Bulletin «Филология ғылымдары» сериясы



жүктеу 6,12 Mb.
Pdf просмотр
бет182/361
Дата05.11.2022
өлшемі6,12 Mb.
#38524
1   ...   178   179   180   181   182   183   184   185   ...   361
file20200121044531 (1)

Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Хабаршысы, «Филология ғылымдары» сериясы №4(62) 2017 ж. 
157
Ақын-жыраулардың шығармаларын бізге жеткізген халық әдебиеті өкілдерін айтай кетсек: Мұрын 
Сеңгірбекұлы, Қарамылтық Қарасай, бұлардың ізбасар шәкірттері: Сүгір, Ұзақбай, Айтқұл, Мұса, 
Дәнебай, Жары Бүркітбай, Қарамылтық Бүркітбай, Қарағұл Қонаршиев, Мұрат Өскінбаев, Жанжігіт, 
Шамғұл, Шәдіман, Құмар, Назарбек, Әлқуат, Қобылаш, Рейім Құрмантайұлы, Қосқұлақ Таңаиар, 
Жақсылық Елеусінов.
Жыраулық дәстүрдің белгілі бір жүйеде жалғастығын тапқанына көз жеткізуге болады. Атақты 
жыраулардың шығармаларын ере жүрген шәкірттері жаттап, көпшілік көңіл аударғандарын елге 
таратқан. Шәкірттердің кейінгі буыны да, 19 ғасыр соңы мен 20 ғасыр басындағы солардан үйренген. 
Ең маңыздысы ұстаздарынан үйренген шығармаларын бұрмаламай, бүлдірмей, негізінен сол 
қалпында жеткізген. Әрине аз-кем өзгеліктердің қосылуы заңды. 
Бүгінгі жоғары мектептерде болашық мамандарды тәжірибеден қалай өткізсе, жыраулық мектеп 
шәкірттері де соған ұқсас өмір тәжірибесін алған. Жыраулар алдымен ұстаздары білетін шығар-
маларды жаттаған, оның пайда болу тарихын, қайда айтылғанын сұрастырған, орындау барысында өз 
стилін қалыптастырған. Бірақ, ұстазының әуенін, мақамын толық сақтаған. Өкінішке орай бұл 
бағытта деректі зерттеулер әзірше көп емес. Бірақ, аса қажетті істі бірі – осы. 
Жыраулық дәстүрдің сөзге емес, өзіне сөзді ерту еркіндігі туралы проф. Б.Нұрдәулетованың 
«Көне күннің жыр күмбезі» кітабындағы пікірінде осы өнер мен шығармашылық шындығын 
көрсететін негізді ойлар бар.Ұстаздан шәкіртке көшетін поэтизмдер онда жалғасын ғана таппайды, 
жедел дамиды да. Жыраулық өнер иелері сөздің дәуірлік, стильдік нормаларына өзінше қарайды, 
бағына бермейді, – деген байымдауларда шығармашылық үрдерісті көрсетіп отыр [12, 414-418]. 
Жыраулық дәстүр – мектеп. Атадан балаға, ғасырдан ғасырға көшетін көркем мазмұн, сөз 
мағынасы мен мәні мақсатты түрде жалғасады. Ең қасиетті байлығымыз осы жалғастық табиғатында. 
Жыраулық дәстүр шығарманың мазмұнын да, көркемдігін де бұзбай жеткізуді қалайды. Жыршы, 
жыраулар адалдығының негізі осында. Алайда шығарманың көркемдік кестесіне белгілі фабула, 
сюжетті дара қабылдаудан пайда болатын аз-кем өзгерістер сөзсіз енеді. Сол арқылы көркем 
шығарма әсері де түрленіп отырады. Дәстүр арқылы жеткен көркем мазмұнды ментальді қабылдау 
жаңаша танымға осылай ұласады. 
Бүгінде жыраулар шығармаларын жариялауда – баспа талабына сай, болмаса құрастырушылар 
мақсатына орай редақция да жүреді. Түсініксіз сөздерді алмастырамыз. Өкінішке орай, мәтінінің 
көркемдік бояуын осылай жоғалтамыз. Соның салдарынан көне дәуірлерден жеткен толғау, 
жырларда түсініксіз, жұмбақ, күмәнді тұстар көбейеді. 
Жыраулар поэзиясы – тәуелсіз өмір сүрген, мінезді, талантты тұлғалардың әдеби мұрасы.
Қалнияз шығармашылығы туған жерінен қуғын көріп, жат елдерге қоныс аударған қазақ жырауы-
ның рухани тірлігін, қайғы-қасіретке толы болмысын, шығармашылық ізденістерін анық көрсетеді. 
Қалнияз Асан ата ізімен жерұйық, тыныш тірлік іздеді. Түркіменстан, Тәжікстан, Өзбекстан, 
Ауғанстанға барды. Тыныш тірлік тапқандай болса да өзге менталитетке: тұмыс пен салт-санаға, әдет 
ғұрыпқа көндіге алмады. Жергілікті бай-дәулеттілерге, жұртты билеген топтарға жақпайтын артық-
кем пікірлер айтты, Өзінің қазақ елі менталитетін мадақтады. Сол үшін жек көрінішті болды, шет-
тетуге ұшырады. Тіпті әлділер тарапынан зорлық та көрді. Шыдай алмай әллі-берлі ауысты, көшті. 
Туған жерін сағынды. Аңсады. Ата жұртын қорғауда қарулас болған қаһарман құрбыларын жырға 
қосты, ерліктерін мадақтады. «Көрмесем, хош болыңдар», «Ерлерді еске алғанда», «Атасам ат 
ұстаған ерлерімді», «Жерінен Ауған, Күләб хат жолдадым», «Аңсаймын аға-жеңге ағайынды», 
«Айтқаным аз да болса есте қалсын», «Қалнияз едім күнінде», «Қош, аман бол, қалған жер» т.б. 
тәрізді толғау-жырлар осындай әуендерге толы. 
Бұл жыраудың күш, қайратының кеміген, қартайған шағы еді.
Қалнияз мұсылманша сауатты болған. Қолымен жазып қалдырған шығармалары жоқ тәрізді. Кім 
білген, бәлкім жазған да шығар, бірақ көшіп-қонып жүрген тірлікте оларды сақтау да оңай емес. 
Олардың тағдыры туралы да не айтуға болар еді.
Ел алдында орындалған шығармалардың бәрі, ең маңыздылары мен мәнділері, көркемдері ел ара-
сына ауызша тарлған. Әні мен орындалу үлгісіне дейін. Бұл шығармалар бізге шәкірттерінің жат-
таулары арқылы келді. Сондықтан, деректі, дәлелді пікір айту қиын. Қолымызға түскендерін тал-
даумен қатар, жоқтарын ел аузындағы мазмұндық аңыздауларға, үзік-үзік шумақтарға үңіле болжау 
арқылы ғана шамалаймыз. Соның өзі аса талантты ақын-жыраудың көркемдік әлемін көрсетеді.
Қалнияз – қазақ жырауларының үлкен бір тобының аса көрнекті өкілі. Оның шығармашылығы мен 
өмірбаны туралы ойланғанда түрлі себептермен ел ауып, шет жерге кеткен талантты қандастарымыз 


Вестник КазНПУ им. Абая, серия «Филологические науки», №4(62) 2017 г. 
158
туралы ойларға батасың. Олардың көбі барған елдердің салт санасын қабылдап, үйленіп, өзге тілде, 
сол дәуірлерде басымдық көрсетіп дәстүр қалыптастырған тілдерде шығармалар жазды. Әдебиет 
тарихында өзге тілдерде жазып ұлы суреткер атанғандар аз емес, кеткендер аз емес. 
Қазақ жыраулары шығармаларының сақталуы, таралуы, үлгілері туралы М.Мағауин бірнеше 
пікірлер айтқан: «Қазақ халқының жыры түркілік ортақ эпос құрамынан бөлініп, дербес Орда құрған 
хандық заманы төрт ғасырға жуық ұзақ дәуірге созылды», – десе, келесі бір зерттеуінде: «15-17 
ғасырларда жасалған әдебиет ел мүддесін, жұрт мұратын бірінші орынға қойды», – дейді [13, 232-
244]. Жалпы жыраулар поэзиясы – қазақ сөз өнерін әлемдік классикалар шоғырына қосты. Біздің 
ұлттық рухани қазынамыз жыраулар поэзиясының абызы Асан қайғы толғаулары арқылы қазақ 
халқының қалыптасу, хандығының құрылу дәуірінің тарихи белгілерін көрсетеді. 
Проф. Б.Кенжебаев Асан шығармалары туралы пікірлерінде «Асан қайғының шығармалары өз 
тұсының айнасы. Ол өз дәуіріндегі қазақ халқының мұңын, тілегін көрсетеді», – деп жазды. Асан 
қайғы халықтың бірлігін, мемлекеттің тұтастығын сақтауды жырлаған жырау

«Қырында киік 
жайылған, Суында балық ойнаған, Жеміңде кеңес құрмадың, Жемнен де елді көшірдің» – деп 
жырлануы осыдан. 
Қазтуған, Доспанбет, Шалгез, Жиембет, Ақтамберді, Тәтіқара, Үмбетей, Бұқар т.б. жыраулар 
толғауларында қазақтың өріс, мекендері шығармалардың тақырыптық-идеялық көркемдік 
өрімдерінің ерекшеліктеріне орай әртүрлі жанрларда, үлгілерде жырланады [14, 71-72]. 
Жыраулар поэзиясындағы жер-сулар атауларының ішінде Алтын Орда дәуіріндегі қазақтардың 
мекен еткен жерлері сағынышпен, қимастық сезімдермен жырланады. Атап айтқанда, Еділ, Жайық, 
Сырдария, Қара Ертіс, Азау теңізі, Түркістан, Ташкент қалалары т.б. 
Қазақ хандығы кезіндегі жыраулар поэзиясының тақырыптары: халық бірлігі және елдің әскери 
қуатын нығайту, ел билеушілер мен батырлардың, билер мен шешендардің ұлт рухын, намысын 
сақтауға, қорғауға бағытталған ірі әрекеттері мен дархан мінездерін мадақтау болды. Олардың өмір 
мен болмыс туралы филолсофиялық толғау, жырларында ізгілік пен зұлымдық, жақсылық пен 
жамандық, достық пен дұшпандық тәрізді салт-санаға қатысты тақырыптар шендестіріле қозғалады. 
Адамгершілікке жат ұнамсыз құбылыс, мінез, әрекеттерді жырлауда жеке бас мүддесінен де ел, 
мемлекет, халық мүддесін жоғары қояды. 
Жыраулық поэзия ежелгі және жаңа дәуір әдебиетінің арасын жалғастырушы арна болып қана 
қойған жоқ, ұлы эпос тудырған ортаның таңғажайып дәстүрін көркем бейнелер арқылы пернелей 
жеткізген сырлы әлем еді [15, 6-8]. 
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі: 
1 Жұмалиев Қ. Қазақ эпосы мен әдебиет тарихының мәселелері. – Т.І. – Орал: Ағартушы, 2010. – 434 б.
2 Омарұлы Б. Зар заман поэзиясы. Генезис, типология, поэтика. – Алматы: Білім, 2000. – 367 б.
3 Байтұрсынов А. Шығармалары. Өлеңдер, аудармалар, зерттеулер. – Алматы: Жазушы, 1989. – 320 б.
4 Әуезов М. Иса туралы // Байзақов И. Екі томдық таңдамалы шығармалар. – Т.2. – Алматы: Жазушы, 
1983. – 332 б.
5 Мұқанов С. Қазақтың ХҮІІІ-ХІХ ғасырдағы әдебиетінің тарихынан очерктер. 1-бөлім. – Алматы: Арыс, 
2002. – 272 б.
6 Қазақ әдебиетінің тарихы. – 2-кітап. – Т.1. – Алматы, 1964. – 696 б.
7 Тарақты А. Ауызша тарихнама // Қазақ. Жоғары оқу орны студенттеріне арналған оқу құралы. – 
Алматы: Білім. – 175 б. Қазақтың ауызша тарихы. – Алматы, 2008. – 560 б. 
8 Сыдиқов Қ. Қалнияз Шопықұлы // ХІХ ғасырдағы қазақ ақындары. – Алматы: Ғылым, 1988. – 352 б.
9 Досмұхамедұлы Х. Аламан. – Алматы: Ана тілі, 1991. – 176 б.
10 Сүйіншәлиев Х. Қазақ әдебиетінің тарихы. – Алматы: Санат, 2006. – 904 б.
11 Сыдиықұлы Қ. Өмір өрнектері. Таңдамалы зерттеулері. – Алматы: Арыс, 2006. – 384 б.
12 Нұрдәулетова Б. Көне күннің жыр күмбезі. – Алматы: Жазушы, 2007. – 496 б.
13 Мағауин М. Ғасырлар бедері. – Алматы: Жазушы, 1991. – 432 б.
14 Кенжебаев Б. Түрік қағанатынан бүгінге дейін... – Т.1. – Алматы: Әсем-Систем, 2010. – 344 б.
15 Марғұлан Ә. Ежелгі жыр, аңыздар. Ғылыми зерттеу мақалалар. – Алматы: Жазушы, 1985. – 368 б.
 
З.К. Бисенгали

1
Казахский национальный университет имени аль-Фараби, 
г. Алматы, Казахстан

жүктеу 6,12 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   178   179   180   181   182   183   184   185   ...   361




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау