Өткізгіш тетіктер – электр, жылу немесе механикалық энергияны өткізу қондырғылары (электр өткізу желілері, трансмиссиялар, құбырлар). Электр желілері бойынша, мысалы электр станциясы бөлу қондырғыларының желісі немесе генератор клемаларынан бөлу қондырғыларына дейін, қабылдау подстанцияларынан және потенциялдардан трансформатор жайына дейін мүліктік объект болып табылады. [10.237 б]
Машиналар мен жабдықтар – күш беретін машиналар және жабдықтар; жұмысшы машиналар және жабдықтар; өлшеу және реттеу аспаптары және қондырғылар мен лабораториялық жабдықтар; әр бір машина, егер ол басқа мүліктік объектінің бөлшегі болмаса, оған кіретін бейімделген құралдарды, соңғы тиісті заттарды, аспаптарды, оршауды, фундаментті қоса алғанда, мүліктік объекті болып саналады. Негізгі құралдардың бұл тобы бес топтан тұрады.;
Достарыңызбен бөлісу: |