Блок 1 Қолданбалы механика пәнінің мақсатын атаңыз


Стержень, пластина жəне массивті денелер геометриялық белгісін атап беріңіз



жүктеу 1,41 Mb.
бет14/22
Дата13.02.2022
өлшемі1,41 Mb.
#35842
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   22
мех жауап

19. Стержень, пластина жəне массивті денелер геометриялық белгісін атап беріңіз

Стержень – екі өлшемі үшіншісінен əлдеқайда кіші дене (II.1.1 а-сурет). Дербес жағдайда стерженнің көлденең қимасының ауданы тұрақты, ал өсі түзу сызықты болуы мүмкін. Стерженнің өсі дегеніміз көлденең қималардың ауырлық центрлерінің геометриялық орны. Пластина – ара қашықтығы  басқа өлшемдеріне қатысты өте кіші, екі жазық бетпен шектелген дене. Массив – үш өлшемдері өзара шамалас дене.

Қандай дене болмасын сыртқы күш əсерінен өздерінің өлшемдері мен пішіндерін өзгертеді, яғни деформацияланады, ақырында күштің бір жеткілікті үлкен шамасында қирайды, бірнеше бөлшектерге бөлінеді. Денелердің өлшемдері мен пішіндерінің өзгеруін деформация деп атайды. Ол материалдың атомдарының ара қашықтықтарының өзгеруі мен атом блоктарының орын ауыстыруы салдарынан туындайды. Сыртқы күш əсері жойылғанда, денедегі деформация да жойылса, ондай деформацияны серпімді деформация деп атайды, ал дененің күш əсері жойылғаннан кейін өзінің алғашқы қалпына келу қасиеті серпімділік деп аталады.

Қалдық немесе пластикалық деформация деп денеде сыртқы күш əсері жойылғаннан кейін де сақталып қалатын деформацияны айтады, ал материалдың қалдық деформация беретін қасиетін пластикалылық (илемділік) деп атайды. Дененің сызықты өлшемдерінің өзгеруін сызықтық деформация, ал бұрыштық өлшемдерінің өзгеруін бұрыштық деформация деп айтады.

Ішкі күштер. Қию əдісі. Жоғарыда айтылғандай, сыртқы күш əсерінен денелер деформацияланады. Денелердің атомнан тұратыны, ал атомдар өзара атомдық күшпен байланысып тепе-теңдік күйде болатыны физика курсынан мəлім. Дене деформацияланған кезде атомдардың ара қашықтығы өзгереді. Осының салдарынан атомдық күш қандай да бір қосымша əсерлесу күшіне – серпімді күшке өзгереді. Қосымша күш атомдарды алғашқы күйіне келтіруге тырысады. Бұл атомдардың қосымша өзара əсерлесу күші материалдар кедергісі ғылымында ішкі күш деп аталады. Ол конструкция элементтерінің сыртқы күш əсеріне қарсыласу қабілеттігін көрсетеді. Сонымен, ішкі күштің өзгеру мөлшері, сыртқы күштің өзгеру мөлшерімен тең болғанда ғана, конструкция элементтері жұмыс істеу қабілеті мен тепе-теңдік күйін сақтай алады. Сыртқы күштердің ұлғайуына байланысты ішкі күштердің де өсетіні, əрине, айқын. Бірақ ішкі күштердің шексіз өсуі мүмкін емес, қандай да бір мезетте белгісіз бір нүктенің төңірегінде сыртқы күштерді теңестіре алмауы мүмкін. Бұл күштердің өзара теңсіздігі конструкцияның қирап сынуына немесе орнықтылығын жоғалтуына əкеліп соқтыратыны мəлім. Сондықтан да, ішкі күштің шамасын білмей, машиналар мен конструкциялардың беріктігін бағалау мүмкін емес. Ішкі күштерді табу үшін қию əдісі қолданылады. Бұл əдіс «Дене тепе–теңдік күйде тұрса, онда оның кез келген бөлігі де тепетеңдік күйде болады» деген механика заңдылығына негізделген


жүктеу 1,41 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   22




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау