Бөлім
|
Ойын арқылы өзара қатынас және қарым қатынас дағдыларын дамыту
|
Педагогтың аты-жөні
|
Койманова А.А.
|
Күні
|
07.11
|
Сынып 1
|
Қатысушылар саны
|
Қатыспағандар саны
|
Сабақтың тақырыбы
|
Дене тәрбиесінің пайдасы.
Спорттық - сауықтыру ойындары
|
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)
|
1.3.5.1 дене қимылдарына қатысу мүмкіндіктерін анықтау
|
Сабақтың мақсаты
|
Барлық оқушылар орындай алады:
Дене қызметін орындауға қатысты қозғалыс идеяларын, стратегияларын біледі.
Дене қызметіне қатысты қозғалыстарды жоспарлау қажеттілігін түсінеді.
Оқушылар көпшілігі орындай алады:
«Дене тәрбиесінің пайдасын» сипаттайды
Кейбір оқушылар орындай алады:
Дене қызметіне пайдасы бар жаттығулар ұсынады.
|
Бағалау критерииі
|
|
Сабақтың кезеңі/ уақыты
|
Мұғалімнің әрекеті
|
Оқушының әрекеті
|
Бағалау
|
Ресурстар
|
Басы
|
Оқушыларды сапқа тұрғызу:
Сәлемдесу.
Сабақтың тақырыбын түсіндіру:
Тапсырма 1. Ұжымдық жұмыс.
Шарты: Дене қызметін орындауға қатысты қозғалыс идеяларын, стратегияларын анықтайды.
Саптағы жаттығулар: «Оңға», «Солға», «Кері айнал» жаттығуларын орындау.
Жүру жаттығулары:
1) Екі қолды жоғары көтеру аяқ ұшымен жүру
2) Қол желкеде өкшемен жүру
3) Қолда алдыға созып жартылай отырып жүру
4) Толық отырып жүру
Жүгіру жаттығулары:
1) Бірқалыпты жүгіру
2) Қол белде оң және сол жақ бүйірмен жүгіру
3) Қол белде тізені және аяқ ұшын көтере жүгіру
4) Алаңның бір бұрышынан келесі бұрышына жылдамдықты арттыра жүгіру
5) Тынысты қалыпқа келтіру
Жалпы дамыту жаттығулары 4 лекке сапқа тұрғызып орындау:
1) Б.Қ аяқ иық көлемінде қол белде басты оңға,солға айналдыру
2) Б.Қ а.и.к иықты алға, артқа айналдыру
3) Б.Қ а.и.к оң және сол қолды көтеріп кеудені керу
4) Б.Қ а.и.к белді оңға,солға айналдыру
5) Б.Қ а.қосу тізені ішке,сыртқа айналдыру
6) Орында тұрып секіру
7) Терең тыныспен демалу 2-3 рет
|
Оқушы өз жұбын табады
Әдіс арқылы қайталау
Сұрақ жауап орындайды
|
Қол шапалақ
|
Тренинг жазылған парақшалар
|
Ортасы
|
Тапсырма 2. Топтық жұмыс
Шарты: Дене қызметіне қатысты қозғалыстарды жоспарлайды және орындайды.
(Б) «Түлкі мен тауықтар» ойыны. Бөлме ортасында рейкаларымен жоғары қаратылған төрт гимнастикалық сәкілер орнатылады, бұл – «тауық бақан». Бір жүргізуші – «түлкі» мен бір – «аңшы» таңдалады. Қалған ойыншылар – «тауықтар». Бөлменің бір бұрышына «іннің» сұлбасы сызылады, оның ішіне «түлкі» кіреді. Екінші бұрышта «аңшы» тұрады. «Тауықтар» «бақанды» айнала жайғасады. Бірінші белгі бойынша, «тауықтар» біресе «бақанға» қонақтап, біресе жерге түсіп, болмаса, «тауық күркені» айналып жүре бастайды. Екінші келісілген белгі бойынша «түлкі» «тауық күркеге» жақындап, бір аяғымен болса да,жерге тиіп тұрған «тауықты» аулай бастайды. «Түлкі» ұсталған ойыншыны қолынан жетектеп, «ініне» алып келеді. Егер жолында «аңшы» кезіксе, «түлкі» тұтқынын босатып, «ініне» қашады. Қолға түскен «тауық» «күркесіне» оралады да, қалған «тауықтар» «бақаннан» түседі. Егер «аңшы» «түлкіні» ұстап алса, онда жаңа «түлкі» таңдалады. 4-6 рет ойнайды. Бір рет те қолға түспеген ойыншылар жеңіске жетеді. 1 суретті қараңыз.
«Күркеге» жүгіріп келіп, «түлкі» тек қана бір ғана «тауықты» ұстай алады.
Жүргізушінің белгісі бойынша, «түлкі» «тауықты» ұстаған-ұстамағанына қарамастан, «күркеден» кетуі керек.
Сәкіде тұрған ойыншылар біріне-бірі көмек көрсете алады (қолдай алады).
Кері байланыс: Бізге ойындарда ережелер не үшін қажет екендігін айта аласыз ба? Сіз ойын ережелерін қадағаладыңыз ба?
Достарыңызбен бөлісу: |