет  елде  Қазақстан  азаматтарын  жұмысқа  орналастыруға 

кӛмектесуді жүзеге асыратын делдал ұйымдардың іс-әрекетіне бақылау жасау керектігі де 

ӛз  ӛзектілігін  жоғалтқан  жоқ.  Қазіргі  таңда  бірқатар  осындай  ұйымдар  қызметтің  осы 

саласымен айналасуға лицензиялар алды. 

1998  жылдан  бері  Қазақстан  аумағына  жұмыс  істеуге  тартылған  шет  ел 

жұмысшылары  мен  мамандарының  саны  айтарлықтай  дамып  келеді,  алдыңғы  жылы  бұл 

кӛрсеткіш  ресми  емес  мәліметтерге  қарағанда  2,2  есеге    артқан.  Шет  ел  жұмыс  күшіне 

деген  сұраныс  еңбек  нарығында  әлі  сақталуда.  Бұл  ең  алдымен  жұмыс  күшінің 

арзандығымен,  ӛндірістің  жекелеген  салаларында  ұлттық  кадрлар  тапшылығы  және 

шетелдіктердің  (кӛбіне  кӛршілес  Ӛзбекстан,  Қырғызстан,  Тәжікстаннан  келген  еңбек 

күші) еңбегіне ақы тӛлеу шығындарының аздығымен түсіндіріледі. 

Алыс 

шет 


елдерде 

Қазақстан 

азаматтарын 

еңбекке 


орналастыруды 

ұйымдастырудың  ауқымы  иланымды.  Бұл  бағытта  Қазақстандағы  еңбек  миграциясының 

кӛші-қон  әулеті  ӛте  мол  болып  отыр  (ресми  емес  мәліметтер  бойынша,  азаматтардың 

кӛпшілігі шет елге жұмыс істеуге баруға ынталы). 

Сыртқы  еңбек  миграциясының  шиеленісу  мәселелеріне  қазіргі кезде,  ең  алдымен, 

жаңа  және  бұрынғы  шет  елдермен  халықаралық  еңбек  күшін  айырбастау  құрылымының 

Қазақстанда  дұрыс  жолға  қойылмауы,  шет  елдердегі  ең  таңдаулы  еңбек  нарығында 

қазақстандықтарға шек қойылуы немесе жол берілмеуі; кӛбіне шет ел жұмысшыларының 

біліктілігінің  тӛмендігі,  шетел  жұмыс  күшіне  тартылған  иновациялық  әулетінің 

нашарлығы жатады. Шет ел жұмысшылары мен мамандарын пайдалану мәселелерін шеше 

отырып,  зәру  кәсіптер  бойынша  жоғары  білікті  мамандарды  тартуға  ұмтылу,  шет  ел 

жұмысшы  күшінің  кәсіби  құрамы  мен  санын  нормалайтын  егжей-тегжейлі  әзірленген 

жүйесін  енгізу  бірінші  кезекте  және  ұзақ  мерзімге  қойылса,мақсатқа  лайық  болар  еді. 



http://www.enu.kz

 

Сондай-ақ  шетелдік  жұмыс  берушілерді  мемлекеттік  органдардың  кӛмегі  арқылы 



Қазақстаннан баратын жұмысшы күшіне қызықтыру дұрыс болар еді.  

Дегенмен, еліміздің жекелеген аймақтарындағы кӛші-қон жүктемелерін анықтауға 

мүмкіндік беретін бірқатар маңызды аспектілерге назар аудару қажет. 

Бүгінгі  таңда  Қазақстанға  қоныс  аударушылар  саны  ресми  түрде  57  мың  965 

адамды құрайды. Кӛбі тіркеуден ӛтпейтін болғандықтан, шындығында бұдан бірнеше есе 

кӛп. Қазақстанда босқындардың саны 1994 жылдан бері ӛзгермегені мәлім. Мәселен, 2001 

-  2002  жж.  Ауғанстандағы  соғыс  әрекеттерінің  әсерінен  және  халықаралық 

байланыстардың  ӛршуіне  байланысты,  олардың  жыл  сайынғы  ӛсуі  рекордтық  дәрежеге 

жетеді деп жорамалданған еді. Бірақ уақыт кӛрсеткендей, мұндай тенденция ақталмады. 

Қадағалауға алынған 1999 - 2002 жылдарда еріксіз қоныс аударушылар тарапынан 

босқындар  деген  мәртебе  алуға  ӛтініш  жасаушылардың  санының  азаюы  –  қауіпті 

қақтығыстардың  ақырындап  бейбіт  ӛмірге  ауысуының  нәтижесі.  Салыстырмалы  түрде 

тыныш  аудандардан  қоныс  аударушылар  ӛмірлері  мен  денсаулықтарына  тікелей  қауіп 

тӛнгендіктен  емес,  әлеуметтік-саяси  және  экономикалық  жағдайлардың  қиындығына, 

адам  құқын  бұзушылыққа,  этникалық  жағдайларға  байланысты  кӛшкендер.  Қазақстан 

іргелес  мемлекеттер  үшін  ӛзіндік  бір  дарбаза  болып  қалыптасуда.  Олар  еліміздің  тӛл 

мәселелерін  шешуге  кедергі  жасамай,  осы  клапан  арқылы  артық  әлеуметтік  қысымды 

шығарды.  Солардың  бірі  –  кӛптеген  азаматтарымыз  еңбегіне  сай  жалақы  ала  алмай 

жүргенде, салыстырмалы арзан жұмысшы күшінің құйылуы. 

Қоныс  аударушыларды  жұмысқа  орналастыруда  да  аз  қиындықтар  туып  жатқан 

жоқ.  Осыған  қарамастан,  республиканың  жергілікті  тұрғындарына  қарағанда,  қоныс 

аударушылардың  ауыл  шаруашылығына  бейімділігі  жоғары.  Қоныс  аударушыларды 

жұмысқа  орналастыруда  еріксіз  қайта  құру  мәселесі  туындап  отыр.  Егер  мигранттардың 

кӛшіп  келгенге  дейін  тек  үштен  бірі  ғана  оймен  істелетін  қызметпен  айналысса,  ал 

Қазақстанда  мұндай  жұмысқа  орналасуға  қоныс  аударушылардың  мүмкіндігі  аз, 

қалғандарының барлығы дерлік дене еңбегімен айналысуға ғана жарамды. 

Шет  елдерге  шығу  үшін  жасалған  жасанды  саяси  тосқауылды  алғаннан  кейін, 

республикадан  тыс  жерлерге  шығу  саны  күрт  ӛсті.  Оның  шарықтау  шегі  1991-1994 

жылдары  Қазақстаннан  480,8  мың  адамның  кӛшуі  болды,  бұл  80-жылдардың  ортасына 

дейінгі жыл сайынғы қоныс аударғандардан үш есе артық болды. 

Кӛшіп  -  қонушылар  ішінде  ӛзге  ұлт  ӛкілдерінен  украиндер,  белорустар,  орыстар, 

немістер  мен  еврейлер  басым  болды.  Сарапшылардың  бағасы  бойынша,  жақын  жылдар 

арасында елдегі кӛшіп-қонушылар масштабы ӛседі деп күтілмейді.  

Алыс шет елдерде қазақ диаспорасының болуы Қазақстандағы кӛші-қон жағдайына 

белгілі  әсерін  тигізеді  деп  күтуге  болмайды.  Тек  Монғолия  мен  Ӛзбекстан  аймағынан 

шығушылардың  белсенділігін  кӛруге  болады.  Бірақ  шет  елдерден  келген,  әсіресе 

ӛркениетті  елдерден  келген  отандастарды  «репатриациялау»  жоспарлары  негізсіз  болып 

табылады.  Еліміздің  қазіргі  заманғы  әлеуметтік-экономикалық  жағдайы  тұрақты  түрде 

дамып  отырғанымен,  экономикаға,  ғылымға,  білім  беруге  инвестициялардың 

жетіспеушілігі,  халық  тіршілігінің  тӛмен  деңгейінің  сақталуы  факт.  Бұл,  сӛзсіз,  қоныс 

аудару  саласындағы,  әсіресе,  жоғары  білікті  мамандардың  Қазақстанда  тұрақтамай  кетуі 

аясындағы  жағдайды  күрделендіре  түсуде.  Дегенмен,  соңғы  жылдардың  бағасы 

кӛрсеткендей,  елге  келушілердің  ішінде  бұрын  оралмандар  басым  болса,  ендігі  жерде 

эмигранттардың,  яғни  кезінде  тарихи  отанына  келіп,  қайта  оралған  ӛзге  ұлт  ӛкілдерінің 

басым болу тенденциясы байқалуда. Сонда да болса, әлі күнге дейін республикада қоныс 

аудару  процесін  басқару  мен  реттеудің  механизмін  қалыптастыру  тәртібі  баяу 

жүргізілуде.  Осы  процестерді  жүзеге  асыру  үшін  құрылған  тиісті  мемлекеттік  және 

үкіметтен  тыс  қызметтердің  құқықтық  негіздерін  қалау  және  оларды  құру  кешіктіріліп 

отырғаны да жасырын емес.  



http://www.enu.kz

 

Сондықтан да елдегі қазіргі күрделі экономикалық және қаржылық жағдай жоғары 



білікті  мамандарды  «уақытша  экспорттық  объекті»  ретінде  және  валюталық  табыс 

табудың кӛзі ретінде қарауға түрткі болуы тиіс.  



        Әдебиет 

1.Жумагулов Ғ.Б., Ахметов А., Ахметова. Әлеуметтік қамсыздандыру құқығы -  Алматы, 

2005. 

2.Жампейісов Д.Ә. Еңбек құқығы және әлеуметтік қамсыздандыру құқығы. - Астана-2007.  



3. Психология социальной работы // Под ред. Гулиной М.А. - СПб.: «Питер», 2002. - 352 с. 

4.Политика  доходов  и  качество  населения/  под  ред.  Н.А.Горелова.-  СПб.:  Питер,  2011.- 

653с. 

5.Справочное  пособие  по  социальной  работе  /  Под  ред.  Панова  А.М.,  Холостовой  Е.И.  – 



М.: Юрист, 1997. 

 

 



 

жүктеу 136,07 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау