ЖасЫНа қараЙ ұЗЫНдЫҒЫ/БОЙЫ
Бұл көрсеткіш ұзақ уақыт бойы тойып тамақ ішпеу немесе қайталап ауыру салдарынан өсуі кенже-
леп қалған балаларды анықтауға мүмкіндік береді. Өз жасы үшін бойы ортадан жоғары балаларды
да анықтауға болады, бірақ бойдың биік болуы, егер ол шамадан тыс биік немесе сирек кездесетін
эндокринді бұзылыстардың белгісі болмаса, денсаулықтағы кінәрат болып табыла бермейді.
ЖасЫНа қараЙ салмаҒЫ
Жасына қарай салмақ көрсеткіші баланың салмағы жеткіліксіз немесе жеткіліксіз болу қаупі бар
ма деген мәселені бағалау үшін қолданылады, бірақ бұл көрсеткіш баланы артық салмағы бар
немесе семіздіктен зардап шегуші ретінде жіктеу үшін пайдаланылады.
Ескерту: Егер баланың екі аяғында да ісік байқалса, сұйықтың жиналуы баланың салмағын
көбейтеді, кейде өте аз салмақты көрсетеді. Баланың нақты салмақ-жасын, салмақ-денесінің
ұзындығын/бойын көрсетіңіз, бірақ баланың өсу және даму картасында оның екі аяғында да
ісік болған сәтті нақты көрсетіңіз. Бұл баланың жағдайы автоматты түрде тойып тамақ ішпейтін
жағдай ретінде қаралады, оған айырықша назар аударылуға тиіс.
Достарыңызбен бөлісу: |