ЖОБА
Жәнібек ауданы бойынша сот шешімімен
коммуналдық меншікке түскен болып
танылған иесіз қалдықтарды басқару
қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасының 2007 жылдың 9 қаңтардағы Экологиялық кодексінің 19-1 бабының 3) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабының 1 тармағының 15) тармақшасына сәйкес, аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Жәнібек ауданы бойынша қоса беріліп отырған сот шешімімен коммуналдық меншікке түскен болып танылған иесіз қалдықтарды басқару қағидалары бекітілсін.
2. Жәнібек аудандық мәслихат аппаратының басшысы (Н.Уәлиева) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрайымы Г.Нұрғалиева
Мәслихат хатшысы Т. Кадимов
Жәнібек аудандық мәслихатының
2016 жылғы
№ шешімімен бекітілген
Жәнібек ауданы бойынша сот шешімімен коммуналдық меншікке түсті деп танылған иесіз қауіпті қалдықтарды басқару қағидалары
Жалпы ережелер
1. Осы Сот шешімімен коммуналдық меншікке түсті деп танылған иесіз қауіпті қалдықтарды басқару қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексінің 19-бабының 19-1 бабының 3) тармақшасына сәйкес әзірленді және сот шешiмiмен коммуналдық меншiкке түстi деп танылған иесiз қауiптi қалдықтарды (бұдан әрі – қалдықтар) басқару тәртiбiн айқындайды.
2. Қалдықтарды коммуналдық меншікке беру сот шешімінің негізінде жүзеге асырылады.
3. Қалдықтарды коммуналдық меншікке беру үшін облыстың (республикалық маңызы бар қала, астана) жергілікті атқарушы органымен немесе қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) немесе оның аумақтық бөлімшесі комиссия (бұдан әрі – комиссия) құрады, оның құрамына уәкілетті органның немесе оның аумақтық бөлімшелерінің, жергілікті атқарушы органның, уәкілетті органның ведомстволық бағынысты ұйымының өкілдері (бұдан әрі – ұйым) кіреді.
Комиссия осы Қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша иесіз қауіпті қалдықтарды коммуналдық меншікке беру туралы акт жасайды.
4. Иесіз қауіпті қалдықтарды басқаруды ведомстволық бағынысты ұйым жүзеге асырады.
5. Иесіз қауіпті қалдықтарды басқару – бұл қалдықтарды бағалау, есепке алу, одан әрі пайдалану, сату, кәдеге жарату және жою бойынша қызмет.
6. Сот шешімімен коммуналдық меншікке түсті деп танылған, құрамында жойылуы қиын органикалық ластауыштар бар қалдықтарға халықаралық конвенциялардың ережелері (Қазақстан Республикасының
2007 жылғы 7 маусымдағы № 259 Заңымен ратификацияланған Орнықты органикалық ластағыштар туралы Стокгольм конвенциясы, Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 20 наурыздағы № 239 Заңымен ратификацияланған Халықаралық саудадағы жекелеген қауіпті химиялық заттар мен пестицидтерге қатысты алдын ала негізделген келісім рәсімі туралы Роттердам конвенциясы, Қазақстан Республикасының 2003 жылғы
10 ақпандағы № 389 Заңымен ратификацияланған Қауіпті қалдықтарды трансшекаралық тасымалдауды және оларды аулаққа шығаруды бақылау туралы Базель конвенциясы) қолданылады.
2. Сот шешімімен коммуналдық меншікке түсті деп танылған
иесіз қауіпті қалдықтарды басқару тәртібі
1-параграф. Қалдықтарды есепке алу және бағалау
7. Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы қолданыстағы заңнамасына сәйкес ұйым дербес немесе қоршаған ортаны қорғау саласындағы жұмыстарды орындауға және қызметтерді көрсетуге лицензиясы бар жеке және (немесе) заңды тұлғаларды тарта отырып:
1) қалдықтардың қауіпті қасиеттерін зерделеу;
2) олардың қауіптілік деңгейін анықтау;
3) Қазақстан Республикасының Қоршаған ортаны қорғау министрінің 2007 жылғы 31 мамырдағы № 169-п бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4775 тіркелген) Қалдықтар сыныптауышының негізінде, Қазақстан Республикасының Қоршаған ортаны қорғау министрінің 2007 жылғы 30 сәуірдегі № 128-п бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4720 тіркелген) нысан бойынша қауіпті қалдықтар паспортын жасай отырып, кодын анықтау жұмыстарын жүргізеді.
Сонымен қатар ұйым Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы қолданыстағы заңнамасына сәйкес бағалау қызметі саласындағы жұмыстарды орындауға және қызметтерді көрсетуге лицензиясы бар жеке және (немесе) заңды тұлғаларды тарта отырып, қалдықтардың құнын анықтау жұмыстарын жүргізеді.
Ұйым жыл сайын есепті жылдан кейінгі жылдың 1 ақпанына дейін өндіріс және тұтыну қалдықтарының мемлекеттік кадастрында есепке алу үшін уәкілетті органға қалдықтардың көлемi, түрлерi, орналасқан жерi, жай-күйi және оларды басқару жөнiндегi қабылданып жатқан шаралар туралы ақпаратты электрондық және қағаз тасымалдағыштарда есепті жылдан кейінгі жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша береді.
8. Халықтың қалдықтарға қолжетімдігін болдырмаудың алдын алуды, оларды оқшаулауды, олардың топырақ жамылғысына, су ресурстары мен атмосфералық ауаға теріс әсерiн азайту жөнiндегі шараларды ұйым қамтамасыз етеді.
9. Егер Қазақстан Республикасының бағалау қызметі туралы қолданыстағы заңнамасына сәйкес қалдықтардың қорытынды құны нөлге тең деп анықталса, онда мұндай қалдықтарға осы Қағидаларда қарастырылған тәртіппен оларды ақысыз негізде өткізу бойынша нормалар қолданылады.
2-параграф. Қалдықтарды одан әрі пайдалану және сату тәртібі
10. Қалдықтарды ұйым заңды және жеке тұлғаларға Қазақстан Республикасының бағалау қызметі туралы қолданыстағы заңнамасына сәйкес анықталатын бағалау құнынан төмен емес баға бойынша конкурс өткізу арқылы сатады.
11. Конкурсты дайындауды және өткізуді ұйым жүзеге асырады. Уәкілетті орган ұйымның, уәкілетті органның, мүдделі мемлекеттік органдардың өкілдерін қоса отырып конкурстық комиссияның құрамын қалыптастырады.
12. Конкурстың шарттарын уәкілетті орган анықтайды.
13. Ұйым еркін нысандағы жазбаша өтініш негізінде конкурсқа әлеуетті қатысушыларға конкурсқа қойылатын қалдықтар объекті бойынша құжаттар пакетінің көшірмелерін ақысыз ұсынады.
Құжаттар пакетін ұйым қалыптастырады және ол конкурстық ұсыныс әзірлеу үшін өтініш берушіге қажетті мынадай ақпараттан тұрады:
1) қалдық туралы тарихи анықтама;
2) қалдықтардың сандық-сапалық сипаттамасы туралы ақпарат;
3) қалдықтардың қауіпті қасиеттері туралы ақпарат;
4) қоршаған ортаға әсері туралы ақпарат.
14. Конкурс қатысушылардың аясы шектелмеген тобы арасында және ашық тәсілмен өткізіледі. Ашық конкурс өткізу туралы хабарландыру Қазақстан Республикасының барлық аумақтарында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында мемлекеттік және орыс тілдерінде жарияланады.
Конкурсты өткізу мерзімін ұйым конкурс жарияланып отырған қалдықтар объектісінің ерекшелігіне қарай, бірақ конкурсқа қатысуға конкурстық ұсыныстарды қабылдау аяқталғанға дейін күнтізбелік отыз күннен кешіктірмей анықтайды. Хабарландырулар уәкілетті органның және ұйымның интернет-ресурсында бір мезгілде орналастырылады.
15. Конкурс өткізу туралы хабарландыру мыналарды қамтиды:
1) конкурсты ұйымдастырушының атауы және қалдықтарды сату жөніндегі конкурсқа қатысуға өтінімді қабылдау орнының мекенжайы;
2) өткізу уақыты мен орны;
3) қалдықтарды сату жөніндегі конкурсқа қатысуға өтінім беру мерзімі;
4) конкурстың негізгі шарттары;
5) конкурсқа шығарылатын қалдықтар объектісінің орналасқан жері мен қысқаша сипаттамасы;
6) ақы төлеу үшін деректемелерді көрсете отырып, конкурсқа қатысу құқығы үшін қалдықтар объектісін бағалау құнының бір пайызын құрайтын жарнаның мөлшері.
16. Қалдықтарды сату жөніндегі конкурсқа қатысуға өтінімдерді (бұдан әрі – өтінім) қабылдауды ұйым мерзімді баспа басылымдарында конкурс өткізу туралы хабарландыру жарияланған күнінен бастап жүзеге асырады және конкурсқа қатысуға өтінімдерді қарау күніне үш күнтізбелік күн қалғанда аяқтайды.
17. Әлеуетті қатысушылар өтінімдерін осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша беттері нөмірленіп, тігілген түрде ұсынады, соңғы бетіне олардың қолдары қойылып, мөр басылып куәландырылады.
Конкурсқа әлеуетті қатысушы қажет болған жағдайда конкурс шарттарының талаптарына сәйкес жұмысты орындау немесе қызмет көрсету үшін қосалқы мердігерлерді (бірге орындаушы) тартады, бірақ қызмет, жұмыс көлемінің үштен екі бөлігінен артық болмауы тиіс.
18. Конкурсқа қатысушы өтінімдерді қараудың белгіленген мерзіміне үш жұмыс күні қалғанға дейін ұйымға жазбаша түрде хабарлай отырып, өз өтінімін кері қайтара алады.
19. Қарау қорытындысы бойынша комиссия өтінімдерді қабылдау немесе бас тарту туралы шешім қабылдайды.
Өтінімдерді қарау күнінен бастап үш жұмыс күні ішінде ұйым өтінім берушіге конкурсқа қатысуға жіберілгені туралы жазбаша хабарлама немесе дәлелді бас тарту жолдайды.
20. Ұйым мынадай жағдайларда өтінім қабылдаудан бас тартады:
1) осы Қағидалардың талаптарын бұза отырып өтінім беру;
2) өтінім беруші өтінімінде жалған немесе дұрыс емес мәліметтер беруі;
3) өтінімде өтінім берушінің қалдықтарды қауіпсіз кәдеге жарату (қайта өңдеу) үшін қажетті техникалық, ұйымдастырушылық, басқарушылық және қаржы мүмкіндіктері (Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2008 жылғы 29 желтоқсандағы № 622 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5446 тіркелген) нысан бойынша салық, міндетті зейнетақы жарнасы, міндетті кәсіби зейнетақы жарналары мен әлеуметтік салымдар бойынша берешектiң (бар) жоқ екендiгi туралы анықтама, қаржы мүмкіндіктерін растайтын құжат) бар екені немесе оларға ие болатыны туралы құжат жүзінде растаманың болмауы.
21. Конкурсқа қатысуға дайындық бойынша шығынды қоса алғанда, конкурсқа қатысушылардың жұмсаған шығындары қайтаруға не өтелуге жатпайды. Ұйым конкурстың қорытындысы жарияланған күнінен бастап он жұмыс күні ішінде жеңімпаз деп танылмаған конкурсқа қатысушыларға жарналарын қайтарады.
22. Конкурсқа жіберілген өтінім беруші конкурстық ұсыныс жасайды, оны ұйымға конверттерді ашу рәсіміне бір сағатқа дейінгі уақыттан кешіктірмей ұсынады. Ұйымға келіп түскен және конкурсқа жіберілген конкурстық ұсыныстар конкурсқа қатысушыларға кері қайтарылмайды.
23. Конкурсқа қатысу үшін конкурстық ұсыныстар мыналарды қамтиды:
1) өтінім берушінің конкурс өткізу тәртібіне және өтінім берушінің міндеттеріне қатысты осы Қағидалардың шарттарымен танысқандығы туралы растауы;
2) жарғы көшірмесі (заңды тұлғалар үшін);
3) әлеуетті қатысушының бірінші басшысын тағайындау (сайлау) туралы құжаттың көшірмесі;
4) жұмыстарды орындау бойынша қосалқы мердігерлердің тізбесі, қосалқы мердігерлерге берілген жұмыстардың көлемі мен түрлері (жұмысқа тартылған жағдайда);
5) конкурсқа қатысу құқығына төленген жарна төлемін растайтын құжат (ақысыз өткізген жағдайда ұсынылмайды);
6) әлеуетті қатысушының қолы қойылған баға ұсынысы;
7) конкурс шарттарын орындауға бағытталуы тиіс бағдарлама (жобаны іске асыру мерзімдері, технологияны қолдану, қаржы мүмкіндіктері, экологиялық заңнамалар талаптарына сәйкестігі).
24. Әлеуетті қатысушы конкурстық ұсынысты беттері нөмірленген, тігілген түрде ұсынады және соңғы парағына оның қолы қойылып, мөр басылып куәландырылады.
25. Конкурстық ұсыныстар әлеуетті қатысушыға грамматикалық немесе арифметикалық қателерді түзету қажет болған жағдайды есепке алмағанда, тармақтардың арасында ешқандай да бір артық жазусыз, өшірусіз немесе қоса жазуларсыз ұсынылады.
26. Әлеуетті қатысушы конкурстық ұсынысын конвертке мөр соғып бекітеді. Конвертте әлеуетті қатысушының атауы және заңды мекенжайы көрсетіледі.
27. Конкурстық ұсыныстарды конкурстық комиссия конвертті ашқан күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде бағалайды.
Конкурстық комиссияның шешімі хаттама түрінде ресімделеді. Хаттамаға конкурстың комиссия мүшелері қол қояды.
28. Конкурстық комиссияның шешімі ашық дауыс беру арқылы қабылданады және ол қатысып отырған конкурстық комиссия мүшелерінің жалпы санының басым көпшілігі дауыс берген кезде қабылданды деп саналады. Дауыстар тең болған жағдайда конкурстық комиссияның төрағасы дауыс берген шешім қабылданды деп есептелінеді.
Конкурстық комиссияның кез келген мүшесі конкурстық комиссияның шешімімен келіспеген жағдайда өз пікірін білдіріп, оны жазбаша баяндайды және ол конкурс қорытындысының хаттамасына тіркелінеді.
29. Конкурс жеңімпазын конкурстық комиссия мынадай негізгі критерийлер жиынтығы негізінде анықтайды:
1) бағдарламаның іс-шаралары конкурс шарттарын орындауды қамтамасыз етуге тиісті (жобаны іске асыру мерзімдері, технологияларды пайдалану, қаржы мүмкіндіктері, экологиялық заңнамалар талаптарына сәйкестігі);
2) баға ұсынысы.
30. Конкурстың нәтижелері сол конкурс өткізу туралы хабарландыру жарияланған баспа басылымдарында жарияланады, сондай-ақ уәкілетті органның және ұйымның интернет-ресурсында шұғыл түрде орналастырылады.
31. Конкурсқа бір ғана өтінім беруші қатысқан жағдайда, конкурс өткізілген жоқ деп танылады.
32. Конкурс өткізілген жоқ деп танылған кезде конкурстық комиссия объектіні конкурстан алып тастайды немесе конкурс өткізуді қайта белгілейді. Тек бір ғана өтінім берушінің қатысуына байланысты конкурс қайта өткізілген жоқ деп танылған кезде, ұйым конкурстық комиссияның ұсынысы бойынша мұндай өтінім берушімен келіссөздер және уәкілетті органға тиімді шарттар негізінде ұйым үшін тиімділігі конкурстық ұсыныста олар ұсынғаннан кем болмайтын жағдайда келісімшарт жасайды.
33. Конкурс талаптарына сәйкес келетін бірде бір жоба ұсынылмаған жағдайда да конкурс өткізілген жоқ деп танылады.
34. Конкурс жеңімпазымен шарттары уәкілетті органмен келісілетін Қауіпті қалдықтарды сату туралы келісімшарт (бұдан әрі – Келісімшарт) жасалады. Келісімшарт қауіпті қалдықтармен жұмыс істеу кезінде Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасының талаптарын сақтау және жалпы қауіпсіз жұмыс жүргізу бойынша, сондай-ақ конкурс жеңімпазының ұйым бекіткен үлгісімен орындаған жұмыстары туралы есеп беруі бойынша міндеттемелерді қарастырады.
Есеп ұйымға тоқсан сайын есепті тоқсаннан кейінгі айдың оныншы күніне дейін ұсынылады.
Келісімшарт талаптары сақталмаған жағдайда ұйым оны Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында белгіленген тәртіппен бұзады және конкурс өткізуді қайта жариялайды.
35. Конкурс екі рет өткізілген жоқ деп танылған жағдайда ұйым осы Қағидаларда қарастырылған тәртіппен қалдықтарға ақысыз негізде конкурс жариялайды және өткізеді.
36. Қалдықтарды сатудан тапқан ұйымның қаражаты мемлекет кірісіне жіберіледі.
3-параграф. Қалдықтарды кәдеге жарату және жою
37. Осы Қағиданың 31-тармағымен көзделген негіздеме бойынша қалдықтарды ақысыз негізде іске асыру бойынша конкурс өткізілген жоқ деп танылған кезде қалдықтар талап етілмеген деп саналады.
Ұйым талап етілмеген қалдықтарды қауіпсіз кәдеге жарату және жоюды Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасына сәйкес республикалық бюджет қаражатының есебінен жүзеге асырады.
38. Сот шешімімен коммуналдық меншікке түсті деп танылған иесіз қауіпті қалдықтардың объектілері орналасқан аумақтарды қалпына келтіру істері, олар сатылғаннан, кәдеге жаратылғаннан және жойылғаннан кейін Қазақстан Республикасының жер заңнамасындағы талаптарыға сәйкес жүргізіледі.
3. Қорытынды ережелер
39. Коммунальную меншiкке түскен қауiптi қалдықтармен жұмыс iстеу процесінде Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасында көзделген талаптар сақталады.
Сот шешімімен коммуналдық
меншікке түсті деп танылған иесіз
қауіпті қалдықтарды басқару
қағидаларына 1-қосымша
Нысан
Иесіз қауiптi қалдықтарды коммуналдық меншiкке беру туралы акті
20__жылғы «___»________________ ______________________
(жасалған уақыты) (акт жасалған орын)
Комиссия құрамында
_____________________________________________________________________
__________________________________________________________________
20____ жылғы «____» _________ № _____ сот шешiмiнiң негiзiнде
коммуналдық меншiкке мынадай құрамдағы:
Қалдық түрi
|
Саны
(тонна, м3, га ауданы)
|
Қалдықтың қауіптілік деңгейі және коды (қалдықтар сыныптамасы бойынша)
|
Орналасқан жері
|
Қалдықтардың жай-күйi туралы түсiндірме
|
|
|
|
|
|
иесiз қауiптi қалдықтардың қабылданғаны туралы осы актiнi жасады.
Комиссия мүшелерi (Т.А.Ә., қолы):
Мөрдің орны
Сот шешімімен коммуналдық
меншікке түсті деп танылған иесіз
қауіпті қалдықтарды басқару
қағидаларына 2-қосымша
Нысан
Қалдықтарды сату жөніндегі конкурсқа қатысуға өтінім
1)_________________________________________________________________
өтініш берушінің атауы
2)_________________________________________________________________
өтініш берушінің заңды мекенжайы және негізгі қызмет орнының
мекенжайы
3)_________________________________________________________________
мемлекеттік тиістілігі (заңды тұлғалар үшін), азаматтылығы (жеке
тұлғалар үшін)
4)_________________________________________________________________
басшылары немесе заңды тұлғалар иелері және өтініш берушіні ұсынатын
тұлғалар туралы мәлімет
5) уәкілетті органмен анықталған конкурс шарттарын орындауға
бағытталған орындалуға тиісті құжатпен расталған өтініш берушінің
техникалық, басқарушылық, ұйымдастырушылық және қаржылық
мүмкіндіктері туралы мәліметтер (салықтық берешектiң, міндетті
зейнеткерлік жарналар бойынша берешектің, міндетті кәсіби
зейнеткерлік жарналар және әлеуметтік салымдар бойынша берешектің жоқ
(бар) екендiгi туралы мәліметтер, қаржылық мүмкіндігін растайтын
құжат) қоса беріледі.
________________________ _______
(ұйымның атауы) (қолы) (Т.А.Ә.)
ПРОЕКТ
Об утверждении правил управления
бесхозяйными опасными отходами,
признанными решением суда
поступившими в коммунальную
собственность по Жанибекскому району
В соответствии с подпунктом 3) статьи 19-1 Экологического кодекса Республики Казахстан от 9 января 2007 года, подпунктом 15) пункта 1 статьи 6 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года «О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан» районный маслихат РЕШИЛ:
1. Утвердить прилагаемые правил управления бесхозяйными опасными отходами, признанными решением суда поступившими в коммунальную собственность по Жанибекскому району.
2. Руководителю аппарата Жанибекского районного маслихата (Н.Уалиева) обеспечить государственную регистрацию данного решения в органах юстиции, его официальное опубликование в информационно-правовой системе «Әділет» и в средствах массовой информации.
3. Настоящее решение вводится в действие со дня первого официального опубликования.
Председатель сессии Г.Нургалиева
Cекретарь маслихата Т. Кадимов
Утверждено решением
Жанибекского районного
маслихата от 2016 года
№
Об утверждении правил управления бесхозяйными опасными отходами, признанными решением суда поступившими в коммунальную собственность по Жанибекскому району
1. Общие положения
1. Настоящие Правила управления бесхозяйными опасными отходами, признанными решением суда поступившими в коммунальную собственность (далее – Правила), разработаны в соответствии с подпунктом 3) статьи 19-1 Экологического кодекса Республики Казахстан от 9 января 2007 года и определяют порядок управления бесхозяйными опасными отходами, признанными решением суда поступившими в коммунальную собственность (далее – отходы).
2. Передача отходов в коммунальную собственность осуществляется на основании судебного решения.
3. Для передачи отходов в коммунальную собственность местным исполнительным органом области (города республиканского значения, столицы) или уполномоченным органом в области охраны окружающей среды (далее – уполномоченный орган) либо его территориальным подразделением, создается комиссия (далее – комиссия), в состав которой входят представители уполномоченного органа или его территориального подразделения, местного исполнительного органа, подведомственной организации уполномоченного органа (далее – организация).
Комиссия составляет акт о передаче бесхозяйных опасных отходов в коммунальную собственность, по форме согласно приложению 1 к настоящим Правилам.
4. Управление бесхозяйными опасными отходами осуществляется подведомственной организацией.
5. Управление бесхозяйными опасными отходами – это деятельность по оценке, учету, дальнейшему использованию, реализации, утилизации и удалению отходов.
6. К отходам, содержащим стойкие органические загрязнители, признанными решением суда поступившими в коммунальную собственность, применяются положения международных конвенций (Стокгольмская конвенция о стойких органических загрязнителях, ратифицированная Законом Республики Казахстан от 7 июня 2007 года № 259, Роттердамская конвенция о процедуре предварительного обоснованного согласия в отношении отдельных опасных химических веществ и пестицидов в международной торговле, ратифицированная Законом Республики Казахстан от 20 марта 2007 года № 239, Базельская Конвенция о контроле за трансграничной перевозкой опасных отходов и их удалением, Закон Республики Казахстан от 10 февраля 2003 года № 389 «О присоединении Республики Казахстан к Базельской конвенции о контроле за трансграничной перевозкой опасных отходов и их удалением»).
2. Порядок управления бесхозяйными опасными отходами,
признанными решением суда поступившими
в коммунальную собственность
Параграф 1. Учет и оценка отходов
7. Организация самостоятельно или с привлечением физических и (или) юридических лиц, имеющих лицензию на выполнение работ и оказание услуг в области охраны окружающей среды, в соответствии с действующим законодательством Республики Казахстан о государственных закупках проводит работы по:
1) изучению опасных свойств отходов;
2) определению уровня их опасности;
3) определению кодировки с составлением паспорта опасных отходов по форме, утвержденной приказом Министра охраны окружающей среды Республики Казахстан от 30 апреля 2007 года № 128-п (зарегистрированный в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 4720), на основании Классификатора отходов, утвержденного приказом Министра охраны окружающей среды Республики Казахстан от 31 мая 2007 года № 169-п (зарегистрированный в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 4775).
Также организация с привлечением физических и (или) юридических лиц, имеющих лицензию на выполнение работ и оказание услуг в области оценочной деятельности, проводит работы по определению стоимости отходов в соответствии с действующим законодательством Республики Казахстан о государственных закупках.
Организация ежегодно до 1 февраля, следующего за отчетным годом, представляет в уполномоченный орган информацию об объемах, видах, месторасположении, состоянии отходов и мерах, предпринимаемых по управлению ими, по состоянию на 1 января, следующего за отчетным годом, в электронном и бумажном носителях для учета их в государственном кадастре отходов производства и потребления.
8. Меры по предотвращению доступа населения к отходам, их локализации, сокращению негативного влияния на почвенный покров, водные ресурсы и атмосферный воздух обеспечиваются организацией.
9. Если в соответствии с действующим законодательством Республики Казахстан об оценочной деятельности итоговая стоимость отходов определена нулевой, то к таким отходам применяются нормы по их реализации на безвозмездной основе в порядке, предусмотренном настоящими Правилами.
Параграф 2. Дальнейшее использование и реализация отходов
10. Отходы реализуются организацией физическим и юридическим лицам путем проведения конкурса по цене не ниже оценочной стоимости, определяемой в соответствии с действующим законодательством Республики Казахстан об оценочной деятельности.
11. Подготовка и проведение конкурса осуществляются организацией. Состав конкурсной комиссии формируется уполномоченным органом с включением представителей организации, уполномоченного органа, заинтересованных государственных органов.
12. Условия конкурса определяет уполномоченный орган.
13. Организация безвозмездно предоставляет потенциальным участникам конкурса копии пакета документов по выставляемому на конкурс объекту отходов на основании письменного заявления в произвольной форме.
Пакет документов формируется организацией и содержит следующую информацию, необходимую заявителю для разработки конкурсного предложения:
1) историческую справку об отходе;
2) информацию о количественно-качественных характеристиках отходов;
3) информацию об опасных свойствах отходов;
4) сведения о воздействии на окружающую среду.
14. Конкурс проводится открытым способом и среди неограниченного круга участников. Объявление о проведении открытого конкурса публикуется на государственном и русском языках в периодическом печатном издании, распространяемом на всей территории Республики Казахстан.
Сроки проведения конкурса определяются организацией в зависимости от специфики объекта отходов, в отношении которого объявляется конкурс, но не позднее, чем за тридцать календарных дней до окончания приема конкурсных предложений на участие в конкурсе. Одновременно объявления размещаются на интернет-ресурсе уполномоченного органа и организации.
15. Объявление о проведении конкурса содержит:
1) наименование организатора конкурса и адрес приема заявки на участие в конкурсе по реализации отходов;
2) время и место проведения;
3) срок подачи заявок на участие в конкурсе по реализации отходов;
4) основные условия конкурса;
5) месторасположение и краткое описание объекта отходов, выставляемого на конкурс;
6) размер взноса за право участия в конкурсе, который составляет один процент от оценочной стоимости объекта отходов, с указанием реквизитов для его оплаты.
16. Прием заявок на участие в конкурсе по реализации отходов (далее – заявка) осуществляется организацией со дня публикации в периодическом печатном издании объявления о проведении конкурса и заканчивается за три календарных дня до даты рассмотрения заявок.
17. Заявки представляются потенциальными участниками по форме согласно приложению 2 к настоящим Правилам, в прошитом виде, с пронумерованными страницами, последняя страница заверяется их подписью и печатью.
Потенциальный участник конкурса в случае необходимости привлекает субподрядчиков (соисполнителей) для выполнения работ либо оказания услуг в соответствии с требованиями условий конкурса, но не более двух третей объема работ, услуг.
18. Участник конкурса может отозвать свою заявку за три рабочих дня до установленного срока рассмотрения заявок, письменно сообщив об этом организации.
19. По итогам рассмотрения комиссия принимает решение о допуске или отказе заявок.
В течение трех рабочих дней с даты рассмотрения заявок, организация направляет заявителю письменное уведомление о допуске для участия в конкурсе либо мотивированный отказ.
20. Организация отказывает в принятии заявок в следующих случаях:
1) подачи заявки с нарушением требований настоящих Правил;
2) представления заявителем в заявке недостоверных или неверных сведений;
3) отсутствия в заявке документального подтверждения о том, что заявитель обладает или будет обладать техническими, организационными, управленческими и финансовыми возможностями (сведения об отсутствии (наличии) налоговой задолженности, задолженности по обязательным пенсионным взносам, обязательным профессиональным пенсионным взносам и социальным отчислениям по форме, утвержденной приказом Министра финансов Республики Казахстан от 29 декабря 2008 года № 622 (зарегистрированный в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 5446), документ, подтверждающий финансовые возможности), необходимыми для безопасной утилизации (переработки) отходов.
21. Затраты, понесенные участниками конкурса, включая затраты по подготовке к участию в конкурсе, возврату либо компенсации не подлежат. Организация возвращает взносы за участие в конкурсе участникам, которые не были признаны победителями, в течение десяти рабочих дней со дня объявления итогов конкурса.
22. Заявитель, допущенный к участию в конкурсе, составляет конкурсное предложение, которое предоставляется организации не позднее, чем за час до процедуры вскрытия конвертов. Конкурсные предложения, поступившие в организацию и допущенные к конкурсу, не подлежат возврату участникам конкурса.
23. Конкурсное предложение для участия в конкурсе содержит:
1) подтверждение заявителя об ознакомлении с условиями настоящих Правил, касающихся порядка проведения конкурса и обязанностей заявителя;
2) копию устава (для юридических лиц);
3) копию документа о назначении (избрании) первого руководителя потенциального участника;
4) перечень субподрядчиков по выполнению работ, объем и виды, передаваемых на субподряд работ (в случае привлечения);
5) документ, подтверждающий оплату взноса за право участия в конкурсе (не предоставляется в случае безвозмездной реализации);
6) ценовое предложение, подписанное потенциальным участником;
7) программу, которая должна быть направлена на выполнение условий конкурса (сроки реализации проекта, применение технологий, финансовые возможности, соответствие требованиям экологического законодательства).
24. Конкурсное предложение представляется потенциальным участником в прошитом виде, с пронумерованными страницами и последняя страница заверяется его подписью и печатью.
25. Конкурсное предложение предоставляется без вставок между строчками, подтирок или приписок, за исключением тех случаев, когда потенциальному участнику необходимо исправить грамматические или арифметические ошибки.
26. Потенциальный участник запечатывает конкурсное предложение в конверт. На конверте указывается наименование и юридический адрес потенциального участника.
27. Оценка конкурсных предложений проводится конкурсной комиссией в течение пятнадцати рабочих дней со дня вскрытия конвертов.
Решение конкурсной комиссии оформляется в виде протокола. Протокол подписывается членами конкурсной комиссии.
28. Решение конкурсной комиссии принимается открытым голосованием и считается принятым, если на него подано большинство голосов от общего количества присутствующих членов конкурсной комиссии. В случае равенства голосов, принятым считается решение, за которое проголосовал председатель конкурсной комиссии.
Любой член конкурсной комиссии, в случае несогласия с решением конкурсной комиссии, выражает свое мнение, которое излагается в письменном виде и прикладывается к протоколу итогов конкурса.
29. Победитель конкурса определяется конкурсной комиссией на основе совокупности следующих основных критериев:
1) мероприятия программы должны обеспечивать выполнение условий конкурса (сроки реализации проекта, применение технологий, финансовые возможности, соответствие требованиям экологического законодательства);
2) ценовое предложение.
30. Результаты конкурса публикуются в том же периодическом печатном издании, что и объявление о проведении конкурса, а также незамедлительно размещаются на интернет-ресурсе уполномоченного органа и организации.
31. В случае участия в конкурсе только одного заявителя, конкурс признается несостоявшимся.
32. При признании конкурса несостоявшимся, конкурсная комиссия снимает объект с конкурса или назначает повторный конкурс. При признании повторного конкурса несостоявшимся, ввиду наличия только одного заявителя, организация, по рекомендации конкурсной комиссии, заключает с таким заявителем контракт на основе переговоров и условий, приемлемых для уполномоченного органа, чем было предложено им в конкурсном предложении.
33. Конкурс признается несостоявшимся также в случае, если на конкурс не было представлено ни одного проекта, соответствующего требованиям конкурса.
34. С победителем конкурса заключается Контракт о реализации опасных отходов (далее – Контракт), условия которого согласуются уполномоченным органом. Контракт предусматривает обязательства по соблюдению требований экологического законодательства Республики Казахстан при обращении с опасными отходами и в целом безопасному ведению работ, а также по представлению победителем конкурса отчета о выполненных работах по форме, утвержденной организацией.
Отчет представляется в организацию ежеквартально до десятого числа следующего месяца, за отчетным кварталом.
В случае несоблюдения условий Контракта, организация расторгает его в порядке установленном гражданским законодательством Республики Казахстан и повторно объявляет конкурс.
35. В случае признания конкурса дважды несостоявшимся, организация проводит конкурс с реализацией отходов на безвозмездной основе в порядке, предусмотренном настоящими Правилами.
36. Средства, вырученные организацией от реализации отходов, направляются в доход государства.
Параграф 3. Утилизация и удаление отходов
37. При признании конкурса по реализации отходов на безвозмездной основе несостоявшимся по основаниям, предусмотренным пунктом 31 настоящих Правил, отходы считаются невостребованными.
Организация осуществляет безопасную утилизацию и удаление невостребованных отходов в соответствии с экологическим законодательством Республики Казахстан за счет средств республиканского бюджета.
38. Рекультивация территорий, на которых были размещены объекты бесхозяйных опасных отходов, признанными решением суда поступившими в коммунальную собственность, после их реализации, утилизации, удаления производится в соответствии с требованиями земельного законодательства Республики Казахстан.
3. Заключительные положения
39. В процессе обращения с отходами, поступившими в коммунальную собственность, соблюдаются требования, предусмотренные экологическим законодательством Республики Казахстан.
Приложение 1
к Правилам управления
бесхозяйными опасными
отходами, признанными
решением суда поступившими в
коммунальную собственность
Форма
Акт
о передаче бесхозяйных опасных отходов
в коммунальную собственность
«___» __________________20____г.
(дата составления)
|
________________________
(место составления акта)
|
Комиссия в составе
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
составили настоящий акт о том, что согласно судебному решению № _____
от «___» _____________ 20 __ года, в коммунальную собственность
приняты бесхозяйные опасные отходы в следующем составе:
Вид отхода
|
Количество (тонн, м3, площадь в га)
|
Уровень опасности и код отхода (по Классификаторуотходов)
|
Месторасположение
|
Комментарии о состоянии отходов
|
|
|
|
|
|
Члены комиссии (ФИО, подпись):
Место печати
Приложение 2
к Правилам управления
бесхозяйными опасными
отходами, признанными
решением суда поступившими в
коммунальную собственность
Форма
Заявка на участие в конкурсе по реализации отходов
1.___________________________________________________________________
наименование заявителя
2.___________________________________________________________________
юридический адрес заявителя и адрес основного места деятельности
3.___________________________________________________________________
государственная принадлежность (для юридических лиц), гражданство
(для физических лиц)
4.___________________________________________________________________
данные о руководителях или владельцах юридических лиц и лицах,
которые будут представлять заявителя
5. данные о технических, управленческих, организационных и финансовых
возможностях заявителя, необходимых для выполнения условий конкурса,
определенных уполномоченным органом (справка об отсутствии налоговой
задолженности, банковская справка о наличии денежных средств)
документально подтвержденные, прилагаются.
__________________________ ________
(наименование организации) (подпись)
(Ф.И.О)
Достарыңызбен бөлісу: |