Болашақ тарих мҧғалімдерін «Мәңгілік Ел» қҧндылықтарын оқытуға даярлау әдістемесі



жүктеу 2,69 Mb.
Pdf просмотр
бет41/70
Дата23.11.2018
өлшемі2,69 Mb.
#24147
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   70

 
92 
 
Педагог  мамандар  үшін  білім  сфераларының  дені  тӛмендегідей  болып 
келеді: 
идеологиялық, 
әлеуметтік, 
психологиялық, 
педагогикалық, 
жаратылыстану-ғылыми, 
техника-технологиялық, 
экономикалық, 
демографиялық, құқықтық, эстетикалық, жалпы мәдени, т.б. 
Сонымен қатар, педагогикалық мамандықтар үшін мұғалімнің іскерліктері 
К.А.Дүйсенбаевтің, Д.Қ.Пошаевтің, т.б. еңбектерінде қарастырылған [48; 224]: 
ізденушілік,  конструктивтік,  ұйымдастырушылық,  коммуникативтік  (қарым-
қатынастық),  ақпараттық,  дамытушылық,  бағдарлық,  мобилизациялық, 
ізденушілік, техникалық, т.с.с., іс-әрекеттерден тұрады. 
Іскерліктерді  жүзеге  асыру  қабілет  арқылы  кӛрініс  табады.  Қазақ  тілі 
терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сӛздігінде: «Қабілет – бір іс-әрекетті 
орындаудағы тұлғаның жеке дара қасиеті. Сонымен қатар белгілі бір іс-әрекетті 
берілген  уақыт  ішінде  жүзеге  асыруға  мүмкіндік  беретін  сапалар,  мүмкіндік, 
білік,  тәжірибе,  шеберлік,  талант  және  т.б.  Мұның  мәнісі  –  адам  міндетті  тап 
қазір  орындауы  керек»  [178,б.  122]  –  деп  анықталған.  Сондықтанда 
педагогикалық мамандық салаға сәйкес қабілетті тұлғаны талап етеді. 
И.П.Подласый,  басқа  да  ғалымдар  мұғалімге  қойылатын  бірінші  талап 
оның  қабілеті  деп  біледі  [225].  Педагогтік  қабілет  –  оқушылармен  жұмыс 
жасауға икемділігін білдіретін жеке бас сапасы, балаларға деген сүйіспеншілік, 
олармен жұмыс істеуден ләззат алуы. Педагогтік қабілет кейде әдемі сӛйлеу, ән 
айту, сурет салу, ұйымдастыра білу сияқты нақты әрекеттермен шектелетіні жиі 
кездеседі.  
Педагогтың  дара  қасиеттері  жӛнінде  де  кӛптеген  зерттеулер  жүргізілген 
және анықтамалар берілген. Ұстаздың жеке дара қасиеті деп  – жауапкершілік, 
тӛзімділік,  еңбексүйгіштік,  қарапайымдылық  т.б.  қасиеттері  үлгі  тұтылады 
(В.А.Крутецкий).  
Педагогика тарихы мен педагогикалық-психологиялық еңбектерге жасаған 
тарихи  шолу  болашақ  мұғалімдерді  кәсіби  даярлау  мәселесі  жан-жақты 
қарастырылғанын байқатады. Белгілі педагог-ғалым Ю.К.Бабанский мұғалімнің 
кәсіптік маңызды және жеке тұлғалық қасиеттерін үш топқа бӛліп қарастырады 
[226]: 
4.  Жеке тұлғалық
5.  Оқу іс-әрекетіне байланысты қасиеті; 
6.  Мұғалімнің тәрбие жұмыстарына байланысты сапасы. 
Педагог  тұлғасының  кәсіби  нобайын  іргелі  білім,  педагогикалық 
іскерліктер  мен  жеке  тұлғалық  кәсіби  сапалар,  сонымен  қатар  қабілеттердің 
құрайтыны анықталған [227]. 
И.Л.Федотенко  мұғалімге  тән  құнды  қасиетттерді  анықтау  мақсатында 
Тула, Рязань, Москва, Санкт-Петербург, Курск, Варна (Болгария) қалаларының 
педагогикалық университеттері, педагогикалық колледждері, білімді жетілдіру 
институттарының  360  сарапшысына  сауалнама  жүргізген.  Ал  респонденттер 
қазіргі мұғалім бойында әлсіз байқалатын қасиеттер ретінде: 
1) гуманизм, балаларға қамқор болуды
2) эмпатияны; 


 
93 
 
3) жауапкершілікті
4) тӛзімділікті; 
5) шығармашылықты, жаңалыққа ұмтылуды; 
6) ӛзін-ӛзі тану, бағалауды; 
7) байсалдылықты; 
8) даму, кәсіби жетілуге ұмтылуды; 
9) жалпы эрудицияны
10) ӛзін-ӛзі тәрбиелеу, ӛзіне-ӛзі оң баға беруді атап кӛрсеткен [228, с.143-
145].  
Сондықтан  И.Л.Федотенко  ӛзі  ұсынған  болашақ  мұғалімнің  кәсіби 
маңызды  қасиеттерін  қалыптастыру  мен  дамыту  нобайына  тұлғаның 
гуманизмін, 
эмпатия, 
тӛзімділігін, 
жауапкершілігін, 
креативтілігін, 
рефлексивтілігін бірінші кезекке қойған. 
Педагогтардың  еңбегін  және  олар  жӛніндегі  құнды  ой-пікірлердің 
мазмұнын  зерделей  келе,  қазақстандық  ғалым  А.А.Бейсенбаева педагог  маман 
тұлғасының  моделін ұсынады: 
- педагог –  ол шын мәніндегі қоғамдық - әлеуметтік даму үдерісінің адам 
санасындағы күрделі жаңғыру барысына тікелей қатысы бар маман; 
-  педагогикалық  үдеріске  ие  бола  алатын  әрекетті  және  тұтастай 
толыққанды  қасиеті  бар,  шығармашылық  ойлау  қабілеті  жетілген,  ӛздігінен 
білім  алуға,  ӛзін-ӛзі  тәрбиелеу  дағдысы  қалыптасқан,  гуманистік  қоғамдық 
еңбек  қатынасын  орната  алатын  маман,  педагог  қазіргі  заманның  ӛркениетті, 
прогресшіл бағытына сай кәсіби бейнесі бар, ең жоғары мәдениетті маман; 
-  ӛз  бойында  жаңа  ойлау  жүйесін  қалыптастыра  алатын  болашақ 
мамандығына  кажетті  азаматтың,  адамгершілік  қасиетті  тәрбиелейтін,  оны 
бағалай  алатын  және  үнемі  жетілдіретін,  қазіргі  қоғам  ӛміріндегі  кең  қанат 
жайып  отырған  еңбек  процесі  жайында  жұмыс  істей  білуге  қабілетті,  білікті 
маман; 
-  бәсекелік  нарықтық  эканомика  негізінде  құрылған  қоғамда  іскерлік, 
ӛзгерісті жағдайға  тез  бейімделгіш,  әрекетшіл,  қарым-қатынас жасауға  алдын-
ала  талаптанушылық,  ӛз  ісінің  басқалардан  артықшылығын  кӛре  білушілік, 
істің  нәтижелі  болуына  кӛз  жеткізушілік  қасиеттері  қалыптасқан  болашақтың 
жасампаз маманы [229, б. 11-12]. 
Зерттеу  тақырыбымызға  тікелей  қатысты  мәселе  ретінде  қарастырар 
болсақ «Мәңгілік Ел» идеясының құндылықтарын оқу үдерісінде басшылыққа 
алынатын 
кәсіби-құндылықты 
бағдар 
әдістемесін 
қолдауда 
тарих 
мамандығының  кәсіби  пәндерінің  алатын  орны  ерекше.  Ӛйткені,  қоғамдық 
дамудың  барлық  негізгі  кезеңдерімен,  сол  кезеңдердегі  қоғамдық-саяси, 
әлеуметтік-экономикалық,  мәдени  қатынастармен,  ӛзгерістермен,  адамзат 
қоғамының  тарихының  барлық  жақтарымен,  қырларымен  таныстырылатынын 
білеміз. 
Болашақ  тарих  пәні  мұғалімдерін  даярлауда  басшылыққа  алынатын 
құжаттың  бірі  –  кәсіби  білім  беру  стандартында  құзыреттіліктердің 
тӛмендегідей түрлері кӛрсетілген: 


жүктеу 2,69 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   70




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау