53
алмайды» [157] деген мазмұнда да ұлттық идеяға қатысты тұжырымдар
жасалған. Осының бәрі айқын кӛрсеткендей, ұлттық идея ұлттық сана сезімнің
ерекше түрі бола отырып, қоғамның рухани ӛмірінің бӛлігі ретінде мағына
құрушы, этносқалыптастырушы, құнды бағыт беруші және қоғамдық
ұйыстырушы қызметтерін атқарады.
Ұлттық идея ұғымымен ұлттық мұрат ұғымы тығыз байланысты болып
табылатыны философтардың еңбектерінде терең сипатталған [158; 159].
Ұлттық мұрат ұлттық сана сезімнің дамуын қамтамасыз етуге қызмет етеді.
Жоғарыда айтылған ойларда маңызды үш қағида сӛз болады:
1) ұлттық идеяны ойдан шығару мүмкін емес. Оның құрамдас бӛліктері
ұлттық сана-сезімнің түпкірлерінен орын алған;
2) ұлттық идея дегеніміз тұлғаның ұлттық сана-сезімінің айрықша түрі;
3) ұлттық сана-сезімнің айрықша түрі бола отырып, ұлттық идея қоғамның
рухани ӛмірінің бір бӛлігі ретінде мағына түзу, этнос қалыптастыру,
құндылықтық бағдар беру және қоғамды біртұтастандыру функцияларын
атқарады.
Ол ұлт руханияты, туған халқының тарихи келбеті мен шығармашылық
әрекетіне деген махаббат, оның рухани күш-қуатына деген сенім, рухани
парызы, халықтың тӛл мәдени болмысы мен рухани миссиясын, қоғамдық
дамудың терең қатпарлары мен басымдықтарын түсіне пайымдауы, тарихи
жады мен келешек бейнесінің бірлігі сынды құндылықтарға негізделген [160].
Ұлттық идея дегенде, біз, жалпы Қазақстан халқының немесе Қазақ елінің
идеясы туралы сӛз болып отыр деп түсінген жӛн. «Мәңгілік Ел» идеясы
Қазақстанды мекендеген, тағдыр талайы бір ұлттар мен этностық топтардың
қатысуымен тарих сынынан ӛтіп, бүгінде жаһандану үдерісінде жасампаз
ұлттық идеяға айналып отыр. Жалпыұлттық идеяны жасау арқылы елімізді
біртұтас азаматтық және саяси қауымдастыққа айналдыру – мемлекетіміздің
этносаралық қатынастар мен конфессияаралық толеранттылықты тұрақты
етудегі басты мақсаттардың бірі [6, б. 5].
Ұлттық идеяның жалпы жұрт қабылдаған белгілері бар, олар: ол шағын
және түсінікті болуы; кӛру бейне-нышаны болуы және идеологияға сүйенуі;
тарих, аңыз, әфсаналар арқылы бабаларымызға тиесілі болуы; адамға да,
қоғамға да, билікке де тиімді болуы.
Құндылыққа қайта бағдарлану жағдайын тиімді пайдалануымыз үшін
қоғамның барлық күшін жаңа құндылықтық бағдарға жетелейтін тетікті
анықтау оның тұрақтылығы мен бір бүтіндігіне кепіл болады. Бұл жаңадан
ұсынылатын құндылық түбегейлі жаңа емес, ұрпақтар сабақтастығымен
жалғасын тапқан құндылықтар жүйесі. Яғни, бүгінгі «Мәңгілік Ел» идеясының
құндылықтары Тәуелсіз Қазақстанды тұрақтылықта, бір бүтін бірлікте дамуға
талпындыратын ортақ мақсат. Бұл басқа бір ӛркениеттің немесе мәдениет
түрінің ұсынған құндылықтары емес, ол тарихын тереңнен алатын
құндылықтар жүйесінің уақыттық тізбегі [161, б. 319].
2000 жылдан бері болашақ тарихшыларды даярлау бірнеше шифрмен
жүзеге асқандығын кӛруге болады. Олар:
54
520330 – Тарих (ҚР МЖМБС 3.08.234-2001);
020340 – Тарих (ҚР МЖМБС 3.07.012-2001);
030640 – Тарих және география (ҚР МЖМБС 3.07.026-2001);
030540 – Тарих, құқық және экономика негіздері (ҚР МЖМБС 3.07.271-
2002)
Болашақ тарихшыларды, тарих пәні мұғалімдерін даярлау үшін әзірленген
жоғары кәсіптік білім стандарты бойынша жалпы құндылықтарды оқыту оқу
пәндері мазмұны арқылы жүзеге асырылу қарастырылған.
520330 – Тарих, 020340 – Тарих мамандықтары үшін ҚР МЖМБС
әзірлеген – Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университеті [162,
163]. Бұл стандарттардың мазмұнында айтарлықтай ӛзгерістер жоқ және олар
ғылыми тарих мазмұнын қамтығандығын кӛруге болады.
Болашақ тарих пәні мұғалімдерінің интеграцияланған даярлығын
қамтамасыз етуде басшылыққа алынған жоғары білім стандарты 030640 –
Тарих және география мамандығына арналған ҚР МЖМБС [164] және «030540
– Тарих, құқық және экономика негіздері» мамандығы бойынша жоғары
кәсіптік білім стандартының ӛзіндік орны бар [165]. Десек те бұл шифрлар
бойынша мамандарды даярлау қазіргі таңда жүзеге асырылмайды.
Болашақ тарих пәні мұғалімдерін даярлаудағы негізгі басшылыққа алатын
құжаттың бірі – 2009, 2010 жылдары бекітілген жоғары кәсіптік білім беру
стандарттары [118; 166]. 2010 жылғы білім стандартын Абай атындағы Қазақ
ұлттық педагогикалық, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық, Қазақ мемлекеттік
қыздар педагогикалық, Е.А.Бӛкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік
университеттері бірлестікте әзірлеген. Аталған мамандық стандартына сәйкес
типтік оқу жоспары тӛмендегідей пәндер кешенінен тұрады:
1. Жалпы білім беру пәндері
- 33 кр.;
2. Базалық пәндер
- 64 кр.;
3. Кәсіптендіру пәндері
- 32 кр.
Кәсіптендіру пәндері бойынша міндетті компонентке 5 кредит және соған
сәйкес пәндер тізбегі кӛрсетілген: тәрбие жұмысының теориясы мен әдістемесі
(2 кр.), түркі халықтарының тарихы (3 кр.). 27 кредит таңдау кредитіне
үлестірілген және оны ЖОО ӛзі анықтайды.
ЖОО болашақ тарих пәні мұғалімдерін даярлауда басшылыққа алынатын
құжаттың келесі бірі – үлгілік оқу жоспары [167]. Үлгілік оқу жоспарындағы
бекітілген пәндер кешені 2010 жылғы бекітілген білім стандарты үлгілік оқу
жоспарымен сәйкес келеді. Мұнда жалпы білім беретін пәндердің міндетті
компонентіндегі «Қазақстан тарихы» пәні алынып, оның орнына таңдау
компонентінде 3 кредит мӛлшерінде пән оқыту қарастырылған.
Болашақ тарих мұғалімдерін даярлауда дайындалған құжаттың бірі –
пәндер каталогы [168]. Нормативтік құжаттарды басшылыққа ала отырып,
ЖОО ӛзі әзірлейтін бірқатар құжаттар мазмұнын, оның ішінде білім беру
бағдарламасы, оқу жоспары мен олардағы пәндердің «Мәңгілік Ел»
құндылықтарымен оқытуға мүмкіндіктерін қарастыралық.
Достарыңызбен бөлісу: |