Балаға шай бермеңіз. Шайдың құрамындағы заттар
(таниндер) тұтынатын тағамдардан темірді тартатын
болғандықтан 3 жасқа дейінгі балаларға шай (қара шай да,
көк шай да, шөп шай да) бермейді, бұл балада анемияның
(қан аздығының) пайда болуына әкеп соқтыруы мүмкін.
Сәбиге берілетін тамақтың саны бірте-бірте көбейе береді.
6-7 айлығында бала 10 ас қасық (150 мл), 8-10 айлығында 12 ас қасық (180 мл), 11-12 айлығында
225 мл тамақ жеуге тиіс, баланың қолына үлкен емес, шайнауға ыңғайлы тамақтың бір бөлігін
беру керек. Сәбидің тамақты өз бетімен жеуіне мүмкіндік беру қажет, бірақ оған көмектескен
дұрыс.
Достарыңызбен бөлісу: |