Байланыстар аксиомасы. Байланыстар әсерлерін реакцияларымен алмастыру арқылы кез келген еркін емес денедегі байланыстарды алып тастауға болады, сондықтан да ол дене өзіндегі актив күштер мен байланыстар реакцияларының әсеріндегі еркін дене ретінде қарастырылады.
Сонымен, бұл аксиома әрбір еркін емес қатты денені еркін дене ретінде қарастыруға мүмкіндік туғызу үшін ол денедегі байланыстарды ойша алып тастап, олардын орынына өздеріне сәйкес келетін реакциялық күштерді алу керек екендігін көрсетеді.
Енді байланыстардын негізгі түрлеріне тоқтап, олардын реакцияларын мүмкін болатын бағыттарын көрсетейік.
Берілген дене оның қандай мақсатқа қолданылатынына қарай түрліше байланыстармен бекітіледі. Статика мәселелерінде жиі кездесетін байланыстарды негізгі төрт топқа бөлуге болады.
Достарыңызбен бөлісу: |