4. Жылжымайтын цилиндрлік топса (тірек) - мұндай байланыс қатты денеге топса өсіне перпендикуляр жазықтықта айналуға мүмкіндік береді. Бірақ бекітулі нүкте топса өсіне перпендикуляр жазықтықта қозғала алмайды, сондықтан реакция күші осы жазықтықта жатады және әсер ететін актив күштердің әсерінен кез келген бағытта болуы мүмкін. Демек байланыс реакциясы x және y өстерімен бағытталған екі құраушыға жіктеледі.
5. Жылжымалы цилиндрлік топса (тірек) - реакциясытопса өсіне перпендикуляр жазықтықта жатады және тірек жазықтығына перпендикуляр бағытталады.
Достарыңызбен бөлісу: |