Блок 1 Қолданбалы механика пәнінің мақсатын атаңыз


Анықтама.Қандайда болмасын бір қатты денеге әсер ететін күштер жиының күштер жүйесі деп атайды. Анықтама



жүктеу 1,41 Mb.
бет6/22
Дата13.02.2022
өлшемі1,41 Mb.
#35842
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22
мех жауап

Анықтама.Қандайда болмасын бір қатты денеге әсер ететін күштер жиының күштер жүйесі деп атайды.

Анықтама. Егерденеге әсер ететін күштер жүйесін басқа бір күштер жүйесімен алмастырғанда оның күйі өзгермейтін болса, онда бұл екі күштер жүйелері эквивалентті деп аталады.

Анықтама.Қандай да болмасын  күштерден құрылған жүйені тыныштықта тұрған еркін қатты денеге түсіріп және ол оған ешқандай қозғалыс бере алмайтын болса, онда бұл күштер жүйесі теңдестірілген жүйе деп немесе нөлге эквивалентті деп аталады.

Анықтама.Қатты денеге түсірілген  күштер жүйесі бір күшке эквивалентті болса, онда  күшін бұл күштер жүйесінің тең әсер етушісі немесе тең әсерлі күші деп атайды.

Механикаға негіз болатын – Галилей-Ньютонның жалпы заңдары. Механиканың бұл жалпы заңдарына динамикада тоқталамыз. Бұл жерде статика негізіне алынатын аксиомаларды баяндаймыз. Статика аксиомалары Галилей-Ньютонның жалпы заңдарынан туады.



1 аксиомаЕркін қатты денеге түсірілген екі күш тепе-теңдікте болу

үшін олардын модульдары тең болуы және бір түзуімен қарама-қарсы бағытталуы қажетті және жеткілікті:   ,   .



2 аксиомаКез келген күштер жүйесіне нөлге эквивалент күштер жүйесін қосуға немесе одан оны алып тастауға болады, бұдан берілген күштер жүйесінің қатты денеге жасайтын әсері өзгермейді.

3 аксиома (параллелограмм заңы). Қатты дененің бір нүктесіне

түсірілген екі күшті бір тең әсер етуші күшпен алмастыруға болады. Тең әсер етуші күш берілген күштерден құрылған параллелограмм диагоналімен анықталады да, сол нүктеге түсіріледі.



4 аксиома (әсер және кері әсер туралы заң). Екі дене біріне-бірі әр уақытта шамалары тең бір түзу бойымен қарама-қарсы бағытталған күштермен әсер етеді.

Дене қозғалысының еркіндігін шектейтін шарттарды механикада байланыстар деп атайды. Байланыстар туралы ұғым – механикадағы күрделі ұғымдардың бірі. Статикада қарастырылған байланыстар көбінесе қозғалмайтын қатты дене, жіп, сырық, материалық нүкте түрінде кездеседі.

Байланыс ролін атқаратын дене берілген, қозғалысы зерттелетін денеге бір күшпен әсер етіп, оның қозғалысын шектейді. Бұл күшті байланыс реакциясы дейді. Байланыс реакциясы байланысты ойша алып тастаған кездегі мүмкін болатын дене қозғалысының бағытына қарама-қарсы бағытталады.

Байланыс реакциясы әруақытта берілген денеге түсіріледі. Ал бұл күш денені тепе-теңдік күйінен қозғалысқа келтіре алмайды, сондықтан байланыс реакиясын пассив күш деп атайды.

Байланыстар реакцияларының сан шамалары мен бағыттары көп жағдайда алдын ала белгісіз және денеге әсер етуші актив күштерімен дененің қозғалысына тәуелді болады. Оларды берілген күштер мен байланыстар қасиеттеріне сәйкес тәуелділікті табу қажеттілігі туады. Мәселе еркін денеге әсер етуші күштер тепе-теңдігің қарастыруға келіп тіреледі. Оны еркін емес денелерге қолдануда байланыстар аксиомасына сүйенеміз.


жүктеу 1,41 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау