2.5 Субьетінің меншікті негізгі құралдарды қайта бағалау және түгендеу
Негізгі құралдарды қайта бағалау барысында негізгі құрал — жабдықтардың нақты бары және құрылымы, олардың нақты қалпына келтіру құны мен тозу дәрежесі туралы дәл де толық мәлімет алынады. Негізгі құралдарды қайта бағалау кәсіпорынға өнімнің өзіндік құнын, рентабельділігін анықтаудың экономикалық тиімді жағдайларын тудырады, сондай - ақ нарықтық қатынастар жағдайында өте маңызды болып табылады. Және ол негізгі құралдарды белсенді түрде жаңартуға қажетті инвестициялық ресурстарды құруға мүмкіндік береді. Негізгі құрал - жабдықтарды қайта бағалау техникалық прогрестің дамуын есепке ала отырып, амортизация нормаларын нақтылауға негіз бола алады, қазіргі заманғы ұдайы өндірісті жетілдіруде қажетті жағдайлар жасап негізгі құрал - жабдықтарды бағалауды реттеу мақсатын және де өнімнің, жұмыстың және қызметтің өзіндік құнындағы амортизация үлесін реттеуді көздейді. [30.137 б]
Негізгі құрал - жабдықтарды қайта бағалауды өткізу үшін мүліктік түгендеудегідей комиссия құралады. Негізгі құралдарды қайта бағалауды өткізудің алдына мүліктік түгендеу жүреді. Негізгі құраладарды бағалауда олардың бастапқы (ағымдағы) құны негізгі мәлімет болып табылады. Қайта бағалау меншік түріне, қызметіне және жүмыс істеу жүйесіне қарамастан барлық кәсіпорындарда жылына бір рет негізгі құралдардың жыл басындағы күйі бойынша жүргізіледі. Қайта бағалау өз меншігінде және ұзақ мерзімге жалға алынған негізгі құрал - жабдықтарға жүргізіледі. Сондай — ақ әлі орнатылмаған, қоймадағы құрал — жабдық, бітпеген күрделі құрылыс қайта бағаланады. Қайта бағалау өнеркәсіптік өнімді шығарушы кәсіпорындардың көтерме бағасына белгіленген салалық индекстер бойынша негізгі құралдардың құнын өсіру коэфиценттері бойынша жүргізіледі. Қазақстан Республикасы үкіметінің тапсыруы бойынша коэффиценттертерді статистика агентігі тағайындайды.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің арнайы қаулысымен кәсіпорындарға негізгі құрал - жабдықтардың белгілі бір түрлеріне, олардың нарықтық құны сараптау қорытындылары және құжаттармен дәлелденген жағдайда негізгі құралдарды индекстеуді олардың бастапқы құнын қайта бағалау жүргізілген күнгі бағаларға тікелей аудару арқылы жүргізу құқығы берілген.
Негізгі құралдарды түгендеу: негізгі құрал - жабдықтардың нақты бар -жоғын аны қтау және олардың сақталуына бақылау жасау мақсатында, субъектілер басшылыққа алынатын нормативтік, заңды және басқа да актілерге сәйкес оқтын - оқтын негізгі құрал - жабдықтарға мүліктік түгендеу жүргізіп отырады.
Негізгі құрал - жабдықтарды түгендеу жылдық қаржылық есептер мен баланстарды жасау алдында, жылына ең аз дегенде 1 рет, қараша айында жүргізіледі. Мүліктік түгендеу міндетіне негізгі құрал - жабдықтардың нақты барлығы, техникалық жағдайы туралы дәл, толық мәліметтерді алу мен қатар бухгалтерлік есепке алу, мәліметтерімен салыстыру да жатады. Негізгі құрал - жабдықтардың нақты бар - жоғы және техникалық жағдайы туралы мәліметтер «Негізгі құрал — жабдықтардды мүліктік түгендеу» тізіміне жазылып, мүліктік түгендеу біткеннен кейін субъектінің бухгалтериясына өткізіледі. [17.57 б]
Есепке алынбаған объектілерді мүліктік тізімдеу кезінде бағалау қазіргі бағалар мен ұдайы өндіріс жағдайларына есепке алып жүргізіледі. Мүліктік түгендеу кезінде анықталған, есепке алынбаған объектілердің қашан алынғанын немесе алынғанның, жұмсалған шығындардың қаржыланданру көздерін мүліктік түгендеу ко миссиясы тауып, оны хаттамада көрсетуі керек.
Негізгі құралдардың есепке алынбаған объектілерінің қалдық құнына 12 «Негізгі құралдар» бөлімінің шоттары 122 - 125 шоттары дебеттеледі де, 722 «Негізгі құралдарды» сатудан түскен табыс шоты кредиттеледі; тозу сомасына 123 -125 шоттары дебеттеледі және 13 «Негізгі құралдардың тозуы» бөліміндегі 131-134 шоттар кредиттеледі.
Негізгі құралдардың құны көтерілген болса - бухгалтерия бұл өзгерістерді тегін алынған сияқты, ал негізгі құралдардың құны төмендегі анықталса есептен шығарылуы сияқты көрсетуі тиіс.(17.98б)
Мүліктік түгендеу комиссиясы кейбір объектілердің күрделі өзгерістерінің есепке алынбауына кінәлілерді анықтап, себептерін табуға тиісті. Мүлікті түгендеу нәтижелері міндетті мүліктік түгендеу аяқталған айдың есебіне жазылуы тиіс. Мұндай түгендеу мәләметтері «Негізгі құрал — жабдықтардың мүліктік түгендеу» нәтижелерінің салыстыру тізімдемелеріне енгізіледі, бірақ тек есепке алынған мәліметтерде алшақтықтар болған кезде.
Артық немесе кем шығуға кінәлілер мен себептер жөніндегі толық мәліметтер келтіріп, болашақта қолайсыз жағдайлардың алдын алу үшін кінәлілерге қолданылған шаралар көрсетілген мүліктік түгендеу коммиссиясының хаттамасы аса маңызды құжат болып табылады. [30.67 б]
Негізгі құрал - жабдықтарды «Облжылукоммунқуат» МКК - ны шілде айында қайта бағалады. Яғни негізгі құралдар бағасын өсіру кезінде оның тозу сомасы, негізгі құралдардың бастапқы құнынан алынап тасталынады [24827384,49 - 8157526,12], ал қалған сомаға (айырмасына) 16669858,67 тг. 122 - 125 шоттар дебеттеледі де, 541 - шот кредиттеледі.
Тозудың үстеме сомасына [8157526,12 тг] 541 шот дебиттеледі де, 131 -134 шоттар кредиттеледі. Негізгі құралдардың ағымдағы құны өсуіне сәйкес тозу сомасының да өсетінін ескерткен жөн. Оны ескермеген жағдайда қалдық құны күрт өсіп, тзу проценті төмендейді (негізгі құралдардың бағасын өсіруде) және керісінше. Негізгі құралдарды арзандатқан кезде қалдық құны азаяды.
Достарыңызбен бөлісу: |