Блок 1 Қолданбалы механика пәнінің мақсатын атаңыз


Механика ұғымдарын, түсініктерін түсіндіріңіз



жүктеу 1,41 Mb.
бет4/22
Дата13.02.2022
өлшемі1,41 Mb.
#35842
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22
мех жауап

4. Механика ұғымдарын, түсініктерін түсіндіріңіз

Механика — физиканың материя қозғалысының ең қарапайым түрін — механикалық қозғалысты, яғни денелердің кеңістіктегі уақыт бойынша өтетін қозғалысын зерттейтін бөлімі. Механикалық қозғалыстың кеңістікте және уақыт бойынша өтетіндігін кез келген механика заңынан байқауға болады. Айқын түрде ме, әлде көмескі түрде ме, әйтеуір олардың барлығының құрамына кеңістіктік-уақыттық қатынастар — қашықтықтар мен уақыт аралықтары кіреді.

Механика туралы реферат

Дененің кеңістіктегі орны басқа бір денелерге қатысты ғана анықталады. Дененің қозғалысына, яғни оның кеңістіктегі орнының уақыт бойынша өзгеруіне қатысты да осыны айтуға болады. Қарастырылғалы отырған дененің орнын анықтауға мүмкіндік беретін денені (немесе бір-бірлеріне қатысты тыныштықтағы денелер жүйесін) санақ денесі деп атайды.

Анығына келетін болсақ, дененің қозғалысын сипаттау үшін санақ денесімен қайсыбір координата жүйесін, мәселен, декарт координата жүйесін байланыстырады. Дененің координаталары оның кеңістіктегі орнын анықтауға мүмкіндік береді. Дененің қозғалысы кеңістікте ғана емес, сонымен қатар уақыт бойынша да өтетін болғандықтан, қозғалысты сипаттау үшін уақытқа да санақ жүргізе білуіміз керек. Мұны сағаттың көмегімен іске асырады.

Классикалық механика

Санақ денелері жиынтығы немесе олармен байланысқан координаталар жүйесі және өзара синхронды сағаттар санақ жүйесін түзеді. Санақ жүйесі түсінігі физикада түпкілікті түсініктер қатарына жатады. Қашықтықтар мен уақыт аралықтарының көмегімен қозғалыстарды кеңістіктік-уақыттық сипаттау тек белгілі санақ жүйесі таңдалып алынғаннан кейін ғана мүмкін болады.

Кеңістік пен уақыттың өздері де басқа обьектілер тәрізді физикалық обьектілер болып табылады, бірақ басқа обьектілерге қарағанда маңыздырақ және қажеттірек. Кеңістік пен уақыттың қасиеттерін зерттеу үшін, олардың өздерінде өтіп жатқан денелердің қозғалыстарын бақылау керек. Денелердің қозғалыс сипатын зерттей отырып, біз сол арқылы кеңістік пен уақыттың қасиеттерін де танитын боламыз.

Тәжірибе бір санақ жүйесінен екінші санақ жүйесіне өткенде денелердің жылдамдықтары жарық жылдамдығымен салыстырғанда аз болатын кезде, сызықтық мөлшерлер мен уақыт аралықтары өзгеріссіз қалады, яғни олар санақ жүйесін таңдап алуға тәуелсіз болады. Бұл Ньютонның кеңістік пен уақыттың абсолюттігі концепциясының негізінде жатыр. Денелердің дәл осы жағдайлардағы қозғалысын зерттейтін механиканы классикалық механика деп атайды.

Механикалық қозғалыс

Жарық жылдамдығына жуық жылдамдықтарға өткенде денелердің козғалысында елеулі өзгерістер байқалады: осы кезде сызықтық мөлшерлер мен уақыт аралықтары санақ жүйесін таңдауға тәуелді болып, олар түрліше санақ жүйелерінде түрліше мәндер қабылдайды. Осындай көзкарастарға сүйенетін механиканы релятивистік механика деп атайды.

Күнделікті өмірде кездесетін қозғалыстар соншалықты күрделі болады, сондықтан оларды қарастырғанда аса қажет емес-ау деген жерлеріне назар аудармай, жеңілдетуге тура келеді. Осы мақсатта кейбір мәселелерді шешкенде қарастырылып отырған мәселелерге сай келетін түсініктерді пайдаланады (абстракциялар, идеализациялар). Бұл қарастырылып отырған мәселенің нақты сипатына, алмақ болып отырған нәтиженің дәлдігіне және т.б. тәуелді болады. Осындай түсініктердің арасында материялық нүкте және абсолют қатты дене түсініктері үлкен рөл атқарады.


жүктеу 1,41 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау