58
- «тарихтың, мәдениет пен тілдің ортақтығы» құндылығын тарих
пәндерінде, мәдениет және дін (мәдениет), философия, тіл курстарында;
- «еліміздің ұлттық қауіпсіздігі және бүкіләлемдік, ӛңірлік мәселелерді»
құндылығын құқықтану, әлеуметтану, саясаттану, деректану, елдердің қазіргі
заманғы тарих пәндерінде оқыту мүмкіндіктері мол екендігіне кӛз жеткіздік.
Оқыту мазмұны тек қана «Мәңгілік Ел» құндылықтарына қатысты оқу
материалдарын қамту арқылы мүмкіндікті қарастырған болса, оның жүзеге
асырылу мүмкіндігі оқу жұмыс түрлері арқылы қамтамасыз етіледі.
ХХ ғасырда оқу жұмыстары лекцияның негізгі үш түріне (кіріспе, шолу,
ағымдық, қорытынды) басымдық берілгені белгілі. Қазіргі уақытта білім
алушылардың теориялық мағлұматтарды терең меңгеру үшін лекцияның
құрылымы да жетілдірілді.
Лекцияның жаңа түрлері жӛнінде еңбектер жазылды [170; 171]. Оқу-
тәрбие дәрісінде кеңінен қолданыла бастаған лекция түрлері: кіріспе,
қорытынды, белгілеу; проблемалы, кеңес, пресс-конференция, екеуара әңгіме,
пікірталас, алдын ала қатемен жоспарланған зерттеу, нақты жағдаятты шешу,
кері байланысты техниканы қолданумен оқылатын, визуальды болып
табылады.
Кәсіби пәндерді оқуда білім алушыларға «Мәңгілік Ел» құндылықтары
бойынша оқу материалдарын лекцияда мазмұндауда оған (лекцияға) талаптар
қойылады және сол талаптар бойынша талқылаулар жүзеге асырылады.
Олардың реттілігі тӛмендегідей болады: тақырыптың ӛткізілу күнінің
жоспарланған мерзіміне сәйкестігі; лекция тақырыбының жұмыс оқу
бағдарламасына сәйкестігі; лекция мазмұнының тақырыпты толық ашуы;
лекцияның тарауларға, тақырыпшаларға және сұрақтарға бӛлінуінің дәлелдігі;
тақырыптың тұтастығы және логикалық аяқталуы; оқу материалының баяндалу
кӛлемі; материалдың басқа пәндермен байланыстылығы; уақытты тиімді
пайдаланылуы; оқу материалын баяндау ізденушілік тұрғысынан құрылуы;
проблемалық кӛзқарастардың қарастырылуы; дүниетаным аспектілерінің
қолданылуы; оқу материалында соңғы жаңалықтардың қамтылуы; теорияның
практикамен байланыстылығы туралы мысалдардың қамтылуы; мамандыққа
байланысты
мысалдардың
келтірілуі;
дидактикалық
материалдардың
қолданылуы; лектордың педагогикалық мәдениеті мен техникасының жоғары
деңгейде кӛрінуі (лектордың сӛйлеу мәдениеті, баяндауындағы тіл байлығы,
баяндаудың түсініктілігі және анықтылығы, қызығушылығы мен белсенділігі,
лектордың эрудициясы); студенттермен қарым-қатынасы, аудиторияны басқара
білуі; студенттердің сабақ үстіндегі белсенділігі және оны жүзеге асыруы;
қорытынды жасау және ӛзіндік жұмыс ұйымдастыру туралы нұсқауларды
қарастыруы; үйге тапсырма беруі; лекциядағы оқу материалдары мазмұнының
сапасы.
Болашақ тарих мұғалімдеріне «Мәңгілік Ел» құндылықтары бойынша оқу
материалдарын меңгертуде, алған білімдерін тереңдету мен оны қолдануда
семинар сабақтарының маңызы жоғары. Сол себепті де «семинар -
59
студенттердің теориялық білімін практика түрінде қолдануға мүмкіндік беретін
сабақтың түрі» деп қарастырылатыны белгілі.
Семинар сабақтары студенттерге кәсіби пәндерде «Мәңгілік Ел»
құндылықтары бойынша оқу үдерісінде шығармашылық тұрғыдан ойлауды
қамтамасыз етеді. Болашақ тарихшы мұғалімдердің «Мәңгілік Ел»
құндылықтары бойынша білімді пайдалануы дегеніміз оның мазмұнындағы
құндылықтарды меңгеру, оларға ғылыми тұрғыдан мән беру, анықтамаларды
және оларға сипаттама жасай алу. «Мәңгілік Ел» құндылықтары бойынша білім
алушы баяндамашы, оппонент ретінде сӛз сӛйлей білуі қажет. Ол құндылықтар
бойынша ӛзекті мәселелерді қозғағанда, оны шешуге ат салысу, кереғар
кӛзқарастарға қарсы пікір айту, ӛз пікірін қорғай білу арқылы ӛзінің алған
теориялық білімінің деңгейін кӛрсетеді. Екінші жағынан бұл мәселе болашақ
тарих мұғалімдерінің пәндік академиялық даярлығының жоғары болуын
қамтамасыз етеді.
Семинaр сaбaқтaр кӛмегімен оқытуды сaн түрлі құбылтып ӛтуге болaды.
Мұндa бaғыт беруші негізінен оқытушы болғанымен, студент, яғни болaшaқ
тарихшы мұғaлімнің ӛз бетінше кӛп жұмыс істеуіне кӛп мүмкіндік беріледі.
Кәсіби пәндер бойынша ұйымдaстырылған семинaр оқу жұмысының барлық
түрімен тығыз байланысты: ең алдымен лекциялық оқытумен және ӛз бетінше
жұмыс істеумен. Сондықтан да семинардың сапасы лекцияның сапасына және
студенттің ӛз бетінше қалай жұмыс істеуіне байланысты.
Кәсіби пәндерді оқытуда семинар сабақтарды оқытушының басқаруымен
ӛтетін пікірталас ретінде ӛтудің пайдалы жақтары кӛп. Семинарда пәннің оқу
материалдарындағы «Мәңгілік Ел» құндылықтары бойынша студенттер
даярлап келген рефераттар мен баяндамаларды талдауды жүзеге асыруға
болады.
«Мәңгілік Ел» құндылықтары бойынша кәсіби пәндерде семинар
сабақтардың кең тараған түрлері зерттеу семинарлары. Оны лекцияның
тақырыбына байланысты емес етіп қарастыруға болады. Оның мақсаты
болашақ тарихшы мұғалімнің алдынан шығатын «Мәңгілік Ел» құндылықтары
бойынша оқу материалдарын оқытуды ғылыми, практикалық тұғыдан шешуге
бағдарлы дайындықты қамтамасыз ету.
Семинар-зерттеу кәсіби және арнайы курстарды оқытуда пайдаланылады.
Оқытушының ұсынысы бойынша семинарды бастар алдында студенттерді
бірнеше топшаларға бӛліп, оларға алдын ала дайындаған «Мәңгілік Ел»
құндылықтары бойынша проблемалық сұрақтарды сабақ тақырыбындағы оқу
материалдарға сәйкес береді. Бұл сұрақтарға жауап беру үшін студенттер бір
бірімен пікір алмасып, соңы пікірсайысқа ұласады; қажет мәселені соңына
дейін зерттеу үшін, барлық ақпарат кӛздерін пайдаланады. Сабақтың басында
топшаларда оның бір ӛкілі проблемалық сұрақтарға жауап беруге дайындалады,
жауап топшаның ӛкілдерінің ортақ пікірі болып табылады. Әрбір студенттің
жауабы талқыланып, сӛйлеушілер студенттер мен оқытушының сұрақтарына
жауап береді [170, с. 22-23]. Семинардың соңғы кезеңінде бүкіл топтың оқу
Достарыңызбен бөлісу: |