Департамент государственных доходов по Восточно Казахстанской области Комитета государственных доходов Министерства финансов Республики Казахстан, индекс 070000, г



Дата14.11.2018
өлшемі78 Kb.
#19354
түріКонкурс

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті Қазақстан Республикасы барлық мемлекеттік органдары арасындағы «Б» корпусының бос және уақытша бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу үшін ішкі конкурс жариялайды



Құжаттарды қабылдау мерзімі (3 жұмыс күні), ол ішкі конкурс өткізу туралы хабарландыру соңғы жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен есептеледі 2018 жылдың 12 қаңтарынан бастап 2018 жылғы 16 қаңтарды қоса алғанда
индекс 070000, Өскемен қаласы, Пермитина көшесі 27 үй, анықтама телефоны: 8(7232) 24-46-25, 24-48-68, 24-22-84 факс: 8(7232) 24-46-25, 24-22-84, электронды мекенжайы: m.valikhanova@kgd.gov.kz, mvalikhanova@taxeast.mgd.kz
С-О-5 санаты мемлекеттік әкімшілік лауазымы үшін келесі қойылатын талаптар қойылады :

жоғары білім;

мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік;

жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

 Реестрмен мемлекеттік қызмет өтілі бір жарым жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе В-6, С-5, C-O-6, C-R-4, D-5, D-O-6, Е-5, E-R-4, E-G-3 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

Реестрмен осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда екі жарым жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе В-6, С-5, C-O-6, C-R-4, D-5, D-O-6, Е-5, E-R-4, E-G-3 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

Реестрмен В-6, С-5, C-O-6, C-R-4, D-5, D-O-6, Е-5, E-R-4, E-G-3 санаттарынан төмен емес мемлекеттік әкімшілік лауазымдарда немесе "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда немесе Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі бір жарым жылдан кем емес;

      мемлекеттік қызмет өтілі екі жылдан кем емес, оның ішінде орталық немесе облыстық деңгейдегі құқық қорғау органдарының немесе арнайы мемлекеттік органдардың құрамынан төмен емес немесе әскери атағында құрамынан төмен емес Қарулы Күштер әскери басқару органдарының тактикалық деңгейдегі, жергілікті әскери басқару органдарының немесе әскери оқу орындарының лауазымдарында екі жылдан кем емес;

жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;



Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің лауазымдық жалақысы


Санат

Еңбек сіңірген жылдарына байланысты

min

max

C-O-5

83 282

112 430



Бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға конкурс:

1. Жанама салықтарды әкімшілендіру басқармасының үшінші елдердің және Кеден одағының импортын әкімшілендіру бас маманы (уақытша негізгі қызметкердің әлеуметтік демалысы мерзіміне 01.08.2018 жылға дейін) С-О-5 санаты (1 бірлік)

Функционалдык міндеттері: Кеден одағы шеңберінде жанама салықтар бойынша салықтық заңнаманың орындалуына бақылау жүргізу; аумақтық мемлекеттік кірістер органдарының кеден одағы шеңберінде жанама салықтарды әкімшілендіру бойынша жұмысын ұйымдастыру және бақылау-экономикалық жұмысын жүргізу; Кеден одағы елдеріне импортқа ҚҚС түсуінің көбеюіне арналған шараларға қатысу; артық төленген сомалар мен берешектермен жұмыс жасау; Бөлім құзырет шегінде тауарларды импорттау және жанама салықтарды төлеу сұрақтары бойынша өтініштерді қарау; белгіленген есептілігінің, жоғары мемлекеттік кірістер органдарының, ШҚО бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысының және басқа уәкілетті мемлекеттік органдардың тапсырмаларын сапалы жасалып, дұрыс және уақытында тапсырылуын жүзеге асыру; заңды және жеке тұлғалардың үндеулерін мерзімінде және сапалы қаралуын жүзеге асыру; Бөлім құзырына енетін сұрақтар бойынша бұқаралық-түсіндіру жұмысына қатысу; бекітілген учаскеде іс жүргізуіге мемлекеттік тілді сапалы енгізуді жүзеге асыру; Бөлімнің құзырына енетін сұрақтар бойынша ШҚО бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің құрылымдық пен аумақтық бөлімшелеріне әдістемелік және тәжірбиелік көмек көрсету; өзара қарым-қатынаста болуын қамтамасыз ету; Лауазымдық нұсқаулыққа сәйкес басқа функцияларды жүзеге асыру.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

Жоғары экономика және бизнес (экономика, менеджмент, есеп және аудит, қаржы, мемлекеттік және жергілікті басқару, маркетинг, статистика, дүниежүзілік экономика) немесе құқық (заңтану, халықаралық құқық, құқық қорғау қызметі, кеден ісі) саласында.

2. Камералдық бақылау басқармасы №3 камералдық бақылау бөлімінің бас маманы С-О-5 санаты (1 бірлік)

Функционалдык міндеттері: Бөлімге бекітілген төлемдерді әкімшілендіру және бақылау жасау, олар бойынша болжамның орындалмауын талдау, олар бойынша артық төленген сомалармен жұмыс жасау; бюджетке түсімдер резервін анықтау бойынша шараларға қатысу; рейдтік тексеру, хронометраждық тексеру ұйымдастыру мен жүргізілуіне бақылау; белгіленген есептілігінің, жоғары мемлекеттік кірістер органдарының, ШҚО бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысының және басқа уәкілетті мемлекеттік органдардың тапсырмаларын сапалы жасалып, дұрыс және уақытында тапсырылуын жүзеге асыру; заңды және жеке тұлғалардың үндеулерін мерзімінде және сапалы қаралуын жүзеге асыру; бекітілген учаскеде іс жүргізуіге мемлекеттік тілді сапалы енгізуді жүзеге асыру; Бөлімнің құзырына енетін сұрақтар бойынша ШҚО бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің құрылымдық пен аумақтық бөлімшелеріне әдістемелік және тәжірбиелік көмек көрсету; өзара қарым-қатынаста болуын қамтамасыз ету; Лауазымдық нұсқаулыққа сәйкес басқа функцияларды жүзеге асыру.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

Жоғары экономика және бизнес (экономика, менеджмент, есеп және аудит, қаржы, мемлекеттік және жергілікті басқару, маркетинг, статистика, дүниежүзілік экономика) немесе техниалық ғылымдар және технологиялар (басқару және автоматтандыру, ақпараттық жүйелер, есептеу техникасы және бағдарламалық жасақтама, математикалық және компьютерлік үлгілеу) саласында.



3. Аудит басқармасы №4 аудит бөлімінің бас маманы С-О-5 санаты (1 бірлік)

Функционалдык міндеттері: Салық төлеушілерге салықтық тексерулер жүргізу; әкімшілік іс қозғау кезінде әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс жүргізу; салықтық тексеру нәтижесі бойынша хабарламаға түскен шағымды қарауға қатысу және сот органдары мен өзге де мемлекеттік органдары алдында Мемлекеттік кірістер департаментінің мүддесін қорғау; салықтық тексеру нәтижесі бойынша қосымша есептелген сомалар мен әкімшілік айыппұл сомаларының толық және уақытылы өндірілуін қамтамасыз ету; белгіленген есептіліктердің, жоғары тұрған мемлекеттік кірістер органының, ШҚО бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті басшысының және басқа уәкілетті мемлекеттік органдардың тапсырмаларын сапалы жасау, дұрыс және уақытында тапсырылуын қамтамасыз ету; заңды және жеке тұлғалардың үндеулерін уақытылы және сапалы түрде қарауды жүзеге асыру; Бөлім құзырына енетін сұрақтар бойынша бұқаралық-түсіндіру жұмысына қатысу; бекітілген учаскеде іс жүргізуге мемлекеттік тілді сапалы енгізуді жүзеге асыру; Бөлімнің құзырына кіретін сұрақтар бойынша ШҚО бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің құрылымдық және аумақтық басқармаларына әдістемелік және тәжірибелік көмек көрсету; Лауазымдық нұсқаулыққа сәйкес басқа функцияларды жүзеге асыру.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

Жоғары экономика және бизнес (экономика, менеджмент, есеп және аудит, қаржы, мемлекеттік және жергілікті басқару, маркетинг, статистика, дүниежүзілік экономика) саласында.



4. Ұйымдастыру-қаржы басқармасының ұйымдастыру бөлімінің бас маманы, С-О-5 санаты (1 бірлік – тұрақты, 1 бірлік уақытша негізгі қызметкердің әлеуметтік демалысы мерзіміне 16.06.2018ж. дейін).

Функционалдык міндеттері: Белгіленген тәртіп, пен мерзім бойынша Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің, департаменті басшылығының тапсырмаларын орындауды қамтамасыз етеді; белгіленген есептілікті уақытында толтыруды қамтамасыз етеді; кіріс корреспонденциясын бақылауға қоюдың ара қатыстылығын және маңыздылығын анықтайды және оны департаментінің басшылығының қаралуына жедел жеткізілуін қамтамасыз етеді; жедел тіркеу және басшылық пен орындаушыларға және департаменттен уақытында жөнелтуі бойынша жұмысты ұйымдастырады және бақылайды; құжаттармен жұмыс істеуді жетілдіру және құжат айналымын қысқарту жұмыстары бойынша ұсыныстар енгізеді; департаментінің құрылымдық бөлімшелерінде іс-қағаздардың дұрыс ресімдеуі мен қалыптастырылуына бақылау жасайды; департаменттің, басқарманың іс номенклатура жиынтығын қамтамасыз етеді; құжаттардың толтырылуы, қозғалысы және мұрағатқа тапсырылуы және іс-қағаздарды мемлекеттік тілде жүргізуді қамтамасыз ету бойынша жұмыс ұйымдастырады және бақылайды.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары құқық(заңтану, халықаралық құқық, құқық қорғау қызметі, кеден ісі) немесе экономика және бизнес (экономика, менеджмент, есеп және аудит, қаржы, мемлекеттік және жергілікті басқару, маркетинг, статистика, дүниежүзілік экономика) немесе техникалық ғылымдар және технологиялар (құрылыс, көлік құрылысы, техникалық физика) салаларында білімі барларға рұқсат етіледі.

5. Заң басқармасының бас маманы (уақытша негізгі қызметкердің әлеуметтік демалысы мерзіміне 16.10.2019 ж. дейін) С-О-5 санаты, (1 бірлік).

Функционалдык міндеттері: Сот, құқықтық және басқа мемлекеттік органдарында берілген құзіретіне қарай ШҚО бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің және оның аумақтық бөлімшелерінің мүддесін қорғау, ШҚО бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің мүддесінде сот–шағым жұмысын енгізу; Әкімшілік заңнама нормаларын қолданудың дұрыстығын бақылау, белгіленген есептілігінің, жоғары мемелекеттік кірістер органдарының, ШҚО бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысының және басқа уәкілетті мемлекеттік органдардың тапсырмаларының сапалы жасалып, дұрыс және уақытында тапсырылуын жүзеге асыру; заңды және жеке тұлғалардың үндеулерін мерзімінде және сапалы қаралуын жүзеге асыру; Басқарма құзырына енетін сұрақтар бойынша бұқаралық-түсіндіру жұмысына қатысу; бекітілген учаскеде іс жүргізуіге мемлекеттік тілді сапалы енгізуді жүзеге асыру; Басқарманың құзырына енетін сұрақтар бойынша ШҚО бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің құрылымдық және аумақтық бөлімшелеріне әдістемелік және тәжірбиелік көмек көрсету; өзара қарым-қатынаста болуын қамтамасыз ету; Лауазымдық нұсқаулыққа сәйкес басқа функцияларды жүзеге асыру.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары құқық (заңтану, халықаралық құқық, құқық қорғау қызметі, кеден ісі) саласында

6. Талдау және тәуекелдер басқармасының тәуекелдер бөлімінің бас маманы С-О-5 санаты, (1 бірлік).

Функционалдык міндеттері: Тәуекелдермен басқару жүйесін қолданудың мониторингін жүргізу, тәуекел түрлерінің жобаларын дамытуға қатысу, белгіленген нысандар бойынша есептіліктерді Комитетке уақытында табыс ету, бөлім құзыретіне жататын мәселелер бойынша құрылымдық бөлімшелерге әдістемелік және практикалық көмек көрсету, тәуекелдермен басқаруды таңдаулы бақылау шеңберіндегі мәселелер бойынша Департаменттің бөлімшелерімен қарым - қатынасты қамтамасыз ету, Қызметтік нұсқауға сәйкес басқа функцияларды жүзеге асыру.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары экономика және бизнес (экономика, менеджмент, есеп және аудит, қаржы, мемлекеттік және жергілікті басқару, маркетинг, статистика, дүниежүзілік экономика) немесе құқық (заңтану, халықаралық құқық, құқық қорғау қызметі, кеден ісі) саласында.


Құжаттарды қабылдау мерзiмi: құжаттарды қабылдау мерзімі (3 жұмыс күні), ол ішкі конкурс өткізу туралы хабарландыру соңғы жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап есептеледі.

Ішкі конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс өткiзетiн мемлекеттiк органға құжаттарын қолма-қол тәртіпте: Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер дерпартаменті, индекс 070000, Өскемен қаласы, Перимитин көшесі 27 үй, анықтама үшін телефон: 8(7232) 24-46-25. электронды мекен жайы m.valikhanova@kgd.gov.kz, mvalikhanova@taxeast.mgd.kz почта арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына электронды түрде не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады. Құжаттар электронды түрде мемлекеттік органның электрондық почтасы не «Е-gov» электрондық үкімет порталы немесе «е-қызмет» интегралды ақпараттық жүйесі арқылы берілген жағдайда олардың түпнұсқасы әңгімелесу басталғанға дейін екі сағаттан кешіктірілмей беріледі. Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.

Ішкі конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар тізбесі: 2) нысандағы өтініш; 2) тиісті персоналды басқару қызметімен құжаттарды тапсыру күніне дейін күнтізбелік 30 күн ішінде расталған қызметтік тізім. Құжаттардың толық емес пакетін немесе дәйексіз мәліметтерді ұсыну конкурс комиссиясының оларды қараудан бас тартуы үшін негіз болып табылады. Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби деңгейіне және беделіне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралы құжаттардың көшiрмелерi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.

Әңгімелесуді жүргізу уақыты мен орны: Әңгімелесуге жіберілген кандидаттар, оны кандидаттарды әңгімелесу жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап үш жұмыс күн ішінде Өскемен қаласы, Перимитин көшесі 27 үй, мекен-жайы бойынша өтеді.

Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылардың және сарапшылардың қатысуына қатысты ақпарат: Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады. Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның (бұдан әрі – уәкілетті орган) қызметкерлері қатыса алады.

Шағым жасау туралы ақпарат: Конкурс комиссиясының шешімі қабылданған күннен бастап бес жұмыс күн ішінде конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының шешiмiне шағымдана алады

Азаматтар конкурсқа қатысу шығындарын (әңгімелесу өтетiн жерге келу және қайту, тұрғын жай жалдау, тұру, байланыс қызметiнiң барлық түрлерiн пайдалану) өздерiнiң жеке қаражаттары есебiнен жүргiзедi.

Ішкі конкурс Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2017 жылғы 21 ақпандағы № 40 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидалары негізінде жүргізіледі.

«Б» корпусының мемлекеттік
әкімшілік лауазымына
орналасуға конкурс өткізу
қағидаларының 2-қосымшасы
Нысан


__________________________
(мемлекеттік орган)

Өтініш
Мені___________________________________________________________
____________________________________________________________________
_______________________ бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу конкурсына қатысуға жіберуіңізді сұраймын.


«Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидаларының негізгі талаптарымен таныстым, олармен келісемін және орындауға міндеттеме аламын.

Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектілігіне жауап беремін.

Қоса берілген құжаттар:
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________


____________________________________________________________________

____________________________________________________________________

     


Мекен жайы және байланыс телефоны___________________________________
____________________________________________________________________

________                         ____________________________________
  (қолы)                                    (Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда))

«___»_______________ 20 __ ж.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау