60
пәні тақырыптарындағы «Мәңгілік Ел» құндылықтары бойынша пікірі белгілі
болады, белгілі кӛзқарас қалыптасады.
Кәсіби пәндер мазмұнындағы «Мәңгілік Ел» құндылықтарын дӛңгелек
стол әдісімен оқытуды ұйымдастыру кӛпшілік студенттермен белсенді семинар
сабағын ӛткізуді жүзеге асыру болып табылады. Қарым-қатынастың мұндай
формасы кәсіптік оқытудың ерекшелігін кӛрсетеді. Оқытушы мен студент
арасындағы ӛзара қарым-қатынаспен байланыстың ұжымдық құрылымы
кәсіптік одақтың іс-әрекетінің оқыту моделі болып табылады.
«Мәңгілік Ел» құндылықтарын кәсіби пәндерді оқытуда семинар-пікір-
сайыстың маңызы жоғары. Бұл қатысушылардың диалогтық қарым-қатынасы
үстінде ұйымдастырылады. Теориялық мәселелерді шешуге екі жақты
қатысудың арасында практикалық тәжірибе жинақталып, болашақ тарих
мұғалімдерінің «Мәңгілік Ел» құндылықтары және оларды жүзеге асыру
бойынша іс-жүзінде ойлауы артады. Семинар-пікірсайыс сабағында студент-
баяндамашы сӛз сӛйлегенде ӛз ойын нақты жеткізе білуге, ӛз пікірін дәлелдеуге
курстасының жаңсақ пікіріне қарсы пікір айтып, оны дәлелдеуге үйренеді.
Кәсіби пәндер бойынша семинар сабақтарында «Мәңгілік Ел»
құндылықтарын оқытуда тӛмендегідей мәселелерге назар аударылуы тиіс:
практикалық сабақ тақырыбының айқындығына, тапсырмалар немесе сұрақтар
кӛлемінің айқындығына, практикалық жұмыстарды орындатуда дидактикалық
принциптердің сақталынуына, сабақ проблемалық мәселелер бойынша
құрылуына, сабаққа нақты ситуациялардың қойылуына, тапсырмалар мен
сұрақтардың ізденуге бағдарлануына, сабақта практикалық мәселелерді
шешуде
қазіргі
заман
талаптарынан
туындайтын
мәселелердің
қарастырылуына, мәселені шешуге байланысты нұсқаулар мен ұсыныстардың
берілуіне, студенттердің сабаққа қатысуына байланысты бағалануына, сабақта
экспресс-тесті, дидактикалық материалдарды, техникалық оқу құралдарын
пайдалануына, сабақта инновациялық әдістердің қолдануына, студенттердің
болашақ мамандықтармен байланыстылығына, оқытушы мен білім алушының
ақпараттық және коммуникативтік құзыреттілігінің жоғары деңгейіне (ауызша
баяндау мәдениетіне, баяндаудың айқындылығы мен түсініктілігіне, оқытушы-
студенттер қарым-қатынасына, аудиторияны басқара білуіне, оқытушының
эрудициясына), студенттердің сабақтағы белсенділігіне, т.б.
Болашақ тарих мұғалімдерін даярлауда ұжымдық бірлескен іс-әрекет,
қарым-қатынас студенттерді кәсіби тілде сӛйлеуге, тыңдай білуге, басқаларды
ести білуге, семинарды сыпайы-дәлелді жүргізуге үйретеді. Бұл кәсіби іс-
әрекетке бағдарлы даярлау негізін қалайды. Осындай семинарда кәсіптік ой,
пәндік, әлеуметтік құндылықтар қалыптасады, болашақ тарихшы мұғалімдерді
даярлаудағы негізгі мақсатқа қол жетеді.
ХХ ғасырда ЖОО қолданылатын оқытудың репродуктивті әдістеріне,
оның ішінде түсіндірме-иллюстративті және ӛзіндік репродуктивті әдістер
кеңінен қолданылса, ендігі жерде, проблемалы баяндау, жекелей-зерттеу,
зерттеушілік әдістері кеңінен қолданыла бастады. Тарих мұғалімдерін
61
даярлауда, «Мәңгілік Ел» құндылықтары бойынша оқу материалдарын
баяндаудағы жетілдірілген әдістердің мүмкіндіктері мол болды.
ЖОО болашақ тарих мұғалімдерін даярлауда дәстүрлі оқытудың әдіс-
тәсілдерімен қатар, оқытудың белсенді (активті) және аралық белсенді (интер-
активті) әдістері кеңінен қолданыла бастады. Оқытудың белсенді әдісі дегенде
оқу үдерісінде жеке адамның белсенділігін арттыратын әдісті айтады. Оқыту-
дың белсенді әдісі: ӛнімді, шығармашылық, ізденушілік мазмұнда болады [170,
с.51-64]. Оған дидактикалық ойындар, нақты жағдайда сараптама жасау,
проблемалық мәселелерді шешу, алгоритм бойынша оқыту және т.б. жатады.
Сонымен бірге, ЖОО қолданылатын оқытудың интенсивті әдістері бар,
олар оқытуды ұйымдастыруды қысқа мерзім ішінде, ұзартылған бір реттік және
оқытудың
белсенді
әдісін
пайдаланумен
ерекшеленеді.
Оқытуды
интенсивтендіру, арттыру деген адамның эмоциясы мен санасына сүйену
арқылы жүзеге асырылады. Психологияның тренинг кӛмегімен сезу, сараптау,
есте сақтау және ақпаратты пайдалануды күшейтеді [170, с.42-50].
Оқытудың белсенді дәстүрін нақты қолдану аясын анықтау үшін сабақ ӛту
жолдарын имитациялық және имитациялық емес деп екіге бӛледі. Имитация
шындықтың негізгі белгілерін кӛрсету. Нақты жағдайды талқылау:
1. Жекелей және ортақ қасиеттерін анықтау мақсатында;
2. Шындықты немесе имитациялық жағдайды тереңірек бӛлшектеп зерттеу
арқылы жүзеге асырылады.
Мысалы, болашақ тарихшы мұғалімнің «Мәңгілік Ел» құндылықтарын
оқыту әдістемесімен танысуы нақты жағдайды сараптаудың мысалы болып
табылады. Бірақ іс-жүзінде кӛбінесе бұл екі түр араласып келіп отырады.
Болашақ тарих мұғалімдерін даярлауда кәсіби пәндер мазмұнындағы
«Мәңгілік Ел» құндылықтары бойынша оқу материалдарын оқытуда
интербелсенді әдістер кеңінен қолданылады. Оның ішінде:
1. Имитациялық емес: проблемалық лекциялар, проблемалық семинарлар,
тақырыптық топтық пікірталастар, дӛңгелек үстел, педагогикалық ойын
жаттығулары, тағылымдамалар;
2. Имитациялық:
- ойын түрінде емес: нақты жағдаятты талдау (кейс-стади), имитациялық
жаттығулар, тренингтер;
- рӛлдік ойындар, іскерлік ойындар (оқу ойындары, ӛндірістік ойындар,
зерттеу ойындары), ойын түрінде жобалау.
Сонымен әзірге, оқу пәндері ішінен «Тарихты оқыту әдістемесі», «Тәрбие
жұмысының теориясы мен әдістемесі» аталған мәселені білім беру жүйесінде
оқытумен жүзеге асыруды толық қамтымайтындығын кӛрсетіп отыр. Содан да,
болашақ тарих пәні мұғалімдерінің «Мәңгілік Ел» құндылықтарын мектеп
қабырғасында оқытуға даярлығы, біздің ойымызша, толық мәнге ие бола
қойған жоқ.
Келесі бӛлімде біздер білім беру жүйесінде, оның ішінде мектепте тарих
пәні мұғалімдерінің «Мәңгілік Ел» құндылықтарын оқытуға бағдар алуы мен
оқытуға даярлығын жүзеге асыру мәселесін қарастыратын боламыз.
Достарыңызбен бөлісу: |