Блок 1 Қолданбалы механика пәнінің мақсатын атаңыз


Бұрандалы қосылыстардың түрлерін атаңыз



жүктеу 1,41 Mb.
бет22/22
Дата13.02.2022
өлшемі1,41 Mb.
#35842
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   22
мех жауап

57 Бұрандалы қосылыстардың түрлерін атаңыз

Бұрандалы қосылыстар деп, болттың, винттің, шпильканың, гайканың және т.б. бекіту бөлшектерінің көмегімен қосылатын ажырамалы қосылыстарды айтамыз. Мұндағы винт дегеніміз бұрандалы сырық; болт қалпақшалы винт; гайка – бұрандалы тесігі бар кілтпен қамтылатын пішінді бөлшек; ал шпилька – екі жағы да бұрандалы сырық.

Машиналарда бұрандалы бөлшектер көп кездеседі. Кейбір машиналарда олардың саны барлық бөлшектердің 60% -iн құрайды. Өйткені бұрандалы қосылыстардың ажырамайтын қосылыстарға қарағанда мынадай артықшылықтары болады:
1. Тез жиналып, оңай сұрыпталынады (ажыратылады).

2. Бұранданың сына тәрізді әсер етуінің нәтижесінде және кілт ұзындығының бұранда радиусына қатынасы үлкен болғандықтан қосылыстарды қысатын үлкен осьтік күш пайда болады, сондықтан бұрандалы қосылыстар бepік келеді.

3. Бұрандаларды өте дәл әзірлеуге болады және олардың конструкциясы қарапайым келеді.

4. Белгілі жағдайда өздерінен тежелу қасиеті пайда болады.

Бұрандалы винттер пайдалану қажеттілігіне қарай мынадай топтарға бөлінеді:

1. Бекіту бұрандалары. Бұранданың бұл түрі бөлшектерді қосу қажетіне арналған, ал олардың профилі ұшбұрышты етіп дайындалады.

2. Қозғалыс немесе күш беретін бұрандалар (жүрісті бұрандалар). Домкраттарда, престерде т. б. жүрісті винттерде қолданылады. Бұл бұрандалардың профилін үйкеліс күшін азайту мақсатымен трапециялы, кейде тікбұрышты етіп жасайды.

Бұранда тілінген бөлшектің пішіні бойынша конусты бұранда және цилиндрлі бұранда болып екі түрге бөлінеді.

Цилиндрлі бұранда көп таралған.

Конусты бұранда. Конусты бұрандалар көбінесе трубаларды жалғастырғанда қолданылады. Өйткені олар тығыздықты жақсы қамтамасыз етеді. Сондай-àқ, жоғары қысым әсер ететін трубалар конусты бұранда арқылы қосылады.

Мемлекеттік стандарт бойынша конусты бұранданың eкі түрі бар: конустылығы 1 : 16 және дюймдік бұрандалар.

Конусты бұранданың цилиндрлі бұрандаға қарағанда дайындалуы қиын. Қазіргі уақытта трубалы бұрандалардың орынына ұсақ қадамды метрлік бұрандалар қолданылады.

60. Тойтармалы қосылыстардың қолданылуын, артықшылықтары мен кемшіліктерін атаңыз


Тойтармалы қосылыстар – ажыратылмайтын қосылыстар болып табылады.

Тойтармалы қосылыс парақтар, тілмелер, профильдер жəне қосу үшін, бөлшектерді қыздырмай, дəнекерлеуге келмейтін материалдарды біріктіру үшін, сондай-ақ жауапты біріктірілулер үшін (мысалы ұшақ құрастыру) қолданылады. Дегенмен дайындау үлкен еңбекті қажет ететіндіктен оны көбінесе дəнекерлеу қосылыстарымен өзгертеді.



Мұндай қосылыстар, көпшілік жағдайда, қаңылтыр табақшаларды және прокатталған профильдерді қосу үшін қолданылады. Тойтармалы қосылыстар, негізінен, пісіріп қосуға қолайсыз материалдар үшін қолданылады. Осыған байланысты, қазіргі заманғы машина құрауда, бөлшектерді тойтармамен қосуға қарағанда, пісіру арқылы қосу негізгі әдіс болып табылады. Тойтарма жасалатын сырықты (стерженьді) бөлшектердегі тесіктерге кіргізіп, олардың екі шетін тайтару арқылы аталған бөлшектер бір-бірімен біріктіріледі. Тойтару кеіндегі пластикалық деформацияның нәтижесінде, тойтарманың тұйықтаушы басы пайда болады, ал тойтарманың сырығы тесіктегі қуысты толтырады. Бөлшек пен тойтарма сырықта пайда болатын серпімді деформациялар бөлшектерді бір-біріне қабыстырады. Бөлшектердің салыстырмалы ысырылуына, тайтарма сырығының қарсыласуы және жапсардағы үйкеліс күші бөгет жасайды. Бөлшектердегі тесіктер бұрғыланып немесе арнайы элементті бөлшекке басып кіргізу арқылы жасалады. Бұрғылап тесудің өнімділігі аз болып келгенмен, мұндай қосылыстардың беріктігі жоғары болады. Ал басқа бір элементті бөлшекке басып кіргізу арқылы жасалған тесіктің екінші жағында үшкір жиектер пайда болады, осының нәтижесінде тойтарма сырығының кесілу қаупі туындайды. Конструкциялардың ерекшеліктеріне байланысты бөлшектерді қосуға арналған тойтармалар, геометриялық өлшемдері стандартталған әртүрлі тайтармалар пайдаланылады. Тойтармаладың негізгі түрлері: а) тойтарма басы жарты дөңгелекті; ә) тойтарма басы жартылай жасырылған; б) тойтарма басы толығымен жасырылған; в) қуыс. Тойтармалы қосылыстар олардың қолдануына байланысты үш топқа бөлуге болады: - беріктікті қамтамасыз ететін топ (металл конструкцияларда қолданылады) ; - беріктікті және тығыздықты қамтамасыз ететін топ (үлкен қысыммен жұмыс істейтін резервуарларда қолданылады) ; - тығыздықты қамтамасыз ететін топ (ішкі қысымы аз резервуарларда қолданылады)
жүктеу 1,41 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   22




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау