Вестник КазНПУ им. Абая, серия «Филологические науки», №4(62) 2017 г.
156
бірінің артына түсе, қуа жырлаушылар табылды. Негізінен туыстық белгілерге, әлеуметтік топтар
мүддесіне орай жырланды [5, 120-123]. Адалдыққа қиянат, наразылық, осы кезден бастап сатира,
мысқыл келді әдебиетке (Шерниязда, т.б.). Бұл мақсат жаңа бейнелеу құралдарын құралдарын әкелді.
Осы бағыттағы көрініп тұрған қайшылықтар қоғамдық сананы қозғады. Авторлық әдебиетті дамы-
туға ықпал еткен кұштердің бірі – фольклор. Фольклор және авторлы әдебиет қоғам қайшылықтарын
көрсетуде, табыстары мен әйгілі тұлғаларды бейнелеуде егіз құбылыс ретінде танылды [6, 37-38].
Қазақ әдебиетіне орта ғасырынан ауызша, жазбаша көркем фабула, қызық сюжет т. б. үлгіде
жеткен шығармалар сол дәуір көркемдік танымынан хабар береді. Әдебиет пен өнердегі ізденістерді,
орныққан үлгілер мен дәстүрді көрсетеді. Оған мұқият үңілу, талдау керек. «Көркемдігі шамалы»
деген астамшыл ұғым бұған келмейді.
Алтын Орда хандарының, рулы ел басқанған билер мен дәулетті жандардың, батырлардың қасын-
да ақылшы, кеңесші ретінде жыраулар болған жүрген. Абылайдың Бұхары сияқты. Көргені көп, біле-
тіні мол жыраулар заманның елеулі уақиғалары мен оның бас қаһармандарын, сан-алуан тарихты
жыр, толғауларға, әңгімелерге қоса жырлаған. Онда тек тарихи уақиғалар ғана емес, әйгілі генеоло-
гиясы мен жалпы қазақ шежіресін те талай мәліметтер кездеседі. Деректі тарих болмағанмен де қа-
зақы ауызша шежіренің маңызды мәліметтер көрінеді [7, 15-16]. Ел ішіндегі ірі дау жанжалдарды ше-
шуде де олардың рөлі аз болмаған. Көбінің құдай берген көріпкелдік қасиеттері де жоғары болған.
Ақылгөй, дара тұлға ретінде жыраулар ел аралық мәселелерді, көрші елдермен қарым-
атынастарлы шешуге де қатысқан. Сауда-саттық жасаушы мемлекеттермен түйінді мәселелерде ақыл,
кеңес беруші ретінде олардың пікірлері мүлде ізсіз басқа кетпеген.
Ел ішіндегі қақтығыстар мен дауларды шешуде әділдігімен халыққа жаққан, жұртқа айрықша
қымбатты болған жыраулар тарихта аз емес. Солардың бірі – Қалнияз жырау [8, 118-27]. Оның
тіршілігі ғана емес, шығармашылығы да Махамбетпен ұқсас. Ол – дүмділер тарпынан қуғын көріп,
қысымға шыдамай елін тастай көшкен көптің бірі емес, Махамбет сынды «аламанға жел берген аса
жұртты меңгерген жырау», романтикалық мінезде қалыптасқан тұлға.
Түрлі жаулармен болған қырғын шайқастарда күтпеген қиындықтарға тап болған бауырларын
жігерлендіріп толғаулар айтқан. «Батырларды жігерлендіріп айтқаны», «Қожалақ батырға айтқаны»,
«Табын Дәуіт батырға айтқаны», «Есен, Сүгір батырларға айтқаны» т.б.
Жыраулар поэзиясы ұлттық болмысымыздың қалыптасуына да ықпал еткен рухани күш болды. Ел
билеушілерді сабырға шақыруда ғана емес, болашақ ұрпақты тәрбиелеуде де орасан зор қызмет атқарған
әлеуметтік топ. Тәрбиелік қуаты мол, әсіресе эстетикалық әсері орасан зор көркем дүниелер қалдырған.
Асқар Егеубайдың жыраулар поэзиясының мәні туралы айтқан мына сөздері осы тақырыпты
зерттеуші ғалымдар үшін қажет-ақ. «Жыраулар толғаған адамгершілік, имандалық, қаһармандық,
жігерлілік һәм жайсаңдық жолда қалыптаса бастаған қазақ ұлысының рухани келбетін кестелеуі тиіс
еді. Сорлай болды да. Қазақ елінің ажары мен жан дүниесі сол шығармаларда жасалды. Білім, білік
ақиқат, тіл, жаратылыс жайлы толғамдар да сол ортада желі тартты. Ежелгі түркі дүниесінің бар
болмысы мен арман-мүддесі бір кезде қазақтың классикалық мәдениеті арқылы жаңғыра көрінді.
Жыраулар дәуірінің ішкі мәніне үңілсек, төрт-бес ғасыр бойына тұтастай құбылыс ретінде дамыған
әлеуетті, әлеуметтік көркемдік ұлы самғау бұрын соңды болмаған еді. Ол поэзияда, елдік құрылыста,
тұрмыса, моральдік һәм рухан мәдениетте бірдей айқын мүсінделді.
Жыраулар поэзиясы дербес мемлекет ретінде өмір сүрген қазақ хандығы атты дәуірдің әдеби
мұрасы».
Тұрмыс-салт-жырлары, жоқтау, ертегі аңыздар т.б. жеке тұлғаларды дәріптеген туындыларда жиі
қолданылады. Осы шығармалардың идеялық-көркемдік мақсаттаны айқындауда маңызы зор. Сол
тәрізіді қиял-ғажайып аңыздар, мифтер мен әпсаналар мен тәмсілдер де шет ел шапқыншылығына
қарсы күрес идеясын қозғап, ерлік, батырлық тақырыптарын дәріптеуде жыраулық поэзия өкілдері
жиі қолданатын тәсілдер. Ерлік пен батырлықты дәріптейтін сюжеттерде қолбасшылыр мен батырлар
дәріптелді. Олардың көркем бейнелері жасалынды. Кейде реалды өмірден алыс тәрізді көрінсе де
көркем мазмұн негізіндегі ірі уақиғалар шындығы бас қаһармандар ерлігі байқалып тұрады. Эпостық
жырларда шығарушы – жыраулардың басты идеялары айқындала түседі [9, 14-15].
ХІХ ғасырдан бастап жыраулар поэзиясының поэтикасы өзгеріске ұшырай бастады. Оның басты
себебі, ауызша әдебиетке біртіндеп ене бастаған жазба әдебиет ықпалы еді [10, 417]. Маңғыстау
түбегінде ақын-жыраулардың ел көңілін аударған шығармалары ХІХ ғасырда қағазға түсе бастады.
Әрине, бәрі емес. Жыраулар поэзиясы туралы деректі пікірлер айтып жүйелі зерттеулер жүргізген
Қ.Сыдиқовтың еңбеген айрықша атауға болады [11, 117-118].
|